Жоғары дәлдікті бұрыш өлшеуіш аспаптар және олардың зерттеулері. Қазіргі заманғы жоғары дәлдікті теодолиттердің номенклатурасы.

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2015 в 17:57, реферат

Описание работы

Геодезиялық астрономия — геодезиялық тірек жүйелері үшін аспан шырақтарын бақылау негізінде координаталық бастапқы мәліметтерді анықтап беру мәселелерімен айналысады.
Топографиялық картада бейнеленген кез келген пункттің немесе объектінің ендігі мен бойлығын анықтауға ыңғайлы болу үшін оның рамкасы бір минутңа (10 тең кесінділерге бөлінген, ал әрбір минуттық кесіндіде нүктелермен он секундқа (10") тең бөлімдер белгіленген. Сонымен бірге бүкіл топографиялық картаны бастырып тік бүрышты координаталар торын құрайтын вертикаль және горизонталь сызыңтар жүргізілген (қосымшадағы немесе атластағы топографиялық картадан географиялың тор мен тік бүрышты координаталар торының элементтерін табыңдар).

Содержание работы

1.Кіріспе.........................................................................................
2.Геодезияның даму тарихы........................................................
3.Геодезияның ежелгі замандағы дамуы.......................................................................
4.Орта замандағы дамуы.........................................................
5.Ресей империясының қарамағында дамуы.........................
6.Қорытынды................................................................................................
Әдебиеттер...............................................................................................

Файлы: 1 файл

1.docx

— 21.74 Кб (Скачать файл)

1.Кіріспе.........................................................................................

2.Геодезияның даму тарихы........................................................ 
3.Геодезияның ежелгі замандағы дамуы....................................................................... 
4.Орта замандағы дамуы.........................................................                                   

