Жер мен оның қабығының заттық құрамы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2015 в 09:58, реферат

Описание работы

Жер бетінің көпшілік бөлігін (70,8%) су, ал қалған (29,2%) бөлігін ғана құрлық алып жатыр. Дүниежүзілік мұхит сулары негізінен бір-бірімен байланысқан, тек төрт мұхит ғана материктермен бөлінген. Оларға: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттар жатады. Құрлық алты материктен (Евразия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Африка, Австралия және Антарктида), сонымен бірге мұхиттық аралдардан құралған. Тынық мұхиттын, акваториясы (алаңы) барлық континенттерді қосып есептегендегі олардың жалпы ауданьшан асып түседі.

Файлы: 1 файл

1 пракЖердің ішкі құрылысы.docx

— 107.10 Кб (Скачать файл)

Тау жыныстарының жасы[өңдеу]


Жер қыртысындағы әртүрлі геологиялық өзгерістерді, олардың жүру ұзақтығы мен ерекшеліктерін түсіну үшін тау жыныстарының геологиялық жасын білудің маңызы зор. Тау жыныстарының абсолюттік және салыстырмалы жасы ажыратылады.Шөгінді тау жыныстарының орналасу ретіне, олардағы өсімдіктер мен жануарлардың тасқа айналған таңбаларын зерттеу арқылы олардың жасын білуге болады. Яғни тау жыныстарының қайсысы бұрын, қайсысы кейін түзілгенін ажыратып, езара салыстыру арқылы олардың салыстырмалы жасы анықталады.

Кез келген тау жынысының пайда болған кезінен бергі геологиялық уақыт оның абсолюттік жасы деп есептеледі. Жер қойнауында кейбір радиоактивті элементтердің ыдырау жылдамдығы сыртқы өсерге тәуелсіз болғандықтан, тау жыныстарының дәл жасын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл мақсатта, әдетте, уранның ыдырауына қатысты деректер пайдаланылады. Уранның гелий мен қорғасынға ыдырауы 4,51109 жылға созылады; меншікті салмағы жеңіл гелий бөлініп шығып, ал қорғасын жер қойнауында жинақталады. Уранның ыдырау жылдамдығы мен бөлінетін қорғасын мөлшері белгілі болғандықтан, жер қойнауында жинақталған қорғасынның мөлшеріне қарап, оның қашаннан бастап түзілгенін нақты анықтауға болады. Жер шарының әртүрлі бөліктеріндегі құрамында уран мен қорғасын бар тау жыныстарын химиялық зерттеу арқылы олардың абсолюттік (радиометриялық) жасын анықтайды. Бұл әдісті ғылымға XX ғасырдың басында француз физигі П. Кюри мен ағылшын физигі Э. Резерфорд енгізген.

Тау жасалу кезеңдері[өңдеу]


Геологиялық уақыт аралығында жер қыртысы жиі өзгерістерге ұшырап, ұдайы дамып отырады. Оған, ең алдымен, Жердің ішкі энергиясы мен қысым әсерінен жүретін түрліше козғалыстар әсер етеді. Жер қыртысындағы құрылымдарды қалыптастыратын бұл ішкі күштерді тектоникалық қозғалыстар деп те атайды. Тектоника — жер қыртысының дамуын және оның ішкі күштер мен әртүрлі дәрежедегі иіліп-майысулар өсерінен өзгеруін зерттейтін геологияның бір саласы.

Тектоникалық қозғалыстардың ең маңыздыларының бірі — материктердегі тау құрылу процестері. Олар қарқынды жанартау атқылаулары, күшті жерсілкінулері, тау жыныстарының құрамы мен құрылымының күрделі езгерістерімен қатар жүреді. Жер қыртысының геологиялық даму тарихында бірнеше рет күшті тау құрылу кезеңдері болған, оларды тау қатпарлықтары деп те атайды.

Жер қыртысының архей мен протерозой эраларында қалыптасқан неғұрлым тұрақты құрылымдарын платформа деп атайды.

Тектоникалық деректер бойынша, жер қыртысы дамуындағы ең ежелгі тау қатпарлығы ретінде байкал қатпарлыгын атайды. Бұл қатпарлық протерозойда басталып, палеозойдың басында аяқталды.

Байкал қатпарлығының құрылымдары мен олардың ерекшеліктері алғаш рет Байкал көлінің маңындағы тауларда анықталған, қатпарлық аты осымен байланысты қойылған. Сонымен қатар байкал қатпарлығының іздерін Шығыс Саян, Таймыр, Кореяжәне Арабия түбектерінен кездестіруге болады. Бұл кұрылымдар кейінгі тау жасалу қозғалыстары әсерінен өзгерістерге ұшыраған.

