Оқытудың нәтижелерін жоспарлау мен тексеру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Июня 2014 в 01:27, реферат

Описание работы

Оқытудың нәтижесін көптеген әдебиеттерде оның үш функциясын (білімділік,тәрбиелік,дамытушылық) жетуі тиістіжетістігі ретінде қарастырылу қажеттілігі ескеріледі.Өйткені оқыту-әрі білім,білік және дағдылар игерілетін,тұлғаны қалыптастыратын,әрі дамытатын біртұтас педагогикалық үрдіс.
Ал пәнді оқытуға қатысты алғанда,мәселен,математиканы бастауыш сыныпта оқытуда мынадай іс-әрекеттер:
Математика тілін меңгеру;
Математикалық түсінікті меңгеру;
Математикалық білік,дағдыларды меңгеру;
Математикалық жалпы интелектуалдық біліктілікті меңгеру;

Файлы: 1 файл

Оқытудың нәтижелерін жоспарлау мен тексеру.doc

— 48.50 Кб (Скачать файл)

Оқытудың нәтижелерін жоспарлау мен тексеру

       Оқытудың нәтижесін  көптеген әдебиеттерде оның үш  функциясын (білімділік,тәрбиелік,дамытушылық) жетуі тиістіжетістігі ретінде  қарастырылу қажеттілігі ескеріледі.Өйткені  оқыту-әрі білім,білік және дағдылар  игерілетін,тұлғаны қалыптастыратын,әрі дамытатын біртұтас педагогикалық үрдіс.

       Ал пәнді оқытуға  қатысты алғанда,мәселен,математиканы  бастауыш сыныпта оқытуда мынадай іс-әрекеттер:

  • Математика тілін меңгеру;
  • Математикалық түсінікті меңгеру;
  • Математикалық білік,дағдыларды меңгеру;
  • Математикалық жалпы интелектуалдық біліктілікті меңгеру;
  • Оқу еңбегіне қатысты білік пен дағдысын меңгеру-деп есептейді И.Ф.Тесленко

      Демек,мұндай интелектуалдық біліктілік ой іс-әрекеттердің,сондай-ақ, ақыл –ой операцияларын (анализ,синтез,аналогия,жалпылау,салыстыру,дерексіздендіру,нақтылау) орындау барысында қалыптастырылады.

      В.В.Силковтың пікірінше, «Математика пәнін оқыту нәтижесінің көзі деп математикалық теориялық білімді,математикалық білік,дағдыларды,өз бетінше жұмыс істеуді,жалпы интеллектуал жұмыс істеуді,жалпы интеллектуал,дағдыларын т.б. меңгеру».

     Оқытудың нәтижесінің  толық та,терең де меңгерілуі  барлық математикалық іс-әрекеттердің  мейлінше кең мазмұнда орындалуына  тәуелді.

      Мектепте жүргізілетін тәжірибелік жұмыстар нәтижені бақылау мынадай екі ұғымға әкеліп тірелетінін көрсетті:оқушының меңгерген білім деңгейін анықтау және бағалау.

      Бастауыш сыныпта математика пәні бойынша тексерілетін  білім мазмұнының құрамына мыналар кіреді:пәннің оқу материялы,яғни математикалық ұғымдар,терминдар,заңдылықтар,ережелер,білік пен дағдылар.

      Снода бағдарламадағы  «5» пен «3»-тің деңгейіндегі  бағаланатын материялдар қамтылады.

       Т.Л.Коганның пайымдауынша: «Нәтиженің екі түрі бар:қол  жету мүмкін және қол жеткен,олар бір-бірімен өте тығыз байланыста болады.

         Мүмкін  болатын нәтижеге жету үш деңгейде  оқыту арқылы жүзеге асырылады:

        -пәндік-мазмұндық,яғни оқылатын пән мазмұнының түпкі нұсқасының негізгі заңдылықтарына,осы мазмұнды меңгерудегі сүйенетін әдіс-тәсілдеріне көз жеткізу;

        - мазмұндық  іс -әрекеттік, яғни оқушының білімді  меңгеруінде оның іс-әрекеті мен  білім мазмұнының үйлесуі,бір  түрден екінші түрге алмасуы,өзгеруі  қамтамасыз ету;

        -жеке іс-әрекеттік,яғни  меңгерген білімнің жеке тұлғаның ерекшелігін анықтауға мүмкіндік беретіндей деңгейде практикалықіске ұштастырылуы».