5.Ресей империясының қарамағында дамуы......................... 
6.Қорытынды................................................................................................ 
Әдебиеттер...............................................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе 
Геодезия — жер туралы өте ежелгі ғылымдардың бірі. Адамзаттың бағзы заманда жер бетінде қашықтық пен ауданды өлшеудегі ашқан зандылықтары геометрия мен геодезияның ғылым ретінде дүниеге келуіне негіз болды. Грек тілінен аударғанда «геодезия» сөзі «жерді бөлу» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі заманғы геодезияның жерді бөлу мағынасы шеңберінен әлдеқашан шыққаны түсінікті. 
Геодезия — жердің немесе оның жекелеген бөліктерініқ пішіні мен көлемік, жерді карталар мен пландарға түсіру, сол сияқты адамның инженерлік қызметініқ сан алуан міндеттерін атқару мақсатында жер бетін өлшеу әдістерін зерттейтін ғылым. Адамзат қоғамының дамуына және ғылым мен техниканың өсуіне байланысты, геодезияның мазмүны да өзгеріп отырды. Соның нәтижесінде өзінің даму процесінде геодезия бірсыпыра дербес ғылыми және ғылыми-техникалық пәндерге бөлінеді: . 1. Жоғарғы геодезия — жердін, және планеталардың фигуралары мен көлемдерін зерттеу, сондай-ақ геодезиялық негізгі тірек жүйелерін құру жөніндегі міндеттерді шешеді. Жоғарғы геодезия Міндеттерін шешу әдістерін егжей-тегжейлі зерттеу үстінде одан жеке пәндер болып геодезиялық астрономия, геодезиялық гравиметрия және ғарыш геодезиясы бөлінеді. 
Геодезиялық астрономия — геодезиялық тірек жүйелері үшін аспан шырақтарын бақылау негізінде координаталық бастапқы мәліметтерді анықтап беру мәселелерімен айналысады. 
Топографиялық картада бейнеленген кез келген пункттің немесе объектінің ендігі мен бойлығын анықтауға ыңғайлы болу үшін оның рамкасы бір минутңа (10 тең кесінділерге бөлінген, ал әрбір минуттық кесіндіде нүктелермен он секундқа (10") тең бөлімдер белгіленген. Сонымен бірге бүкіл топографиялық картаны бастырып тік бүрышты координаталар торын құрайтын вертикаль және горизонталь сызыңтар жүргізілген (қосымшадағы немесе атластағы топографиялық картадан географиялың тор мен тік бүрышты координаталар торының элементтерін табыңдар).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Геодезия мен топографияның даму тарихы Геодезия (грек. geo – жер және dai – бөлемін) – Жер бетінде өлшеу әдістері туралы ғылым. Жердің пішіні мен мөлшерін, қабылданған координаталар жүйесіндегі нүктелердің орнын анықтаудың әдістері мен тәсілдерін зерттейтін,жер бетінің планы мен картасын салу, жер бетіндегі өлшеулерді жүргізумен айналысатын Жер туралы ғылымдардың бір саласы. Геодезия ғылымы астрономиялық және гравиметриямен тығыз байланысты, сондықтан, Жердің пішіні мен мөлшері градустық өлшеу әдісімен анықталады. Оның шамасы – географиялық координаталар арқылы доғалардың сызықтық және бұрыштық мәндерін анықтаудан тұрады. Геодезия – Жер пішіні мен өлшемін анықтау, планда және картада бейнелеу үшін жер бетіндегі өлшеулер туралы ғылым жүйесі. Әртүрлі ғылыми және қолданбалы салаларына байланысты геодезия бірнеше ғылым салаларына бөлінеді: геодезия немесе топография, жоғарғы геодезия, аэрофототопография,космостык геодезия, қолданбалы (инженерлік) геодезия. Геодезия – жер туралы өте ежелгі ғылымдардың бірі болып саналады. Адамзат баяғы заманда жер бетінде қашықтық пен ауданды өлшеудегі ашқан заңдылықтары геодезияның ғылым ретінде қалыптасуына незіз болды. Геодезия өте ерте заманда жер бетін шаруашылық мақсаттар үшін зерттеу қажеттілігі туған кезде пайда болды. Әсіресе Ежелгі Египетте Геодезияның пайда болуы мен дамуына ерекше қолайлы жағдайлар туды. Б.з.д. XIV – XII ғғ. Қытайда бүкіл жерді зерттеу мақсатында геодезиялық жұмыстар жүргізілді. Геодезия Ежелгі Грекияда жоғары дамып, теориялық жағынан негізделді. Оған бізге жеткен Александриялық Геронның (шамамен 1 ғ.) «Диоптрия тура геожүйелердің қалыптасу, қызмет ету және даму процестері. Олар геожүйелердің қасиеттері мен құрамдарының, шекаралары мен өзара байланыстарының өзгеруімен қатар жүреді. Геодезиялық процестер заттық, энергетикалық немесе ақпараттық, географиялық нақтылыққа байланысты – физикалық-географиялық (табиғи), қоғамдық - географиялық, сондай-ақ табиғат пен қолы» және «Ауданды өлшеу» атты кітаптары дәлел бола алады. Бұл кітаптарда геодезиялық жұмыстар мен геодезиялық құралдардың сипаттамалары келтірілген. Грек ғалымы Эратосфен (б.з.д. 276 – 194жж.) Египетте жердің көлемін анықтады. Ол жер шарының радиусы, шамамен, 6000 км екенін анықтап берді.

Геодезияның дамуы. Адам  баласының барлық тіршілігі жермен байланысты екені барімізге белгілі. Сол себепті жерді зерттеуге арналған ғылымдардың бірнеше түрлі тараулары бар. Грек тілінде «геоид» дейді, осыған байланысты жерге арналған ғылымдардың көпшілігі осы буынмен басталады: геодезия, геология, геофизика, геоботаника, геомеханика, және т.б.

