Бет жақсүйек аймағының (лимфа түйіндерінің және шырыш қабаттарының) туберкулезі дифференциальды диагностикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2014 в 21:04, реферат

Описание работы

Этиология мен патогенез
Біріншілік және екіншілік туберкулез
Ауыз қуысы шырышты қабаты мен тері туберкулезі, дифференциальды диагностикасы
Бет жақсүйек аймағы лимфа түйіндерінің туберкулезі, дифференциальды диагностикасы

Файлы: 1 файл

Муканов.pptx

— 394.67 Кб (Скачать файл)

Семей Мемлекеттік Медицина Университеті  
Балалар жұқпалы аурулары және фтизиатрия кафедрасы  
 
ИӨЖ 
Тақырыбы: Бет жақсүйек аймағының  (лимфа түйіндерінің және шырыш қабаттарының) туберкулезі дифференциальды диагностикасы

 

Орындаған: Муканов Д.К.

Тексерген: Кубышова А.К.

Жоспар:

 

    • Этиология мен патогенез
    • Біріншілік және екіншілік туберкулез
    • Ауыз қуысы шырышты қабаты мен тері туберкулезі, дифференциальды диагностикасы
    • Бет жақсүйек аймағы лимфа түйіндерінің туберкулезі, дифференциальды диагностикасы

Этиология. Патогенез

 

    • Этиологиясы: туберкулез микобактериясы

 

    • Патогенез: инфекцияның таралу көзі жиі туберкулезбен ауыратын науқас адам, сирек науқас ірі қара малдан сүт арқылы алиментарлы жолмен. Туберкулез дамуында иммунитет пен осы инфекцияға адам организмінің төзімділігі маңызды орын алады.

 

Біріншілік және екіншілік туберкулезді зақымдануды ажыратуға болады

 

    • Бет-жақсүйек аймағы лимфа түйіндерінің біріншілік зақымдануы туберкулезді инфекцияның тіс, бадамша безі, ауыз бен мұрын қуысының шырышты қабаты, бет терісінің қабынуы немесе зақымдалуы кезінде түскенде туындайды.

 

    • Бет-жақсүйек аймағының екіншілік туберкулезді зақымдануы біріншілік эффект өкпе, ішек, сүйек, сонымен қатар генерализденген формадағы белсенді туберкулезді үрдісте пайда болады.

 

Ауыз қуысы шырышты қабаты мен тері туберкулезі

 

    • Ауыз қуысының шырышты қабаты туберкулез микобактериясының өсуіне қолайсыз орта болып табылады. Әдетте олар енгеннен кейін тіпті өкпелік туберлезі бар бациллярлы науқастарында да өледі. Осыған байланысты ауыз қуысының туберкулезі сирек кездеседі.
    • Біріншілік туберкулезді қосынды түріндегі біріншілік туберкулез бен туберкулезді қызыл жегі, скрофулодерма мен миллиарлы-жаралы туберкулезді типіндегі екіншілік  зақымдалу түрлерін ажыратады.  Қызыл жегі мен скрофулодерма әдетте оң туберкулинді реакциямен, ал миллиарлы-жаралы туберкулез – теріс ( жалған анергия) реакциямен өтеді.

Ерін мен ауыз қуысы шырышты қабатының біріншілік туберкулезі

 

    • Біріншілік туберкулезді комплекс ( шанкр) сирек кездеседі, негізінде балаларда. Зақымдалу ауа-тамшылы жолмен немесе алиментарлы жолмен жүреді. Инкубациялық уақыт өткеннен кейін ( 1-4 апта) инфекцияның ену қақпасы тұсында түбі кір-сұр және шеттері тегіс емес көлемі 1-1,5 см ауырсынатын жара пайда болады. 2-4 аптадан кейін жара ұлғаяды, бір мезгілде аймақты жақсүйек асты лимфа түйіндері қатаяды. Олар басында қозғалмалы, біраз уақыттан кейін іріңдеп өзегі ашылады. Бұл балаларда, әсірезе омыраудағы балаларда өте ауыр ағымда өтеді. 

Туберкулезді қызыл жегі

 

Ауыз қуысы шырышты қабаты мен тері туберкулезі арасынан жиі кездесетін, созылмалы ағымға бейім болып келеді. Көбінесе  бет терісі (70%), әсіресе мұрын, ауыз маңы, құлақ қалқаны ( мочки), мойын, сирек қол-аяқ, дене терісі зақымдалады.