        Оқыту нәтижесіне қойылатын талаптар жүйесі математикалық білім мазмұнын оқып-үйрену барысында оқушылар меңгерілуге тиісті білім,қалыптасатын іскерлік пен дағдылар жиынтығы арқылы анықталады.

        Мүмкін деңгейдің  сапасы жоспарланған нәтиженің  негізі десек те болады.Сондықтан  да білім нәтижесін жоспарлаудың  негізі осы мүмкін деңгейге  міндетті түрде жету.Бұдан шығатын  қорытын:нәтижені жоспарлау жүйелі түрде,пән мазмұнының тарау-тарауынан басталып,толық мазмұнын қамтитындай,бірінен екіншісіне байланыстыра көшуді қамтамасыз етуі тиіс.

        Математиканы  оқытудағы білім берудің негізгі  міндеті- жеткілікті жоғары деңгейде тұжырымды қорытындылау арқылы оқушылардың білімді игеруін және оларды сәйкес біліктер мен дағдыларды  қалыптастыру болып табылады.

         Математика  курсын (арифметика,алгебра және  геомертия элементтері) оқыту барысында  оқушылардың нені білуі керек  екенін бөліп көрсету керек.Оны пәнді оқытудың міндетті нәтижелер деп атау қажет.Бұл міндетті нәтижелер оқу процесінің барысында оқушыларға анық та айқын түсіндірілуі тиіс.

        Сонымен бірге  оқытудың міндетті нәтижелеріне  жету жоспары жасалуы тиіс.Жоспарсыз ешқандай жұмыс алға баспайды.Ал математика курсының әр бөлімінің,әр тарауының және тақырыбының негізгі міндеті түрде меңгерілуі тиіс тірек білім деңгейі болады,мұны меңгермейінше,оқушы алға қарай ілгері жылжи алмайды.Меңгеріп қана қоймай,сонымен қатар әр баланың қабілетіне сәйкес ойлау қабілетінің жетілуіне жағдай жасау қажет.

       «Қазақстан Республикасы  бастауыш білімінің мемлекеттік  стандартында» (1998 жылы баспадан  шыққан 131-149 бб.).Математика пәні  бойынша түсініктеме және де  әр сынып бойынша нақты нені  оқып білу керек екендігі анықталған.Мұнда оқушылардың білім,білік дағдылрына қойылатын талаптардың міндетті және мүмкін деңгейлері көрсетілген.

       Оқыту нәтижесімен  қатар тексеру де оқу үрдісінің  негізгі элементтерінің бірі  болып табылады.

       Тексеру- оқушының  оқу үрдісінің барысында өткен материялды қандай дәрежеде қабылданғанын,ал жаңа материялды қабылдауға дайындығының қаншалықты екенін анықтайды.

       Ал,оқушы болса,тексерудің  нәтижесінде өзінің қабылдаған  білімінің беріктігін,толықтығын,көлемін  айқындап,өз көзін жеткізеді.

       Оқушылардың меңгерген  білім дәрежесін тексеруде мынадай  сапалық белгілерді еске алған  жөн:

  • Қабылданған материялдардың толықтығы;
  • өмірмен байланыстыра білуі;
  • қабылданған материялдың дәлдігі,мақтылығы;
  • қабылданған материялдың беріктігі (есте сақтау ұзақтылығы).

Осы белгілер бойынша оқушының қабылдаған білім,білік,дағдыларын дәстүрлі ауызша,жазбаша тексеру,практикалық жұмыстар арқылытексеру тәжіребеде жиі кездеседі.

     Оқушының меңгерген  білім сапасн тексеру үрдісінің  түрі тексерілетін материялдың тегіне,түріне,мазмұнына,көлеміне т.б. байланысты.

