Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2013 в 10:58, реферат
Цитокиндер – (молекулалық массасы 8-80 КДа) аутокринді немесе паракринді әсер ететін ұсақ белоктар. Осы жоғары белсенді молекулалардың түзілуі және босап шығуы аз уақытта жүзеге асады және қатаң реттеледі. Лимфоцитпен синтезделетін пролиферация және дифференцировка реттеушісі болып табылатын цитокиндерді , сонымен қатар иммунды жүйеде лимфокиндер деп те атайды. Олар өзіне (IL) – (Inter аралық leukins – қанның ақ жасушалары) интерлейкиндерді, интерферондарды және стимулдеуші фактор колониясын қосады IL қанның ақ жасушаларына әсер көрсетеді. Стимулдеуші фактор колониялары гематопоезді стимулдеп, ақ және қызыл қан клеткаларын айналдыру үрдісін стимулдейді.
Кіріспе
Негізгі бөлім
Цитокиндер туралы түсінік, олардың түрлері.
Цитокиндерді өндіретін жасушалардың түрлері.
Цитокиндер рецепторларымен сигналдардың берілуі
Цитокиндердің клиникада қолданылуы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Цитокиндердің клиникада қолдануы (цитокиндік және антицитокиндік терапия)
Қазіргі таңда цитокиндерді және олардың антагонистерін клиникалық бағытта қолданутәсілдері кең қолдануда. Цитокиндік және антицитокиндік терапия онкологиялық, аутоиммундық, аллергиялық және жұқпалы аурулардың ем шарасы ретінде және трансплантация кезінде қолданылады.
Көптеген жұқпалы, аллергиялық және аутоиммундық аурулар кезінде көбінесе созылмалы түрге ауысатын қабыну серпілісі дамиды.
Қабынулық цитокиндердің табиғи ингибаторлары ретінде ИЛ-4, ИЛ-10, GTFb, ИЛ-1 рецепторлық антогонисті және ИЛ- мен TNFa рецепторларының еріген компоненттері қолданыла алады.
Цитокиндер препараттарды мүшелер мен тіндердің трансплантациясы кезінде де қолданыла алады. Бұл салада ИЛ-1, ИЛ-1ра еріген рецепторлары, ИЛ-2 рецепторларымен байланысу қабілеті бар, бірақ оның биологиялық белсенділігінен ажыратылған мутанттық аналогтары қолданылады.
Қазіргі таңда цитокиндік\антицитокиндік терапияның ең дамыған тәжірибесі рак иммунотерапиясы саласында жинақталған. Ісік жасушалары цитокиндер өнімі арқылы иммундық механизмдердің активтілігін төмендетіні баршаға мәлім. Осы қызметті GTF-a мен в, ИЛ-10, простогландин Е2 орындауы мүмкін. Сонымен қатар, иммунды жауапты ықпал ететін ГМ-КСФ, ИЛ-1, ИЛ-6 және ИЛ-8 факторларын өндіретін меанома жасушалары сияқты эффекторлы жасушалар да кездеседі.
Қазіргі таңда иммундық жүйенің ісікке қарсы белсенділігін тежейтін факторларды алыстату және ісіктің дамуына қарсы иммундық жауапты күшейту әдістерінің зерттелуі жургізілуде. Қатерлі ісіктердің емінің нәтижелі әдістердің бірі ретінде цитокиндік /антицитокиндік терапия қолданылады.
Қорытынды
Цитокиндер – лимфоциттер өздерімен және де фагоциттермен әрекеттескенде басты маңызды элемент болып табылады. Т-хелпер цитокині әртүрлі клеткалардың жұмысын координациялауға көмектеседі. 1970 ж. интерлейкиндер ашылғаннан бері 20 биологиялық белсенді заттар табылған . Әртүрлі цитокиндер иммунокомпонентті клеткалардың дифференцировкасын, пролиферациясын реттейді. Мұны цитокиндердің клиникалық қолданылуында ескеру қажет.
Цитокиндер-түрлі антигендерге қарсы иммундық жауапта және арнайы емес қорғаныста орын алатын иммунды жүйенің жасушаларының арасындағы кең және күрделі ара-қатынастарды қамтамасыз ететін, иммунды жүйенің белсендірілген жасушаларының нәруызды және полипептидті өнімдері болып табылатын медиаторлар. Басқаша айтқанда, цитокиндер иммундық жүйенің жасушаларының әрекеттесуінің гуморалдық құрастырушысы. Қазіргі таңда иммундық серпілістер мен қабынудың ұзақтығы мен күшін реттей алатын 40-тан астам цитокиндер табылған. Цитокиндердің маңызы иммунология саласымен ғана шектелмейді, олар қан түзуге, патологияның дамуына белсенді қатысады. Цитокиндер әр түрлі белгілерге жауап ретінде өндіріліп, жүйелі әсер келтіреді (айналымдағы қанда – эндокринді әсер, бір жасушадан басқа жасушаға – паракринді әсер және жасушаның өзі өзіне – аутокринді әсер).
Цитокиндерді бірнеше топқа бөледі: интерлейкиндер (лейкоциттердің өзара әрекеттесу факторы), интерферондар (вирустарға қарсы белсенділігі бар цитокиндер), ісік некроздаушы факторлар (цитотоксикалық белсенділігі бар цитокиндер), колониястимулдаушы факторлар (гемопоэтикалық цитокиндер), және хемокиндер (толық зерттелмеген хемотаксисі белсендіретін медиаторлар). Бірақ аталған топтарға жіктелу шартты. Өндірілу көздері әр түрлі және құрылымы ұқсамайтын цитокиндердің биологиялық қызметтері ортақ болуы мүмкін. In vivo анықталатын эффектілердің бір қатары әртекті цитокиндермен шақырылады, бұл ерекшелік организмнің қорғаныс жүйесінің қызметінің сенімділігін жоғарылатады және реттеуді қамтамасыз етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Презентацияны бағалау
критерилері (бағалау парағы)
№ |
Орындау критериі |
0-0,1 |
0,2-0,3 |
0,4-0,5 |
1 |
Презентацияны рәсімдеу |
|||
2 |
Презентацияның 4 компоненті |
|||
3 |
СӨЖ тақырыбына мақсаттың адекваттылығы |
|||
4 |
Мазмұны |
|||
5 |
Қорытынды / ұсыныстар |
|||
6 |
Әдебиеттер |
|||
7 |
Материалды игеруі және регламентті сақтау |
|||
8 |
СӨЖ кестесіне сай тапсырылу дер ке |
|||
Қорытынды |
Информация о работе Цитокиндердің негізгі топтары, олардың сипаттамалары. Цитокиндік желісі түсінігі