Емдік ашығу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 14:44, реферат

Описание работы

Еліміздегі Тамақтану институтының деректері бойынша еңбекке жарамды республика тұрғындарының төрттен бірі семіздіктен зардап шегеді екен. Ал олардың көбісі әйелдер көрінеді. Негізінен, семіздікке алып келетін себептердің бірі шектен тыс тамақтану екені белгілі. Осыған орай адамдар семіздіктен, артық салмақтан құтылу үшін емдік ашығуды ұстанып, түрлі амалдар мен дәрі-дәрмектерді қолданып арықтауға тырысады.

Содержание работы

Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1) Емдік ашығу және оның тарихы
2) Емдік ашығудың ағзаға әсері.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

ФИЗРА СРС.docx

— 29.01 Кб (Скачать файл)

«Астана Медициналық Университеті»  АҚ

 

 

 

 

 

                          тақырыбы: «Емдік ашығу»

 

 

                                                      дайындаған:

 

 

 

 

 

 

 

Астана  2011 жыл.

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім:

                              1) Емдік ашығу және оның тарихы

                              2) Емдік ашығудың ағзаға әсері.

    III. Қорытынды

   IV. Пайдаланылған әдебиеттер         

                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

Еліміздегі Тамақтану  институтының деректері бойынша  еңбекке  жарамды республика тұрғындарының төрттен бірі семіздіктен зардап шегеді екен. Ал олардың көбісі әйелдер көрінеді. Негізінен, семіздікке алып келетін себептердің бірі шектен тыс тамақтану екені белгілі.  Осыған орай адамдар семіздіктен, артық салмақтан құтылу үшін емдік ашығуды ұстанып, түрлі амалдар мен дәрі-дәрмектерді қолданып  арықтауға тырысады. Адам өзінің дене салмағы қалыпты жағдайдан 3-4 келі өсісімен-ақ, толысудың алдын алуға тиісті. Ол кейін емделгеннен әлдеқайда тиімді. Сол себепті, салмақ өсіп бара жатқанында жеңіл тамақтануға көшкен немесе белсенді әрекет жасау арқылы денеден шығатын қуаттың мөлшерін арттырған жөн. Және де тағамның қуатын май мен көмірсуының есебінен азайту, белоктар тағамның алмастыруға болмайтын бөлігі болғандықтан оларды азайтпау қажет. Артық салмақ қосуды қаламайтын адам  
ет, сүт өнімдерін, малдың майын, тәттілерді, нан, ботқа, картопты көп қолданбайды, тәбетті арттыратын дәмдеуіштер мен ащы нәрселерді шектейді, тұзды өте аз мөлшерде пайдаланады. Осы орайда тұздың тәнде су жинайтыны естеріңізде болсын.  Сонда қандай тағам жеген дұрыс. Оған тамақтану институтының мамандары мынандай кеңес айтады: қара нан әйтпесе ірі тартылған ұннан жасалған тоқаш жеген, майсыз етті, балықты, майы алынған қатықты, сүтті, көкөністердің барлық түрін қолданған дұрыс. Академик А.Покровский семіз адамдар үшін тамақтану тәртібін жасаудың жалпы шарттары жөнінде былай дейді: «Рационның энергетикалық құндылығын шұғыл шектеу керек, бірақ ағзаның белок, алмастырылмайтын көп жақты қанықтырылған майлы қыш-қылдар, дәрумендер мен минералды заттар жөніндегі қажеттері толық қамтамасыз еті-луге тиіс;   Дәрігерлердің кеңесі бойын-ша денеге түсетін салмақты мөлшерлеп көбейту есебінен ағзаның энергия жұмсауын мүмкіндігінше көбейту керек; Тамақты аз-аздап ішуді қам-тамасыз ететін тамақтану тәртібін қатаң сақтау қажет».

 

Емдік ашығу.

