Бірінші ұлпалардың пайда болуы туралы теориялар (болжамдар)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 23:37, творческая работа

Описание работы

«Тін» ұғымының анықтамасы
Эволюция барысында тіндердің дамуы
Тіндердің даму негізі (көзі)
Бірінші ұлпалардың пайда болуы туралы теориялар (болжамдар)
Тіндерді зерттейтін ғылым
Тіндердің жіктелуі

Файлы: 1 файл

ГИСТОЛОГИЯ СРС.pptx

— 157.26 Кб (Скачать файл)

“АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ”АҚ

 

    • Гистология, цитология және эмбриология кафедрасы

 

ТАҚЫРЫБЫ: ТІНДЕРДІҢ  ПАЙДА БОЛУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

 

Орындаған:Байларова  М.

 Тексерген:

 

                                   Астана 2013ж

Жоспар:

 

    • «Тін» ұғымының анықтамасы
    • Эволюция барысында тіндердің дамуы
    • Тіндердің даму негізі (көзі)
    • Бірінші ұлпалардың пайда болуы туралы теориялар (болжамдар)
    • Тіндерді зерттейтін ғылым
    • Тіндердің жіктелуі

 

 

«Тін» ұғымының анықтамасы

 

«Тін» ұғымын бірінші рет 1671 жылы ағылшын ғалымы Н.Грю. «Начало анатомии растений» кітабінде қолданды. Өсімдіктерді зерттеу барысында ол олардың құрылысы тоқыма матаға ұқсайтынына көңіл аударды. Кейде бұл құрылыс жануарларды препарациялау кезінде де байқалды. Гистологияның қалыптасу кезеңінде бұл ұғым организмнің қарапайым жүйесі ретінде қолданылды. Осы мезгілден бастап гистологияда микроскопиялық зерттеудің тіндік кезеңі басталды. 

Тіндерді зерттеу жүргізіліп жатқан 200 жылдан астам уақытта «Тін» немесе «ұлпа» ұғымдарының бірнеше анықтамасы берілді. Алғашқы ғылыми анықтаманы 1852 жылы А.Келликер берген болатын: «Тін —морфологиялық және физиологиялық біртұтас құрылымға біріктірілген элементарлық құрамдық бөліктер кешені». «Бөліктер» ұғымына ол жасушаларды, синцитияларды, симпластыларды жатқызған.  
Өз уақытына оңтайлы анықтаманы орыс кеңес гистологы А. А. Заварзин (1938) берді: «Тін дегеніміз қызметі, құрылымы және даму көздерінің бәріне жалпы болуына байланысты біріккен гистологиялық элементтердің филогенетикалық негізде қалыптасқан жүйесі». 

Параллельді қатарлар теориясы. А.А. Заварзин параллелизм теориясы немесе ұлпа эволюциясының параллельді қатарлары деп аталған теориясын қалыптастырды. Бұл теорияның мағынасы эволюция барысында филогенетикалық тармақтардың әртүрлі бұтақтарында бір-бірінен тәуелсіз түрде ұқсас қызмет атқаратын, құрылысы бірдей болып қалыптасқан тіндердің түзелуі болып табылады.

 

  
Тіндердің дивергентті даму теориясы. Н.Г. Хлопин тіндердің дамуы туралы өзінің ұлпалардың дивергентті даму теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша тіндер эволюция және онтогенез барысында дивергентті дамиды, яғни бұрыннан бар тіндерден белгілі қасиеттерінің өзгеріп бастапқы ұлпадан ажырауы арқылы қалыптасады, ал бұл ұлпалардың көптеген жаңа түрлерінің түзелуіне жол ашады

 

Эволюция барысында тіндердің дамуы  

Тіндердің эволюциондық дамуының бірыңғай концепциясы. А.А. Заварзин мен Н.Г. Хлопиннің теориялары бір-бірін толықтырып тұрады. Сондықтан совет гистологтары А.А. Браун, В.П. Михайловтар оларды бірегей ұлпа эволюциясы теориясына біріктірді. Бұл теория бір-біріне ұқсас тіндік құрылымдар филогенетикалық бұтақтардың әртүрлі аймақтарында дивергентті даму барысында бір-бірінен тәуелсіз түрде пайда болды деген тұжырым жасайды.

