Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 11:45, реферат
Автотранспорт жүргізушілерінің қызметі ең ауыр және жауапты еңбек түріне жатады. Мұнда жүйкелік-эмоциалық жүктеме өте зор және зейіннің үнемі тұрақтылығы мен жинақтылығын талап етеді. Жүргізушілердің еңбек тәртібін тиімді ұйымдастырудың негізгі міндеті жұмыс ауысымы бойы жүргізушінің денсаулығын сақтай отырып еңбектің жоғарғы тиімділігіне қол жеткізу және қамтамасыз ету болып табылады.
Кіріспе
1.Физикалық жүктеменің әсері
2.Микроклиматтың әсері
3.Шудың әсері
4.Дірілдің әсері
5.Токсикалық заттардың әсері
Қорытынды
Пайдаланылған әдеьиеттер
Кафедра:Еңбек гигиенасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Автотранспорт жүргізушілерінің еңбек гигиенасы
Орындаған:Джайтабарова Қ.Е.
Жоспары:
Кіріспе
1.Физикалық жүктеменің әсері
2.Микроклиматтың әсері
3.Шудың әсері
4.Дірілдің әсері
5.Токсикалық заттардың әсері
Қорытынды
Пайдаланылған әдеьиеттер
Автотранспорт жүргізушілерінің қызметі ең ауыр және жауапты еңбек түріне жатады. Мұнда жүйкелік-эмоциалық жүктеме өте зор және зейіннің үнемі тұрақтылығы мен жинақтылығын талап етеді. Жүргізушілердің еңбек тәртібін тиімді ұйымдастырудың негізгі міндеті жұмыс ауысымы бойы жүргізушінің денсаулығын сақтай отырып еңбектің жоғарғы тиімділігіне қол жеткізу және қамтамасыз ету болып табылады.
Физикалық жүктеменің әсері
Жүргізушілердің физикалық жүктемесін автобус жүргізу кезінде аяқ-қол бұлшықеттерінің, сонымен қатар мойын және дене бұлшықеттері жұмыс позасын қалыптастыруға және жолаушыларды отырғызу кезінде есіктердің ашылып, жабылуын қадағалау үшін басты бұру бұлшықеттерінің жұмысымен анықталады.
Микроклиматтың әсері
Шамадан тыс жоғарғы немесе төменгі температуралар автобусты басқарудағы мүмкіндіктерді шектейді. Автокөлік кабинасындағы қолайсыз ауа температурасы көптеген қателіктерге және апаттарға әкеледі. Жүргізушіге ыстықтың әсері зейіннің, нақтылықтың және реакция жылдамдығының төмендеуімен көрінеді. Температураның жоғарылауы ағзадағы ылғалдылықтың көп мөлшерде жоғалуына алып келеді, ол жұмыс қабілеттілігін төмендетеді. Суық температура өз кезегімен, ауруға деген сезімталдықтың жоғарылауына әкеледі, ол автокөлік жүргізушісінің өте сақ болуға, сонымен қатар, қозғалыс жүктемесіне, шаршағыштыққа әкеледі. Тері сезімталдығының жоғарылауы қол білезігі бұлшықетінің жұмыс қабілетінің 20 – 30% төмендеуімен көрінеді.
Жүргізушінің жылу
берілуінің төмендеуі және
Қазіргі кездегі автокөлік орындарындағы ең қолайсыз факторлардың бірі шу болып табылады. Шудың негізгі көзі болып қозғалтқыш желдеткіштері, суыту жүйесі, қозғалтқыш бөлім, кузовтар болып табылады.Жалпы шу денгейіне қосымша тіркеме және қозғалыс ортаындағы шу қосылады. Қала автокөлік жургізушілеріне шудың әсері екі есе жүктеме тигізеді. Шу есту мүшесіне, орталық жүйке жүйесіне, жүрек-қантамыр жүйесіне және т.б организм функциялары мен жүйелеріне кері әсер етеді.
Көптеген зерттеулердің
нәтижесінде өндірістік және
тұрмыстық шудың адам
Шудың жүйелі әсер
етуінен нейроциркуляторлы
Зерттеулер нәтижесінде қазіргі заманғы автобустардағы шу деңгейі 71 ДБА, максималды энергиялық октавасы ортагеометриялық жиілікпен 31.5-125Гц. Әдебиеттер көрсеткішінен шу автобус ішінде әртүрлі жағдайларда 49-дан 92 дБА аралығында өзгереді(эквивалент деңгейі 72-77дБА).