      Кейбір тапсырмаларды  тексергенде тексеру түрлерінің  бірнеше түрлері ауызша,жазбаша,практикалық  жұмыста пайдаланылады.Мысалы:оқушының  ереже айтуы және оның қолданылуын  түсіндіріп немесе көрсетіп беруі де мүмкін.

     Тексеру оқушыуның  жауапкершілікке де үйретеді.Оқушы  өзінің жолдастары мен мұғалімінің  алдында еңбегінің қаншалықты  мәнді орындалғанын сезінеді.Жиі-жиі  өткізіліп отыратын тексеру жұмыстары оқушының өзінің жұмысына қандай жауапкершілікпен,ынтамен қарайтыны да анықтайды.Алдында жіберген қандай да бір қатесін,кейінірек қайталамаса,баланың өз ісіне дұрыс қарағанын,жұмыс істеу қабілетінің жоғарылағанын,қатесін жоюға тырысқанын көреміз.

      Тексеру кезінде  оқушы бұрынғы меңгерген материялды  қайталап еске түсіріп бұрынғыдан  да берігірек меңгеріп,есіне сақтайды  және де жаңа білімді меңгеруге  септігін тигізеді,өйткені тексеру  кезінде өткен материялды қайталап,еске  түсіріп,бәрін біліп тұрған балаға жаңа материялды меңгеру жеңілге түседі.

       Тексеру барысында  оқушы жауапкершілікке,табандылыққа  үйренеді,жіберген қатесін өзі  түзеп,жолдастарының алдында өзінің  оқуға ынтасы бар екенін,оқуға  қабілеті жететіндігін көрсеткісі  келеді,демек,жұмыс істеу ынтасы артады,ал бұл меңгеретін білімнің сапалы болуына себепші болады.

       Мұғалім өзінің  оқушыларын жете білгісі келсе,жиі  тексеріс жұмыстарын жүргізгені  дұрыс.Ал текскру үрдісінде оқушының  ауызша айта алмағанын жазбаша  жеткізуі,жазбаша тексеру кезінде шығара алмағанын немесе практикалық іс-әрекеттегі атқарылмағандарын ауызша баяндап,әңгімелеп жеткізіп беруі мүмкін.Әр баланы жан-жақты зерттеп білмейінше,ол баламен әрі қарай нәтижелі жұмыс істеу мүмкін емес.

       Тексерудің ертеден қолданылып келе жатқан түрі – ауызша тексеру.Бұл оқушы мен мұғалімнің арасындағы қарым- қатынасты нығайтып,баланы жан- жақты тексеруге және нәтижесін қолма – қол айқындауға мол мүмкіндік береді.

       Ауызша тексерудің  бірнеше әдіс тәсілі бар.Олар :

  1. әңгіме;
  2. сұрақ- жауап,әңгімелесу,яғни мұғалім мен оқушы арасында немесе оқушы мен оқушы арасында жүргізілетін «сұрақ- жауап».

     Е.И.Перовскийдің ойынша,ауызша  тексерудегі оқушылардың берген  жауаптарының сапасы мынадай  параметрлермен айқындалады:

    • жауаптың тексерілетін материялдың мазиұны бойынша дұрыстығы,білімнің беріктілік көрсеткіші;
    • жауаптың толықтығы;
    • Жауаптың саналылығы;
    • Жауаптың жүйелі баяндалуы;
    • Жауап беру барысындағы сөйлемдерінің дұрыс және анық құрылуы.

Г.Н.Скобелев ауызша тексеруді былайша жүргізуді ұсынады:

      1. «Мұғалім оқушыларға қоятын сұрақтарын алдын- ала даярлап қояды;
      2. ол сұрақтар ретімен сынып оқушыларына айтылады;
      3. қойылған сұрақтан соң біразырақ ойлануға уақыт беріліп,жауап беретін оқушыға мүмкіндік жасалады;
      4. қажеттігіне қарай сұрақтың жауабы толықтырылады және түзетіледі ...»