 

 

 

 

 

Ежелгі замандағы дамуы. Бул ғылымдардың бәрі бір-бірімен тығыз байланысты және өлшеу мәселесі қоғамның даму тарихымен тікелей ұштасып жатады. Қоғам тарихының әр дәуірінде жермен шұғылдану дәрежесі де әр түрлі сатыда болып келеді. Адам қоғамының даму дәрежесінің өзі сол жер байлығын пайдалана білу тәсіліне тәуелді. Сол себептен жер өлшеу әдістерінің дәрежесі адам қоғамының даму тарихын көрсететін бір айқын дерек болып табылады. Осы айтылғандарға мысал ретінде геодезия мен маркшейдерия ғылымдарының әрбір тарихи кезеңдерде қандай орын алып келгендігіне қысқаша тоқталамыз. Жер өлшеу әдістері мен ірі құрылыстардың көрнекті ескерткіштері дүние жүзінде бірнеше жерлерде бар. Мысалы, біздің заманымыздан бұрынғы VI ғасырда Ніл өзенінің бойында салынған суару жүйелері мен каналдарда геодезиялық өлшеулер қолданылған. Ежелгі Мысыр елінде орасан зор құрылыстар салынған. Ал Мысыр патшаларының өздері тірі кездерінде салғызған пирамидаларының ішіндегі ең үлкені – Хеопс пирамидасының төрт қырының әрқайсысы 230,13 метрден де, ал бір-бірінен айырмашылығы 2 см-ден аспайды. Мысыр пирамидалары «Әлемнің жеті кереметінің» бірі болып саналады. Мұндай құбылыстар салу, арнаулы геодезиялық өлшеулерсіз жүргізілуі мүмкін емес. Біздің заманымыздан IV ғасыр бұрын өмір сүрген фек математигі Евдем «Жерді өлшеу нәтижесінде египеттіктер метрия ғылымын ойлап шығарды»,-деп жазды. Жер өлшеу өнерін египеттіктерден үйренген гректер, оны алғашқы кезде «геометрия» деп атады. Геометрия заңдары жер өлшеуде әрдайым қолданылады, барлық ғылымдарға ұстаздық еткен ұлы ғалым – Аристотель өлшеу ғылымын геометриядан бөліп айту үшін оны «геодезия» деп атаған. III ғасырда өмір сүрген фек ғалымы  Эратосфен градустық өлшеулердің көмегімен жер радиусын анықтаған. Бұдан кейін геодезия Үндістанда, Орта Азияда, Араб елдерінде дамыды. Дүние жүзінде осы күнге дейін сақталып қалған ірі құрылыстар қатарында жататындар: Үндістанда-Чанрагута, Қытайда-Ұлы  қорған, Жапонияда-Тодайдзи, Индонезияда-Боробудудр, Арабияда-Құдыс, Медина, Бағдат. Кейінгі Асқақ темір заманынан бастап салынған тамаша құрылыстар қатарына жататындар: Шахи-Зинда, Тадж-Махал, Хожа-Ахмет Яссауи мавзолейі, Ұлықбек обсерваториясы, т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орта замандағы дамуы. Айтылған құрылыстар сол дәуірде жоғарғы дәрежелі мәдениеттің болғанын дәлелдейді. Жоғарғы мәдениеттің болғанын дәлелдейді. Жоғарғы мәдениеттің қалыптасуына жер өдшеу ғылымы да өзіндік рөл атқара отырып, сол мәдениеттің арқасында өзі де дамып жетілді. Араб мәдениетінің дамыған кезінде Аристотельден кейінгі жүзінде білім мен мәдениеттің «екінші ұстазы» атанған данышпан, энциклопедист, ғалым Әбу Насыр аль-Фараби (870-950ж.ж) геодезия ғылымы, геодезиялық оптикалық аспаптар жөнінде өзінің «Ғылымдардың тізбегі» атты еңбегінде былай деген: «Геодезия ғылымы арқылы адамзат алыс орналасқан, көз жетпейтін заттардың мөлшерін, шамасын бір затпен екінші заттың арақашықтығын, биіктігін, теңдігін, (мысалы: ағаштың, үйдің биіктігін, өзеннің тереңдігін) анықтауға болады. Кейде қателеспес үшін өлшеулерде әртүрлі оптикалық аспаптар қолданылады» деген. Ал «Алмагеске түсініктеме» атты кітабының «Сфералық астрономия» деген тарауында, астрономия мен география мәселелерін математикалық жолмен шешудің жеңіл әдістерін ұсынады. Мысалы, Айдың радиусын, жер бетінің ендігі мен бойлығы, Ай мен Жердің арақашықтығын, Айдың паралаксын өлшеулер жайлы Орта Азия мен Шығыстың ұлы ғалымы Абу Райхан Аль-Бируни (973-1050ж.