Безгек ауруы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2013 в 11:47, реферат

Описание работы

Безгек (Маlаrіа - безгек) — бұл инфекциялық қан ауруы, ол адамды қалтыратып, аласұрғызады Бұл безгекпен ауыратын адамның қанынан безгек паразиттерін сорып алатын шыбын-шіркейлер, маса-соналар арқылы тарайды және олар басқа адамды шагып, оның қанына безгек инфекциясын түсіреді, бірнеше мәрте қайталатын ауру түрі.

Содержание работы

• 1 Этиологиясы
• 2 Эпидемиологиясы
o 2.1 Ауыратындар
• 3 Патогенезі
• 4 Клиникасы
o 4.1 Безгектің әртүрлі түрлерінің клиникалық ерекшеліктері:
• 5 Асқынулар
• 6 Анализ жасау және емдеу жолдары
o 6.1 Емі
o 6.2 Аурудың соңы
o 6.3 Диспансеризация
• 7 Алдын алу жолдары
• 8 Пайдаланылған әдебиеттер
• 9 Дереккөздер

Файлы: 1 файл

безгек.docx

— 162.10 Кб (Скачать файл)
  1. Өзіңізді шыбын-шіркей, масадан аулақ ұстаңыз. Олар жоқ жерге немесе масаханада үйықтаңыз. Баланың бесігін маса кірмеу үшін жұқа матамен жауып қою керек.
  2. Безгектен сезіктенсеңіз жедел емдеуге кірісіңіз. Сіз емделіп, сауыққаннан кейін сізді шаққан шіркей басқаға ауруды таратпайды
  3. Осы ауруды емдейтін органдармен, олардың өкілдері сіздің ауылыңызға келген кезде, ынтымақтасып жұмыс істеңіз. Егер сіздің отбасы мүшелерінің бірінің ыстығы көтерілсе, оларға бұл жөнінде хабарлап, айтыңыз және олардың қан алып, анализ жасауына мүмкіндік жасаңыз.
  4. Шіркейлерді және оның ұрықтарын құртыңыз. Шіркейлер лас суда тез көбейеді. Тоғандарды, шұңқырларды, лас су жиналып қалатын ескі банк немесе құтыларды тазартыңыз. Шіркейлер көбеюі мүмкін барлық су тоғандарын немесе батпақты құрғатыңыз. Құмдарды бамбук қадаларымен толтырыңыз.
  5. Безгекке қарсы дәрілерді ұдайы пайдалану арқылы безгекті болдырмауға болады немесе оның таралуын елеулі түрде азайтуға болады.
  6. Безгекті шеттен енгізуге қарсы шаралар
  7. Аурулар мен паразит тасымалдаушыларды уақытында айқындап емдеу
  8. Химиопрофилактика және этиотропты препараттар:
  • безгек ұстамасының тоқтауына
  • тасымалдаушылық қалыптасуына қарсы

 

 

Жер бетінде безгек ауруы адамнан бұрын пайда болған. АҚШ-тың Орегон университетінің ғалымдары American Entomologist ғылыми басылымында осындай мәліметті жария етті. Зерттеушілер кәріптастарда (янтарь) сақталған ежелгі жәндіктерді сараптамадан өткізген. Соның нәтижесінде патогендердің кем дегенде 100 млн жыл бұрын пайда болғанына көз жетті. Безгек таратушы масалар жер бетінде адам пайда болмай тұрып-ақ ауру тарата алған. «Безгек паразиттері ғаламшарымыздың түрлі мекен етуші ағзаларының бірінен екіншісіне ауысып, тіршілік еткен. Бұған тасқа айналған жәндіктер ағзасынан табылған гендер дәлел. Демек, біз үшін безгекпен күресу қиынға соқпақ», – дейді ғалым Джордж Пойнар. Айта кетейік, малярия немесе безгек ауруы жылына миллионнан астам адамды өлтіретін қауіпті инфекция саналады.