      Ауызша тексеру  білімді оқушылардың қаншалықты  меңгергенінен мұғалімді хабардар  етеді,жіберген ақауларын айқындауға және де әрі қарай жұмыс түрлерін жоспарлауға мүмкіндік беретіндігімен өте тиімді.Сонда оқушылардың тіл байлығын дамытуға,соның ішінде математикалық тернминдерді дұрыс қолдануға,оқу үрдісіне ынтасын арттыруға,оқушы мен мұғалім арасындағы қарым- қатынасты нығайтуға болады.

      Ауызша тексеру- жекеше,жалпылама  болып бөлінеді.Жеке баланың меңгерген  білімін әр түрлі деңгейдегі сұрақтар қою.Ол барлық оқушылардың деңгейі жалпылама немесе проблемалық жағдайлар туғызу арқылы тексеріледі.Оқушылар ұжымын ойландырып сонда ысылып шыққан 1-2 немесе 3-4 баладан тұратын топтың жауап беруін талап етуге болады.Әрине ұжымдық тексерудің сапасын жеке баланы тексерудің сапасымен салыстыруға болмайды.

        Ауызша тексеруде  баланың материялды қаншалықты деңгейде меңгергені жарияланады,оның жауабын бағалай отыра,қате жіберген жерлерін мұғалім қолам- қол түзетіп,түсіндіріп кетеді.

        Жазбаша тексерудің  бір түрі – жазбаша бақылау  бірнеше бөлікке бөлінеді:күнделікті,тақырыптық,тараулық,тоқсандық,жарты  жылдық,жылдық.

        Күнделікті тексеруге- сынп ішіндегі жазба жұмыстары,үй тапсырмасын тексеру жатады.

        Тақырыптық,тараулық-жазбаша бақылау жұмыстары,өзіндік жұмыстары,математикалық диктант түрінде жүргізіледі және білім мазмұнын оқушылардың игеру деңгейі анықталады.

        Жазбаша  қорытынды бақылау жұмыстары- сәйкес сыныптың математика курсы мазмұнының негізгі мәселелерін қамтиды және оқушылардың білім,білік,дағдыларына қойылатын негізгі талаптардың орындалу дәрежесін анықтайды.

       Сонда оқушылардың есепті шешуін іздестіру бағыты,оны шығару жоспарын қаншалықты терең меңгергені,есептеу дағдыларының қандай дәрежеде қалыптасқаны,математикалық терминдерді т.б. түсініктерді меңгеру тереңдігі және т.б. анықталады.

       Педагогика ғылымы  мен тәжірибе қолданысқа енген  оқыту нәтижелерін тексерудің  дәстүрлі әдіс- тәсілдері және  түрлері өз маңызын жойған  жоқ деуге толық негіз бар.Алайда,оқытудың нәтижелерінің ішінен білім,білік, дағдылардың деңгейін анықтау басымырақ болып келді.Өйткені бүгінгі күнге дейінгі бағдарламалардың барлығында оқыту нәтижелерінің сапалық көрсеткіші ретінде білім,білік,дағдыларға ғана қойылатын талаптар анықталған.Ал оқыту барысында қол жеткізілетін тәрбие мен даму барысындағы нәтижерлер назардан тыс қалып отыр.Әрине,оқыту барысында тұлғаны тәрбиелеу және дамыту тұрғысынан қол жеткізілуі мүмкін нәтижелерді саралап және сұрыптап,оның құрамдастарын анықтап көрсетіп беру- өте күрделі мәселе.Дегенмен,қандайда бір деңгейде,әсіресе дамыта оқыту технологиясы мектептің тәжірибесіне негізіліп отырған жағдайда,оқытудың тәрбиелік және дамытушылық міндеттерінен туындайтын нақты нәтижелер анықталуы және бағдарламада көрсетілуі орынды,-деп есептейміз.Осы тұрғыда жүргізілетін зерттеу жұмыстары бүгінгі күнгі көкейтесті мәселе болып табылатын сияқты.

 

 

 

 


Информация о работе Оқытудың нәтижелерін жоспарлау мен тексеру