Ұңғыманы торпедалау. Перфорация

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2015 в 15:28, контрольная работа

Описание работы

Бұрғылау процесінде ұңғымаларды тұрғызған кезде кедергілер болуы мүмкін. Онда қатты тау жыныстары, бұрғылаудан қалған металл қалдықтары кездесуі мүмкін. Осы кедергілерді жару жұмыстары арқылы жоюға болады. Тереңдігі аз ұңғымалардағы қатты тау жыныстарын жою үшін арнайы жиналған кумулятивті перфораторлардың зарядтары қолданылады. Терең ұңғымалардың түбіндегі металл қалдықтарды бұзу үшін осьтік кумулятивті торпедалары қолданылады.

Файлы: 1 файл

6_D_1241_ris_kesheni.doc

— 415.50 Кб (Скачать файл)

Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Кәсіптік геофизика» пәні бойынша

дәрістер кешені

таңдау бойынша

 

 

 

 

 

3 курс студенттері үшін 

мамандығы  5B070800 – «Мұнай-газ ісі»

оқу түрі – күндізгі

2013-2014 оқу жылының 5 семестрі

 

 

 

 

 

                                                            

Құрастырған: доцент, т.ғ.к. М.Х. Онаев

Кафедра мұнай-газ ісі және салалық технологиялар, 106 аудитория

Кредиттер саны -3

Дәріс – 30

Тексеру түрі – емтихан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәріс №10

Ұңғыманы торпедалау. Перфорация.

 

Бұрғылау процесі кезінде ұңғымаларды жару жұмыстары бұрғылауды жылдамдату және апаттың алдын-алу үшін жүргізіледі. Жүргізілетін негізгі жұмыстар 1-кестеде көрсетілген.

Бұрғылау процесінде ұңғымаларды тұрғызған кезде кедергілер болуы мүмкін. Онда қатты тау жыныстары, бұрғылаудан қалған металл қалдықтары кездесуі мүмкін. Осы кедергілерді жару жұмыстары арқылы жоюға болады. Тереңдігі аз ұңғымалардағы қатты тау жыныстарын жою үшін арнайы жиналған кумулятивті перфораторлардың зарядтары қолданылады. Терең ұңғымалардың түбіндегі металл қалдықтарды бұзу үшін осьтік кумулятивті торпедалары қолданылады.

Торпедалаудың негізгі заряды – корпуста орналасқан кумулятивті воронка. Ол жүк переводникпен жалғанған торпеданың үстіндегі кабельге бекітіледі. Торпедаға жарғыш патрондарды ұңғымаға түсірудің алдында салады.

Тәжірибе көрсеткендей металл қалдықтарды жеке бөліктерге бұзу үшін бірнеше торпедалар қолданылады. Оны ұңғымаға түсіру және үш торпеданы бір уақытта жару үшін кассеталы аспап қолданылады. Жарылыс нәтижесінде қалдықтардың бөлшектері жоғарыға магнит, металлшлам аулағыш, механикалық ұстағыш арқылы немесе түпте фрез арқылы бұрғыланады. Ол үщін ұңғымаға кабель немесе бұрғылау құбыры арқылы түсіреді. Бұрғылау құбыры арқылы түсіру кезінде бұзылатын металлға торпеданы орнату ұңғыма қабырғасын және түпті шламнан тазалау (жуу) арқылы жүзеге асады. Жууды шлам тоқтағанша жүргізеді. Ал кабель арқылы түсіру кезінде торпеданың астына жүк бекітеді. Терең және өте терең ұңғымаларды бұрғылаған кезде кең таралған қиындық – бұрғылау қондырғыларының ұсталып қалуы.  Ұсталып қалу себебі әр түрлі болады және осыған байланысты олардың алдын-алу мен жою әдістерін жүргізеді.  Желоб түзілген орындарда құрылғылардың ұсталып қалуына апарып соғады. Желобты жарылыс көмегімен бұзуға болады, ол үшін жүктелген корпусы бар ұзартылған торпедалар қолданылады. Герметикалық емес торпеданың корпусын дюралюминийден жасалған құбырдан дайындайды, оған ВВ зарядын орнатады. ВВ заряды ретінде диаметрі сәйкес келетінцилиндрлі шашка қолданылады. Бұрғылау процесінде қондырғылар қысылып қалған кезде ТДШ типті торпеданы қолдану арқылы босатуға болады. ТДШ торпедасы жарылыс патроны, жүгі және тросы бар аспаптан тұрады, олар головка мен жүкті жалғайды, оған негізгі – шнур бекітіледі. ТДШ-ның жұмыс жасау технологиясы: ұңғыма оқпанымен торпеданың және қондырғылардың кедергісіз өтетініне  көз жеткізу үшін ұңғыманы шаблондайды, жерүсті жабдықтарының дайындығын тексереді, қысылған жердің тиереңдігін анықтайды. Ал ТДШ84 торпедасы гидростатикалық қысымы 49 МПа және температурасы 100оС ұңғымалардағы жұмысқа арналған.

