Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік
Фармацевтика Академиясы
Гигиена -1 кафедрасы
СӨЖ тақырыбы: Денсаулық жағдайына және жасына байланысты
балалар мен жасөспірімдердің тамақтануын
гигиеналық бағалау әдістемесі.
Орындаған:Ташқараева Ш
Тобы:407 ҚДС
Қабылдаған:Байжуматова Б.Н
Жоспар.
- Кіріспе
- Тамақтану
- Негізгі бөлім
- Балалар мен жасөспірімдердің жасына және денсаулығына байланысты тамақтануы
- Денсаулығына әсері
- Қортынды
- Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
- Тамақтану – бала организміне үнемі жайлы әсер ететін және тиімді ұйымдастыруға болатын керекті жағдай. Тамақтың қуаты баланың жасы мен жынысына сәйкес келуі тиіс. Дұрыс тамақтанудың негізгі шарты оның күні бойы дұрыс ұйымдастырылуы.
Пайдалы тағамдармен тамақтану
- Балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтану жүйесін ұйымдастыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін артырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.
- Балалардың тамақтануының үлкендерге қарағанда, едәуір айырмасы болады. Үлкендерге тамақ организмдегі тіршілік процестерін қолдану үшін, әртүрлі жұмыстарға жұмсалған күш қуатты қалпына келтіру үшін қажет болса, өсіп келе жатқан жас организмге тек өмірлік процестерді ғана қолдану үшін емес, сонымен бірге бүкіл организмнің өсу, даму, қалыптасу процесіне қажет.
- Тамақтану сауаттылығының бес негізі бар:
1) Тамақ құрамында негізгі оректік заттардың болуы (нәруыз, май, көмірсу);
2) Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлемент);
3) Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты;
4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;
5) Тамақтанудың санитарлық – гигиеналық нормаға сай болуы.
Жасына қарай тамақтануы
Тамақтануды дұрыс ұйымдастыру
- Адам ағзасының барлық мүшелері мен жүйелерінің қалыпты қызмет атқаруы үшін дұрыс ұйымдастырылған тамақтану тәртібі.Тамақтану тәртібі дегеніміз – ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай — ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді.
- Дұрыс ұйымдастырылған тамақтану рационының құрамында сұйықтың жеткілікті көлемі болады. Дегенменде денеге елеулі ауырлық түскенде, жорық күндері,жазда сүйық — сусынның қажеттілігі артады , өйткені тер бөлінуі күшейеді де, ағзаның сұйықты қажет етуі көбейеді. Шөлді қайнаған су, шәй ішіп басу керек. Лимонадты, газдандырылған суды және құрамында қанты бар өзге де сусындарды шектелген көлемде қабылдау керек.
Ұтымды тамақтану
- Ол клеткалар (жасушалар) қазақша құ-рамына қажетті заттар мен ағзаны қамтамасыз ететін қуат, қимыл және тағы басқа қажеттігін өтейтін, заттар алмасуын қажетті деңгейге ұстайтын тағамдарды пайдалану.
Ұтымды тамақтану
- Жүйелі түрде тамақтанудың негізгі элементтері мына төмендегідей:
1) тәуліктік қоректік заттардың ара қатасының үйлесімді балансасын сақтау;
2) дұрыс тамақ ішудің тәртібі, рационалды (тамақ сбаланцир-ленген) тамақтану — ол тамақтың қуаты мен сапалық химиялық құрамын, қоректік заттардың деңгейлік арақатынастарының тұрақтылығын, қортылуын және гигиеналық жағынан тазалығын ескертуді қажет етеді.
- Сондай-ақ тамақтану режимін, ұзақтығын, сапалық шамасына, химиялық құрамын анықтауды керек етеді. Адам ағзасы тек қана ақуыздан құралады. Ақуызды ауыстыруға да болмайды. Ал май, көмірсулар бірін-бірі алмастыра, ауыстыра алады. Ақуыздың тамақ құрамында болмауы, не аз мөлшерде болуы жүректің, мидың жұмысына кері әсер етіп, ағзаның жүйке тамырларының ауруына әкеп соғады, асқазанға түсіп, одан ішектерге барған соң әр түрлі химиялық процестер әсерінен аминқышқылына айналады. Содан кейін қанға араласу арқылы ағзада пайда болатын ақуыздарды құрайды. Құрамында аминқышқылы көп тамақтарға ет, балық, құс, сыр, бұршақ және басқалар жатады.
- 100 г көмірсу 275 килокалория қуат берсе, май 866 кк береді. Майдың құрамында А, Д, Е, К дәрумендері бар.Өсімдік майлары құрамында май қышқылы көп болады. Бұл қышқыл адамның ет талшықтарында, жүйке тамырларында, мида, бауырда, жүректе, ішектің қабырғаларында кездеседі. Осы мүшелердің жақсы жұмыс істеуіне әсер етіп, әсіресе, жүйке жүйесінің жұмысын реттеп, артерия қан тамырларының қабырғаларын жақсартып, ағзадағы артық холестеринді тазалайды.
Дұрыс тамақты пайдалану
денсаулық кепілі
- Көмірсулар — адам қуатының көзі болып табылады. Тамақпен бірге ол ағзаға полисахарид, крахмал, қант түрінде барады, ауызға түскен соң бөлініп асқазанға, ішектерде қорытылып, глюкоза қанға қосылады. Көмірсуларға бай -дән, картофель, жеміс-жидектер, т.б. жатады.
