Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2014 в 19:29, реферат
Феодализм - XVIII ғасырда Ұлы француз төңкерісі кезінде "Ескі тәртіп" (шексіз монархия, дворяндар үстемдігін білдіретін ұғым; марксизмде -капитализмнің алдындағы әлеуметтік экономикалық формация. Қазіргі тарих шымында феодализм Батыс және Орталық Еуропада орта ғасыр дәуірінде өмір сүрген әлеуметтік жүйе ретінде қарастырылады, алайда, феодализм әр дәуірде әртүрлі елдерде кездесті. Феодализм негізіне - вассал (бағынышты) мен сеньор, азамат мен зереннің, шаруа мен ірі жер иеленушінің ара қатынастары жатады. Феодализмге құқықпен бекітілген сословиелік, заңдық теңсіздік, рыцарлық әскери ұйым тән. Феодализмнің идеологиялық және өнегелік негізі ортағасырлық мәдениеттің мазмұнын анықтаған христиандық болды. Феодализмнің қалыптасуы V-IX ғасырлар. Рим империясын варварлар жаулап алғанынан кейін жүрді. Феодализмнің гүлденген дәуірінде (ХII-ХӀӀӀ ғасырлар) қалалар және қалалық тұрғындар экономикалық және саяси нығая түседі, сословиелік, өкілеттік жиналыстар құрылады (ағылшын парламенті, француз Бас штаттары және т.б.), сословиелік монархияның ақсүйектердің ғана емес, сословиелердің мүдделерімен де санасуына тура келеді.
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Феодализм
2 . Жаңа заман
3. Ағартушылық ғасырының мәденіеті
4. Жаңа заман стильдері
5. XIX ғасыр мәдениеті
6. XX ғасыр мәдениеті
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігі |
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы |
Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Феодализм және Жаңа дәуір кезеңдегі саяси ой пікір
Шымкент 2014 ж
Жоспар:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Феодализм
2 . Жаңа заман
3. Ағартушылық ғасырының мәденіеті
4. Жаңа заман стильдері
5. XIX ғасыр мәдениеті
6. XX ғасыр мәдениеті
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе:
Феодализм - XVIII ғасырда Ұлы француз төңкерісі кезінде "Ескі тәртіп"
(шексіз монархия, дворяндар үстемдігін білдіретін ұғым; марксизмде -к
Жаңа заман еуропалық мәдениеті Еуропа үшін жаңа заман (XVII—XIX ғасырлар) мәдениеттің дамуындағы маңызды тарихи кезең болып саналады. Бұл дәуірдің әр ғасыры тарихи уақиғаларға, мәдени төңкерістерге толы. Жаңа заман — өнеркәсіптік өркениеттің қарыштап алға басып, қоғамның барлық салаларында түбегейлі өзгерістердің белең алғандарға байланысты жаңа сипатқа, жаңа мазмұнға ие болды. Ғылымның дамуына еркіндіктің берілуі қоғамдық сананы жаңа сатыға көтерді. Қоғамдық өмірдің барлық салаларында жетекші орынға ие бола бастаған ғылым — адамдардың нәсіліне, ұлтына, табына қарамастан халықтың рухани дүниесін байытуда айтарлықтай рөл атқарды. Мемлекет тарапынан жасалынған үлкен қамқорлықтың арқасында XVII ғасыр ғылыми революцияның даму қарқыны өте жоғары болды. Ғылыми революция математика және механика саласында басталды да, басқа ғылым салаларындағы ғылыми жаңалықтармен жалғасты.
XVII ғасыр ғылыми революция —
адамзат баласының өзін
XVIII ғасырдағы Еуропалық мәдениет
— XVII ғасырдағы мәдениетінің заңды
жалғасы болумен қатар, өзінің
түрі, мазмұны және мәні жағынан
ерекше мәдениет. XVII ғасыр рационализмнің
қалыптасу кезеңі болса, ал XVIII ғасыр
Ағартушылық ғасырына айналды. Бұл
дәуірдің ұлы ағартушы — гуманистері: Вольтер мен Руссо
XVIII ғасырдағы Франция мемлекеті
Еуропаның рухани өмірінің
XVIII ғасырда бароккомен қатар
Батые Еуропа өнерінде кеңінен
тараған стильдердің бірі — рок
Бірақ Еуропа халқы болашақтан топан суды немесе селді емес, түбегейлі өзгерістерді, мәдени жаңғыруларды күтті. Халық сенімі бұл орайда ақталды десек қателеспейміз, өйткені ғасырдың бел ортасына қарай Франция, одан кейін бүкіл Еуропа елдері Ағартушылық идеялары рухының аясында өмір сүрді. Вольтер мен Руссо күрес туларын көтерді. Бірақ бұл екі ақыл- ой алыптарының алдарына қойған мақсаттары мен бағдарламаларына айтарлықтай айырмашылықтар болды, өйткені олар ескі қоғамдық құрылысқа қарсы екі орталықтың, әлеуметтік өмірдің шиеленіскен жағдайындағы қарсыполюстің өкілдері болатын.Екі ғұлама да бір уақытта, 1778жылы қайтыс болды, бірақ тіршілікте бірін-бірі аяусыз сынаумен өтті. Женевалық философтың плебейлік демократизмі Вольтердің жүрегін айнытты, тіпті Руссоны өркениеттің жетістіктері мен рахатынан бас тартып, адамның алғашқы табиғи жағдайына көшу қажеттігі жайындағы пікір де ешқандай қанағаттандырмады.
