Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2015 в 00:05, реферат
Сол кезде мен жобаның экологиялық қыры мен мұнай айыру мәселесіне қатысты бөлігін сараладым. Жобамен мұқият танысып шық¬қаннан кейін, екі бағытқа да сын садағын бағыттауға тура келді. «Шеврон» ұсынған құжатта өндірілген мұнайды Қазақстан аумағында тазалап, таза мұнайды шетелге алып кету тайға таңба басқандай анық жазылған еді. Бұдан қоршаған ортаға зор нұқсан келетіні белгілі. Мұнайдың ең үлкен пайдасы мұнай өнімдерінде жатқанын бәріміз білеміз. Сондықтан мен мұны дұрыс деп таппадым. Екіншіден, өндірілген мұнайдың теңдей екіге бөлу де орынсыз ұсыныс болатын.
Ең алғашқы қазақ мұнайы Атырау атырабындағы қасиетті Қарашүңгіл деген жерден шыққаны тарихтан белгілі. Қарашүңгіл – Құлсарыдан 70 шақырым қашықтықта орналасқан кеніш. 1894 жылы патшалы Ресейден келген кәсіпкерлер қазақ жеріндегі мұнай кен орындарын іздеуге және барлауға концессия алып, іске кіріседі. Алғашқы мұнай барлау объектілері Доссор, Қаратоң, Қарашүңгіл және Ескенеден басталған. Сол кезде «Ембі – Каспий» қоғамының концессиясына ие болған. С.Леманның компаниясы Қарашүңгілде тереңдігі 38-275 метр болатын 21 ұңғыны бұрғылап, мұнай іздейді. 1899 жылдың қарашасында, №7 ұңғымадан, 40 метр тереңдіктегі карст қуысының гипстелген жынысынан жеңіл мұнай атқылай бастайды. Тереңдігі 40 метр ғана ұңғымадан сол кезде тәулігіне 20 тонна өнім алынған. Міне, осы күн – Қазақстан мұнайының күні ретінде тарихта қалып отыр. Одан әрі Доссор, Мақат, Ескене сынды кен орындары игеріле бастады. Осы ретте қазақ мұнайын алғаш зерттегендердің қатарында атақты швед алпауыты Альфред Нобель де болғанын айта кетуіміз керек. Ол алғашқы капиталын қазақ жерінен, мұнай байлығы арқылы жасаған деуге толық негіз бар.1949 жылы қазақ мұнайының 50 жылдық мерейтойына байланысты Қазақстанның бір топ мұнайшыларын Кеңес Одағының ірі орден, медальдерімен марапаттау турасында шешім қабылданады. Бірақ бұл құжат Кеңес Одағының аса құпия құжаттары қатарына жатқызылған. Бұл құжаттың жұрт көзінен тасаланғаны бізге беймәлім күйінде қалып отыр. Осы құжаттың негізінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ мұнайы 1899 жылдан бері өндіріліп келе жатыр деген Қаулы қабылдады. Ал 2009 жылы қазақ мұнайының 110 жылдығын атап өттік. 1990 жылы Михаил Горбачев Кеңес Одағының басшысы ретінде Каспий қайраңындағы мұнай қорын игеру үшін Американың «Шеврон» компаниясымен ортақ келісімге келеді. Каспий қайраңындағы мұнай қоры 5,5-6 шақырым тереңдікте орналасқан. Сондай-ақ, ондағы қысымы 800 атмосфера, ал температурасы 900 градусқа дейін жетеді. Бұл аз десеңіз, теңіз табанда жатқан қара алтынның құрамында шамадан тыс күкірт бар. Күкірт коррозияны жеделдетіп, қоршаған ортаға үлкен залал келтіретіні белгілі. М. Горбачевтің жасасқан келсімшарты бойынша өндірілген мұнайдан түскен пайда теңдей екіге бөлінуі тиіс еді. 1991 жылы қазақ мұнайын игеру жөнінде Мәскеуде жасалған келісімшарт Нұрсұлтан Назарбаевтың қарауына жіберіледі. Өз кезегінде Нұрсұлтан Әбішұлы мұнайды зерттеп