 

 

Глоссарий

 

Ұнғыма- диаметрі ұзындығынан көп есе кем, цилиндрлі тау кен өндірісі, ол өнімді горизонттың жер бетімен байланысы үшін арналған

Көлемдік газ құрамы (газқаныққандылық) –берілген термобаралық шарт кезінде, газ көлемінің белгіленген геометриялық көлеміндегі қоспаның жалпы көлеміне қатынасы

Массалы шығынды газқұрамы- берілген термобаралық шарт кезінде, газ массасы шығынының, қоспа массасы шығына қатынасы

Нақты газ құрамы – бос газбен толтырылған, құбырдың көлденең қимасы ауданының, құбырдың көлденең қимасына жалпы ауданына қатынасы

Сұйықтағы газдың дисперстігі- сұйық көлемінде таралған газ көпіршіктері өлшемімен сипатталатын, газ фазасының ұсталу дәрежесі

Минералдар – жер қыртысында болытын физика- химиялық процесстер нәтижесінде пайда болатын химиялық құрамы және физикалық қасиеттері бойынша біртекті табиғи зат

Тау жыныстары – жер қыртысын жасайтын, өзіндік геологиялық денесін түзетін, минералогиялық және химиялық құрамы тұрақты минералды агрегат

Атқылаған жыныстар – негізінен кристалды құрылысты, магма деп аталатын сисликат балақыманың жер бетінде немесе жер қырытысы қойнауында қату нәтижесінде пайда болды

Шөгінде тау жыныстары – органикалық және неорганикалық заттардың су бассейнінің түбінде және материк бетінде шөгуі нәтижесінде пайда болады

Метоморфтық тау жыныстары- шөгінді және атқылаған жыныстардан , оның соңғысы жер қыртысы тереңдігіне батуы кезінде пайда болған

Табан- бұл қабатты астынан шектейтін бет

Жабын – бұл қабатты үстінен шектейтін бет

Нақты қалыңдық немесе қуат- бұл қабаттың жабынының кез-келген нүктесінен табанына дейін түсетін перпендикульяр

Горизонталь қалыңдық- бұл горизонталь бойынша жабынның кез-келоген нүкетесінен табанына дейін арақашықтық

Вертикаль қалыңдық- бұл вертикаль бойынша, жабынның кез-келген нүктесінен қабат табанына дейін арақашықтық

Абсалютті немесе теориялық кеуектілік деп – жыныстағы барлық қуыстардың жалпы көлемі (кеуек, каверна, жарылыс)

Кеуектілік коэффиценті – бұл жыныстың жалпы қуыс көлемінің барлық жыныс көлеміне қатынасы

Тиімді кеуектілік- деп бір –бірімен өзара байланысатын жыныстағы қуыстар көлемін атайды

Өткізгіштік- бұл қысымның өзгерісі кезінде жыныстың сұйықты және газды өткізу қабілеті

Коллектор деп – сұйық және газ үшін өткізгішті және олардың сыйымды ыдысы бола алатын кеуекті және жарылымды тау жыныстарын атайды

Табиғи резервуар деп – жабыны мен табаны нашар өткізгішті жынысты қабаттан тұратын коллекторды атайды

Мұнайгазды кеніштің табаны немесе сумұнайлы бөлімнің беті- мұнай және суды бөлетін бет деп аталады

Мұнайлылықтың сыртқы контуры деп –сумұнайлы бөлім бетінің қабат жанымен қиылысу сызығын атайды

Мұнайлықтың ішкі контуры су мұнайлы бөлім бетінің қабат табанымен қиылысу сызығы

Газ қалпағы- бос газдың мұнай кеніші үстінен жиналуы

Мұнайгаз бөлім бетінің қабат жанымен қиылысу сызығы – газдылықтың сыртқы контуры деп аталады

Мұнайгаз бөлім бетінің қабат жанымен қиылысу сызығы – газдылықтың сыртқы контуры деп, ал қабат табанымен қиылысу сызығы –газдылықтың ішкі контуры деп аталыды

Мұнай және газ кен орыны деп- жер қыртысы қойнауында бір ауданда орналасқан, бір топқа жататын кеніштердің (мысыалы, күмбезді қабаты немесе массивті және т.б.)жиынтығы