    • Біріншілік элементі- төмпешік ( люпома). Ол шектелген, жалпақ немесе теріден біраз шығып тұратын, түйреуіш басы көлемді, қызыл немесе сары-қызыл жұмсақ, ауырсынбайтын түзіліс, перифериялық өсуге және қасындағы элементтермен бірігуге бейім.
    • Диаскопия тәсілімен (заттық шынымен люпоманы басқан кезде) “алма желесі” симптомын анықтаймыз, яғни төмпек сары-қоңыр түсті. Төмпек бәтін түйреуіш металлды зондпен әлсіз басқанда шұңқыр пайда болады, ол көпке дейін сақталады – Поспелов зондының опырылу симптомы. 
    • Клиникалық ағымында : инфильтаривті, төмпекті, жаралы, тыртықтану кезеңдерін ажыратады.
    • Туберкулезді қызыл жегінің жаралы, эксфолиативті, псориазды формалары бар.

 

 

    1                                          2                                                       3

 

 

 

 

 

 

                                                                                           4

1 – шектелген сопақ жара ( шеті  қопарылған және жаңа, жеңіл қанталайтын  грануляциялар)

2 – туберкулезді қызыл жегі ( қызыл  иекте)

3-  бет терісіндегі туберкулезді  қызыл жегі

4-   туберкулезді қызыл жегі, “ алма  желесі” симптомы

  

 

    • Скрофулодерма – сирек кездеседі. Ол теріасты клетчаткадан шығатын көлемі жаңғақ тәрізді тығыз түйіндердің  пайда болуымен көрініс табады. Олар біраз уақыттан кейін баяу жібіп, тері мен шырышты қабаты көкшіл – қызыл реңді болып өзгереді.
    • Көп кешікпей түйіндер ашылып, жаралар мен жыланкөзді жолдар түзіледі. Жаралардың шеті желінген, оның түбінде әлсіз грануляциялар, олар жазылғанда көпіртәрізді, шашақты тыртық тудырады.
    • Тері туберкулезі.
    • 4-6 суреттер – Туберкулезді қызыл жегі: 4 – люпомалар; 5- кең  түрде зақымдалу ( қосылған люпомалар); 6 – жаралы форма
    • 7 – скрофулодерма
    • 8 – сүйелді тері туберкулезі
    • 9 – миллиарлы диссеминирленген бет терісі туберкулезі

Милиарлы-жаралы туберкулез

 

    • Ол тыныс алу жүйесінің бациллярлы туберкулезінің асқынуындағы науқастарда кездеседі.
    • Ауыздың шырышты қабаты, қол-аяқ, жамбас терісінде ұсақ, тез жараланатын қатты ауырсынатын түйіндер, олар бір-бірімен қосылып ірі ошақтар ( 2,5 см) түзеді. Жаралары терең емес, қисық формада, жиектері желінген, жұмсақ. Айналасында қабыну реакциясы. Жара түбі тегіс емес, қызыл, сұр-сары-қызыл түсті, емізік тәрізді өсінділермен, кейде нүктелі қанталау мен кіші іріңді жабындымен жабылған. Мұндай жараның түбінің жиектерінде сары немесе сары-сұр түсті миллиарлы төмпектер, микроабсцесстер ( Трель дәндері) орналасады. Жара бөліндісінде туберкулез микобактериялары анықталады.
    • Ауыз қуысының миллиарлы-жаралы туберкулезі жиі таңдай мен тіл, сирек қызылиек пен ұртта оргалсады.
    • Жиі ер адамдар  ауырады.

Ауыз қуысы шырышты қабатының созылмалы рецидивті афтозды стоматит, туберкулезі, сифилис пен жаңа түзілістерінің дифференциальды-диагностикалық белгілері

 

Белгілер

Созылмалы рецидивті афтозды стоматит

Туберкулезді зақымдалу

Біріншілік сифилома

Жаңа түзіліс

Жасы

Кез келген

Орта

Жас адам

Егде жас

Жара формасы

Жиі сопақ, домалақ

Дұрыс емес

Домалақ, сопақ, саңылау тәрізді анық шекарасымен

Біріншілік ошақтың орналасу жеріне байланысты

Жара шеттері

Жұмсақ

Желінген, қопарылған, жұмсақ

Қалың, жұмыр, тегіс

қалың, көтерілген, тегіс емес, жиі желінген


Белгілер

Созылмалы рецидивті афтозды стоматит

Туберкулезді зақымдалу

Біріншілік сифилома

Жаңа түзіліс

Түбі

Жалпақ, ақшыл, сары қабыршақпен жабылған

Жеңіл қанталайтын грануляциямен жабылған, Трель дәндері көрінеді – ұсақ абсцесс

Ескірген қабыршақпен жабылған, оны алғанда қызыл қанды түсті эрозия түзіледі, ол шеміршектәрізді спецификалы инфильтратта орналасады.

