Адамның қанайналым жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2014 в 20:01, доклад

Описание работы

Ағзадағы тіршілік қайнары Қазақ халқы ежелден-ақ өз ағзасындағы қанның денсаулығы, рухани бітім – болмысы, ұрпақтарының ата-бабасына тартқан тектілігі үшін мән-маңызының өте жоғары екендігін танып, түсінген. Содан, әулетіндегі қан тазалығына, яғни, нәсіл тазалығына айрықша көңіл бөліп, ұрпақ қанының бұзылмауын ойлаған, қан құрамын байытып, қанайналымын дұрыс жүргізетін тағамдарды ішіп, жеп, іс-қимыл жасап, ізгілікке толы өмір сүрген. Түрлі жарақат, ауыртпалық, сырқаттан болатын қанау, қан кету, қан ұю, қанның сұйылуы тәрізді жағымсыз жағдайлардың орын алмауы әрбір ата-ананың, ақыл-ойы жетілген кез-келген адамдардың басты назарында жүретін жағдай.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 239.14 Кб (Скачать файл)

Адамның қанайналым жүйесі

Автор: Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН

Ағзадағы тіршілік қайнары Қазақ халқы ежелден-ақ өз ағзасындағы қанның денсаулығы, рухани бітім – болмысы, ұрпақтарының ата-бабасына тартқан тектілігі үшін мән-маңызының өте жоғары екендігін танып, түсінген. Содан, әулетіндегі қан тазалығына, яғни, нәсіл тазалығына айрықша көңіл бөліп, ұрпақ қанының бұзылмауын ойлаған, қан құрамын байытып, қанайналымын дұрыс жүргізетін тағамдарды ішіп, жеп, іс-қимыл жасап, ізгілікке толы өмір сүрген. Түрлі жарақат, ауыртпалық, сырқаттан болатын қанау, қан кету, қан ұю, қанның сұйылуы тәрізді жағымсыз жағдайлардың орын алмауы әрбір ата-ананың, ақыл-ойы жетілген кез-келген адамдардың басты назарында жүретін жағдай. Тіпті, қазақтардың адал, тірідей бауыздалып, қаны шығарылмаған малдың, азықтық аң-құстың етін жемейтінінде де, оңбағандықтан басқаны ойламайтын адамдарды, ақыл-есі шала жындыларды «қаны бұзылған» деп айтатынында да үлкен бір сыр жатыр. Денедегі арам қаннан арылу үшін де сүлік салу, тамыр қию сияқты халық емдерінің шыққан жері – Шығыс елі. Біз енді осы қан туралы не білеміз.

Қан дегеніміз не?

Қан (sanguis) – организмде химиялық заттарды тасымалдау арқылы клетка (жасуша) және клетка аралық кеңістіктерде өтетін биохимиялық үрдістерді (процестерді) біртұтас жүйеге біріктіріп тұратын сұйық тін. Қанның қызметі көп.Соның ең бастыларының бірі – газ тасымалдау (газ алмасу, тыныс алу); трофикалық тасымалдау – глюкоза, аминқышқылдарын, тұздарды, суды, тағы да басқа қоректік заттарды ас қорыту органдарынан тіндерге жеткізу; экскреторлық тасымалдау – организмдегі қажетсіз заттарды (несеп зәрін, несеп қышқылын, креатин, т.б.) зәр шығару мүшелеріне тасымалдау. Қанның ақ түйіршіктері бар. Оны лейкоциттер деп атайды. Бұлар бактерияларға қарсы арнайы иммунитет қалыптастырады, бактерияларды арнаулы емес (бейспецификалық) жолдармен жою арқылы ағзада қорғаныш қызметін орнатады. Қанда гормондар, биологиялық белсенді заттар болады. Олар зат алмасу өнімдерінің қатысуымен организмде мынандай күрделі жұмыстардың ұйытқысы болады: ағзада су мен тұздардың тепе-теңдікте тұруы, қышқылдар мен сілтілердің үйлесімділік табуы, организмде дене температурасының тұрақты болуы, қанның өндірілуі, тағы да басқа физиологиялық көрсеткіштердің қалыпты жағдайда реттелуі, организмнің ішкі ортасы тұрақтылығының сақталуы.