жүрген бір топ ғалымдарға «Шевронның» жоба-жоспарын талқылауға берді. Сол кезде мен жобаның экологиялық қыры мен мұнай айыру мәселесіне қатысты бөлігін сараладым. Жобамен мұқият танысып шыққаннан кейін, екі бағытқа да сын садағын бағыттауға тура келді. «Шеврон» ұсынған құжатта өндірілген мұнайды Қазақстан аумағында тазалап, таза мұнайды шетелге алып кету тайға таңба басқандай анық жазылған еді. Бұдан қоршаған ортаға зор нұқсан келетіні белгілі. Мұнайдың ең үлкен пайдасы мұнай өнімдерінде жатқанын бәріміз білеміз. Сондықтан мен мұны дұрыс деп таппадым. Екіншіден, өндірілген мұнайдың теңдей екіге бөлу де орынсыз ұсыныс болатын. Мен «Шевронның» бұл ұсынысына қарсылығымды ашық білдіріп, Нұрсұлтан Назарбаевқа өз ойымды айттым. Сол кездің өзінде мұнайға бай Араб елдерінің өздері инвесторларға өндірген өнімнің 20-22 пайызын ғана беретін. Менен басқа бірқатар геологтар да «Шевронның» ұсынған жоба-жоспары Қазақстанға тиімсіз екенін айтып, жаратпай тастады. Нұрсұлтан Назарбаев ғалымдардың ой-пікірін мұқият тыңдағаннан кейін, «Шевронның» жобасымен келіспейтіндігін айтып, құжатты М. Горбачевке қайтарып жіберді. Сол кезде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің мүддесін жоғары қоятын тұлға екеніне көзім жеткен еді. Бұдан кейін Кеңес Одағының тарқағаны белгілі. Осы аралықта «Шеврон» компаниясы біз бұл құжатты дайындауға қомақты қаржы жұмсап едік деп байбалам салуға тырысты. Бірақ Нұрсұлтан Назарбаев оларға Кеңес Одағының тарқап кеткенін, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет екенін айтып, олардың аптығын басып тастады. Ал 1993 жылы 6 сәуірде Тәуелсіз Қазақстанмен жаңа келсімшарт жасасу үшін «Шеврон» компаниясының өкілдері Алматыға жаңа жоба-жоспарын арқалап келді. Бұл жолы да Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының табандылығының арқасында өндірілген мұнайдың 84,4 пайызы Қазақстанда қалатын болса, 19,6 пайызы «Шевронның» еншісіне тиетін болып белгіленді. Асау тайдай бұлғақтаған «Шевронды» Елбасы ең алғаш осылай ноқталаған еді. 1993 жылы Қазақстан мен «Шеврон» корпорациясы келісімшарт жасасып, «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорны құрылғаны белгілі. Арада біршама уақыт өткеннен кейін кәсіпорынның серіктес меншік иелері болуға өзге компаниялар да ықылас танытты. Қазір «Шеврон» (50 пайыз), «ҚазМұнайГаз» (20 пайыз), «Эксон Мобил Қазақстан Венчурс Инк» (25 пайыз), «ЛукАрко» (5 пайыз) компаниялары ТШО-ның меншік иелері болып табылады. Кеніштегі мұнай қоры молдығымен әрі күрделілігімен ерекшеленетінін сөз басында айттық. Соңғы қорытындылар бойынша қазір кеніштегі мұнай қоры 750 млн. тоннадан 1,125 млрд. тоннаға (6-9 млрд. баррель) дейінгі шамада деп есептелінген. Бүгінде «Шеврон» компаниясы атыраулықтардың арқа сүйеріне айналып отыр. 1993-2005 жылдар аралығында «Атырау Бонус» қоры мен «Игілік» бағдарламасы шеңберінде 97 млн. доллар қаржы жұмсағанын атап айтуымызға болады. ХХІ ғасырда мұнай индустриясы ең табысты, ең сұранысы жоғары сала болып отыр. Біздер елімізде «қара алтын» өндірудегі