 

Безгек бойынша эндемиялық елдерге баратын азаматтар үшін жадынама

Безгек - ауру адамнан сау адамға масалардың шағуы арқылы берілетін  паразитарлық ауру, безгекті қарапайымдылардың Plasmodium түрі тудырады: P. Falciparum, P. Vivax, P. Ovale және P. мalariae  Тропикалық елдерде P. Falciparum кең таралған, науқасқа жедел медициналық көмек көрсетілмеген жағдайда,  безгек өлімге әкеп соғуы мүмкін. ДДСҰ деректері бойынша  жыл сайын  эндемиялық елдерде аурудың 300 миллион жағдайы безгектен туындайды және балалар өлімінің басты себебі болып табылады. 
 
Безгек қоздырғыштарын тасымалдаушы Anopheles масалары. Сондықтан ауру таратудың кеңістігі масалар шоғырланған жерлермен қатаң шектелген. Безгектің  белсенді ошақтары ыстық және жылы тропикалық елдерде: Оңтүстік-Шығыс Азия, Орталық және Оңтүстік Америка, Африка, ТМД - Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстанда.  
 
Сілекейінде безгек қоздырғыштары бар масалар сау адамды шаққанда ауруды жұқтырады. Масаға жұқпа  көзі  болып безгекпен ауырған адам болып табылады. Науқастың қанымен қоректенген маса безгек қоздырғыштарын жұтады, соның салдарынан басқа адамға таратады. Масаның ішіне паразиттердің жыныссыз сатысы жойылып кетеді де, ал жыныстық жасушалар яғни гаметоциттер ұрықтанып өсіп дамиды, нәтижесінде безгекті жұқтырған масаның сілекейінде спорозоиттар пайда болады. Маса шаққанда сілекейімен сау адамның организміне спорозоиттарды жібереді. Спорозоиттер адамның бауыр клеткаларына түседі, онда паразиттің бұдан арғы даму процесі жүреді. Соңғы сатыда паразиттің дамуы эритроциттерде  жүреді,  нәтижесінде жыныстық жасушалар пайда болады. 
Безгекті жұқтырған науқас адамның эритроциттері масаға жұқтыру көзі болып табылады. Безгек қоздырғышымен залалданған қан масаның ішіне түседі, онда паразит дамуының екінші циклі басталады. Мұндай маса безгекті тасымалдаушы болып табылады. 
 Безгекті патогенді қарапайымдыларға жататын қоздырғыштардың 4 түрі туғызады. Адам организмінде тропикалық безгек үшін безгек қоздырғыштарының өмір сүру уақыты емделмеген жағдайда  1,5 жылды және безгек қоздырғыштарының басқа түрлері үшін 3 жылдан артық уақытты құрайды.  
Безгек мерзімділік ұстамамен, бауыр және көк бауырдың үлкейуімен, қан аздылықпен, ауру белгілерінің қайталанып отыруымен сипатталады. Паразиттің түріне байланысты аурудың жасырын мерзімі 8-30 күнді құрайды, инкубациялық мерзімнің  ұзақтығы 6 айдан 3 жылға дейін болуы мүмкін.  
Безгекке тән белгілер:  ұстамалы қызба, қалтырау (2-3 күн), тоңу, дене қызуының жоғарлауы және күрт төмендеуі, денені тер басу. Қалтырау мен ұстамалы қызба-қызыл қан түйіршіктерінің (эритроциттердің) бұзылуынан паразитттердің тіршілік ету барысында бөлінген уытты заттардың қанға түскендігін көрсетеді. Безгек паразиттерінің(мерозоиттар)біраз бөлігі қанға түскеннен кейін жойылады, ал біразы жаңа эритроциттерге енеді. 
Ұстамалы қызба безгектің түріне қарай күн сайын немесе әр 2 -3 күн сайын қайталанып отырады. Бірнеше аптадан кейін жоғарыда аталған ауру белгілері өздігінен басылады да, аурудың жасырын созылмалы түрі басталады. Адам иммунитеті төмендеген кезде ауру белгілері қайталануы мүмкін.  
 