ж.) үлкен мұра қалдырды. Г.Галилей жасаған көру дүрбісінің (1609ж) көмегімен жүргізілген геодезиялық өлшеулердің дәлдігі жоғары болды. XVII ғасырда И.Ньютон ашқан бүкіл әлемдік тартылыс заңының көмегімен жердің шар емес, айналу осінің бағыты бойынша сызылған эллипсоидта екенін дәлелдейді. Ресейдегі геодезиялық жұмыстар XVIII ғасырда, I Петрдің дәуірінде жүзеге асырылды. 1973 жылы Ресейде Географиялық департамент құрылып, 1758-1765 жылдары орыстың ұлы ғалымы М.В.Ломоносов оның жетекшісі болды. Сол кездері геодезисттерді дайындайтын оқу орындары ашылып, геодезиялық аспаптар шығарыла бастады. Осы кезде Ресейде теңізде жүзудің, әскери істің және сауданың кең дамуы геодезиялық өлшеулер жүргізіп, карта жасауды талап етті. Осы мақсатпен аз зерттелген аудандарды түсіру үшін арнайы экспедициялар жіберілді. Сол экспедициялардың бірі Қазақстанның оңтүстік аймақтарында, Қырғыз және Қытай шекараларында топографиялық түсірістер жүргізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ресей Империясының қарамағында дамуы. Экспедиция карта жасаған атақты ғалым Ш.Уәлиханов Омбыдағы Кадет корпусын бітіріп, жиырма екі жасында Орыс география қоғамына мүше болып сайланды. Шоқан Уәлиханов  1950-52 ж.ж. Омбы қаласындағы әскери оқу орнының студенті бола жүре, Сырымбет мен оның төңірегінің, Көкшетау және Қосмұрын аймақтарының схемалық карталарын, ол 1856 ж. Бастап әскери-ғылыми экспедиция құрамында жүріп, Қазақстан, Ыстықкөл, Орталық Тянь-Шань аймақтарында топографиялық түсірістер жүргізген, сөйтіп, Орталық Азияның картсын, сондай-ақ Қашқариядан Ташкентке дейінгі жердің маршруттық картасын жасаған. Ш.Уәлихановтың география және топография саласындағы елеулі еңбектері жайлы оның 5 томдық шығармалар жинағының  3-томынан толық мағлұмат алуға болады. XIX ғасырдың бірінші жартысында Ресейдегі геодезиялық жұмыстардың жоғарғы дәрежеде жүгізілуіне көп еңбек сіңірген орыс астрономы және геодезист, Ленинградтағы Пулков обсерваториясының негізін қалаушы В.Я.Струве болды. Геодезиялық қызметтің қарқындап дамуына Кеңес өкіметі кең жол ашты. Геодезиялық ғылыми жұмыстарды жүргізуге арналған геодезиялық орталық ғылыми-зерттеу институттар мен мамандар даярлайтын көптеген оқу орындары ашылды. 1925 жылдан бастап бұрынғы Кеңестер одағында мемлекеттік карталар жасау үшін жер бетін әуеден суретке түсіру қолданылды.  Ал қазіргі кезде топографиялық-геодезиялық жұмыстардың және картографияның бұдан әрі дамуына ғарыштық техника үлкен әсер етуде. Келешекте шаруашылығымыздың қажеттерін жан-жақты қамтамасыз ету, ғарыштан суретке түсірмей жүзеге асырылмайтынына көз жетіп отыр. Жер пішінінің жаңа өлшемдерін анықтауда, бірыңғай мемлекеттік координаталар жүйесінің теориясын жасауда және практикага ендіруде Ф.Н.Красовский бастаған орыс ғалымдары зор еңбек етті. Геодезия мен картография саласының дамуына М.С.Молоденский, А.А.Изотов, А.С.Черботорев, Н.А.Урмаев, т.б қосқан еңбектері айтарлықтай.                                                                               

 


Информация о работе Жоғары дәлдікті бұрыш өлшеуіш аспаптар және олардың зерттеулері. Қазіргі заманғы жоғары дәлдікті теодолиттердің номенклатурасы.