Адам қанының құрамы

Қан эритоциттер, лейкоциттер, тромбоциттер деп аталатын қан түйіршіктерінен, клеткааралық сұйық зат – плазмалардан тұрады. Гематокриттік көрсеткіш дегеніміз осы қан түйіршіктері мен сұйық бөлшегінің өзара пайыздық арақатынасы. Қалыпты жағдайда қан түйіршіктері 40-48 пайыз, плазмасы 52-60 пайыз болады, дейді дәрігерлер. Қан плазмасының 90-93 пайызы – су да, 10 пайызы – құрғақ зат. Бұл құрғақ заттың құрамы: 7-8 пайызы белок (4-5 пайызы альбуминдер, 3 пайыздайы глобулиндер, 0,2-0,4 пайызы фибриноген), 2-3 пайызы органикалық заттар мен минералдық қосылыстар. Қан плазмасы көмірсуының негізі – глюкоза. Қан липидтерінің құрамы: нейтральды майлар, бос май қышқылдары, олардың ыдырағаннан кейінгі өнімдері, холестерин, стеройдты гормондар.

Қанның бір тамшысының құрамында:

1. Қызыл қан денешіктері. Олар 20 миллионға жуық. Олардың әрқайсында оттегіні оңай біріктіріп, тасымалдайтын гемоглобин деп аталатын зат бар. Негізінен, қызыл қан денешіктері үш айдай өмір сүріп, жаңарып отырады.

2. Ақ қан денешіктері – лейкоциттер. Олардың көптеген түрлері болады. Көпшілігі микробтармен, аурулармен күреседі. Денеде қанмен бірге лимфа сұйықтығы да жүріп, зат алмасу қалдықтарын әкетеді, зиянды заттар мен микробтарды жоятын ақ қан денешіктерді таратады. Қаннан айырмашылығы, тек бір бағытта ғана қозғалуы. Ақ қан денешіктерінің кейбірі бірнеше күн, ал кейбіреулері бірнеше жыл өмір сүреді.

3. Қан пластинкалары немесе тромбоциттер. Олар бір-екі миллионға жуық, қанды ұйыту қызметін атқарады. Қанның ұюы деп – қан тамыры жарақаттанғанда ағзаның қансырауды болдырмайтын биологиялық қасиеті.

Қанның мөлшері мен тамырлары

Адам денесі салмағының он екіден бір бөлігіне жуығы – қан. Ересектердің көпшілігінде бұл 4-6 литр қан шамасында. Қанның 55 пайызға жуығы бозғылт сұйық плазма да, қалған 45 пайызы микроскоппен ғана көрінетін ұсақ жасушалар. Былайша айтқанда, адам денесіндегі қанның қалыпты көлемі дене массасының 6-8 пайызын немесе 1/13-1/14 бөлігін құрайды. Орта есеппен ер адамда 5,2, әйелде 3,9 литр қан болады.

Денеде жарақат пайда болғанында қан ұйып, жараның аузын бітеп тастау үшін оған қарай барады да жарақат орнында қанның құрамында фибрин деп аталатын зат микроталшықтардың торын құрайды. Қан пластинкалары (қан жасушалары) жарақаттан қанның сыртқа шығуын болдырмайтын ұйынды құруға жәрдемдеседі. Сонан соң ұйынды қатаяды, қабыршаққа айналады, жара жазылғанша, оны бірнеше күн бойы қорғап тұрады.