Ол – белгілі бір мерзім аралығында ішіп-жеуден бас тарту арқылы емделу тәсілі. Аштықпен емдеу «Арылту-диеталық терапиясы» (разгрузочно-диетическая  терапия – РДТ) ретінде медицина ғылымының емдеу-сауықтыру орталықтарында қолданысқа еніп кеткен. Ғылыми негізі де әлдеқашан дәлелденген. Тіршілік иелерінде ауырып не жараланғанда тамаққа тәбеті тартпайтын қасиет бар екендігі белгілі. Оған ағзадағы сақтану түйсігі итермелейді. Ондайда (жай кезде ас қорытуға жұмсалатын) өмірлік қуат жараланған орынға шоғырланып, сол жерді барлық зиянды заттардан аластайды, денені тазартады. Тағамның жеткіліксіздігінен немесе құнарсыздығынан, тағамның дұрыс қорытылмауынан болатын ағзаның ашығу жағдайы бірнеше түрге бөлінеді. Олар: физиологиялық, патологиялық, емдік ашығулар. Физиологиялық ашығу. Бұл – аңдардың қысқы ұйқы уақытында, балықтардың уылдырық шашу кезінде, тағы да басқа жағдайларда болатын қалыпты құбылыс. Патологиялық ашығу. Бұл – тамақтанбағанда, астың құрамында кейбір қажетті заттар жетіспегенде, ас қорыту жүйе-сінің қызметі нашарлағанда ағ-зада орын алатын жағымсыз жағдай. Емдік ашығу. Бұл – тағамдануға шектеу қою, оны толығымен тоқтату арқылы семіз-діктен арылу, түрлі ауруларды емдеу тәсілі. Демек, ашығу арқылы аурудан арылу, денені улы заттардан тазарту – о бастан барлық тіршілік иелеріне тән қасиет. Аштықпен емделудің тарихы тереңде. Оны сонау көне заманнан бері барлық халықтар қолданып келеді. Айталық, бұл емдеу тәсілін осыдан екі мың жыл бұрын көне Рим дәрігері Асклепиад та қолданған. Грек ойшылы Плутарх «Дәрі ішкенше екі күн ашыққаным артық» деген екен. Аштықпен емделудің артықшылығын мойындайтын осыған ұқсас деректерді көне үнді, қытай, жапон жазбаларынан да кездестіруге болады. «Каббала» деп аталатын еврейлердің құпия ғылымы мен мистикалық пәлсапасы да ашығуға оң көзқарас танытуда. Пифагор (б.з.д. VI ғасыр) өз шәкірттеріне математика мен философия ғылымының қыр-сырын үйретер алдында рухани тазару әрі ақыл-ой зеректігін арттыру мақсатында олардан 40 күн ашығуды талап ететін болған. Х-ХІ ғасырда шығыстың шарапатты дәрігері Ибн Сина көптеген ауруларды, әсіресе, шешек пен мерезге шалдыққандарды аштықпен емдеген. Буддалар өз алдына, Дәуіт пайғамбар күнара ауыз бекітсе, Иса мен Мұса пайғамбар 40 күн ораза ұстаған. Ал, Ислам дінінде 30 күндік парыз ораза бар екені бәрімізге белгілі. Оған қосымша, Мұхаммед пайғамбар (с.а.