Білім берудің жаңа парадигмасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 14:42, лекция

Описание работы

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар – адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.

Содержание работы

1.Кіріспе.
2.Негізгі бөлім.
Педагогикалық парадигма
«Қазақстан - 2030» стратегиясы.
Ақпараттық оқыту технологиялары.
Қазіргі кездегі білім берудің жаңа парадигмасы
Парадигмалардың ерекшеліктері.
3. Қорытынды.
4. Қолданған әдебиеттер тізімі.

Файлы: 1 файл

Балтабаева Г,Ф срс педогогика.pptx

— 525.57 Кб (Скачать файл)

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті 
Мейірбике ісі  кафедрасы

 

 

СРС

Тақырыбы: Білім берудің жаңа парадигмасы.

 

 

 

 

Орындаған:Балтабаева Г.Ф.

Тексерген: Утебаева С.С.

 

Қарағанды 2013

Жоспар:

 

  1.Кіріспе.

2.Негізгі  бөлім.

   Педагогикалық парадигма

   «Қазақстан - 2030» стратегиясы.

    Ақпараттық оқыту технологиялары.

     Қазіргі кездегі білім берудің жаңа парадигмасы

Парадигмалардың ерекшеліктері.

3. Қорытынды.

4. Қолданған  әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

 

    • Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар – адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау. 
       

«Парадигма» латын тілінен аударғанда«үлгі» деген мағынаны білдіреді. Ал қазіргі педагогикада білім берудің концептуальдық моделі ретінде қолданылып келеді. Білім беру парадигмаларының көптеген түрлері бар. Кейбір ғалымдар білім беру парадигмаларының көп түрлілігін педагогикалық өркениетке байланыстырады, адамзат қоғамы көптеген сатылардан: табиғи және репродуктивті-педагогикалық өркениеттен өтіп, креативті-педагогикалық өркениетке енуде деген пікірлер айтылуда.

    • Бұл педагогикалық өркениет мұғалім іс-әрекетінің жаңа қырларын аша отырып, кәсіби педагогикалық сапалары мен қызметтерін түбегейлі түрде жаңартуды талап етеді. Бұл ізденістердің жарық жұлдызы ретінде педагогикалық парадигма, яғни адамзат қоғамының әлемдік әсер тәсілдерін меңгеруі мен педагогикалық ой-өріс пен қарым-қатынастың онтологиялық және жеке аспектілерін қамтитын жүйесі ретінде алға шығады.
    • Білім берудің жаңа бағыттарының басты ерекшелігі – оқытудың нәтижесін алдын-ала болжап, оқушылардың қызығушылықтары мен ізденімпаздығы негізінде білімі мен біліктерін жетілдіріп, оны сана «сүзгісінен» терең зерделей отырып, шығармашылық әлеуетін үнемі дамытуға және рухани толысуға ұмтылысын қалыптастыруды бағдар тұтады. 

Білім беру процесін жаңаша ұйымдастыру оның философиялық, педагогикалық-психологиялық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Бүгінгі философтар мен педагог - ғалымдар білім беру саласында жаңа оқыту технологиялары мен әдістерін енгізумен ғана шектелмей, білім берудегі дүниетанымдық ұстанымдарды қайта қарау, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасау қажеттігін дәлелдеуде. 
 

    • Білім беру саласындағы инновациялық процестердің күрделілігі мен қайшылықтары жаңа құбылыстармен әрекеттесу және жалпы орта білімді ізгілендірудің сапалы кезеңінде оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың мәселесін өзекті етуде. 
      Соңғы жылдары оқу-тәрбие процесіндегі жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқытуға үлкен мән берудің өзі еліміздегі өзгерістердің маңыздылығын көрсетеді.  
       

Көтеріліп отырған мәселенің өзектілігі Қазақстан Республиканың «Білім туралы» Заңында, ҚР стратегиялық дамуының «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, ҚР «Білім» бағдарламасында мемлекеттік саясаттың басты принциптері ретінде жеке адамның шығармашылық әлеуетін дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелерінде басты міндеттер қатарында қойылған.

    • Дегенмен, жалпы орта білім беру жүйесінде оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға қатысты іргелі және қолданбалы зерттеулердің болғандығына және бұл мәселенің маңыздылығына қарамастан, оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруды нәтижелі етуде әлі де шешілмеген мәселелер бар екендігі анық.  
       
    • Соңғы уақытта оқу-тәрбие процесін гуманизациялау, оның практикалық бағытын күшейту, дамытушылық қызметін арттыру мақсатындағы шаралар қолданылғанымен, оқу процесінде уақыттың басым бөлігі репродуктивті әдіске жұмсалып отыр, сондықтан оның нәтижесі мардымсыз сипат алуда. 
          Сонымен, ғылыми зерттеулер мен философиялық, психологиялық-педагогикалық еңбектерді және мектептегі оқу-тәрбие тәжірибесін талдау барысында төмендегідей қарама-қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік алдық: 
       
    • Мектептегі жас ұрпақтың ақыл-ойы, рухани дамуының негізі – оқылатын пәннің мазмұнына, оқу-тәрбие жұмысының мақсатқа сәйкестігі мен меңгеретін ғылыми білімдер жүйесінің шығармашылық сипатына байланысты. 
      Білім беру саласындағы реформалар бір жағынан әлемдік білім беру кеңістігіне сай өркендеуге ұмтылса, екінші жағынан ұлттық болмысты қалыптастыру мақсатында мәдени-тарихи құндылықтарға сай өзіндік бет бейнесін сақтауды көздейді. 
      Қазіргі кездегі білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында жеке тұлғаның шығармашылық бағыттылығы мен шығармашыл тұлғасын қалыптастыру мәселесіне қызығушылықтың артуы осы міндеттерді шешудің бағдары ретінде қарастырылып отыр. 
       

 мәдениетке деген үш амалға  сәйкес білім берудің тұжырымдамалық  үш үлгісі немесе үш парадигма  бар:  

 

    • 1.Дәстүрлі-консервативті (аксиологиялық амалға сай) білім беру арқылы мәдениетті сақтау, оң мәні бар.
    • 2.Рационалистік (әрекеттік амал) – басты назарда білім емес, әрекет ету тәсілдері.
    • 3.Феноменологиялық (тұлғалық амал) – мәдениет құбылысы, білім беру субъектісі ретінде адамға деген ізгілікті қарым-қатынас.

 

Парадигмалар мыналар бойынша ерекшеленеді:  

 

    • -білім беру мақсаттары бойынша,
    • -мектеп функцияларын түсіну бойынша;
    • -мақсатқа жету жолдары бойынша;
    • -педагогикалық әрекеттесу сипаты бойынша;
    • -оқушының білім берудегі позициялары бойынша.

 

Қорытынды

 

    • Қазіргі кезеңдегі білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында жеке тұлғаның шығармашылық бағыттылығын қалыптастыру - оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттегі шығармашылық қызығушылығына тікелей байланысты. Шығармашылық қызығушылық – тұлғаның ізденімпаздық қабілет сапасын дамытудың негізгі өзегі болып табылады. Себебі өмірдегі құндылықтардың барлығы да жаңашылдық бағыттар арқылы ғана іс-әрекетке тұрақты шығармашылық қызығушылық нәтижесінде танылып, болашақта өміршең дамуына мүмкіндік алады. Сондықтан шығармашылық қызығушылықты жеке тұлғаның дамуына, оның рухани жетілуінде мәні терең, мотивациялық, білімділік бағдар құндылығы ретінде танылуының маңызы зор.

 

Назар аударғандарыңызға рахмет!!!


Информация о работе Білім берудің жаңа парадигмасы