Радиациялық барлау туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2013 в 21:19, реферат

Описание работы

Атом энергиясы – адам өмірінде маңызды орын алады. Энергия жеткілікті болғанда қоғамның дамуы қарыштап алға басады. Оған жиырмасыншы ғасыр дәлел. Бүгінгі күнгі негізгі энергия қоры болып саналатын – көмір, мұнай, газ бір кезде өзінің шегіне жетуі мүмкін. Соны болжай білген ғалымдар энергия көзін ашты. Бұл – атом энергиясы. Атом энергиясы адам өмірінде кең қолданылатын энергия түріне айналып келеді. Бұл энергия түрімен жұмыс істегенде, оның адам ағзасына тигізетін әсерін және соған байланысты физиологиялық өзгерістерді біліп, денсаулықты сақтау маңызды мәселе.

Содержание работы

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1) Радиациялық барлау туралы түсінік
2) Радиациялық барлау аспаптары
3) Радиациялық пост құрамындағы барлаушының іс- әрекеті
4) Радиациядан қорғау шаралары.
ІІІ. Қорытынды бөлім

Файлы: 1 файл

тіршілік.docx

— 545.24 Кб (Скачать файл)

Радиация  деңгейінің өзгерісі туралы бақылау  тасадан жүргізіледі, бұл кезде иондалған сәулелену коэффицентінің әлсіз екендігін есепке алады. Коэффицент аспап бойынша екі өлшеу жолымен - тасадан тыс және таса ішінде анықталады. Бірінші өлшеудің екіншісіне қатынасы әлсіздену коэффиценті болып табылады. Тасадағы радиация деңгейін өлшеп және оның мәнін әлсіздену коэффицентіне көбейте отырып жергілікті жердегі радиация деңгейі анықталады.

Бақылаушы радиация деңгейін өлшей отырып олардың  өсуі мен төмендеуін белгілейді.

Қарсылас  химиялық қаруды қолданған немесе ауада  уландырғыш заттар таралу белгілері  білінген жағдайда бақылаушы кезекші  газтұмылдырық пен теріні қорғау құралдарын киіп, пост бастығына мәлімдейді де, оның нұсқауы бойынша хабарлау сигналдарын береді және әрекет етеді. Бақылаушы аумақты зерттей отырып химиялық барлау аспабының көмегі арқылы улағыш заттар түрін, уланған ауаның іркілу орнын, ондағы улағыш заттардың қоюлануын анықтайды.

Зақымдалған аймақты қоршап қою белгілерімен белгілейді.

Зілзала аудандарында, өндірістік апаттар мен апаттар кезіндегі бақылаушының негізгі міндеті – құтқару және апатты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуші құрылымдарға аудандар мен жұмыс аймақтарындағы жағдайдың шұғыл өзгерістері туралы дер кезінде хабарлау болып табылады.

Өрт кезінде бақылаушының негізгі міндеті  – бірінші кезекте өрт сипаты мен оттың жайылу бағытын анықтау және өрт ошағы жайылған немесе жайылмаған аудандарға бақылау қою.

 

Зақымдану ошағындағы объектіде барлау жүргізу кезіндегі барлаушының  іс-әрекеті.

 

 

Барлаушы  топ қала сыртындағы аймақтың ауданына объектінің ьасқа құрылымдарымен бірге кіреді.

Барлау  жүргізу міндетін АҚ штабының бастығы белгілейді. Міндеттер қою кезінде оның көрсететіндері: бастапқы пунктті өту уақыты; радиоактивті және химиялық зақымдануы мүмкін аудандар; зақымдану ошағында не нәрсеге көңіл аудару керектігі; байланысты ұстап тұру және хабарламаны көрсету ретін; сәулелену мөлшерінің шегіне жеткен мүмкінділігі.

Барлау  буынының командирі буынның жеке құрамына тапсырманы түсіндіреді, жеке қорғаныш құралдарын кию, барлау аспаптарын, жылжу және байланыс құралдарын дайындыққа келтіруге бұйрық береді. Осыларды орындаған соң буын тапсырманы орындайды.

Барлаушылар маршрут бойымен жылжи отырып аспаптардың көрсетулеріне бақылау  жасау арқылы радиоактивті және улағыш заттармен жергілікті жердің қаншалықты зақымдалғанын белгілейді. Радиоактивті зақымдалуды тапқан соң барлаушы бұл жайлы командирге мәлімдейді, ал жеке құрам газтұмылдырықтар киеді. Содан соң барлаушы радиация деңгейін анықтап, белгілейді. Ол қоршау белгісін жолдың оң жағына, қозғалыс бағытына қарай орналастырады; белгілеу ағашына радиация деңгейі, өлшеу уақыты мен күні көрсетіледі.