Тегіс емес, тұтқыр қанды іріңді ыдырайтын масса немесе қыртыспен жабылған, оның астында грануляция немесе вегетацияны көруге болады

Ауырсыну белгісі

Ауырсыну бар

Өткір ауырсыну

Ауырсыну жоқ

Алғашында ауырсыну жоқ, бірақ екіншілік инфекцияның қосылуына байланысты ауырсыну болады


Белгілер

Созылмалы рецидивті афтозды стоматит

Туберкулезді зақымдалу

Біріншілік сифилома

Жаңа түзіліс

Өсуге бейімділігі

жоқ

Негізгі элементтің перифериясында жаңа, біріншілік түзілістермен бірігетін қосылыстар қалыптасады

жоқ

Ісіктің түріне байланысты ( ішке немесе периферияға өсуі)

Цитологиялық зерттеулер

Эпителиальды клеткалар

Алып Лангханс және эпителиальды клеткалар

Бозғылт трепонема

Атипті эпителиальды клеткалар

Серологиялық реакциялар

теріс

Манту реакциясы оң

Жұқтырғаннан кейін 6 аптадан соң Вассерман реакциясы оң

теріс


Бет жақсүйек аймағы лимфа түйіндерінің туберкулезі

 

    • Зақымдалу біріншілік инфицирленуден кейін ( әдетте балалар мен жасөспірімдерде), сонымен қатар екіншілік туберкулездің көрінісі ретінде туындайды. Шектелген және бет жақсүйек пен өкпелік туберкулезінің  формаларымен бірге кездеседі.
    • Зақымдалудың 3 түрін ажыратады:
    • Инфильтративті – перифокальды қабыну мен интоксикация белгілерінсіз лимфа түйіндеріндегі қабынулы гиперплазиямен ұлғаюы;
    • Казеозды – ірімшікті некроз, жиі жыланкөздің дамуы. Ұлғайған лимфа түйіндері конгломерат түзіп перифокальды қабынумен сипатталады; пальпацияда ауырсынады, айқын интоксикация;
    • Индуративті – лимфа түйіндері мен оны қоршаған тіннің фиброзы мен әктенуі дамиды

 

Бет жақсүйек аймағы лимфатүйіндерінің шектелген туберкулезі бар науқастарда сәйкес шағымдары немесе “виражды” туберкулинді реакция арқылы анықталады. Туберкулез микобактериясының табылуы маңызды диагносткалық белгі болып табылады. Спецификалы лимфаденит диагнозының нақтылануында пункциялық биопсия немесе лимфа түйіндері алынып биоптатты гистологиялық зерттеу орындалады.

    • Зақымдалған аймақтың ренгенографиясы маңызды әдіс.
    • Балаларда төменгі жақсүйекасты және мойын лимфатүйіндерінің зақымдалуынан басқа микрополиаденит кездеседі.

 

    • Лимфа түйіндерінің туберкулезін  келесі аурулармен дифференциальды диагностикасы жүргізіледі:
    • Арнайы емес созылмалы лимфаденит
    • Лимфа түйіндерінің актиномикозы
    • Қанның жүйелі аурулары
    • Ісік ауруларымен

 

    • Бейспецификалы созылмалы лимфаденит қабыну аурулардың рецидивті, созылмалы ағымды әлсізвирулентті микробты флора әсерінен ( созылмалы тонзиллит, тістің қабыну ауруы, микрожарақаттар) немесе жедел лимфадениттің салдарынан дамуы мүмкін . Созылмалы лимфа түйіндерінің қабынуы продуктивті сипатта өтеді. Оның іріңді формаға ауысуы сирек.  
    • Клиникалық көрінісі: лимфа түйіндері ұлғайған, қатты, қатты ауырмайды, бір –бірімен және айналасындағы тіндермен бірікпеген. Лимфа түйіндері ұзақ уақыт ұлғайған.
    • Диагностикасы: аурудың клиникалық белгілері, күдікті жағдайларда пункциялық биопсия немесе гистологиялық зерттеу жүргізіледі.

 

    • Актиномикоз – Actinomyces туысының гифтүзуші бактериялармен шақырылатын ауру. Актиномицеттер ауыз қуысы шырышты қабатының қалыпты микрофлорасына жатады. Актиномикоздың дамуы үшін организмнің бейспецификалы қорғаныс қызметінің төмендеуі керек. Актиномицеттердің бет жақсүйек аймағына енуі тіс жегісі, патологиялық қызылиекті қалта, ауыз қуысы, араң, мұрын шырышты қабатының, сілекей бездері жолдарының зақымдалуы арқылы жүзеге асады. Ауру ұзаққа созылады, лимфогенді және гематогенді жолмен таралуға бейім.
    • Актиномикоз кезіндегі морфологиялық сипатқа экссудативті және пролиферативті өзгерістері тән.
    • Қанның серологиялық реакциясының, актинолизатпен тері сынамасы мен бөліндінің цитологиялық зерттеудегі саңырауқұлақты друзаның табылуының   диагностикалық маңызы зор.

Информация о работе Бет жақсүйек аймағының (лимфа түйіндерінің және шырыш қабаттарының) туберкулезі дифференциальды диагностикасы