у.) әр айдың 14, 15, 16-сы күндері, сондай-ақ әр аптаның дүйсенбі, бейсенбі күндері жиі-жиі үзбей нәпіл ораза ұстаған. Әрі оны үмбетіне өсиет еткен. Парсының күнге табынушыларына 50 күн бойы ашығу таңсық болмаған. Тіпті, ол дәстүр әлі күнге Үндістанда да бар. Мәселен, Үндістанның рухани көсемі Махатма Ганди жиі-жиі ішіп-жеуден тыйылып тұруды ұнатқан. Ганди ашығуға денені тазалау мен емдік қана емес, рухани тазару, сана-сезімді дамыту тұрғысынан да баға берген. Ашықтыру емі сусыз, тағамсыз жүзеге асса, онда толық ашығуға немесе «құрғақ» түріне жатады. Мерзіміне қарай ол мынадай түрлерге бөлінеді: қысқа мерзімді (1-3 күн, бір апта, он күндік), ұзақ мерзімді (бір ай, 40-50 күндік). Осы уақыт аралығында денені барлық қалдық атаулыдан, улы заттардан тазарту көзделеді. Денедегі қалдық (шлак) дегеніміз – бірте-бірте ағзамыздың жекел ері: зәр, зәр қышқылы, креатинин, аммондық тұздар, т.б. суда еруі қиын ағзада тұнып қалатын нәрселер. Денеге қалдық жиналуының бірнеше себептері бар. Ең негізгілеріне: тоя тұра үстемелетіп тамақ жеу, дененің белок пен майға, крахмалға бөгуін, сондай-ақ, жеген тамақтың дұрыс қорытылмауы, өте ащты тағам мен өте дәмді тағамды дұрыс қолданбау, ішімдік, темекі, есірткі, ауаның ластығы, күн сәулесінің жетіспеушілігі, қабылдаған дәрі-дәрмек қалдықтарын және т.б. жатқызуға болады. Бұлардың ең маңыздысы, көп тамақтана тұра дененің аз қуат жұмсауы, яғни денедегі алынған қуат пен жұмсаған қуат тепе-теңдігінің сақталмауы. Оған қоса, өкпе, бүйрек, тері, ішек арқылы ыдырайтын өнім мөлшерінің дұрыс болмауы. Ашығу екі түрлі: Ішінара ашығу, толық ашығу. Бұлардың ішінде толық ашығу – аз уақыт немесе ұзақ болуы мүмкін. Ішінара ашығу – рационның калориялығын шектеу. Ол семіздіктен комплексті емдеу мен алдын алу жүйесінің маңызды факторы. Демек, шамадан тыс салмақта, семіру жағдайында ішінара ашығу пайдалы. Толық аштықпен емделу сақтықты талап етеді. Бауыр, жүрек аурулары, жалпы уыты бар созылмалы іріңді аурулар, ден-саулықтың басқа да бұзылуы жағдайында аштықпен емделуге болмайды. Мұндай аурулар болмаған кезде де аштықпен ұзақ емделуге тиым салынады. Туберкулезбен ауырғанда да, жүдеу кезде де жас балалар, қариялар толық ашығу жолымен емделмейді. Емдік ашығу тек қана науқастың денсаулық жағдайы толық тексерілгеннен кейін аурухананың арнаулы бөлімінде жүргізіледі. Ашығукезінде дәрі-дәрмек қабылда-майды, спиртті ішімдіктерді іш-пейді, темекі тартпайды. Толық ашығудан соң тойып тамақ жесе, оның қарынды кернеп, сол адамның жүрегін қысып, ажал құштыруы өте ықтимал.