тиімді де қауіпсіз жолын табуымыз керек. Бүгінде Қазақстан мұнай өндірудің жалпы көлемі 81 млн. тоннаға, экспорттық әлеуеті – 68 млн. тоннаға бағалануда. Қара алтын өндіруді ұлғайтудан мүмкіндігі бар елдердің қатарына кіретін Қазақстан 2020 жылы – 130 млн. тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр. Мұнай кеніштерін игеруде климаттық-технологиялық шарттарға жаңа технологияны енгізу қажет. Бүгінде шетелдік әріптестеріміз сол инновацияларды әкеліп жатыр. Елсіз-жерсіз мекенде аянбай еңбек етушілердің жұмысы адал-ақ. 2010 жылы еліміздегі мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 4,2 пайызға өскен. Ал экспорттық әлеуетіміз соңғы жылдары 4,5 пайызға ұлғайып отыр. Экспортқа шығарылатын мұнайдың негізгі үлесі КТК құбыры бойынша, қалғаны Атырау – Самара, Атасу – Алашанкоу арқылы айдалатыны белгілі. Алыстағы Еуропаға шығар жол әзірше тек батыстағы көршіміз – Ресейдің құбырына байлаулы тұр. Президент Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Еуропаға энергоресурстарды тасымалдау тұрақтылығы мәселелері бойынша келісім әзірлеп, қабылдауды ұсынған болатын. «Біз еуропалық әріптестерімізге бірлесіп, көпжақты немесе екі жақты форматты «Қазақстан – ЕО 2020» энергетикалық хартиясын әзірлеуді және қабылдауды ұсынамыз. Бұл еуропалық рыноктарға энергоресурстарды тасымалдау тұрақтылығына кепілдік береді және бізге құбыр жүйелерін дамытуға көмектеседі», – деді Елбасы өз Жолдауында. Осылайша Нұрсұлтан Назарбаев еліміз мұнайын тасымалдауға байланысты үлкен мәселені шешуді қарастыратын үлкен мәселені көтерді. Көтеріп қана қоймай, оған қол жеткізу бағытына жол сілтеді. Қазақ мұнайы үшін Еуропаға шығатын транзит керек деп ашып айтпаса да, Президенттің Жолдауынан Еуропадан қазақтар үшін алдымен транзит мәселесінде қолдау керек екендігі түсінікті. Мүдде және міндетті жүзеге асыру Тоқтар ЕСІРКЕПОВ, экономика ғылымдарының докторы, профессор. Қазіргі кезде Қазақстан әлемде мұнай қоры мол елдердің ондығына кіреді. Алайда, «Судың да сұрауы бар» демекші, күндердің күнінде бұл байлықтың да түгесілетіні анық. Яғни, «алмақтың да салмағы бар» деген ескертуді табиғат-ана айта алмаса да, мамандар айтудай-ақ айтып жүр. 1992-2010 жылдардың аралығында елімізде барлығы 848,6 млн. тонна мұнай және 320,6 млрд. кубометр газ өндірілген. Бұл бір жағынан қуанатын, екіншіден, ендігі миллиардты қашан тауысып бітеміз деген сұрақ тудыратын мәселе. Мұнай және газ министрі С. Мыңбаевтың мәліметі бойынша өткен 2010 жылы елімізде 79,7 млн. тонна мұнай мен газ конденсаты өндірілді. Өңделген мұнайдың көлемі 13,7 млн. тонна. Өндірілген мұнайдың 71,2 млн. тоннасы экспортқа шығарылды. Ал Кеңес Одағы тұсында 25-26 миллион тоннадан артық өндірмейтін едік. Біздің ұлттық қорымыздың негізгі қаржысы мұнайдан түскен табыстан құралады. Қазіргідей жаһандану кезінде, үлкен- үлкен саяси экономикалық толқындар жүріп жатқан кезде, мұнайды саясаттан бөліп әкетуге болмайды. Ол мүмкін де емес. Алпауыт АҚШ, Қытай, ЕуроОдақ елдерінің мұнайға деген сұранысы жылдан-жылға ұлғайып келеді. Дәл