Безгек ауруларының ішінде тропикалық безгек өте ауыр түрде өтеді, уақытында ем қабылдамаса  науқас адамның миына зақым келіп, өлiп кетуі мүмкін. Безгектің осы түрі кезінде науқастың дене қызуы (39-40°С) көтеріледі, басы қатты ауырады, ұйқышылдық басып, сандырақтайды,  санасы шатасады.  
 
Безгекті өздігінен емдеуге болмайды. Аурудың клиникалық белгілері болса немесе оған сезіктенген жағдайда дереу дәрігерге қаралып, қанды тексерту қажет.  
Безгектiң алдын алу жолдарын ең алдымен  осы ауру кең тараған елдерге баратын адамдар жақсы  бiлуге тиiстi.  
Безгек ауруынан оған қарсы дәрі-дәрмектерді қабылдау және масалардың шағуынан қорғану арқылы сақтануға болады. 
Безгек ауруына қарсы вакцинаның жоқ болуына байланысты, алдын алу мақсатында тек химиялық препараттар қолданылады.  
 
Безгекке қарсы күрестің барынша тиімді түрі-науқасты және паразит тасымалдаушыны ерте анықтау болып табылады. Сондықтан, Қазақстанға қайтып келгеннен кейін тұрғылықты жері бойынша учаскелік дәрігерге безгек ауруы бойынша  эндемиялық елден келгендігі туралы хабарлап, дене қызуы көтерілген жағдайда бірден  емдеу алдын алу мекемелеріне барып, қанды безгек ауруына тексерту қажет. 
Безгек ауруына эндемиялық елдерден тұрақты тұру үшін көшіп келген азаматтар безгек ауруына тексерілулері қажет. Безгек ауруы кең тараған елдерге  баратын барлық Қазақстан Республикасының азаматтары осы елдерге барар алдында міндетті түрде емдеуші дәрігерініне қаралып, безгектің алдын алу шараларымен танысуы және безгекке қарсы қолданылатын  химиялық препараттарды қабылдау жөнінде кеңес алуы керек.  Дәрінің мөлшері мен қабылдау тәртібін дәрігер анықтайды. Безгектің алдын алу үшін қолданылатын  дәрілерді эндемиялық елдерге баруға бір апта қалғанда  қабылдау керек.  
 
Безгекке қарсы дәрілерді ұдайы пайдалану арқылы ғана тропикалық елде безгектен сақтануға болатынын естеріңізден шығармаңыздар!  
 
Безгектен қорғанудың ең қарапайым жолы- масаны денеге жолатпау болып табылады. Безгек масалары адамды түнгі уақытта шағады, сондықтан қараңғы түскеннен кейін  үйге кіру қажет.  Кеш уақытында  денені толық жауып тұратын киімдерді киіп, терінің ашық қалған жерлеріне репелленттерді жұқа етіп жағу керек.   
 

 

 

Химиялық препараттар арқылы безгектің алдын алу.  
 
Көбінесе делагил препараты (хлорохин) қолданылады, оны эндемиялық  аумаққа баруға бір апта қалғанда қабылдай бастайды. Безгек ауруы кең тараған  эндемиялық елде болған кезде делагилді аптасына бір рет қабылдайды. Тропикалық безгектің алдын алу үшін аптасына бір рет мефлохинді(лариам)-1таблеткадан қабылдау керек. Мефлохинді қабылдауға қарсы көрсетілімдер: жүктілік, автокөлікті жүргізуге байланысты қызмет түрлері, психикалық аурулар. Соңғы уақытқа дейін қолданылып келген делагил препараты безгекке қарсы қолданылатын  дәрілерге  тұрақты  тропикалық безгектен толық қорғай алмайды. 
 
Алдын алу ережелерiн бұлжытпай орындаған жағдайда ғана, өзіңді безгек ауруын жұқтырудан сақтауға болатынын естен шығармаңыз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  • Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет.

ISBN 5-615-01453-9

 

  1. ↑ Патологиялық анотомия терминдерінің, орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8
  2. ↑ WebMD > Malaria symptoms Last Updated: May 16, 2007.
  • http://ru.wikipedia.org/wiki/Малярия

Информация о работе Безгек ауруы