Қан тамырларының бес түрі бар. Олар:

Күретамыр (артерия). Жүректен қанды тасиды. Жүректің әрбір

соғысында қан қысымына төтеп беретін күретамырдың жуан қабырғалары бар. Осы қабырға арқылы қан ірі ағзаларға жеткізіледі, күретамыр ол жерде былай тармақталып кетеді:

Артериолалар. Күретамырдың көшірмесі. Шаштың жуандығындай ұсақ. Олар қылтамырға бөлінеді:

Қылтамырлар (капиллярлар). Ұзындығы 1 мм-ге жетпейді. Ені мұнан да жіңішке және ұсақ. Олардың қабырғаларымен оттегі және құнарлы заттар қаннан айналадағы тіндерге ағады. Бірігіп, қылтамыр венулалар құрайды.

Венулалар. Баяу аққан қанды одан да аз қысыммен көктамырға жеткізеді.

Көктамырлар (веналар). Қанды жүрекке кері жеткізетін жұқа қабырғалы, жұмсақ тамырлар.

Әрбір уақыт аралығында денедегі қанның 66 пайызы көктамырда, 29 пайызы күре тамырда, 5 пайызы қылтамырда болады.

Қан айналымы

Қанның жүрек арқылы қан тамырлары бойымен жылжуын – қан айналымы деп атайды. Бұл үрдіс организмді сыртқы ортамен байланыстырады, тіндер арасында зат алмасуды қамтамасыз етеді. Сөйтіп, ол ағза жасушаларын оттек, су, белок, көмірсу, май, минералдық заттармен, дәрумендермен жабдықтайды, зат алмасу нәтижесінде пайда болған көмірқышқыл газ, тағы да басқа организмнің тіршілігінен түзілген зиянды заттарды сыртқа шығарып, ағзаны тазартады. Қан айналымы дене температурасын да реттеп отырады. Қан айналымы жүйесін медицина ғылымында ашқан адам – ағылшын дәрігері У.Гарвей (1578-1657). Бұл – 1628 жыл болатын.

Қан айналымының бұзылуы жүрек, қан тамыр және жүйке жүйесінің қызметі бұзылғанда пайда болады. Тромбоз, эмболия, атеросклероз, т.б. ауруларда да қан айналымы бұзылады. Инфаркт, миға қан құйылу (инсульт), эндартерит (артерияның ішкі қабығының қабынуы) аурулары да қан айналымының бұзылуына себеп. Жарақаттану жұқпалы аурулар, қан кету де қан айналымын бұзатын – патологиялық жағдайлар. Емхана, ауруханаларда сырқатқа диагноз қою, оны емдеу үшін ағзасынан белгілі бір мөлшерде қан алады.

Емшілердің «Тамыр ұстауы»

Шынайы халық емшілерінде тамыр ұстап, адамның денсаулығын, сырқатын анықтай алатын қасиеттер болады. Ол тұқым қуалайды, кез-келген жан тамыршы, бола алмайды. Тамыршылардың тәжірибесі бойынша бұл емдік тәсіл бойынша мынандай жағдайларды анықтайды.

Оң қолдың тамырлары арқылы. Мұндағы әрбір қан толқыны адамның белгілі бір ішкі мүшесінің жұмысынан хабардар етеді. Қан тамырына қолдың үш саусағы қойылады. Аты жоқ саусақ түскен тамыр, яғни, білезіктің қолдың басына таяу тұсындағы тамырдан тоқ ішек пен өкпенің жағдайын білуге болады. Ортаңғы саусақ өт безінен және бауырдың жұмыс жағдайынан хабар береді. Үшінші саусақ түскен тамыр қан айналымының нақтылығын, ішек (бүйен) жұмыстарының жағдайын айқындайды.

Сол қолдың тамырлары арқылы. Бірінші тамыр ащы ішек пен жүректің, ортадағы тамыр асқазан мен талақтың (селезенка), үшінші тамыр бүйрек пен қуықтың жағдайынан хабар береді.