Жаңа заман мәдениетінде XIX ғасыр мәдениеті ерекше орын алады. «Классика ғасыры» деп аталатын бұл кезеңде буржуазиялық өркениет кемелдену шағына аяқ басумен қатар, тоқырау кезеңін де басынан кешірді. Мұндай әділ бағаның авторлары заманымыздың ұлы ойшылдары: О. Шпенглер, Й. Хейзинга, X. Ортега-и-Гассет және т.б. XIX ғасыр, мәдениеті — бүкіл жаңа заман мәдениетінен рухани нәр алып, көне дәуір мәдениетінің негізінде қалыптасты.
Олар :
Еуропа мәдениетінің тағдырына дәуірдің үш ұлы уақиғасы:
Дәлірек айтқанда, бұл ұлы тарихи уақиғалар еуропалық мәдени бетбұрыстың жүзеге асыру процесін одан әрі жылдамдата түсті. XIX ғасырдың бет-пердесі адамзат тағдырының өзгерістерге ұшырауына тығыз байланысты болды. Өз кезегінде жаңа дүниенің қалыптасуы да негізінен үш факторға байланысты болды. Олар: демократия, тәжірибелік ғылым және индустрияландыру. Екінші және үшінші факторларды бір сөзбен «техника» деп атауға да болады, ал бұл факторлар осыдан екі ғасыр бұрын пайда болды да, XIX ғасырда қоғамдық өмірдің барлық салаларына еркін ене бастады.
Ерекше атап өтетін бір жайт, XX ғасыр етек алған «сауықтық мәдениеттің» алғашқы нышандары дәл осы уақытта біліне бастаған болатын. Өнер туындылары мыңдаған таралыммен жаппай шығарыла бастады.
Саяси бытыраңқылық жағдайында қалыптасқан неміс романтизмінің де өзіне тән ерекшеліктері болды. Бұл дәуірде неміс романтиктері музыка, әдебиет жөне т.б. өнер салаларындағы асқан үздік шығармаларында қоғамдық өмірге сын көзбен қарай отырып, философиялық, эстетикалық тұжырымдар, теориялар жасады. Романтизммен қатар XIX ғасыр ортасына қарай реализм ағымы да өзіндік бет-бейнесін таныта бастады. Реализмнің қалыптасуы капиталистік қарым-қатынастардың белең алуымен тығыз байланысты болды. Мұндай өзара тәуелділікті кездейсоқ жағдай деп қарастыруға болмайды, өйткені капитализм жағдайын¬да әлеуметтік қайшылықтар асқынып, қоғамның бет-бейнесі, әдет, саяси-ғұрыптары айтарлықтай өзғерістерге ұшырады. Қоғамда орын алған мұндай жағдайлар адамның рухани дамуына ерекше ықпал жасады. Өз кезегінде бұл процестер реалистік өнердің туындауына түрткі болды. Ал дәл осы кезеңде қалып¬тасқан әлеуметтік-тарихи немесе сыншыл реализм Қайта жаңғыру дәуірі мәдениетінің реализмі, Ағартушылық дәуірінің реализмі сияқты өзіне дейінгі тарихи кезеңцердегі реалистік өнердің игі дәстүрлерін өз бойына сіңіре білді.Осы орайда, сыншыл реализмнің тамыры тереңде екендігін, оның революцияшыл романтизммен де тығыз байланыста болғандығын атап өтуіміз қажет, өйткені бұл ағымдардың өзара тоғысуының басты себебі — буржуазиялық қоғамның келеңсіз көріністерінде жатыр.
