Орман

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2015 в 21:09, реферат

Описание работы

Орман – жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір-біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен. Құрамы мен өсуіне қарай мәңгі жасыл, қылқанды, ақшыл қылқанды, күңгірт қылқанды, жапырақты, ұсақ жапырақты, жалпақ жапырақты, тропиктік, муссондық, мангрлық және т.б. ормандар деп бөледі. Орманның құрылымы ортаның физикалы-географиялық жағдайларына, өсімдіктердің түрлік құрамы мен биологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 15.70 Кб (Скачать файл)

 

Орман – жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір-біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен. Құрамы мен өсуіне қарай мәңгі жасыл, қылқанды, ақшыл қылқанды, күңгірт қылқанды, жапырақты, ұсақ жапырақты, жалпақ жапырақты, тропиктік, муссондық, мангрлық және т.б. ормандар деп бөледі. Орманның құрылымы ортаның физикалы-географиялық жағдайларына, өсімдіктердің түрлік құрамы мен биологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады. Ол топырақ түзілуіне, климатқа, ылғал айналу процесіне және т.б. әсері көп., тропосферамен өзара белсенді әрекетте болады да, оттек пен көміртектің алмасу деңгейін анықтайды (ең ірі орманды аймақтар атмосферадағы оттектің шамамен 50%-ын "өндейді"). Құрлықтың 27%-ынан астамын алып жатқан орман —географиялық ландшафт элементі. Орманда ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктер, мүк, қына, т.б. өседі.

Орман зоналары - құрлықтың коңыржай, субтропиктік, тропиктік және субэкваторлық белдеулері мен табиғи ландшафтыларда ағашты-бұталы өсімдіктері басым экваторлық белдеудің табиғи зоналары. Негізінен, ылғалы жеткілікті немесе тым ылғалды солтүстік жарты шар аумағында тараған. Қоңыржай белдеуде (тайга зонасы, аралас және жалпақ жапырақты орман зоналары) күлгін, шымды-күлгін, кұба және орманның сұр топырақтарында өсетін қылқанды және түспе жапырақты ормандар кездеседі. Субтропиктік және тропиктік белдеулердің орман зоналарының климаты өсімдіктің жыл бойы өсіп-өнуіне қолайлы. Үнемі артық ылғалды болатын сары және қызыл топырақтарда сан алуан өсімдік түрлері өсетін мәңгі жасыл немесе (жоғарырақ ендіктерде) жазда жасыл ормандар қалыптасады. Муссонды атыраптарда мәңгі жасыл ормандармен бірге жапырақтарын жылдың құрғақ кезінде тастайтын түспе жапырақты ормандар өседі. Жерортатеңіздік климатты атыраптарда қоңыр топырақтарда өсетін қатқыл жапырақты ормандар мен бұталар тараған — маквис, гарига, бүрген (шибляк), фригана. Экваторлық және субэкваторлық белдеудің өте ылғалды аудандарында ыстық климат жағдайында қызыл және қызыл сары ферралитті топырақтарда түр құрамы бай, көп жікқабатты ормандар өседі.

 


Информация о работе Орман