қазіргі таңда жер асты ресурстары үшін қарапайым халыққа білінбейтін, көрінбейтін «соғыс» жүріп жатыр. Осындай заманда мұнай геосаясаттың құралы болып отыр. Ал енді «Қазақ мұнайы қанша уақытқа жетеді?» деген көптің көкейінде жүрген сауалға тоқталар болсақ, бұл жайлы мамандар пікірі әралуан. Оптимистік көзқарастағылар 60-70 жылға жетеді десе, екіншілері 30-40 жылға жетеді дейді. Мәселен, біз жылдан-жылға мұнай өндіру үлесін арттырып келеміз. Алғашқыда 2015 жылдары Қазақстан мұнай өндіруді 150 млн. тоннаға арттырамыз деп жоспарлап еді, қазір 2020 жылы 130 млн. тоннаға жеткіземіз дейді Үкімет. Онда Қазақстан мұнайды экспортқа шығаруды әлі 40-50 жыл жүргізеді екен. Осыдан екі-үш жыл бұрын мұнай компанияларының акциялары мен үлестерінің 88-90 пайызы шетелдіктердің қолында болатын. Былтырғы жылы өндірілген мұнайдың 24 пайызы ғана Қазақстанның үлесіне тиді. Өздеріңіз ойлай беріңіздер «қара алтынның» қожасы кім екенін? Қазіргі кезде мұнайдан мың түрлі бұйым алынады. Ал біздің еліміз негізінен мұнайды жанар-жағармай ретінде пайдаланып отыр, яғни, біз ұтылудамыз. Егер, біз мұнай өңдеу жүйесін дамытып, жоғары қоспалы химиялық өнімдер алсақ, мұнайды тиімді пайдаланған ел болып шығар едік. Бұл жағын да «қарастырып жатырмыз» дейтіндер жетерлік. Бірақ, бізде нәтижелі істен гөрі, бос соз көп. Дағдарыс – біздің шикізат көзіне тәуелді ел екенімізді паш етіп берді. Шикізат өнімдерінің бағасына байланысты қалт-құлт етіп отырмыз. Мұнайға, шикізатқа тәуелді ел ешқашан ұзаққа бармайды. Біз КСРО-ның кезінде де «шикізатты экономика» едік. Сол кезде біздің экономикамыз негізінде шикізат көзі ретінде пайдаланылды. Ал енді қарасақ, еліміз тәуелсіздік алғалы биыл 20 жыл болады. Экономикамыздың шикізаттық деңгейі көбеймесе азайған жоқ. Өткен ғасырдың 90-жылдары нарыққа өту жылдары болды, ал 1999 жылдан бастап экономикамыз өсу кезеңіне өтті. Он жылға жуық біздің экономикамыз 9-10 пайыздық деңгеймен дамып отырды. 2003 жылы индустриялды-инновациялық бағдарлама қабылданды. Сол арқылы шикізаттық құрылымды өзгертеміз, өндірістік саланы көтереміз дедік. Дайын өнім өндіруге, қосымша құн көп өндіретін және инновациялық өнімдері көбейтуге бағыт алдық. Бірақ, қазір уақыт көрсетіп отырғандай күткен нәтижеміз ойдағыдай болмады. Оның себебі көп. Ең басты себебі – «мұнайлы мемлекетке» айналып барамыз. Бұл мұнайлы мемлекеттердің, яғни мұнайға негізделген елдердің экономикасының дамуын зерттеп, соларды сараптап отырған мамандардың ойлап тапқан ұғымы. «Мұнайлы мемлекет» ұғымын талдағанда оның саяси, экономикалық, әлеуметтік және тағы басқа жақтарын қарау керек. Негізінде мұнайлы мемлекет «құдай берген» табиғи байлықтың арқасында тез дамып, дамыған елдердің қатарында болуы керек. Бірақ дамыған елдердің тізбесінен бірен-саран ғана мұнайлы елдерді табасыз. Олардың көпшілігі қазіргі кезде дамушы елдер болып табылады. Оның үстіне олардың ішінде ең кедей елдер аз емес. Бұл арада еліміздің бюджет мәселесіне де тоқтала кетпесек болмас. Көп жылдар бойы «тегін нефтедоллар» түсіп жатқаннан кейін бюджет асыра орындалып жатты. Шынын айтқанда, Үкімет ақшаны қайда жұмсарын білмей қалды. Сондай жағдайға қарамай халық тұтынатын тауарлардың негізін импорттан алдық. «Тегін» долларларды өндіріске салып, оны көтеру мәселесі қолға алынған жоқ. Осылайша шетелдік тауар тәуелдігіне ұшырадық. 