Емдік ашығудың ағзаға әсері.

Ашығу кезінде ағза қандай күй кешеді? Ашығу нәтижесінде венуланың  қыл тамырлармен тоғысқан жерінде  бос қуыс (вакуум) пайда болады. Ал, қылтамырлардың бос қуысы өз кезегінде  қан айналымының қозғаушы күшіне айналады. Ендеше, бос қуыс – ол күш  деген сөз. Ал, ашығу – сол бос  қуысты жасау арқылы адам денесінің  тұтастай қозғаушы күшін тудыру. Арылту-диеталық терапиясы денені тазарту мен  сауықтырудың ең тиімді тәсілі болып  табылады. Сырттан тамақ қабылдау дереу тоқтаған жағдайда, дене сол  уақытқа дейін жинап келген ішкі қосымша қорегін іске қосады. Бұл  кезде дененің барлық бөлу жүйелері мен ішкі секреция бездері өте  қарқынды жұмыс істейді. Бір ғана өкпенің өзінен газ тәрізді әр түрлі 150-дей уыт бөлінуі соның  айғағы. Вегетативті жүйке жүйесі жанданады, адамның белсенділігі артады. Биохимиялық тұрғыда май мен  бауырдың гликоген қосымшаларының ыдырауы  реттеледі, қан құрамы өзгереді. Қан  айналымы мен ас қорыту жүйелері жақсарады. Ашығуды дұрыс іске асырған жағдайда ол сіздің ағзаңызды барлық керексіз улы заттардан тазартып, денсаулығыңызды  шыңдайды, жасушаларды жаңартып, күш-қуатыңызды арттырады. Ашығуды тәмамдарда белгіленген  көрсеткіштерге сүйену аса маңызды. Алайда, кейде ашығуға болмайтын  жайттар да кездеседі. Оны да ескерген жөн. Ашығуға болмайтын жағдайлар: Энцефалопатия (ми жүйесінің әлсіреуі) анықталса, қарттық шақ (60 жастан жоғары), дене әлсіреген кезде, соматикалық аурулардың қабынған кезінде, қандай да бір түрдегі қатерлі ісік белең алғанда, жүрек стенокардиясына, жүректің ишемиялық ауруларына, жүрек пен бүйректің органикалық ауруларына, қан айналымы мен тыныс алудың асқынған жағдайында, өткір құрт ауруына (туберкулез), бақшаңкөз (зоб), қан аурулары, жұқпалы полиартритке (бруцеллез) шалдыққанда. Ашығу емін қабылдау ережесінің айтарлықтай қиындығы жоқ. Бар болғаны, сабыр сақтап, ауызды астан тыя білсеңіз жеткілікті. Ашығу кезінде тек қана дистиллияцияланған (буландыру әдісімен) су қабылданады. Қанша ішем десе де су мөлшері науқастың өз еркінде. Алайда, ағзаға басқа ешқандай тағам қабылданбауы тиіс. Мамандар ұзақ мерзімді ашығуға тәуекел етердің алдында әуелі қысқа мерзімді ашығуларды бастан өткерудің пайдалы екендігін айтуда. Ашығу міндетті түрде маман адамның бақылауымен жүзеге асуы тиіс. Неге десеңіз, кейде алғашқы күндерде-ақ денеден улы заттар өте көп шыққан жағдайда ашығуды үзуге тура келеді. Ұзақ мерзімді ашығу кезінде артық қимылға бармаған жөн. Көбіне төсекте жатып тынығып, теледидар мен радиодан бас тарту керек, тіпті әңгімелесудің де қажеті аз. Бірақ бұл бойдағы күш-қуатты үнемдеу мақсатында болмаса, бар тірліктен бас тартып, тырп етпей жатып алу емес. Сондай-ақ, ашығу кезінде дәрі қабылдауға, темекі тартып, спиртті ішімдік ішуге қатаң тыйым салынады. Қайта таза ауада көп жүру, жылы ванна қабылдау, тазалық клизмасы мен тыныстау жаттығуларын жасап тұру пайдалы.

