Мұнай өндіру: Тарихы мен бүгіні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2013 в 20:51, реферат

Описание работы

Кең байтақ берекелі қазақ жері қара алтын байлығынан кенде емес, әрі ол тәуелсіз еліміздің дамуында және халықаралық кауымдастьқта өз орнын алуына ыкпал етіп отыр. Сондықтан да мұнай өндірісі саласына баса көңіл бөліп, оның тарихына да көз жіберіп отыру ләзім.
Қазақстандағы бүгінгі таңдағы модернизациялық құбылыстын салыстырмалы түрдегі бастамасы, алғашқы сатысы XIX ғ. соңы мен XX ғ. басында жүрді. Ендеше сол кезеңдегі мұнай өндірісі туралы не білетінімізді еске түсірейік
1960 жылы Қазақстанның маңызды экономикалық аудаңдарының бірі — Орал-Ембі еңірінің табиғи байлығын игеру мәселелеріне алғаш рет арналған Т. Шәукенбаевтың күрделі еңбегі жарық көрді. Бұл еңбекте көптеген деректік мәліметтер негізіңде Орал-Ембі мұнай бассейнін игеру тарихы баяндалады.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 25.33 Кб (Скачать файл)

Мұнай өндіру: Тарихы мен бүгіні

Кеше.

Кең байтақ берекелі қазақ жері қара алтын байлығынан кенде емес, әрі ол тәуелсіз еліміздің дамуында және халықаралық кауымдастьқта өз орнын алуына ыкпал етіп отыр. Сондықтан да мұнай өндірісі саласына баса көңіл бөліп, оның тарихына да көз жіберіп отыру ләзім.

Қазақстандағы бүгінгі таңдағы модернизациялық құбылыстын салыстырмалы түрдегі бастамасы, алғашқы сатысы XIX ғ. соңы мен XX ғ. басында жүрді. Ендеше сол кезеңдегі мұнай өндірісі туралы не білетінімізді еске түсірейік

1960 жылы Қазақстанның  маңызды экономикалық аудаңдарының  бірі — Орал-Ембі еңірінің  табиғи байлығын игеру мәселелеріне  алғаш рет арналған Т. Шәукенбаевтың  күрделі еңбегі жарық көрді.  Бұл еңбекте   көптеген   деректік мәліметтер негізіңде  Орал-Ембі мұнай бассейнін игеру тарихы баяндалады.

Орал-Ембі аймағының табиғи байлықтарын зерттеу жұмыстары  XIX ғ. соңына қарай, әсіресе Орьнбор-Ташкент теміржолы салынғаннан кейін жандана түсті. Бірақ негізінен жыртқыштықпен тонауға бағытталған орыс және шөтелдік капиталистердің әрекеттері мұнай өндірісінің еркіндеу дамуына жол бермеді деуге болады. Оның үстіне Т. Шәукенбаев көрсеткендей, капиталистік дамуға Орал-Ембі мұнайлы өнірінің теміржолдан қашықтығы, теңіз-өзен транспорты жүйесінің нашарлығы, ауыз судың жетіспеушілігі сияқты нақгы себептер де кері әсер етті. Автор әсіресе Орал казак-орыстарының жасанды түрде көптеген кедергілер келтіргенін баса көрсөтеді. Орал казактары Орал өзені бойынша Атырау немесе Орал қалаларына дейін кеме жүргізуге, тіпті Атырауға 2-3 шақырымдай жерге кеме тоқтайтын айлақ (пристань) жасауға рұқсат етпеді. Олар мұнай құбырын Доссордан Атырауға дейін тартуға, сондай-ақ Атырау мұнай айдау зауытын салуға да рұқсат бермеді.

