Артериялық қысымды қысқа мерзімді және ұзақ уақытта реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 16:05, сочинение

Описание работы

Артериялық қысымды реттеуді айта кетпес бұрын, артериялық қысым жайлы қысқаша тоқтала кетсем деймін.
Жүрек жұмысына байланысты қанның сығылу дәрежесінің артериялар қабырғасына керілу әсерін артериялық қысым деп атайды. Артериялардағы қысым жүрек айналымының сатыларына қарай өзгеріп отырады

Файлы: 1 файл

Семей қ.docx

— 23.78 Кб (Скачать файл)

Семей қ. Мемлекеттік Медицина Университеті

Қалыпты физиология кафедрасы

 

 

 

 

СӨЖ



 

 

 

Тақырыбы: Артериялық қысымды қысқа мерзімді және ұзақ уақытта реттеу

(Эссе)

 

 

 

 

 

 

                                                           Орындаған: Гайдарова М.Г

                                                                                    Топ: 202 – тіс емдеу

                                                                                    Тексерген: Рахыжанова С.О.

 

2013 – жыл

Артериялық қысымды қысқа  мерзімді және ұзақ уақытта реттеу.

 

Артериялық қысымды реттеуді айта кетпес бұрын, артериялық қысым  жайлы қысқаша тоқтала кетсем деймін.

Жүрек жұмысына байланысты қанның сығылу дәрежесінің артериялар қабырғасына керілу әсерін артериялық қысым деп атайды. Артериялардағы қысым жүрек айналымының сатыларына қарай өзгеріп отырады. Систола кезінде қысым жоғарылайды, оны максимальды, немесе систолалық қысым, деп атайды. Диастола кезінде қысым төмендейді, оны минималъды, немесе диастолалық қысым  дейді.

Артериялардағы қысым  деңгейі жасқа, организмнің физиологиялық  күйіне, жүрек жұмысына, денедегі қанның жалпы мөлшеріне т.б. байланысты өзгеріп отырады.

Қазіргі таңда артериялық қысымның қысқа мерзімді (секунд, минут), ортамерзімді (минут, сағат), ұзақ мерзімді ( күн, ай) реттеу механизмдерін ажыратады. Соларға тоқтала кетсем:

 

АҚ қысқа мерзімді реттеу механизмі

 

АҚ-ның қысқа мерзімді реттеу механизміне барорецепторлы және хеморецепторлы рефлекстерді жатқызады.

Сезгіш барорецепторлар  көп мөлшерде аорта қабырғасында және ұйқы артериясында кездеседі. Олар әрекет потенциалын ОЖЖ беретін  артерияның эластикалық қабырғасын созатын механорецепторлармен барабар. Егер АҚ бірнеше күн ішінде жоғарылаған қалпында қалса, артериялық барорецепторлардың импульсация жиілігі ұзақ мерзімді АҚ механизмінің рөлін реттей алмайтындығынан бастапқы қалпына келеді.

Ұйқы артериясында және аорта  доғасында орналасқан хеморецепторлар, сондай-ақ локализациясы әліде нақты белгіленбеген орталық хеморецепторлар қысқа мерзімді АҚ реттеудің екінші реттік механизмі болып табылады. Артериялық қандағы оттегінің азаюымен, көмірқышқыл газының жоғарылауы бұлшық ет тініндегі симпатикалық тонус активизациясы арқылы орташа артериялық қысымның жоғарылауына алып келеді. Сонымен қатар, АҚ жоғарылауы ұзақ мерзімде статикалық жұмыстың әсерінен бұлшық ет ишемиясы кезінде байқалады. Соның әсерінен қаңқа бұлшық еттеріндегі афферентті нерв талшықтарынан хеморецепторлар белсендіріледі.

 

АҚ ұзақ мерзімді реттеу механизмі

 

Дегенмен, әсері сағаттан бірнеше күндерге жететін механизмдер  де кездеседі. Бірақ, әрине оларды шектеу мүмкін емес, себебі қысқа мерзімді реттелу механизмі баяу ізділікпен ұзақ мерзімді АҚ-ға ауысады.

