Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2013 в 12:35, доклад
Бұл жағдай, яғни генетикалық эквиваленттілік, диплоидты ағзаларды клондауға мүмкіндік береді. Өзімізге белгілі ДНК репликациясы нәтижесінде генетикалық ақпарат екі еселенеді және олар жаңадан түзілген жасушаларға тепе – тең мөлшерде беріледі. Бұдан басқа, генетикалық ақпарат экспрессияланады яғни әрі қарай жүзеге асады. Белгілі бір ақуыз молекуласының құрылымы туралы ақпараттың экспрессиялануы 2 кезеңнен тұрады: а) транскрипция – жасуша ядросында аРНК түзілуі; б) трансляция – аРНК ақпараты негізінде рибосомаларда ақуыз молекуласының синтезделуі.
Транскрипцияның жалпы сипаттамасы.
Транскрипция факторлары.
ДНК молекуласының реттеуші учаскелермен байланысатын ақуыздар.
Транскрипцияның жалпы факторлары.
р–53 ақуызы–транскрипция факторы.
Транскрипция тетіктері(механизмдер).
Транскрипцияның алғашқы өнімдері.
Пре–РНК–лардың пісіп жетілуі–процессинг.
б) рРНК–ның кластерлі 3 гені біртұтас транскрипцияланады және синтезделген пре–рРНК немесе 45S РНК–құрамында жетілген үш түрлі рРНК–ға 18S, 5.8S, 28S-рРНК–сәйкес келетін бірізділіктер болады. Бұл бірізіділіктер спейсерлермен бөлінген, бірақ онда интрондар болмайды. Сонымен қатар, бұл жерде жетілген рРНК–ларда кездесетін модификацияланған нуклеотидтерде болмайды.
в) Барлық пре–РНК–лардан ерекше пре–тРНК–лар тек жетілген бірізіділіктерді қамтиды. пре–тРНК молекуласының сырт пішіні «жөке ағашының жапырағына» ұқсас үшқұлақты болады, бірдей оның жетілген тРНК молекуласынан төмендегідей ерекшеліктері белгілі.
– молекуланың екі ұшында және ортасында қосымша бірізділіктер болады;
– минорлық (модификацияланған) нуклеотидтер болмайды;
– акцепторлық ілмекше толық қалыптаспаған;
– антикодон өз орнында емес, басқа жерлерде орналасқан.
5.Пре – РНК – лардың пісіп жетілуі – процессинг
пре–РНК молекуласының пісіп жетілуі (процессинг) 3 кезеңге бөлінеді:
–кейбір нуклеотидтердің алынып тасталуы;
–кейбір нуклеотидтердің жалғануы;
–олардың модификациялануы;
Артық нуклеотидтердің алынып тасталуы ерекше нуклеазалар арқылы жүзеге асады. Экзонуклеазалар тізбектің бір ұшынан бір – бірлеп нуклеотидтерді алып тастайды, ал эндонуклеазалар тізбекті бөлшектеп оны жеке–жеке фрагменттерге бөледі.
а) Нуклеазалар тізбек
ұштарынан «артық»
б) соынмен бірге тізбек ұштарының спейсерлік нуклеотидтер бірізділігі үзіліп алынып тасталады. Бұл – эндонуклеазалардың қатысуымен жүреді.
в) 45S–пре–рРНК және гистондық пре–аРНК–лар эндонуклеазалар арқылы жеке РНК тізбектеріне кесіледі.
г) пре–тРНК және барлық пре–аРНК–лардың интрондық бірізіділіктері кесіліп алынып тасталады. Сол сияқты, экзондық бірізділіктер тұтас бір тізбекке жалғанады, оны сплайсинг деп атайды. Мұның іске асырылуы үшін тек қана эндонуклеазалар емес, лигазалар да қажет.
Сонымен, пре–РНК молекуласының пісіп жетілуі (прцессинг) барысында оларға көптеген нуклеотидтер транскрипциясыз байланысады (жалғанады).
пре–аРНК–ның 5¹ ұшына
«қалпақшаның» 7-метилгуанин және басқа
да 3-4 нуклеотидтері қосылып
пре–тРНК молекуласының 3¹ ұшына 3 нуклеотид бірінен кейін бірі жалғанып, акцепторлық учаске пайда болады.
пре–РНК–ның пісіп жетілуінің (процессинг) маңызды құбылысы олардың құрамында модификацияланған нуклеотидтердің пайда болуы.
пре–а–РНК –да «қалпақша» нуклеотидтердің рибоза қалдықтарының метилденуі байқалады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«биология және география» кафедрасы
Дайындаған: Нағашыбаева Перуза
Қабылдаған: Есеналиева Ф.
Тобы: Б-10-3
Қызылорда, 2013
Информация о работе ДНК-дан РНК-ға транскрипцияланудың механизмдері және принциптері