XX ғ. басындағы кәсіпкерлер осы мәселелерді патша үкіметінің алдына жиі қойъп отырды, оны шешудің жолдарын да ұсынды. Ауыз суды қымбатқа түссе де, Қазақстанның өз жеріндегі, дәлірек айтқандай, мұнай     кеніштеріне     жақын жерлердегі құдықтардан тасытты. Техникалық мақсатқа пайдаланылатын суды құбыр арқылы тартып жеткізді. Кеңес дәуірінде біршама су жүйесі жасалғанына қарамастан, суды шөтелден тасу — қазақтың жер байлығын жыртқыштықпен тонау ғана емес, қызғаншақтықпен, Қазақстанның өзіне бұйыртпаудың, оны тұқырта ұстаудың амалы еді. Отаршылдықтың, менсінбеу мен өктемсуі мұнай өндірісіне ие болып, аймақтарындағы жергілікті халықтардың тұрмысы мен денсаулықтарының нашарлауына, экологиялық апатты жағдайлардың қалыптасуына әкеп соқтырары анық еді.

Еліміз тәуелсіздік алған  бүгінгі таңда, әскери киімін киіп, қазақ жеріндегі осы ектемдікті еске түсіруге тырысатын казактардың  Қазақстан экономикасының дамуындағы орны қандай болғандығын білгеніміз де дұрыс.

 

Бүгін.

"Қазақстанның басты  ұмтылысы — аса ірі мұнай  өндірушілердің біріне айналу, ал  онын басты проблемасы - өз мұнайын  экспорттау үшін жылы теңіздерге  шьғу", - дейді Н. Назарбаев,  БҰҰ штаб — пәтерінде өткен  баспасөз конференциясында. "Қазақстан  жақсы инвестициялар тарту арқылы  хальқаралық рынокқа мұнай шикізатын  шығаратын ірі держава бола  алар еді деп ойлаймын, өйткені  біздің өз қажетіміз небары 20 миллион тонна ғана. Ал біз  қазірдің өзінде 27 миллион тонна  мұнай өдіреміз", - деп мәлімдеді  Президент.

"Қазіргі кезде біз  бұл мұнайды тасымалдау жолдарын  сөзсіз іздеуге тиіспіз. Ресей  аумағынан Новороссийскіге мұнай  құбырын тарту арқылы шамамен  15-17 миллион тонна мұнай тасымалдауға  болады. Бұл біздің таяудағы 80 жыл  ішіңдегі қажетімізді қамтамасыз  өте алады. Келесі ғасырдың  басында 100-120 миллион тонна мұнай  өндірмек болып отырғандығымызға  байланысты біздің дүние жүзілік  рынокқа шығуымыздың балама жолдарын  іздеуіміздің қажет екендігі  сөзсіз. Бұл біз үшін өте маңызды  мәселе", - деп көрсетті Н. Назарбаев.

Бүгінде мұнай  тарихына 100 жыл толды

Қазақстан мұнайы тарихының  жаңа беттері мемлекетіміз тәуелсіздік  алғаннан кейін жазыла бастады. Мұнай  отандық өнеркәсіптің маңызды саласы болып қана қоймай, сонымен бірге  мемлекеттің тәуелсіздік мәртебесінің нышаньна, жарқын болашаққа деген  сенімге айналды.

Енді Қазақстан мұнайы Қазақстан халқының игілігіне қызмет етері сөзсіз.

 

Мұнай бар жерде  талас та, табыс та бар

 

Мұнай бар жерде табыс бар екеңдігіне сүйенеміз, бірақ осы табысқа жетер жолдағы тартысты орағытып ету мүмкін емес. Әлемдік мұнай бизнесінің    кілтін ұстап отырған алпауыт елдің өткір тырнағы қарт Каспийді де шенгеліне алмақ. Мұнай таситын құбырды АҚШ-қа ғана ұнайтын бағытқа карай бұруға Каспийге иелік ететін бес мемлекеттң бәрі бірдей келіспесе, бұған төрелік айггар кім бар? Біздік ойымызша, Ресей ешуақытта да Баку-Джейхан бағытына келіспейді. Бірақ, Қазақстан-Түрікменстан-Ирак арқылы Парсы шығанағына тартылатын бағытты Ресейдің қолдайтыны анық. Бұған дейін сарапшы-мамандар Қазақстан-Туркіменстан-Ауғанстан-Пәкістан бағыты тиімді, әрі арзан екендігін айтқан.