Шудың деңгейі автобустардың
ескіруінен және жылдамдық артқан сайын
жоғарлайды.Сонымен қатар
Дірілдің әсері
Дірілдің ұзақ уақыт әсері жүргізуші организіміне тұрақты бұзылыстарды, яғни “діріл ауруына” алып келеді. Шу мен жергілікті жоғары жиілікті діріл өзара әсер еткенде перифериялық қан айналым бұзылысына, дененің төменгі бөліктерінің артерияларының спазымына (эндоартериит, гипертониялық аурулар) алып келеді. Жүргізуші жұмысында жергілікті (қол саусақтарының және табан), жалпы діріл әсері барлық денеге толқынмен таралып әсер етеді.
Діріл ауруының дамуы бірнеше жыл жұмыс істегеннен кейін табылады. Осыған байланысты шағымдар: қол саусақтарының ұюы, қол және аяқта ауру сезімі көбінесе түнгі уақытта мазалайды, жиі саусақтары тырысып, аяқ ұштарының тоңуы және қол мен аяқтың ауру сезімін сезбейді. Аурудың айқын формасында жүйке жүйесінің және вестибулярлы аппараттың (бас айналу, бастың үнемі ауруы) бұзылыстары болады. Зерттеулер бойынша жүргізушілердің жұмыс орнындағы діріл кең жолақты кездейсоқ үрдіс. Діріл деңгейінің максималды көрсеткіші 1ден 125 жиіліктегі Гц, негізінен 2-8 Гц құрайды. Қалалық автобустардағы дірілдің вертикалды деңгейі 135 дБ дейін барады.
Токсикалық заттардың әсері
Токсикалық заттардың аздаған концентрациясы, басқа да өндірістік факторларды қоса алғанда, жүргізуші организміне теріс әсерін тигізеді және қозғалыс қауіпсіздігін төмендетеді. Атап айтқанда, жүргізушілердің кабинасын ластайтын басты компоненттер көп ағымды,оларға қозғалтқыштан шығатын газдар олар әртүрлі заттардан құралады, сондықтан оларды шартты түрде бірнеше топтарға бөлуге болады. Біріншіден, көмірсу құрамды өнімдер-( көмірсу тотығы, көмірсутек, күйе) жанармайдың толық жанбауынан пайда болады, нәтижесінде концентрацияның жоғарлауы болады. Екіншіден, азот тотығы өнімдері,олардың пайда болуынан, қозғалтқыш цилиндріндегі жоғарғы қысым мен температураның жоғарылауын туғызады. Үшіншіден, жанармайдың әртүрлі қоспалары мен қалдықтары – ( қорғасын тотығы, барий, күкірт, меркаптан т.б.).Қалалық автокөлік кабинасындағы токсикалық заттар зерттеу кезінде ШРЕК-тен жоғары екені анықталды.
Атмосфералық ауаның көбінесе ластануы дизельді қозғалтқыштарды эксплуатациялау кезінде болады, олардың шығарындылары негізінде құрымнан (сажа) және басқа да көміртек құрамды жоғары молекулалы байланыстардан тұрады. Зиянды заттардың қоршаған ортаға түсуінің нәтижесінде әртүрлі бөліктердің үстіндегі полициклды ароматикалық көмірсутектердің сорбциясы болып табылады.[2] Қозғалтқыштардан шығатын шығарынды газдың құрамы мен көлемі оның типіне, техникалық жағдайына, жұмыс тәртібіне, күш түсуіне, қоректік және оталу жүйесінің жөнделгеніне, жанармайының сапасына, сонымен қатар жүргізушінің квалификациясы мен тәжірибесіне байланысты. Ең негізгі мән қозғалтқыштың жұмыс кестесіне беріледі. Негізінде тоқтағанда, қозғалу барысында көміртегі оксидінің шығарылуы 10% жоғарылайды. Жүргізушунің кабинасының ауалы ортасын негізгі ластаушы көзі болып: қозғалтқыш, қозғалтқыштың картері, карбюратор, бензобак, жол бойындағы ауа зонасы және жолаушылар. Осыған байланысты ластауға интенсивті түрде ең алдымен қозғалтқыштың техкикалық жағдайы және оның жанармай жүйесі, жанармайдың сорты мен сапасы, автотранспорттың пайдалану уақыты.
