Мұнай сорғыш станциялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2014 в 08:37, реферат

Описание работы

МГК барлау объектілері құрамына енгізілген мұнай сорғыш станцияларды қауіпсіз пайдалану жобаға, технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
Мұнай сорғыш станциялар:
1) ұңғымалар өнімдерін сығу сорғыш станцияларына дейін қайта айдауға;
2) МДҚ технологиялық қайта айдау;
3) резервуар ішіндегі қайта айдаулар;
4) МДҚ тауарлық мұнайды қайта айдауға арналған.

Файлы: 1 файл

Мұнай сорғыш станциялар.doc

— 39.50 Кб (Скачать файл)

Мұнай сорғыш станциялар

 

МГК барлау объектілері құрамына енгізілген мұнай сорғыш станцияларды қауіпсіз пайдалану жобаға, технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

Мұнай сорғыш станциялар:

1) ұңғымалар өнімдерін сығу сорғыш  станцияларына дейін қайта айдауға;

2) МДҚ технологиялық қайта айдау;

3) резервуар ішіндегі қайта айдаулар;

4) МДҚ тауарлық мұнайды қайта айдауға арналған.

Мұнай сорғыш станциялар блокты автоматтандырылған орындауда жобаланады. Сорғыштар саны мен өнімділігі техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу үшін резервті ескере отырып, түсетін өнімнің максималды мөлшері бойынша есептеледі.

Жанатын өнімдерді қайта айдайтын сорғыштар үшін кіріс және қысымды желілерде әдетте, дистанционды басқарылатын, бітегіш немесе кесу құрылғыларын дистанционды ажырату және орнату қарастырылады.

  Сорғыштарды тығыздау осы технологиялық ортаға арналған өндірістік процесс кезінде герметикалықты қамтамасыз етеді.

Сорғыштарда герметикалықты қамтамасыз ететін резервті майлы сорғышты қоса алғандағы автоматты қондырғылар қарастырылады.

Тез балқитын және жанатын өнімдерді соратын сорғыштар ғимараттары сорғыштармен бір негізде болатын электр қозғалтқыштарына тәуелсіз жерге тұйықталады.

Барлық сорғыштар жоғары деңгей сигналын операторлық ғимаратқа (диспетчерлік пункт) шығаратын пайдаға асырудың жабық жүйесіне дренаждалатын өнімді шығару үшін түптермен және дренажды құрылғылармен қамтамасыз етіледі.

Сорғыштарды тазарту және үрлеу кезінде сұйықтар трубақұбырлар бойынша ғимараттан тыс жерге герметикалық ыдысқа, ал көмір сутек булар мен газдар газ жинағыш жүйеге шығарылады. Трубақұбырлар орналасуы қауіпсіз қызмет көрсетуді ескере отырып жүргізіледі.

Трубақұбырларда өнімдердің мақсаты мен қозғалу бағыты, сорғыштарда белгілер мен нөмірлер технологиялық сызбаға сәйкес, сорғыштар мен электр қозғалтқыштарында айналу бағыты қысылу режимінде көрсетіледі.

Сорғыштарға арналған арматуралар сорғыш паспортына және трубақұбырлар сипатына сәйкес шартты қысым бойынша таңдап алынады. Ортадан тепкіш сорғыштың тастау трубасында кері қалқанша орнатылады.

Айналу бөліктерінде қоршау болмаған жағдайда сорғыштарды іске қосу және пайдалануға жол берілмейді.

Сорғыштарды пайдалану кезінде оның техникалық жағдайын сипаттайтын қысу қысымы және басқа параметрлерді бақылау қамтамасыз етіледі. Дұрыс жұмыс істемейтін және БӨҚАҚ уақытында тексерістен өткізілмеген сорғыштарды пайдалануға жол берілмейді.

Қозғалатын бөліктерді майлау, сальниктердегі, бүйір тығыздағыштарындағы және трубақұбырлар қосылыстарындағы жіберулерді сорғыш жұмыс істеп тұрғанда жоюға жол берілмейді.