Қазақстанның мұнай-газ секторына бірнеше жылдан бері өз жобаларымен бірқатар жұмыстар атқарғанымен, Қытай Каспий мәртебесі айқындалмайынша өз позициясын білдірмейтін сияқты. Шығысқа қарай құбыр тартылса, Каспий мұнайы Тьнық мұхиты арқылы да біраз жерге көтер еді.

Біз тек табысы мол мұнай  маңыңда тартыс аз болса дейміз.

"Алматы ақшамы"

 

 

                  Теңіз кенішінің мұнайы екі есе көп болып шықты

Теңіз кенішін барлау бағдарламасын  жүзеге асыру барысында бұл алып кен орнының қоры жөнінде болжамды нақты бағалау жасалды. Онда Теңіз  кенішінің қоры 16-19 миллиард баррель  мұнайды құрайды екен. Бұл біздегі  өлшем жүйесімен айтсақ, кеніш  қорында 2 миллиард 400 миллионнан - 2 миллиард 900 миллион тоннаға дейін мұнай  бар деген сөз. 1998 жылғы үш сейсмикалық  зерттеуден кейін кеніш қоры 1 миллиард 300 миллион тоннадан аспайды деп  ресми мәлімделген еді, Бүгінгі  болжам мұнай қорының екі есе  көптігін көрсетіп отыр.

 

Каспий төңірегіндегі  тайталас

Түбі мұнай мен газ қорына толы Каспийдің мәртебесін анықтау мәселесі өткір проблеманың бірі екені даусыз, әзірге оның жағалауында орналасқан 5 мемлекет - Әзірбайжан, Ресей, Түрікменстан, Қазақстан және Иран бұл ауқьмды шаруаға қатысты ортақ шешімге келе алған жоқ.

Каспий мұнайьна Қытай  қызығушылық танытуда, жылдан жылға  экономикасы дамып келе жатқан көршіміздің, қуат көздеріне деген мұқтаждығы да артып отыр. Қазақстан Каспий арқылы үлкен мұнай ойынының шаршы тақтасына шықты. Ол ел басшылығының салиқалы ұстанымының арқасында державалармен арқасында байланысты реттейтін үлкен геосаясат тетігіне де айналды. Міне, осындай сан қырлы мүдделер тоғысқан Каспийдің статусын анықтау оңай шаруа емес. Сондықтан, Қазақстан әр алпауыт елдің қатысты пікірін ыждағатты пысықтап барып, әрекет етуге тырысуда. Қалай болғанда да Каспийдің жаңа мәртебесі Қазақстанның мемлекеттік ұлтттық мүддесіне қайшы келмеуі тиіс. Сонда ғана қазақ елі қарт Каспийдің игілігін көре алады.

 

 

 

Мұнай қорын құру қажет пе?

Мұнайды шикізат есебінде сыртқа сатудан түскен табыстың бір бөлігін арнаулы мұнай қорларыңда жинақтап отырған мемлекеттер (Норвегия, Кувейт, Сауд Аравиясы) әлемде баршылық.

Норвегияда мұнай қорын құрудың мақсаты мынандай: мұнайдың әлемдік саудадағы бағасы, оған деген сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына және әртүрлі саяси жағдайларға байланысты ешуақыта тұрақты болмайды, сондықтан баға көтерілген жылдары одан түсетін табыстың бір бедігі мұнай қорында жинақталады да, керісінше баға тым төмендеген уақытта қордағы қаржы экономикалық күйзелісті болдырмау үшін өндіріс орыңдарын сақтауға, мемлекеттің әлеуметтік міндеттерін орындауға жұмсалады.

Дегенмен, Норвегия, Кувейт мемлекеттерінің мұнай қорын  құруының ең басты себебі - бұл мемлекеттерінің  экономикасы мұнайдан түсіп жатқан өте үлкен қаржыны игере алмайды, былайша айтқанда артық ақшаны елдің  ішінде жұмсайтын жер жоқ, инфляция қаупі күшейеді. Оларда мұнайдан түскен табыстың тағы бір бөлігі жан басына бөлініп, әрбір жеке адамның есебіне аударылып тұрады. Сондықтан жалпы халықтьң, жеке адамның мемлекетке деген сенімі өте жоғары.

