Оңтүстік
Қазақстан Мемлекеттік
фармацевтикалық академиясы
СӨЖ
Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдерде
ультракүлгін сәулелерінің жетіспеушілігінің
алдын – алу.
Орындаған:Боранбаева Қ.А
Тобы:405кдс
Қабылдаған: Байжуматова Б.Н
Күн сәулесі тимей, күн нұрының
қуатты қызуын сезінбеген баланың аяғы
қисайып, сүйектері басқадай деформацияға
ұшырауы мүмкін. Рахит — балаларда Д дәруменінің
жетіспеушілігінен және күннің ультракүлгін
сәулелердің аз түсуінен және дұрыс тамақтанбаудан
болатын ауру. Ол көбіне алғаш туған нәрестелерде
және 1-2 жастағы бүлдіршіндерде жиі кездеседі.
Ауруға шалдыққан баланың тірек-қимыл
аппараты бұзылады, жүйке жүйесі зақымданады,
минералдану мен сүйектің түзілуі өзгеріске
ұшырайды
Аурудың алғашқы белгісі әдетте
нәрестенің 1-2 айлығы кезінде біліне бастайды.
Бірақ бұл кезеңде көбіне сүйекте өзгеріс
байқалмайды. Рахит ауруы аурудың кезеңдеріне
байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Ал,
сәби 3-6 айлық болғанда ауру белгісі белең
ала бастайды. Жалпы сәбиге күн сәулесі
жеткіліксіз болса, күзде, қыста дүниеге
келген балалар осы дертке жиі шалдығады.
Ал күн сәулесі мол түсетін ыстық аймақта
бұл ауру сирек кездеседі. Сондай-ақ бала
таза ауада көп демалмаса, дұрыс тамақтанбаса,
6-7 айлық кезінде қажетті ақуыздарды бойына
жинамаса, рахитке шалдығу мүмкіндігі
жоғары болмақ. Тағы бір ескерерлік
жайт – нәресте жатырда жетілу кезінде
анасы дұрыс тамақтанбаса, жиі сырқаттанса,
босану сәті ауыр өтсе де осы ауруға шалдығуы
мүмкін.
Аурудың
алғашқы белгілері мынадай:
- Сәбидің ұйқысы бұзылады;
- Терісінде қызыл дақтар пайда болады;
- Мазасызданады
- Көп жылайды;
- Ұйқысы бұзылады;
- Мойнын әрі-бері көп бұрады,
- Шүйдесінде, желкесінде шашы түседі;
- Тершең болады;
- Терлегенде ащы иіс шығады;
- Асқа тәбеті тартпайды;
- Бауыр мен көкбауыр үлкейеді,
- Мезгілінде аяғына тұрып, жүре бастаудан кешігеді. Көбіне екі қолымен жер тіреп отырып қалғандықтан, қол жіліктері қисаяды. Жүре бастаған кезде аяқтары да қисаяды. Қабырғалары жұмсарып, олардың шеміршектері жуандап, кеудесінде бұдыр-бұдыр болып білінеді. Ауру асқынған кезде төс сүйегі алға бүкірленіп шығып тұрады немесе керісінше ішке қарай майысады. Басы үлкейіп, шүйде шашы сыпырылып, іші “қабақтай” болып, омыртқа жотасы бүкірейіп, екі иығынан дем алып, тыныс алуы қиындайды.
- Екінші реттік, яғни қайталанған рахиттың белгілері сәл басқаша болады. Ол мынадай түрге бөлінеді:
- Ұзақ уақыт дәрі-дәрмек қабылдағаннан пайда болған рахит;
- Ішкі секреция безінің дұрыс қызмет атқармауынан болған рахит;
- Бауыр қызметінің бұзылуынан болған рахит;
- Гендердің өзгеруінен (гипофосфатазия) болатын рахит.
- Рахитты емдемес бұрын дұрыс диагноз қойып алу қажет. Өйткені рахит пен өзге аурулардың белгілері ұқсас болуы мүмкін. Рахит ауруын диагностикалық тексеру кезінде өзге дерттердің де белгісі білінуі мүмкін. Ол қаңқаның нәзіктігі, диабет және гипотиреоз, яғни қалқанша без гармонының тұрақты жетіспеушілігі сынды аурулар.