Басқа да әсер ретінде азот
оксиді ол көздің, мұрынның, ауыз қуысының
шырышты қабатына тітіркендіргіш әсер
көрсетеді. Азот оксидімен уланудың
жасырын кезеңіне тән: адам қауіпті
канцентрациямен жұмыс
Қорғасын қосылыстары да у болып табылады, олар барлық ағзаға және тіндерге зақымдаушы әсер көрсетеді. Қорғасын қосылыстарымен уланудың қауіптілігі, олардың да ағзада канцерогенді зат ретінде жинақталуы. Қалада және өндіріс аймақтарында қоршаған ортаның қорғасынмен және оның қосылыстарымен ластануы антропогенді фактор және автомагистральдің дамуымен байланысты.(1) Адам ағзасына бензиннің өзі де нақтырақ айтқанда оның буы токсикалық әсер көрсетеді.
Тау жағдайындағы жұмыс істейтін жүргізушілер двигатель жұмысының режимін жиі ауыстырып отыру керек, ол токсикалық тастандылардың жоғарлауына әсер етеді және автобус кабинасында ауа ортасы ластанады.
Шыққан газдар кабинаға түскенде олар жұмыс қабілеттілігіне теріс әсер беріп, көмірсу тотығының жүргізуші организіміне тыныс жолдары арқылы түсуі- оттегі жетіспеушілігін шақырады. Азот тотығы- шырышты қабаттардың тітіркенуін, жөтелді, тамақтың созылмалы катарларын шақырады. Акролеин- көздегі өткір ауру сезімін, жас ағу, жөтел, тыныс алудың және жүрек жұмысын төмендетеді.
Бұл барлық кері әсерлер организмнің жұмысқа қабілеттілігін төмендетеді.
Көміртегі оксидінің әсерінің
нәтижесінде негізінен
Жүргізуші организміне улы заттардың әсерін зерттеу, яғни кабинаның ішіндегі концентрацияның төмендеуіне қарсы шараларды ұйымдастыру болып табылады.Осыған сәйкес шаралар 4 топқа бөлінеді: шығарылған газдардың улылығын төмендету; жол бойындағы зонасындағы улы заттармен ластануын төмендету; кабинаға улы заттардың түсуін барлық түсу көздерінен алдын-алу; автокөлік кабинасындағы улы заттарды жою.Үшінші және төртінші топтағы шаралар кабинадағы ластану көздерін вентиляция және изоляция арқылы жою керек екені белгілі. Осыған орай токсикалық заттардың шығу көзіне байланысты ауаны алу орны дұрыс таңдалуы тиіс.
Қазіргі кезде қозғалтқыштардың газ шығаруындағы улы заттарды төмендетуге көңіл бөлінуде, яғни қозғалтқыштардың конструкциясының жетілдіруне және жанармайдың жаңа түрін іздеп шығаруда. (1)
Қалалық автотранспорт жүргізушілеріне
әсер ететін токсикалық заттар – көміртек
оксидінен, көмірсутектен, құрымдардан,
азот оксидінен, қорғасыннан және т.б
заттардан тұратын
Осы мәселелерді қарастыра отырып, біз профилактикалық шараларды, яғни техникалық, санитарлық-гигиеналық және медициналық-профилактикалық шараларды ұйымдастырып, ең алдымен жоғарыда айтылып кеткендей шу, діріл, ультра және инфрадыбыс токсинддік заттар әсеріне қарсы жаңа нормативтік гигиеналық регламентациялар шығару керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 А.И. Вайсман Гигиена труда водителей автомобилей. – М.: 1988г. - 187с.
2 К.К. Тогузбаева, А.К. Сайлыбекова и др. – Гигиеническая оценка влияния некоторых производственных факторов на состояние работоспособности водителей автотранспорта. – Алматы: Римини, 2010г. - В сборнике статей XIV международной научной конференции «Здоровье семьи – XXI».
Информация о работе Автотранспорт жүргізушілерінің еңбек гигиенасы