Жұмыс істеп тұрған сорғыштардың қозғалатын бөліктерін майлауға жұмыстың тиісті қауіпсіз жағдайы болғанда жол беріледі. Сорғыштар подшипниктері жиі майланады. Подшипниктердің қалыптан жоғары қатты қызуына жол берілмейді. Подшипниктер температурасы бақыланады.

Сорғыштар мен арматураларды майлау үшін қатпайтын майлар қолданылады.

Подшипниктер мен герметизаторлардың корпустарын суыту үшін қатпайтын сұйықтар (антифриз) қолданылады. Суыту сұйықтары ретінде 300С дейінгі температурадағы суды пайдалану кезінде ағынды бақылау үшін ашық түтікшелер немесе кәріздермен жалғанған қарау құрылғылары қолданылады.

Сорғыштарды пайдалану кезінде қондырғының герметикалығы тұрақты бақыланады. Сорғыш герметизаторлары мен трубақұбырлар қосылыстарындағы жіберулер технологиялық регламентке сәйкес жойылады.

Сорғыштың қауіпсіз жұмыс режимін бұзатын ақаулар анықталған жағдайда дайындаушының техникалық құжаттарына, технологиялық регламентке сәйкес оны тоқтату және жөндеу жүргізіледі. Сорғыштарды оның жұмыс істеу кезінде жөндеуге жол берілмейді.

  Резервті сорғыш іске қосуға  тұрақты дайындықта болады. Жұмыс  істеп тұрған сорғыштан резервті  сорғышқа көшу алдында тиісті  ысырмалардың дұрыстығы мен сорғышты іске қосу дайындығы тексеріледі.

Сорғыштарды сорғыш және қысымды коллекторлардан ажырату үшін ысырмалар қолданылады.

Сорғыштарды тоқтату кезінде сұйық беретін трубақұбырлар сорғыш герметизаторларын суыту үшін жабылады.

  Сорғыш ғимараттарындағы едендер мен лотоктар жуу құралдары қолданыла отырып сумен жуылады.

Жанатын және зиянды заттар болатын ағынды сулар өндірістік кәріздерге ағызу алдында тазартылады.

Персонал өтетін орындарды жабуға және жобада қарастырылмаған қондырғыларды орналастыруға жол берілмейді.

Коммуникациялар өтетін орындарда сорғыш ғимараттарда бөлу қабырғасы арқылы герметикалық тығыздағышы бар футлярлар орнатылады.

Ғимарат сыртында орналасқан қондырғылар мен өндірістік алаңдарды жылыту жылу серіктестері, қыздыру элементтері және климаттық жағдайларға байланысты жобада анықталатын жабуларды қарастырады.

Қататын мұнай өнімдерін қайта айдау кезінде келесі шарттар орындалады:

1) айдаудың технологиялық процесстері  жұмысының үздіксіздігі;

2) сорғыштар мен трубақұбырлардың  жылу оқшаулаулары мен жылытулары;

3) технологиялық сұйықтың циркуляциясыз  учаскелерінің болмауы;

4) сорғыштар және трубақұбырлардың  үрлеу және дренажды жүйесінің  болуы.

Ашық алаңдарда орналасқан сорғыштарды жоспарлы тексерту жөндеу жылдың жылы мезгілінде немесе жылытылатын уақытша жабулар құрылғыларымен жүргізіледі.

Сорғыштарды пайдалану кезінде мұнай өнімдерінің және судың сорғыштарға түсу қауіптілігіне жол берілмейді.

Қызмет көрсету персоналының ашық сорғыш алаңдарында ұзақ болуын болдырмау үшін операторлықтағы сорғыштар жұмыстарына дистанционды бақылау жасау қарастырылады.

Ашық сорғыш алаңдарында қызмет көрсететін персоналды жылыту үшін сорғыштар жұмысын бақылауға ыңғайлы және байланыспен қамтамасыз етілген жылытылатын ғимараттар салынады.

 

 

 


Информация о работе Мұнай сорғыш станциялар