Ал бізге, мұнай қорын  құруға әлі ертерек. Себебі, біз Норвегия сияқты ақшасын қайда жіберерін  білмей отырған ел емеспіз, боямасыз өмір шыңдығы - бабамыздан мирас болып  қалған ұлан байтақ жеріміздегі көл-көсір  байлықтың үстінде отырсақ та, жыл өткен сайын жыртығымыз көбейіп  келеді. Сондықтан мұнай қоры дегенді  әзірге қоя тұрып, мұнайдан түскен табысты  мемлекеттік бюджет арқылы ішкі өнеркесіпті  дамытуға, ауыл шаруашылығына қолдау көрсетуге, ғылым, білім     салаларына     және     қордаланған     әлеуметтік    мәселелерді экологиялық  проблемаларды іс жүзіңде шешуге жұмсағанымыз жөн болар еді.

 

1999 жыл мұнай  әлеміне қандай өзгерістер әкелді?

Өткен жыл мұнай бағасының  құлдырауымен есте қалды. Қазақстан  соның кесірінен 100 млн. доллар шығынға  батты. Жалғыз Қазақстан емес, экономикасының негізгі тірегі мұнай болған талай  елдер осындай жағдайды бастан кешті. Азуын айға бідеген кейбір компаниялар  біругіге мәжбүр болды. Мұнай өндіруші мұнай өңдеуші компаниялардың акцияларына  деген сүраныс күрт төмеңдеп кетті. Ал, биылғы жыл қалай болмақ? Жыл  басталмай жатып, Кувейт үкіметінің «әр баррель мұнайдың бағасы 5 долларга дейін төмендейді»  деген болжамы  әлемнің іскер топттарын біршама  дүрліктіріп тастады. Олар мұнымен  қоймай, ОПЕК-ке мүше елдердің кезексіз кездесуін өткізуді ұсынып отыр. Сонымен, мұнай әлемінде жаңа дағдарыс бастала  ма? Бұл сұраққа әлем сарашпылары  қазірше нақты жауап таба алмауда. Ал, елімізге келетін болсақ, республика мұнайының топ бастар серкесі  — "Казақойл" ұлттық мұнай компаниясының  аталмыш саланы дамытуға арналған жаңа бағдарламасы алғашқы нәтижесін  бере бастады. Былтырғыдай ауыр жылдары мемлекеттік бюджст алдыңдағы 11 млрд теңге қарызын өтеу мен "Өзенмұнайгаз", "Ембімұнайгаз" кәсіпорындағы жалақы қарызынан толық құтылуы - соның делеліндей. Ендігі дағдарыстың бетін әрі қылса, көктемде жағдай біршама түзеледі деген үміт бар, Себебі, биыл елімізде мұнай өндіру көлемі арта түседі. Ресей алыс шетелдерге мұнай тасымалдау үшін 1,5 млн тонна қосымша квота беріп отыр. Мұнымен қатар, Астана қаласына келген Ресей үкіметінің басшысы Е. Примаковпен Павлодар мұнай өңдеу зауытына Ресей кен орындарынан 3,2 млн тонна мұнай жеткізу туралы келісімге қол жеткізілді. Бұл ПМОЗ қуатан арттырып, жұмыс орындарын толық сақтап қалуға мүмкіндік беріп отыр. Мұның бәрі Қазақстан үкіметі мен "Қазақойл" ҰМК жүрігізіп отырған саясатының дұрыстығына көз жеткізеді.

 

 

 

Каспий мұнайы Қазақстанды алып елдер қатарына қосады

Шығыс Қашаған Атыраудан 75 шакырым жерде орналасқан. Мұндағы  алғашқы ұңғыны бұрғылау былтырғы тамызда  басталған еді. Содан бері ОКИОК  компаниясы теңіздің табанын жобалық  тереңдік-4500 метрге дейін бұрғылады, Кейінен осы үңғы 500 метрге тағы бұрғыланды. Соңғы екі-үш айдан бері осы кен  орнынан табылған мұнайдың сапалық  құрамы зерттелді. Елбасы Н. Әбішұлы  кен орнынан оралысымен журналистерге  арнап өткізген баспасөз маслихатыңда былай деді:

«-Бүгін Қазақстан тарихында  елеулі оқиға болды, Біз мұнай  өнеркәсібінің 100 жылдғын атап өттік. Осы 100 жылдық тарихтың ішінде бүгінгі  оқиғаның зор маңызы бар. Казақстанның мұнай-газ кешеніне инвестиция тартуда  ауқымды істер атқарылды, 1990 жылы сейсмикалық барлау жүргізетін компания құрылып, жүздеген миллион доллар қаржыға  сейсмикалық зерттеу жүргізілді. Әлемдегі ең үлкен баржа құрастырылып, жеті мемлекеттен мамандар тартылды. Кәсіби білігі зор шетелдік мамандар мен біздің мұнайшылардың бірлесе атқарған жұмыстары табысты аяқталды. Қазақстанның үміті ақталды. Болашақтағы экономикамыздьң, жалпы еліміздің дамуына, өміріміздің гүлденетініне енді күдік жоқ ».

Каспийдің алғашқы ұңғысынан  табылған мұнайдың сапасы жоғары, жеңіл. Теңіз кенінінің мұнайына ұқсас  болып келеді. Елбасы журналистерге  Каспий теңізінен алынған мұнайды  көрсетті. "5000 метрден аса терендік бұрғаланды, — дейді Н. Әбішұлы. Оның 1200 метрі өнім беретін қабатқа  жатады. Теңіз кеніндегі мұнаймен салыстырғанда, өнімділігі жоғары, қысымы 200 атмосфераға көп". Бұдан Каспий мұнайының сапасы қаншалықты жоғары екендігін аңғару қиын емес. Кейіннен "Қазақойл" президенті Н. Балғымбаев Каспийден қазылған алғашқы үңғыдағы мұнайдың қорын атады. Оның айтуынша, Шығыс Қашағаннан 7 млрд тонна мұнай  табылыпты. Жалпы, бұл кен орны соңғы  жылда дүние жүзінде ашылған  ең үлкен кен орнына жатады.

"Егемен Қазақстан"

 

 

Мұнай мандайдың  бағын аша ма?

 

 

Барша жұртқа белгілі, Қазақстан  мұнайын экспортқа шығару мәселесі әлі шешілген жоқ. Қазақ елінің үкімет басшылары, мұнай өнеркәсібінің  жетекші мамандары қайткенде  Каспий жағалауындағы мұнайды арзан  әрі тиімді жолдармен шетелдерге жеткіземіз деп толғануда. Олар көптеген мемлекеттердің өкілдерімен, іскер адамдарымен түрлі келіссөздер жүргізіп, нақты жобаларды қарап, талқылауда. Жақында осы мәселенің бірқатары оң шешілетін ыңғайлы байқалды. Қытайлықтар Қазақстан мұнайын пайдалану арқылы өздерінің күн сайынғы өсіп отырған энергоресурстарына деген қажеттілігін өтеуді ойластырыпты. Қытайдың мұнай және табиғи газ жөніндегі мемлекеттік компаниясы Қазақстан мен Орта Азиядағы мұнай-газ кеніштерін игеру істеріке кірісті.

Мұны да білгеніңіз жөн.

Бұл күндері белгілі болғаньндай: "Қазақойл" мұнайгаз ұлттық компаниясының  негізгі міндеті—республикадағы мұнайгаз өңдеу өнеркәсібінің өндірістік-экономикалық жағынан өркендеуіне ықпал жасау. Сондай-ақ, компания мұнайхимия, энергетика, құрылыс, машина жасау және қызмет көрсететін өндірістерді ұйымдастырады. Сөйтіп, республикамыздың әлеуметтік жағдайдың жақсаруына өз үлесін қоспақ. Ұлттық компанияның  маңызды істерінің бірқатары  шетелдік және жеке инвесторларды осынау істерге тарту болып табылады. Қазіргі кезде тартылған шетелдік инвестиция көлемі - 2 млрд доллар.  Ал  алдағы уақытта 40  млрд долларды  алуға келісім-шарт

Информация о работе Мұнай өндіру: Тарихы мен бүгіні