Қан аурулары

Оның қатерлілері: Гипертония, миокард инфаркті, атеросклероз, аққан аурулары. Сондай-ақ, анемия (қан аздық) тәрізді де қан ауруларының түрлері бар. Мұның ішінде күретамыр гипертониясында қан қысымы көтеріледі. Оған себептің бірі – қан тамырларының тарылуы. Атеросклез – күре тамырдың яғни, артерияның зақымдануы, оның ішкі қабырғасында майлы сарғыш дақтардың пайда болып, тамыр саңылауының тарылуынан жүректің бұлшық етін қанмен қамтамасыз етудің бұзылуы. Аққан ауруы туралы жалпылама түсінік: қан құрамын жасауға қатысатын тін ісік ауруларына шалдығады, бұл сырқатты гемобластоздар немесе лейкоздар деп атайды. Анемия – қан аздық. Бұл сырқаттың басты белгісі – қандағы гемоглобиннің төмендеп кетуі. Гемоглобин дегеніміз – қанның қызыл түйіршігінде (эритроцит) болатын құрамында темірі бар белок.

Қанайналым бұзылыстары. Қабыну жергілікті қан және лимфа айналымдарының, әсіресе микроциркуляциялардың бұзылыстарымен сипатталады. Оларды 1887 жылы Конгейм ажыратып жазды.

Микроциркуляция деп қанның майда тамырлар (артериолалар,   метаартериолалар,   қылтамырлар   және   венулалар) арқылы қозғалуын, сонымен қатар осы тамырлар мен тіндер арасында әртүрлі заттармен (О2, СО2,қоректік зат алмасу өнімдері)   алмасуды  айтады.   Микроциркуляцияны  Конгейм тәжірибесі көмегімен зерттеу ыңғайлы. Бүл кезде бақаны ішектерін сыртқа шығарып, тақтайдың тесігі үстіне кереді де, шажырқайды микроскоппен қарайды. Сол кезде қоздырғышты әсерінен (ішектерін шығарғандағы зақымдану) бірден пайда болатын артериолалардың тарылуын (спазмын) микроскоппен көруге болады. Ол рефлекстік түрде (аксон рефлексі бойынш тамыр жиырылтқыш нервтің тонусы артуынан) болады және тез өтеді. Бұнын артынан артериялық гиперемия пайда болады Ол қабыну ошағында артериолалар   мен   капиллярлар қабырғаларының тегіс еттерінің босаңсып кетуінен болады. Бұл артериялық қанның қабынған тінге ағып келуін ұлғайтады; бұрын қызмет атқармаған капиллярларды ашып, оларда қан қысымының көбеюіне әкеледі. Осының нәтижесінде қабыну ошағында қызару болады және зат алмасу үрдістері көтерілуіне байланысты температурасы жоғарылауы байқалады. Тәжірибе басталғаннан кейін 30-60 минөт өткен соң қабынудың барысы ақырындап өзгереді: артериялық гиперемия веналық гиперемиямен ауысады. Бұл кезде қан ағу жылдамдығы баяулайды, қан ағу түрі өзгереді. Қанның реологиялық (гр.rheos - ағым) қасиеті өзгереді. Қан қоюланып, тұтқырланады, эритроциттер ісініп, өзара ретсіз байланысып, шоғырланып, агрегаттар құрайды. Бұл эритроциттердің агрегаттары баяу жылжиды немесе ұсақ тамырларда мүлдем тоқтап калады /стаз/.

Веналық гиперемия көптеген жайттардың әсерлерімен түсіндіріледі. Оларды үш топқа бөлуге болады. Біріншісін қан, екіншісін тамыр кемерлері, үшіншісін - сыртқы тіндер жайттары құрайды.Қанмен байланысты жайттарға: лейкоциттердің тамыр қабырғаларына шет жағалап орналасуы, эритроциттердің ісінуі және агрегациясы, қанның сұйық бөлшегінің қабынған тінге шығуы және қан қоюлануы, тромб құрылуы жатады. Тамыр кемерлері факторларының веналық гиперемияға әкелуі эндотелий жасушалары ісінуінің нәтижесінде ұсақ тамырлардың саңылаулары тарылуынан болады.Тіндік жайттар: ісінген тіндердің, жасушааралық сұйықтар веналар мен лимфалық тамырларды қысып қалуынан веналық гиперемия дамиды. Ары қарай стазалды жағдай және стаз дамиды.