Бір тәуліктік аштық ертеңгі  астан ертесі күнгі ертеңгі асқа дейін немесе кешкі астан ертесі күнгі кешкі асқа дейін жүзеге асады. Бұл уақыт аралығында дистилляцияланған  судан басқа ешқандай тағам қабылданбайды. 24 сағаттық бұндай аштық кезінде  дисстиляцияланған су толы кесеге бір  шай қасық лимон шырынын не шынашақтай бал қосу денедегі улы  заттардың еруін тездетеді. Ол сізге күш беру мақсатында емес, қара судың тәтті дәмін келтіру әрі шырышты улы заттардың еріп, сіздің табиғи сүзбеңіз (фильтр) – бүйректерден жеңіл өтуіне жағдай жасаудан туындайды. Ашығу кезінде бүйрек өте үлкен қызмет атқарады. Дистиллияцияланған су ішу керектігі де содан. Қай мерзімдік болмасын ашығу аяқталғанда ең әуелі үгітілген сәбіз бен туралған қырыққабаттан жасалған жас көкөніс салатын жеу керек. Ол ішектерді өте жақсы тазалайды. Ішек-қарын жолының жұмысын жандандырады. Салаттан кейін бұқтырылған жас қызанақ секілді қуырылған көкөніс тағамын жеген жөн. Ашығуды ет, сүт, сыр, май, балық, жаңғақ түрлерімен аяқтаудың және бастаудың дұрыс еместігі қатаң ескертіледі. Ашығу емі қабылданғаннан кейінгі алғашқы тамақ салат не қуырылған көкөніс өнімі болуы міндетті. Ет секілді басқа да тамақ түрлері содан кейін ғана біртіндеп барып қабылданады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Аштықпен емдеу профилактикалық  құрал ретінде көптеген аурулардың алдын алады. Анығырақ айтсақ, мына аурулар: жүрек-тамыр ауруларына, асқазан-ішек, буын, тыныс жүйелеріне, аллергия, екі түрдегі қант диабетіне, жүйке жүйесі қызметі бұзылуында, тері ауруларына, психикалық ауытқушылықтарға, диспепсия, іш қату, бауырдың қатаюы, соқырішектің қабынуы, бауыр қабынуы (гепатит), гастроэнтерит, ревматизм, семіздік, шорбуын (артрит), демікпе, жоғарғы қан қысымы, шемен (водянка), ишиас, қояншық, ұйқысыздық, әлсіздік, сал ауруының барлық түрлері, бас аурулары, бас сақинасы, өкпе қабынуы, артық салмақ, бронхит, өкпе қабығы ауруы (плеврит), безгек, тонзиллит, сүзек, тамырлардың түйнеліп кеңеюі, құлақ аурулары, қатерлі ісік, миқұрт (менингит), аденоидтар, жарық (грыжа), өт қабына тас байлану, қуықтың қабынуы (цистит), созылмалы іш өту, тік ішек аурулары, жүйке сал ауруы, қаны аздық т.б. Ашыққан адам бастапқы екі күн ғана қиналады. Одан кейінгі күндері өз-өзін жеңіл сезіне бастайды. Өйткені, адам денесінің сезіну қабілеті күшейеді. Ашығудың бесінші күні әлсін-әлсін адамды тамаққа деген тәбет тартады. Кейде ашыққан адамның тамаққа тыжырына қарайтын кезі де болады. Табиғи тәбет қайта қалыпқа келгенге дейін аштық жеңіл күйде жалғасын таба береді. Ашыққанда ауызда жағымсыз иістің пайда болып, тілдің өңезденуі, кейде тамырдың соғуы 120-ға дейін жиілеп, кейде 40-қа дейін түсуі, жиі құсу, бас айналу, түкіріктің жиналып қалуы, әлсіздік, тамақтың жыбырлауы, тоңып-жаурау, аз уақытқа іш өту белгілері ешқандай да қауіпті емес. Қайта ағзаның толықтай тазалануының көмекші көріністері болып табылады. Қорыта келгенде, аштықпен емделу – физиология, биохимия, медицина саласының ғалымдары тарапынан көп зерттелген әрі бүгінгі күні Германия, Австралия, Жапония, АҚШ, Ресей секілді бірқатар өркениетті елдер кеңінен қолданып отырған өте тиімді емдік тәсіл. Зерттеуші Герберт Шелтон «Аштық тіпті өміріңізді де құтқарып қалуы мүмкін» десе, денсаулық сақтау мамандары қазіргі уақытта ғасыр індеті болып отырған «ішкі улануды» (эндотоксикоз) болдырмайтын бірден-бір емнің осы аштық екенін айтып дабыл қағуда.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қоянбаев Р., Қоянбаев Ж. Педагогика. Алматы 2004.

2. www.google.kz

3. www.mail.ru

4.www.yahoo.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Емдік ашығу