Емдеу жолдары:
- Ең алдымен аурудың алдын алу жұмыстарын жүргізу керек. Егер аурудың алғашқы кезеңінде немқұрайлылық танытса, онда дерт дендей түседі. Бұны былай түсіндіруге болады: таза ауада жиі серуендемей, тар үйде көмір қышқыл газымен көп тыныстаған, «Д» дәруменін жеткілікті мөлшерде қабылдамаған, дәрігерлік тексеруден дер кезінде өтпеген бүлдіршіндерде бұл ауру ауыр жиі кездеседі. Ал ауру асқынған кезде оны ауыздықтау да қиынға түседі. Сырқаттанған балалар уақытылы емделмесе, кейін аурудың белгілері қалып қояды немесе созылмалы ауруға ұласуы ықтимал. Сондықтан дәрігерлермен қарым-қатынасты үзбеу керек.
- Массаж және емдік жаттығулар жасау, күн сәулесінен нәр алу, құрамында Д, А, В, С дәрумендер мен дәрі-дәрмектер(дәрігердің нұсқауымен) ішу және гигиеналық ванна қабылдау аурудың бетін қайтарады. Демек Д дәрумені сүйектердің жетілуі үшін қажет. Ол балық майында, сүт өнімдерінде көп болады. Сондай-ақ, рахитпен ауырғанда науқас баланың ағзасындағы фосфор-кальций алмасуы бұзылып, нәтижесінде сүйектерге калций тұзы дұрыс тарамайды. Ал бұл сүйектің жұмсаруы мен қисаюына әкеп соғады. Сол себепті емдеуді кешенді түрде жүргізу қажет. Алдымен кальций, фтор алмасуын реттеу керек. Жаңадан туылған нәрестелерге рахит ауруының алдын алу шарасы ретінде үшінші аптадан бастап Д дәруменін береді.
Аурудың
алдын алу
- Аурудың алдын алуда ең қажетті шарт: баланы 1 – 2 жасқа жеткенше, әсіресе, 6 айға дейін міндетті түрде емізу қажет. Сары түсті көкөністердің, жемістердің (сәбіз, асқабақ, сары өрік, т.б.) шырынын беру. Осы өнімдерді емшектегі сәбиі бар аналар да кеңінен пайдаланғаны жөн. Баланы таза ауаға жиі шығару қажет. Д витамині педиатрдың кеңесімен беріледі. Қисайған сүйекке ортопедиялық ем қолданылады.Баланы нәрленген сүтпен және Д витаминімен (балық майы) қоректендірген жағдайда бүл аурудың алдын алуға болады. Әйтсе де рахитті болдырмаудың ең ұтымды да жеңіл жолы сол, баланың денесі күн сәулесін күн сайын кем дегенде 10 минут бойына қабылдауы керек. Бүл орайда денені күнге күйіп кетуден сақтау қажет. Ешқашанда Д витаминінің дозасын артық және үзақ уақыт беруші болмаңыз, бұдан бала уланып қалуы мүмкін.
- Соңғы жылдары рахит ауруына шалдыққан балалардың саны азайып келеді. Мамандар мұны жаңа туған және алты айға дейінгі балалардың дұрыс тамақтануымен, ата-аналардың медициналық сауатының артуымен, алдын алу шараларының дер кезінде жүргізілуімен, қажетті мөлшерде күн сәулесімен қыздырынуынан, тиісті мекемелердің салауатты өмір салтын насихаттау жұмысының белсенді жүргізуімен, күз-қыс айларында туған нәрестелерге аурудың алдын алу мақсатында «Д» дәрумені тағайындалуымен, 0-5 жасқа дейінгі балалардың тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуімен байланыстырып отыр.
Аналарға
кеңес
Күн сәулесі тимей, күн нұрының қуатты
қызуын сезінбеген баланың аяғы қисайып,
сүйектері өзгеріске ұшырауы мүмкін.
Ананың емшек сүтін ұзақ емген баланың
иммунитеті күшті болады. Бұл кез келген
ауруға қарсы тұруға қауқарлы деген сөз.
Ол үшін ана дұрыс тамақтануы керек,
яғни тағамның құрамында ақуыз, май,
дәрумендер және минералды тұздар көп
болуы тиіс.Баланы ана сүтімен және Д дәруменімен
қоректендірген жағдайда бұл аурудың
алдын алуға болады. Баланың денесі күн
сәулесін күн сайын кем дегенде 10 минут
қабылдаған жөн. Әйтсе де теріні күнге
қатты күюден сақтау керек. Сонымен қатар,
Д дәруменін мөлшерден көп және тым ұзақ
берген де ағзаға зиянды әсерін беруі
мүмкін екенін естен шығармаңыз
Назарларыңызға
рахмет!