Палеозойдың силур, девон дәуірлерінде каледон қатпарлығы жүрді. Бұл таулар кейінгі герцин қатпарлығында көтерілген таулармен жымдасып, біртұтас тау жүйелерін түзді. Палеозойлық құрылымдардың басым көпшілігі кейінгі тектоникалық қозғалыстар әсерінен майысуларға ұшырап, ұзақ уақыт теңіз табанына айналды.

Теңіздік шөгінділерің қарқынды жиналуы жүрген бұл құрылымдар қазіргі кезде мұнай мен газға бай аудандар қатарына жатады. Палеозойлық іргетас мезозой және кайнозой жыныстарымен жабылған, салыстырмалы түрде тұрақты, жер бедері тегіс, жазық болып келетін мұндай құрылымдар жас платформалар немесе эпигерциндік (герциннен кейінгі) плиталар деп аталады. Олардың ең ірілеріне: Еуразияда Батыс Сібір, Тұран, Батыс Еуропа; Солтүстік Америкада Мексика шығанағы жағалауы жатады. Палеозойлық құрылымдар құрлықтың оқшау жатқан ежелгі бөліктерін біріктірген. Олар қазіргі материктердің негізін құрайды. Құрлыктың континенттік шөгінділер қалың жиналған бөліктерінде қазіргі ірі көмір алаптары қалыптаса бастады.

Мезозой эрасында бірнеше тау түзілу кезеңдерін біріктірген, жалпы атпен мезозой қатпарлығымеп аталған тау жасалу процесі қарқынды жүрді. Солтүстік жарты шар материктерінде бұл қатпарлық өте үлкен аумақты қамтып, ірі тауm жүйелерінің түзілуіне себепші болды. Мұндай құрылымдарға Кордильера, Солтүстік-Шығыс Сібір мен Сихотэ-Алинь таулары, Тибет жатады. Осы кезенде оңтүстік жарты шар материктерінде салыстырмалы түрде тыныштық жағдай орнады.

Палеогеннің соңы мен неогенде жүрген қарқынды тау жасалу қозғалыстары альпі қатпарлығы деп аталады. Бұл қатпарлықта Еуразиядағы аса ірі Альпі-Гималай геосинклинальдық белдеуінде орналасқан тау жүйелері көтерілді. Алыпі қатпарлығында тектоникалық әрекеттердің аса қаркынды жүруі бұл белдеуге көршілес орналасқан ежелгі тау құрылымдарының қайта жаңғыруына, көтерілуіне себепші болды.

Бұл күштер неотектоникалық қозғалыстар деп аталады, себебі бұл қозғалыстар әсерінен терең тектоникалық жарықтар пайда болып, салыстырмалы түрде ежелгі құрылымдар қозғалмалы (сейсмикалық) аудандарға айналды. Неотектоникалық қозғалыстар Тянь-Шань, Алтай, Саян, Байкал тау жүйелерін қамтыды, олардың әсерінен бұл аймақтарда тауаралық ірі қазаншұңқырлар қалыптасты.

Кейбір аудандарда терең жарьщтар жердің терең кыртысы аркылы мантияға дейін жетіп ,рифтілер қалыптасты. Мүндай рифтілер катарына Байкал көлі мен Өлі теңіз табанындағы жөне Шығыс Африкадағы Үлы жарьщтар жатады. Терең тектоникалық жарьщтар бойында көл казаншүңкырлары орналасады. Дүниежүзілік мұхит табанында рифтілердің ең ірі жүйесі таралған, олар суасты орта жоталарына сәйкес келеді.

Материктердің Тынық мұхитпен жалғас бөліктері қазіргі кездегі тау жасалудың ең қарқынды жүріп жатқан аудандары болып табылады, бұл аймақ Тынық мұхиттық жанартаулық белдеу деп аталады. Бұл белдеуде қарқынды жанартау атқылаулары, күшті жерсілкінулер тоқтаусыз жүріп жатыр. Жанартаулық белдеу бойымен материктік литосфералық тақталардың аумағы біртіндеп ұлғаюда.

Қазіргі кезде құрлық пен мұхит табандарында 800-ден астам сөнбеген жанартау орналасқан. Олардан жылына 6 млрд тоннадан астам эффузивті жыныстар лава түрінде жайылып, жер қыртысын қалындатады.[2]

 

 

 


Информация о работе Жер мен оның қабығының заттық құрамы