Балдың пайдасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 21:20, реферат

Описание работы

Мамандардың айтуынша, балдың адам денсаулығы үшін пайдасы көп. Атап айтқанда, бал қан құрамын жақсартады, ішкі ағзалардың қызметін жандандырады, иммунитетті арттырады, дененің физиологиялық қызметін, күш-қуатын қалыпқа келтіреді. Мидың жұмысын жақсартады, тыныс алу жолдарын артық өңезденуден сақтайды. Ол сондай-ақ жүрек-қан тамырлары ауруына, бауырға, бүйрекке, ішек-қарын жолына, суық тиюге, радикулит пен өтке пайдалы. Балды құрт ауруына, ұйқысыздыққа, бас ауруына, қан қысымына, асқазан жарасына, тіпті күйікке де ем ретінде пайдалануға болады. Балдың сондай-ақ аллергияға, бактерияға, қабынуға қарсы да қасиеттері анықталған.

Файлы: 1 файл

бал туралы.doc

— 45.00 Кб (Скачать файл)

                       

                                         Балдың пайдасы

 

Мамандардың айтуынша, балдың адам денсаулығы үшін пайдасы көп. Атап айтқанда, бал қан құрамын жақсартады, ішкі ағзалардың қызметін жандандырады, иммунитетті арттырады, дененің физиологиялық қызметін, күш-қуатын қалыпқа келтіреді. Мидың жұмысын жақсартады, тыныс алу жолдарын артық өңезденуден сақтайды. Ол сондай-ақ жүрек-қан тамырлары ауруына, бауырға, бүйрекке, ішек-қарын жолына, суық тиюге, радикулит пен өтке пайдалы. Балды құрт ауруына, ұйқысыздыққа, бас ауруына, қан қысымына, асқазан жарасына, тіпті күйікке де ем ретінде пайдалануға болады. Балдың сондай-ақ аллергияға, бактерияға, қабынуға қарсы да қасиеттері анықталған.

Балдың химиялық құрамы шырын жинаған  өсімдіктердің түріне, топырағына, ауа райының жағдайына және балдың түрлеріне байланысты өзгереді. Балдың сапасы негізінен хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдылығы, қоректік және жабысқақ қасиеттері арқылы ажыратылады.

Өте құнарлы, тойымды болғанына  қарамастан құрамында ауыр қорытылатын элементтер кездеспейді. Бал құрамы қанға, одан жасушалар мен тіндерге тез сіңіп кететін көмірсулар, белоктар, протеиндер (аминқышқылдары мен органикалық қышқылдар) минералды тұздар (калий, кальций, натрий, темір, хлор тұздары және күкірт т.б.), пайдалы микроэлементтер мен ферменттерге (каталаз, липаз, амилаз) өте бай. Құрамындағы фруктоза, глюкоза және құрақ қант – бұлардың барлығы да адам ағзасына аса қажетті заттар.  

Бал төзімділікке жақсы, көңіл-күйді жақсартады. Егер арнайы қарсы көрсетілімдер болмаса, ересек Адам күніне 1 шай қасық бал жеу керек. Балды шайға, лимонмен қосып ішуге болады, бірақ қатты ыстық болмасын, өйткені ол 40 C кезінде өзінің қасиетін жояды.

 

 

Ара шаруашылығында ең басты және ең бағалы өнім - бал. Құрамына қант қосылмаған бал табиғи бал болып саналады. Өсімдіктерде қанттың аз болғанынан, кейбір арашылар өздерінің араларын қантпен асырайды. Табиғи екенін тек лабораторияда анықтауға болады. Балды таңдаған кезде өте абай болыңыздар! Өмірде табиғи балды ажырату оңай емес.Қантты бал араны қант шырынымен қоректендіру арқылы алынады.Сатушылар оны табиғи балға араластырып сатады.Бұл орайда табиғи,жасанды балды ажыратуға ешкандай сараптама көмектеспейді.Жасанды балдың құрамында қант,қант крахмалы,ұн,желім,гипс болады.Оның кейбірін үй жағдайында анықтауға мүмкіндік бар.Ол ушін бір стақан қайнағансу аласыз да оған балды араластырасыз(бір стақан суға жарты стақан бал).Сол кезде тұнбаның төменгі жағында немесе бетінде механикалық қалдықтар шыға келеді.Ол-балдың құрамында крахмалдың бар екендігінің айғағы.

Кеңес дәуірінде балды көп қолданды, тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы кезінде оны көбісінің пайдалануға мүмкіндіктері болмады, тек соңғы жылдары біздің рационда көптеп көріне бастады.

                                    Балдың емдік  қасиеттері 

 Аралар - аса пайдалы жәндіктер. Олардан қоректілігі мол, жұғымды, емдік, қантты өнім - бал, сондай-ақ фармацевтика, электротехника, авиация өнеркәсіптерінде пайдаланылатын органикалық зат - балауыз алынады. Аралардан прополис (ара желімі), ара уы, гүл тозаңы, биологиялық белсенді заттары бар және емдік әсері өте күшті сүт алынады. Ара балы жайында не білеміз?  Балдың емдік қасиеттеріне  тоқталар болсақ, емдік қасиеті ерте кезден белгілі болып, түрлі ауруларға қарсы әркім өзінше пайдаланып келген. Суық тигенде, жүрек, бауыр, өкпе, бүйрек, асқазан, ішек, жүйке ауруы, сондай-ақ қан қысымынң көтерілуі сияқты дерттерге шипа. Оны көпке созылып, асқынып кеткен жарақатқа да жағуға болады.

