Саяси мәдениет және
идеология
Саяси мәдениет түсінігі
және мәні
Саяси ғылымда бұл тақырыптың
маңызы зор. Ол анық саяси жүйенің сипатын,
саяси тәртіптің мәнін, қоғамдық топтардың
саяси санасы мен іс әрекеттерінің ерекшеліктерін
саяси үрдістердің даму жолын және бағытын
түсінуге көмектеседі. Саяси мәдениет
адамдардың жүріс-тұрысы мен әр түрлі
ұйымдардың қызметіне, олардың ішкі және
сыртқы саясат құбылыстарының ұғынуға,
саяси бағдар алуына тікелей әсер етеді.
Осы ұғымның саясаттануға енгеніне
көп уақыт болған жоқ. Осы ғасырдың 50 жылдарының
екінші жартысы – 60 жылдарының басында
Г. Алмонд, С. Верба, Л. Пай деген Американдық
зерттеушілер және оның шәкірттері саясатқа
да, мәдениетке де қатысы бар өзгеше қоғамдық
құбылыс жөнінде бірнеше жұмыстар шығарды.
Олар кейін «Саясат мәдениет» деген атаумен
кең тарап кетті. Олардың ойынша саяси
мәдениет – ол саяси жүйеге қатысушылардың
индивидуалдық позициясы мен бағыт-бағдары.
Саяси бағыт-бағдар мынадай элементтерімен
толығады:
- танымдық бағыт-бағдар – саяси
объектілер мен идеяларды тану мүмкіндігі;
- белсенді бағыт-бағдар – саяси
объектілер қарым – қатынасындағы қарама-қайшылықтар
т.б.;
- бағалаушылық бағыт-бағдары
саяси жаңалықтар мен оқиғаларға баға
беру пікірі;
Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - воспитиние, образование, развитие)
- белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік
қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің
ұқсастық жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың
өзара қатынастарына байланысты тарихи
қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық,қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық
салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси
сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың,
ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі,
осы жүйенің шеңберінде жүмыс істейтін
саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.
Саяси мәдениеттің
жіктелуі
Саяси мәдениеттің жіктелуі - Г.Алмонд пен С.Верба ұсынған саяси мәдениет түрлері:
"патриархалдық" мәдениет, мұнда жалпыұлттық саясаттың мақсаттары мен құндылықтары туралы біліктер, сезімдер мен нормативті пайымдаулар жоқтың қасы. Қатысу мәдениетінің осы типіне негізделген жүріс-тұрыс үлгісі бүкіл ұлтқа қатысты саяси процеске деген немқұрайлылықпен, бұл саладағы еш үміттердің болмауымен және жергілікті немесе этникалық ынтымақтастыққа негізделген бірегей топталумен сипатталады;
"Бағыну, тәуелділік пен табыну" мәдениеті саяси басшылық қадағалауға тиісті нормалар мен бағынуға тиісті өкімдерді "өндіруші мен сыйлаушы" ретінде қабылданатын жүріс-тұрыс үлгісін анықтайды. Бұл үлгідегі негізгі психологиялық мотивтер игіліктерді күтушілік пен жазадан қорқу болып табылады;
"Қатысу" мәдениеті жүріс-тұрыстың біршама күрделі үлгісіне ие. Оны әлеуметтік серіктестік ретінде сипаттауға болады, мұнда мемлекеттік биліктің саналы сипаты мен тиімділігіне қарай бағынуды қажет ететін нормалар мен өкімдерді "өндіруші" ретінде де, саяси шешімдерді қабылдауға төменнен келетін қатысушы ретінде де қабылдана алады.
Саяси мәдениет
құрылымы
Саяси мәдениет құрылымы - ең алдымен
қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын
бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктер
жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, т.б. Саяси
мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне
саяси қазыналар мен құндылықтар жатады.
Ол "еркіндік", "тендік", "әділдік", т.б. сияқты байлықтардың қайсысына
басымдық, артықшылық беруден байқалады.
Келесі бөлігі - адамдардың мемлекетке,
саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы.
Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстау де
кіреді. Ол субъектілердің саяси құбылыстарға
қатынасын білдіреді. Ол саяси білімін
көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмысқа
белсене қатынасу немесе қатынаспау және
т.б. түрде көрініс табуы мүмкін. Саяси
мәдениетте әдет-ғүрып, жүріс-түрыстың
да орны зор. Саяси мәдениеттің ерекше
белгісіне саяси рәміздер жатады. Әр халық
өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне
сай ұлттық-мемлекеттік рәміздерін жасайды.
Оған ең алдымен Жалау, Елтаңба, Әнүран, Ата Заң, үлттық валюта және т.б. енеді.
Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйе мен
оның институттарының қызмет етуі кіреді.
Ол мемлекеттің, партиялардың және т.б.
сайлауды ұйымдастыруын, әр түрлі деңгейде
қабылданған саяси шешімдердің, саяси-әлеуметтік
шиеленістерді ұғыну және зерттеудің
мәдениеттілігін қамтиды.
Саяси идеология - саяси
сананың құрамдас бөлігі және өзегі.
"Идеология" деген ұғым гректің идея
- бейне және логос - білім деген сөздерінен
шыққан. Ғылыми айналымға француз ғалымы А.Дестют
де Траси (1754-1836) енгізген. Ол идеологияны
идеялар, олардың қалай пайда болатындығы
және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым
деп түсіндірді. Қазір идеология деп адамдардың
үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне
бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін
білдіретін және қорғайтын идеялар мен
көзқарастар жүйесін айтады.
Саяси идеология деңгейлері
- қызмет істеу деңгейлері: теориялық-түжырымдық,
бағдарламалық-саяси және өзектілік.
Теориялық-түжырымдық деңгейде
нақты тап (ұлт, мемлекет) идеалы мен құндылықтарын
немесе саяси даму мақсаттарын ашатын
негізгі қағидалар қалыптасады.
Бағдарламалық-саяси деңгейде
әлеуметтік-философиялық принциптер мен идеалдар бағдарламаларға, саяси элитаның нақты ұрандары мен талаптарына
айналады. Яғни, басқару шешімдерін қабылдаудың нормативтік негіздерін қалыптастырады.
Өзектілік деңгей идеология
мақсаттары мен принциптерінің азаматтармен
игерілуін, оларды өз істерін- де қолдану
деңгейін сипаттайды.
Саяси идеология қызметі - қоғам
өмірінде идеология маңызды рөл атқарады. Ол ең алдымен оның
төмендегідей қызметтерінен білінеді:
1) идеологияның танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси
өмірді суреттеп, түсіндіреді;
2) бағдарламалық қызметі.
Ол қоғам, әлеуметтік прогресс, түлға
және билік және т.с.с негізгі
түсініктер туралы мағлүматтар
беріп, адамның іс- әрекетіне бағыт-бағдар
көрсетеді;
3) жүмылдыру, іске тарту.
Қоғамның жоғары, құнды идеяларын
алға тартып, мақсат-мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси
іс-әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды,
әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға
жүмылдырады, рухтандырады, шабыттандырады;
4) амортизациялық қызметі. Саяси іс-әрекетті
түсіндіру тәсілі болып, идеология әлеуметтік
шиеленістерді бәсеңдетеді. Ұсынылған
мүраттар сәтсіздіктен кейін күш жинап
қайта серпілуге шақырады;
5) бағалау қызметі. Идео¬логия
халық санасына қоғамның қазіргі
және болашақтағы дамуына өлшемдік
баға берерлік жағдай жасайды,
үстемдік етіп отырған қоғамдық
тәртіпке белгілі бір көзқарас
тудырады.