Стазалды жағдай дамуымен қан қозғалысы тербелмелі түр қабылдайды - жүрек систоласы кезінде ол артериялардан венаға қарай қозғалса, диастоласы кезінде  - кері бағытта қозғалады. Соңында қан қозғалысы толық тоқтайды, стаз дамиды. Стаз (грек, stasis - тоқтау) - микроциркуляциялық арнада, қылтамырларда жергілікті қан жүрудің жиі тоқтауы.

Веналық гиперемия мен стаз қабыну медиаторларын қабыну ошағында жинап, жалпы қан айналымға түсірмейді. Егер олар қан айналымға тарап кетсе, онда организмде көптеген патологиялық бұзылыстарға әкелуі мүмкін.

Веналық гиперемия мен стаз экссудацияға және лейкоциттердің эмиграциясына қолайлы жағдай жасайды.  

 

Экссудация (лат. exsudare - терлеу) деп қанның сұйық бөлшектерінің, онда еріген электролиттердің, қан нәруыздары мен жасушаларының тамыр сыртындағы тінге шығуын айтады.

Экссудацияның негізгі себебі тамырлар қабырғаларының өткізгіштігінің көтерілуі.

Қан нәруыздарының сыртқа шығуына байланысты тамыр сыртында олардың мөлшері өседі. Бұл онкотикалық қысымның көтерілуіне әкеледі. Экссудациямен лейкоциттердің эмиграциясы (лат. emigrare - орын ауыстыру) тығыз байланысты және ол үш сатыдан тұрады:     

1. Лейкоциттердің  тамыр жиектеріне кемерленіп  тұруы (маргинация);

2. Лейкоциттердің  тамыр қабырғалары арқылы тамырдың  сыртына шығуы;

3. Лейкоциттердің  қабыну ошағында қозғалуы;

Экссудаттың жасушалық құрамы қабынудың пайда болу себебімен үлкен  дәрежеде байланысты. Егер қабыну ірің туындататын микробтардың (стафилококктар, стрептококктар) әсерінен дамыса, онда экссудатта нейтрофилдік лейкоциттер басым болады, егер қабыну иммундық негізде (аллергия) болса немесе қарапайым жануарлармен, құрттармен шақырылған болса, онда эозинофилдер көп болады. Баяу дамитын қабыну кезінде (туберкулез, сифилис) экссудатта бір ядролы жасушалар (лимфоциттер, моноциттер) көп болады.

Қабыну ошағында лейкоциттердің негізгі қызметі болып, бөтен бөлшектерді сіңіру және қорыту (фагоцитоз) есептеледі.

Фагоцитоз төрт сатыда өтеді: 1. Жақындасу, 2. Жабысу, 3. Жұту,      4. Қорыту.

қабыну ошағында жиналатын экссудаттың құрамына тамырдан шыққан сүйық, қан плазмасының нәруыздары мен электролиттері, қан жасушалары кіреді. Сол себептен экссудаттың транссудаттан айырмашылығы оның құрамында нәруыздар (2 пайыздан астам) көбірек болады. Егер тамыр кемерлерінің өткізгіштігі аз бүлінген болса, онда экссудатта негізінен альбуминдер мен глобулиндер ғана болады. Өткіз-гіштігі қатты көтерілген болса, онда қан плазмасынан тінге кесек молекулалық фибриноген шығады. Бұл кезде қан тамырларынан жасушалар да эритроциттер мен лейкоциттер шыға бастайды.

Сонымен бірге экссудатқа шыққан лейкоциттердің және жергілікті тін жасушаларының ыдырауынан көптеген ферменттер   босап  шығады.   Сондықтан  экссудатта  протеолиздік, амилолиздік, липолиздік ж. б. ферменттер болады, Экссудаттың меншікті тығыздығы (1,016-1,020) тра'нсудаттан (1,004-1,010) көп болады. 


Информация о работе Адамның қанайналым жүйесі