Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 18:47, сочинение
XVI ғасырға дейін алхимиктер жеті металды ғана біліп, олардың аттарын сол кезде белгілі болған жеті планеталардың аттарымен атаған. Мысалы: алтын - Күн, күміс - Ай, мыс - Венера, темір - Марс, қорғасын – Сатурн, сынап – Меркурий, қалайы – Юпитер. Алхимиктердің металдарға планеталардың аттарын беруі сондайлық күшті орын алған. Металл түрінде сурьма табылғанда оған көпке дейін ат қойылмаған, оны металл ретінде санамаған, бұған себеп, сол кезде жоғарыда аталған планеталардан басқа жаңа планета ашылмаған еді.