Барлаушылар зақымдану аймағын айналып өту  бағытын және шығар жерде оның сыртқы шекарасын көрсеткіштермен белгілейді.

Елді  мекендердегі өрттің шығуы, үйінділер, маршруттағы қираған аймақтар және басқа да кедергілер кездесе қалған жағдайда барлаушы олардың сипатын және құрамалардың әрекет етуіне, олардың тигізетін әсер ету мүмкіндігін нақтылайды, оларды басып өту жолдарын іздестіреді.

Маршруттағы жағдай туралы мәліметтерді буын командирі АҚ штабының бастығына мәлімдейді және маршрут сызбасын түсіреді.

Объект  аумағына келіп жеткен соң буын барлау жүргізу үшін өзіне тағайындалған аймақта әрекет етеді. Барлаушылар ең алдымен радиация деңгейін, улағыш заттардың түрі мен бар болуын анықтайды. Содан соң паналар мен тасаларды іздеп, олардың жағдайын, оларға жету жолдарын айқындайды.

Барлау  буынының командирі жағдай мәліметтерін объект кәртішкесіне түсіріп, барлау нәтижесін АҚ штабының бастығына мәлімдейді.

Барлаушы  буын өз тапсырмасын орындағаннан соң объект аумағындағы құтқару және шұғыл апатты қалпына келтіру жұмыстарын өткізу барысына бақылау жүргізуге  тартылуы немесе жиналу пунктіне шақырылуы мүмкін.  

 Радиация мен химиядан қорғау шаралары.

Халықты радиация мен химиядан қорғау шаралары әдетте бірыңғай АҚ шараларының кешені ретінде қарастырылады оп мыналарды қамтиды:

♦   халық пен АҚ қүрамаларын қүруды;

♦   қорғаныс, панаханалардағы  ауаны  сүзу және айдау қүралдарымен қамтамасыз етуді;

♦   радиациялық барлау приборларымен (ДП-5В, ИМД-5, ИМД-21) қамтамасыз етуді;

♦   химиялық барлау приборларымен (ВПХР, ППХР, Қ-УЗ мөлшерін   анықтайтын   индикаторлық   түтікшелермен,   аспалы   газталдағыштарымен (АГП-1) жабдықтауды;

♦   дозиметрлік бақылау приборларымен (ИД-1, ИД-11, ДП-22В, ДП-24) қамсыздандыруды;

♦   осы құралдарды әзірлікте ұстауды;

♦   радиациялық жәнө химиялық ахуалды анықтау мен бағалауды;

♦  халыққа     радиоактивтік,     химиялық     зақымдану    туралы хабарлауды;

♦   азық-түліктің, судың, мал мен өсімдіктің зақымдануына жол 
бермеу және оларды залалсыздандыруды;

♦   радиоактивтік және химиялық зақымдану жағдайында халықты 
қорғау рөжимдерін әзірлеуді;

♦   жөрдегі, ғимараттағы радиация дозасының қуатын, сондай-ақ 
судың, азық-түліктің улы затпен ластануын анықтау үшін халыкдың 
«Мастер-1″, «Сосна», «Белла» түрмыстық дозиметрлерін пайдалануды;

♦  радиоактивтік ластану және химиялық зақымдану салдарын 
жоюды.

 Медициналық шаралар.

Халықты ТЖ мен осы заманғы зақымдау қүралдарынан қорғау бойынша медициналық шаралар, халықты иондаушы сәулелердөн, улағыш, қатты әсер ететін улы заттар мен  және бактериалдық қүралдармен зақымданудан ескерту немесе дәрежесін төмендету  мақсатында жүргізіледі.

Ол  мыналарды қамтиды:

♦  санитарлық-гигиеналық  және сақтандыру  шараларын жүргізуді;

♦    халық  пен АҚ  бөлімшелерінің  жеке  қүрамын  зақымданған кезде өз-өзіне және өзара көмек әдістерін көрсетуге оқып-үйретуді;

♦    халық пен АҚ бөлімшелерінің жеке қүрамын дәрі-дәрмекпен қамсыздандыруды;

♦  объектілердің     радиоактивтік,     химиялық     заттар     және бактериалдық      қүралдармен   зақымдалуына   лабораториялық бақылауды үйымдастыруды;

♦  санитарлық-ветеринарлық және эпидемияға қарсы шараларды 
жүргізуді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Радиациялық барлау туралы түсінік