Жемістерде адам өміріне қажетті С, Р, Е дәрумендері бар. В, С топты дәрумендерімен бірге жеміс-жидек арқылы ағзаға минералды заттар калий, мыс, марганец, цинк, йод сияқты заттар барады.
Денсаулық қалыпты болсын десеңіз, күніне үш-төрт рет дәмді дайындалған тамақ ішу қажет.
Тамақтану режимі,тәртібі
- Тамақтану режимі дегеніміз жақсылап реттелген ас жасайтын уақыт, олардың саны және олардың арасындағы уақыт. Мысал: таңғы ас – 7-4.40; түскі дәм алу (пикник, ланч) – 12-13, түстен кейінгі дәм алу (полдник) – 16-16.30; кешкі тамақ – 19-20. Бірақ әдетте үш рет қана тамақтанады
- Бірақ әдетте үш рет қана тамақтанады.Тамақтану режимі мыналарды қамтиды:
Тамақты қабылдау мезгілдігі;
Тамақ қабылдау аралығындағы үзіліс;
Тәуліктік рационға кіретін калорияны бөлу.
Таза өнім пайдалану
денсаулық кепілі
- Төрт мезгіл тамақтану анағұрлым тиімді болып табылады, өйткені асқазанға күш біркелкі түсіп, тамақ шырындарының тағамды толық өңдеп шығуын қамтамасыз етеді. Тамақты күн сайын белгілі бір мезгілде қабылдау асқазан сөлін неғұрлым шұғыл бөлу рефлексін қалыптастырады. Төрт мезгіл тамақтану кезінде тәуліктік рационды бөлу күн тәртібіне және әдеттенуіне байланысты істеледі. Салауатты тамақтанудың негізгі постулаты – бұл тағамдық заттар мен калорияның көлемі қалыпты өсу мен дамуға, денсаулықты сақтауға қаншасы керек болса, соншасын ғана қабылдау керек
- Салауатты тамақтану:
Организмнің тағамдық заттар мен энергияға мұқтаждығын қамтамасыз етеді.
Организмнің ас қорыту жəне ферменттік мүмкіншіліктеріне сəйкестік.
Рациондағы тағамдық заттардың алуан түрлілігімен сипатталады.
Сапалы жəне қауіпсіз.
Өсу мен дамуды тиімді қамтамасыз етеді, денсаулық деңгейі мен жұмысқа қабілеттілікті арттырады.
Тамақтануға байланысты өрбитін аурулардың дамуын тежеп алдын алады.
- Теңестірілмеген тағамдарды ішуден неше түрлі ауруларды өзіне таратып алуың мүмкін.
- 1. Тиімді тамақтану ағзаның айналаны қоршаған сыртқы орта факторларының зиянды әсеріне қарсы тұрарылқ қасиетін дамытатын маңызды тәсілдердің бірі.
2. Теңестірілген тағамдардың ролі.
3. Тағам мөлшерінде (рационында, қалаулы өнімдерде қант,
ас түзы және «майлар өте аз болуы керек. 4 мектепте болсын, жоғары оқу орындарында оқыған кезде жақсы оқуға дем
беретін тағамдар ішу керек.
4. Ішетін тамақ жас ерекшелігіне, профессияға, істейтін жү-мыстың категорияларына қарай сөйкестелінуі тиіс. Сонда ғана денсаулық зор байлыққа айналады.
Уақытында тамақтану
Қортынды
- Өмір сүрудің әр түрлі күрделі процестерін қамтамасыз ету үшін біздің организміміз жоғарыда аталған тағам түрлерін, сонымен бірге дәрумендерді т.б. биологиялық заттарды ұдайы қабылдап тұру керек. Сондықтан азық-түліктің түр-түрін жеу – адамға пайдалы, ал оның белгілі бір түрін ғана жеу зиян.
- Егер денсаулықты қалыптастыратын факторлар: қозғалыс белсенділігі, ауруға қарсы тұру, дұрыс тыныс алу, жүрек бұлшық еттерінің жұмысы, зат алмасу, еңбек пен демалысты ұштастыру және рационалды тамақтану десек, соңғысы бірден бір маңызды орын алып, жоғарыдағы аталған факторлардың орындалуына себепші болады.
Тест сұрақтары:
- 1. Тамақтану сауаттылығының қанша негізі бар:
- А) 2
- Б) 3
- В) 4
- Г) 5
- 2. . . . – ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай — ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді.
- А)Тамақтану тәртібі
- Б)Тамақтану уақыты
- В)Тамақтану мөлшері
- Г)Тамақтың құнарлығы
- 3. Жаз уақытында қандай тағамға деген қажеттілігі артады:
- А) Ыстық тағамдарға
- Б) Қуырылған тағамдарға
- В) Сұйық тағамдарға
- Г) Қою тағамдарға
- 4. Ол жасушалар құрамына қажетті заттар мен ағзаны қамтамасыз ететін қуат:
- А)Дұрыс тамақтану
- Б)Ұтымда тамақтану
- В)Құнарлы тамақтану
- Г)Тамақтану тәртібін сақтау
Дұрыс жауаптар:
1.Г
2.А
3.В
4.Б
Пайдаланған әдебиеттер:
- Неменко Б.А. Оспанова Г.К Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы(Оқулық).- Алматы 2002.344б.
- Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков., М., Медицина, 2004.,