2008-2009 жылдары 85 пайыз экспортталған өнімдер мұнай мен газдың, қара мен және түсті металдардардың үлесі, яғни, табиғи шикізаттар үлесі болды. Экономиканың шикізаттық сипаты осыдан көрінеді. Мұндай жағдайда нақты сектор, оның ішінде отандық өндіріс те дамымай, негізінен импортқа арқа сүйедік. Ол объективтік және субъективтік себептерге байланысты. Оның ішінде Үкіметтің жүргізе алған саясаты да, жүргізе алмағаны да бар. Оның арқауында ең басты «мұнай мемлекетінің» сипаттары жатыр. Шыны керек, мұнай мен тау-кен өнімдерін молынан эскпорттау ХХI ғасырдың даңғыл жолы емес. Қазір бүкіл әлем инновациялық және информациялық, яғни білім мен ғылымға негізделген экономикаға көшуде. Биылғы жылы еліміздің бюджетін қабылдағанда мұнайдың орта бағасы барреліне 65 доллары ретінде бекітілді. Қазіргі уақытта мұнайдың әлемдік бағасы 90-100 доллар болып тұр. Бұдан байқағанымыз, әлем экономикасы дағдарыстан шығып үлгерді. Сондықтан мұнайға деген сұраныс алдағы уақытта көбеймесе азаймайды. Дерек пен дәйек 1998 жылы 26 наурызда ҚР Үкіметінің №256 Қаулысымен елімізде мұнайшылар даярлайтын Атырау мұнай, газ институтының іргесі қаланды. Қазіргі таңда аталған оқу орны мұнай өндіру саласына қатысты 28 мамандық иелерін дайындауда. Олардың қатарында тау-кен инженері, инженер-геолог, бұрғылаушылар, геофизиктер, химиктер, инженер-механиктер бар. Ең алғаш 1911 жылы қазақ жерінде 1 394 842 тонна мұнай өндірілсе соңғы 2010 жылы 81 млн. тоннаға жетті. Қазақ жеріндегі алғашқы мұнай айыратын Атырау мұнай өңдеу зауытын АҚШ-тың «Баджер және оның балалары» компаниясы 1943-1945 жылдар аралығында салып бітті. 1993-2010 жылдар аралығын ТШО-ның Қазақстанға жасаған төлемдері 40,4 млрд. долларды құрады. Сондай-ақ, біріккен концорциум 2010-2011 жылдары қоршаған ортаны қорғауға 181 млн. доллар жұмсауды жоспарлап отыр. Қазақстандағы ең алғашқы мұнай жеткізу құбыры 1913 жылы іске қосылған. Ұзындығы 60 шақырымды құрайтын мұнай құбыры Доссорда өндірілген мұнайды Каспий жағалауындағы Ракуши портына жеткізіп тұрды. Ал 1935 жылы ұзындығы 710 шақырымды құрайтын Гурьев – Орск мұнай құбыры тартылды. Осылайша 1935 жылдың 7 желтоқсаны – қазақ мұнайын тасымалдау күні болып тарихқа енді. Қазақстан аумағындағы мұнай құбырларының ұзындығы 6 236 шақырымды құраса, қара алтынды айдайтын ірі 32 стансы дамылсыз жұмыс істейді. Тәуелсіздік жылдар Қазақстанда мұнай таситын 4 ірі танкерге ие болдық. Олар «Астана», «Алматы», «Ақтау» және «Атырау» деп аталады. 12 мың тонна мұнай өнімдері сиятын алып танкерлер 60 ° С градусқа дейінгі температурада мұнай тасымалдай береді. Қазіргі таңда Қазақстандағы зерттелген мұнай қоры 2 млрд. тоннаны құраса, оның 0,7 млрд. тоннасы газконденсаты. Ал еліміздің газ қоры 2,7 млрд. текшеметрді құрайды.