 

Мәселен : 
1.Суық тигенде. Суық тигенде, тұмауратқан кезде юалды ыстық сүтке немесе лимонның шырынына қосып, науқастан әбден айыққанша ішкен дұрыс. Ол үшін бір стакан ыстық сүтке бір шай қасық бал және сары май қосып ішеді. Ал сүт жақпайтын адамдар үшін бүтін бір лимонның шырынына 100 грамм бал қосып, әбден езілгенше араластырып, сұйықталған соң пайдалануына болады. Оны ішкенде екі-үш күндей жылы жатқан жөн. Жөтелді басу үшін пияздың сөліне бал, сары май не қойдың майын қосып ішкен дұрыс.. 
2.Асқазан, ішек ауырғанда. Асқазан, ішек науқасына шалдыққан, не қышқылы аса көбейіп немесе керісінше азайып кеткен адамдардың да балды ем ретінде пайдаланғаны жөн. Әсіресе, асқазанда жарасы бар науқас тамақтың алдында бір жарым, екі сағат кейін үзбей бал жеп отырса, ауруы бәсеңсіп, жүрек айнуы мен асқазанның қыжылдауы басылады, әрі бал қанның құрамындағы гемоглабинді көбейтеді. Қышқылы аз адамдар бір қасық балды тамақты ішер алдында ғана жесе, ол қорытатын шырынның көбірек бөлінуіне әсер етеді. Ал қышқылы көп адамдар тамақтан 1,5-2 сағат бұрын пайдаланса, асқазан қышқылын азайтады. 
3.Бал жараға да ем. Бал күйген жерге де пайдалы. Күйікке балды күніне екі рет жағып отыруы керек. Жараға жағатын дәріні 60 гр балға бір шай қасық балық майын қосып, жақсылап араластырып жасайды. 
4.Жүрек ауырғанда. Бал жүрек ауруы бар адамдарға да таптырмайтын ем. Оны белгілі бір мөлшерде анардың шырынына қосып та ішеді. Қатарынан бір-екі ретүзбей ішкен ауру адамның жағдайы әжептеуір жақсарады. Кеудесі жиі қысылып, жүрек соғуы нашарлаған адамға да бал жақсы көмектеседі.  
5.Бауыр ауырғанда. Балды бауыр және өт жолы ауыратын адамдар көбірек пайдаланады, оны белгілі бір мөлшерде ақ ірімшікке, сәбізге, лимон шырынына қосып, жеген дұрыс. Кейде тұрыптың ішін үңгіп, оған балды толтырып қойып, 3-4 сағаттан соң дайын болған шырынды өт жолы

 

 

 

ауыратын ересек адамға ас қасықпен, ал балаға шай қасықпен, күніне 2-3 рет беру керек. Мұндай әдіс өт жолы мен бүйрекке құм, тас жиналудан сақтайды.  
Қорытынды. Емдік қасиеті мол тағам түрлерінің ішінде табиғи балдың алар орны ерекше. Халық медицинасы бал арқылы ем қабылдауды осыдан 4000 жыл бұрын білген-ді. Грек елінің ұлы ғалымы Пифагор «Ұзақ өмір сүрудің себебі - балды жиі қабылдағаннан» десе, әлемге әйгілі медицина ғалымы, жазушы Абу ‘Али Ибн Сина (Авиценна, 980-1037 ж.ж): «Егер жастық шағыңды сақтап қалғың келсе, балды жиі же!» - деген екен.

Балдың қуаты жоғары.Оның 1 келісі 3150кал қуат береді.Ол адам ағзасын  дәрумендермен,белокпен,ферменттермен  тағы да басқа тіршілікке қажетті  заттармен байытып,қамтамасыз етеді.Балды  құрғақ,жақсы желдетілген бөлмеде 5 градустан 10 градусқа дейінгі температурада сақтайды.

Негізінен,ара балы бір  шырынды және көп шырынды болып  бөлінеді.Бір шырынды бал-тек  өсімдіктердің бір түрінен ғана жиналған шырын.Оны өсімдіктердің  түріне қарай –«қарақұмық балы», «жөке ағашының балы» деп неше түрлі атайды.Көп шырынды бал-өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын.Оны табиғи бал беретін өңірлерге байланысты дала балы,тау балы,бақ балы деп ерекшелейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан  Республикасы Білім  және  Ғылым  министрлігі

Д.И. Менделеев  атындағы  № 15 мектеп – лицей

 

 

 

 

 

 

 

Сынып  сағаты  : 

Балдың  ағзаға пайдасы

 

Тажибекова   Д.Д

8 «Д» сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент  2013


Информация о работе Балдың пайдасы