Қан айналым жүйесіндегі  ұзақ уақыттық өзгерістері кезінде,  жүйкелік гуморальдық табиғаты бар, аталмыш ұзақ уақытты реттеу механизмі  іске қосылады. АҚ-ның деңгейі тек перифериялық тамырлардың қарсылығымен (сопротивление) ғана емес жүрек жұмысына да байланысты. Сондықтан АҚ өзгерісі мен ішкі орта сұйықтығының көлемі арасында қан циркуляциясының көлемін анықтайтын тығыз екі жақты байланыс бар. Қан мөлшерінің жоғарылауы немесе азаюы өз кезегінде АҚ-ның жоғарылауына не төмендеуіне алып келеді. Ал ол өз кезегінде организмнің сұйық фазалар көлемі мен бүйректегі су мен тұздардың бөлінуінің өзгерісіне алып соқтырады.

 Вазопрессин ( антидиуретикалық гормон), альдостерон және қан көлемін бақылайтын бүйрек ұзақмерзімді реттеу үрдісіне қатысады. Бұл жүйелер бір бірімен тығыз байланысты.

 

Оң және сол  жүрекшелердің рефлексогендік зоналары

 

Ұзақ мерзімді реттеу механизмін іске қосуда, жоғарыда аталған рецепторлардан басқа, ағзалар мен тіндердің осморецепторлары маңызды рөл атқарады. Қан көлемін реттеуде жүрекше рецепторлары қатысады. Олардағы қан қысымының көбеюі импульсацияның көбеюіне, ал импульстар гипоталамуста орналасқан осморегуляция орталығына түседі. Нәтижесінде антидиуретикалық гормон секрет бөледі. Бөлінетін гормон мөлшері қан көлемінің жоғарылауынан азаяды, соның әсерінен бүйректегі кері сору реабсорбция және бөлінетін сұйықтық мөлшері ұлғаяды. Бұл өз кезегінде АҚ төмендетеді. Оң және сол жүрекшелер  жүрекке ағып келетін қан көлемі өзгерісін реттейтін, көлем рецепторлары орналасқан рефлексогендік зона болып табылады. Сол жақ жүрекшедегі рецепторлар көлемінің тітіркенуі бүйректегі суды реттейтін антидиуретикалық гормонның бөлінуінің өзгерісіне алып соқтырады. Антидиуретикалық гормон тікелей артериола тонусына әсер ете алады. Сондықтан ол вазопрессин деген атқа ие. Оң жақ жүрекше қабылдағыштарының тітіркенуі тұздың бөлінуін реттейтін, бүйрекүсті безінің қыртысында орналасқан альдестеронның бөліну өзгерісіне алып келеді.

 

Ренин ангиотензин  жүйелік реттелуі

Ренин - бүйректің юкстагломерулалық құрылымында түзілетін фермент. Ол әсіресе бүйректе қан айналымы нашарлап, қысымы төмендегенде көбірек бөлінеді. Ренин қан плазмасындағы глобулиндердің бірі ангиотензиногенді ыдыратады, мұның нәтижесінде қан тамырларына ісері төмен ангиотензин – I пайда болады, ол ангиотензин- II-ге айналады. Ангиотензин- II әсері адреналиннен 50 есе күшті. Ол қан тамырын қатты тарылтады және норадреналин медиаторының бөлінуін жеңілдетеді, бүйректе альдестерон гормонының түзілуін үдетеді.  Ал ол бүйректегі Na-ионының денеге қайта сіңуін күшейтіп, суды сыртқа шығармай денеде ұстап қалады,  соның нәтижесінде қан тамырларында қан мөлшері артып қан қысымы жоғарылайды. Басқа жағынан алғанда, ангиотензин тікелей қан тамырлардың тегіс бұлшық еттеріне гуморальдық прессорлық қысым түсіреді. Сондықтанда ангиотензинді ертеректе гипертензин деп те атаған.  Альдестеронның эффектік әсері бірнеше сағаттан максимум бірнеше кунге дейін байқалады. Демек ренин - ангиотензин әсері ұзақ уақытқа жалғасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Эссені қорытындылай келе, АҚ реттелу механизмдерін жете түсіндім. АҚ-ның  тек перифериялық тамырлармен ғана емес, жүрек жұмысына, қан ағысының көлеміне, ағзаның физиологиялық жағдайына  да байланысты екенін білдім. АҚ-ны қысқа мерзімді реттеуде барорецепторлар мен хеморецепторлардың маңыздылығын, ұзақ мерзімді реттеудегі антидиуретикалық гормон, ангиотензин, альдестеронның тигізетін әсерлерін зерттеп білдім, білмегенді біле түстім, әлі де үйренерім көп...


Информация о работе Артериялық қысымды қысқа мерзімді және ұзақ уақытта реттеу