X ғасырлардың 50 жылдарында Еуропа өнері декаданс дәуірін басынан кешірді. Декаданс («құлдырау» деген мағына береді) өзінің қалыптасу кезеңінде реализмнің түрлі бағыттарымен байланыста болды, сондықтан да болар бұл қарама-қайшылықтарға толы күрделі ағым болып саналады. «Декаданс» термині XIX ғасыр аяғы мен XX ғасыр басында пессимистік, селсоқтық көңіл-күйлерге байла¬нысты рухани мәдениет пен өнер саласындағы дағдарысты көрсету мақсатында қолданыла бастады. Мұндай көңіл-күй алғаш рет француз «символизмінде», ағылшын«эстетизмінде», «өнер өнер үшін» концепциясының теоретиктерінің (Д. Рескин, О. Уайльд және т.б.) шығармаларында көрініс тапты. Одан кейінгі уақытта «декаданс» сарыны «модернистерге» де пайда болып, «импрессионизм» ағымында өз жалғасын тапты.
«Импрессионизм» (француздың «
XX ғасыр мәдениеті
Адамзат тарихында XX ғасыр мәдениетінің алатын орны ерекше. Өйткені, бұл кезең тарихи оқиғаларға, қантөгіс соғыстарға, санқилы дағдарыстарға толы сындарлы заман болды. Ғылым мен техниканың қарышты қадамы, жарқын болашаққа деген сенім өркениетті дамыған елдерде біртұтас жалпы адамзаттық мәдениеттің дамып, қалыптасуына әсерін тигізбей қойған жоқ. Ғасыр аяғында планетамызда парасаттылық пен ізгіліктің кеңінен өріс алуы жалпы адамзаттық мәдениеттің дамуына және оның ұлттық түрлерінің нәрленуіне, олардың өзара қарым-қатынастарының жаңа арнаға түсуіне ерекше әсер етті. Міне, осы жағдайларды ескере отырып, XX ғасыр мәдениетінің мазмұнын ашып көрсетуде екі басты мәселеге баса назар аударғанды жөн көрдік. Оның біріншісі, XX ғасыр мәдениеті дамуының басты бағыттары (XX ғасыр мәдениетінің қалыптасуының сабақтастығы мен дәстүрлері, қазіргі заман мәдениетінің тоқырауға ұшырауы мен одан шығу жолдары және бұл процестің түрлі мәдени концепцияларда көрініс табуы және т.б. мәселелері), екіншісі, XX ғасыр мәдениетінің жалпы адамза¬тық және ұлттық сипаты (жалпы адамзат мәдениеті қалыптасуының басты себептері және оның құндылықтары, жалпы адамзаттық және ұлттық диалектика және т.б.).
«Дүниенің тұтастығы» дегеніміз — дүниежүзілік көлемде өндірісті дамыту мен әлемдік мәселелердің туындауы негізінде пайда болған адамдар мен халықтардың өзара тығыз байланысы мен өзара тәуелділігі. «Дүниенің тұтастығы» — қазіргі замаңцағы адамзат пен бірыңғай жалпы адамзаттық мәдениеттің қалыптасуына негіз болды. Демек, адамзат баласының басын біріктіретін «жаңа заман мәде¬ниетінің» тағдыры — адамзаттық құндылықтарға, гуманизмге, адам құқын қорғау қозғалысын дамытуға, ғылыми білім мен алдыңғы қатарлы технологияны дамытуға, ұлттық мәдениеттердің өзара байланысына, қоршаған орта мен өмірге, экологиялық қатынасқа тікелей байланысты. XX ғасыр дүниежүзінде түрлі мәдениеттердің өмір сүретіндігін жоққа шығар- ған, бірыңғайға келтірілген «гуманистік моно-мәдениеттің» екі үлгісін бастан кешірді. Оның біріншісі — «дүниежүзілік пролетарлық революция» (сталинизм) идеясы. Ол таптық құнды¬лықтарды асыра бағалауға негізделген. Екінші модель, бір ғана ұлттық мөдениеттің, бір ғана ұлт пен мыңжылдық рейх (герман фашизмі) мемлекетінің үстемдігіне негізделді. Бұл жағдайлардың салдарынан миллиондаған адамдар қазіргі заман мәдениетінің жалпы адамзаттық сипаты туралы идеяны басқаша қабылдады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Раушанбек Әбсаттаров. Саясаттану негіздері.
2. Д.Жанбылов «Саясаттану»
3. Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы.
Информация о работе Феодализм және Жаңа дәуір кезеңдегі саяси ой пікір