Мұнай- көміртегі және сутегінің күрделі қосылысы

Мұнайдың көміртектік коэффиценті – бұл қабат жағдайындағы мұнай көлемінің, сол мұнайдың дегазациясынан кейін, яғни қалыпты жағдай кезінде көлемге қатынасына тең

Эксплуатациялық бағаны – бұл мұнай және газды түптен сағаға көтеру үшін немесе қабат қысымын ұстау мақсатымен өнімді қабатқа суды (газды) айдау ұшін аранлған бағана

Қабаттан мұнайдың ағуын шақыру әдістері – бұл қабатқа қарсы қысымдарды айдау әдістері, ағыны белгілі шараларды жүргізу, оның нәтижесінде ұңғыманың гидростатикалық қысымы қабат қысымынан аз болады.

 Су арынды режим – бұл режим кезінде қабатта мұнайдың ұңғымаға қозғалысы, ағатын шекті (контурлы) судың әсерінен жүреді

Мұнай бергіштік коэффицент- кеніштен шығарылған мұнай көлемінің бастапқы қорға қатынасы

Серпімді су арынды режим деп- негізгі қозғалыс күшін болып, жыныстың және сұйықтың серпімді кеңеюі болатын, мұнай қабатының жұмыс режимі

Газ арынды режим – бұл қабаттың жұмыс режимі кезңінде, басым энергия түрі болып газ қалпағында жиналған бос газдың энергиясы әсер етеді

Газ факторы 1т шығарылатын мұнайға келетін, қалыпты жағдайға келтірілген газ мөлшері

Трапециялық режим – бұл мұнай кешенін дренаждау режимы кезінде, қысым энергиясы ауырлық күші әсерінен пайда болады

Индикаторлық қисық деп – депрессиядан сұйықтық сығу тәуелділіг қисығы

Контур сырттай суландыру – мұнайлық контуры сыртында орналасқан, айдау ұңғымалар жүйесі арқылы қабатқа әсе ету

Контур бойымен суландыру- бұл мұнайлық контурына тікелей жақын немесе мұнайшылықтың сыртқы және ішкі контуры арасында орналасқан, айдау ұңғымалар жүйесі арқылы қабатқа әсер ету

Контур беттей суландыру- кеніштің таза мұнайлы бөлігінде орналасқан, айдау ұңғымалар жүйесі арқылы қабатқа әсер ету

Блокты жүйе – айдау ұңғымаларын параллельді тік бұрышты қатармен, әдетте құрылымның бойлы өсіне айқастыра орналастырады, игеру ұңғымаларын айдау ұңғымалары арасында қатарын бұрғылайды

Ауданды суландыру - өндіру және айдау ұңғымаларын ауданда дұрыс геометриялық тор – квадрат немесе үш бұрыш бойынша біркелкі орналастырылды

 Таңдаулы суландыру – бұл жүйеде суды айдау үшін ұңғымаларды, кенішті – геофизикалық гидродинамикалық зерттеудің берілгені бойынша ауданды біркелкі тор бойынша бұрғылаудан кейін таңдайды

Ошақты суландыру – бұл жүйе кезінде, суды қабатқа бөлек айдау ұңғымалары арқылы айдайды, оларды өндіретін арасында таңдайды немесе арнайы бұрғылайды

Сұйық көтерілуі тек қабат энергиясы есебіне, жүретін пайдалану тәсілі фонтанды деп аталады

Газлифтті пайдалану тәсілі – бұл тәсіл кезінде, жер бетінен айдалатын немесе қабаттан келетін    газ, ұңғыма өнімі ағынына енгізілді.

Комперессорсыз газлифт тәсілі – бұл ұңғыма іші газлифт, бұл кезд емұнайды көтеру үшін, осы ұңғыма ашқан газ қабатыэ энергиясын қолданылады

Сораптың толу коэффиценті деп- фактолы плунжердің астына келіп түсетін сұйық көлемінің, плунжердің жоғары жүрісі кезінде сызатын көлемге қатынасын айтады

Тербелмелі –станок- экетроқозғалтқыш волынының айналмалы қозғалысын, штанганың  плунжермен  қайтымды- үдемелі қозғалысқа түрлендіретін және сұйықты айдап шығару процессінде жүктемелі қабылдайтын механизм

Шикі мұнай – ұнғыдан дайындау қондырғыларына түсетін мұнай

Ұнғы өнімі – ұнғыдан шығатын  көп компонетті заттар, мұнайдан, қабат суынан, әртүрлі қоспалардан және еріген газдан тұрады.

 

 

 


Информация о работе Ұңғыманы торпедалау. Перфорация