 Тіндердің даму негізі (көзі)  

 

    Тіндердің даму көзі    эмбриональдық бастамалар болып табылады.  Осының нәтижесінде бастамалардың осьтік кешені қалыптасады. Эмбриогенез барысында тіндік бастамалардан ұлпалардың түзелуі эмбриональдық гистогенез деп аталады. Гистогенездің механизімі күрделі және оның құрамына келесі компоненттер кіреді: 

 

Жасушалар бөлінуі.

 

Дифференцировка

 

Жасушалардың  орын ауыстыруы

 

 

Жасушалардың  сегрегациясЫ

 

Эмбриональдық индукция

 

Жасушалар адгезиясы

 

Детермина-ция.

 

Жасушалар өлімі (апоптоз).

 

Жасушалар өсуі.

 

 

Бірінші ұлпалардың пайда болуы туралы теориялар  
 

 

 Мечниковтың «фагоцетелла» теориясы. Бұл ұғым бойынша көп клеткалы ағза біртектес клеткалардан тұрды, дейді - олар екі түрлі қызмет атқарады. Сыртқы клеткалардың талшықтары болады, олар үсақ ас түйіршіктерінен фагоцитоз арқылы қоректенеді, ал клеткалар бірте-бірте талшықтарын жоғалтып, амебоид пішінді болып жануарлардың ішкі кабатына кіреді де, ас қорыту сонда аяқталды, сөйтіп, сыртқы клеткалар - кинобласт, ішкі клеткалар - фагоцитобласт. Осыдан барып жабынды эпителий және ішкі орта ұлпалары пайда болады.

 

Гастрей теориясы (бұның авторы Геккель). Бұл теория бойынша көп клеткалы ағза-бластея - бір клеткалы эпителий клеткаларынан пайда болды деген ұғым берді. Талшықтары бар клеткалар тобы ағзаның қимыл қызметін атқарса, ал баска клеткалар тобы қоректік қызмет атқарады. 

Тіндерді  зерттейтін ғылым 

 

    • Гистология — (грек. hіstos – тін және logos – ілім) – адамның және көп клеткалы жануарлардың тіндерін зерттейтін ғылым; Г-ның міндеті – тін эволюциясын анықтау, оның организмде дамуын (гистогенез), хим. қасиеттерін (гистохимия), клеткаларының құрылысын, атқаратын қызметін (гистофизиология) зерттеу. Жеке ғылым саласы болып Гистология 19 ғ-дың басында микроскоппен зерттеудің дамуына байланысты қалыптасты. Жалпы Гистология – тіннің дамуын, құрылысын және атқаратын қызметін зерттесе, жеке Гистология – адам және көп клеткалы жануарлар органдарының микроскопиялық құрылымын зерттейді.

Тінді құрылысына және атқаратын қызметіне қарай

 

эпителий

 

Жүйке тіні

 

Бұлшықет

 

дәнекер

НАЗАР ҚОЙЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА  РАХМЕТ))))

Пайдаланган әдебиеттер:

 

    • С.А.АЖАЕВ ГИСТОЛОГИЯ -1
    • ГИСТОЛОГИЯ, ЦИТОЛОГИЯ, ЭМБРИОЛОГИЯ АТЛАС.ПОД РЕД. С.Л.КУЗНЕЦОВА,Ю.А.ЧЕЛЫШЕВА
    • ГЕНЕТИКА.Ю.И.АФАНАСЬЕВА,Н.А.ЮРИНОЙ

Информация о работе Бірінші ұлпалардың пайда болуы туралы теориялар (болжамдар)