Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2013 в 11:34, реферат
Эпидемиялық процесс туралы ілімнің негізін қалаған Л.В.Громашевский болып саналады (1941,1949,1965). Ол бірінші болып эпидемиологияның негізгі заңдарын жете зерттеп, құрастырады, инфекцияның берілу механизмінің теориясын және эпидемиялық процестің қозғаушы күштерін анықтады. «эпидемиялық процесс» деген терминді де бірінші рет енгізген л.в.громашевский болды, «эпидемия» деген ұғымды тар мағынада «эпидемия» деп, кең мағынада «эпидемиялық процесс» деп екіге бөледі.
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. « Эпидемиялық процесс» анықтамасы, оның сипаттамасы.
2. эпидемиялық процесс негізгі элементтері
3. Эпидемиялық процесс көрінісінің формасы және құрылымы (эпидемиялық процестің көрінуінің кестелік формасы).
4. Эпидемиялық процестің аумақтық көрінуі: (әлемдік, аймақтық )
5. Эпидемиялық процестің уақыттық көрінуі:
(көп жылдық, бір жылдық)
6 . Эпидемиялогиялық анамнез, оның түсініктемесі.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. « Эпидемиялық
процесс» анықтамасы, оның сипаттамасы.
2. эпидемиялық процесс негізгі
элементтері
3. Эпидемиялық процесс
4. Эпидемиялық процестің аумақтық көрінуі:
(әлемдік, аймақтық )
5. Эпидемиялық процестің уақыттық көрінуі:
(көп жылдық, бір жылдық)
6 . Эпидемиялогиялық анамнез,
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Эпидемиялық процесс
туралы ілімнің негізін қалаған
Л.В.Громашевский болып саналады (1941,1949,1965).
Ол бірінші болып эпидемиологияның
негізгі заңдарын жете зерттеп, құрастырады,
инфекцияның берілу механизмінің теориясын
және эпидемиялық процестің қозғаушы
күштерін анықтады. «эпидемиялық процесс»
деген терминді де бірінші рет
енгізген л.в.громашевский болды, «эпидемия»
деген ұғымды тар мағынада «эпидемия»
деп, кең мағынада «эпидемиялық процесс»
деп екіге бөледі.
Әртүрлі жұқпалы аурулар эпидемияларының
пайда болу себептерін талдау кезінде
л.в.громашевский (к.сталлибрасс,1936 сияқты)
үш жағдайға көңіл аударды. Эпидемия пайда
болу үшін бірінші ,ең қажет жағдай,инфекция
қоздырғышының көзі болуы қажет. Инфекция
көзі болмаса, ешқандай эпидемия да,тіпті,
жеке ауру да пайда болуы мүмкін емес.
Бірақ эпидемиялық процестің пайда болуы
үшін міндетті түрде екінші бір қажетті
жағдай керек болады. Ол сыртқы ортадағы
азды-көпті өзіндік факторлар арқылы қоздырғыштың
эстафетамен (үзілмей) берілу мүмкіншілігінің
болуы болып табылады. Бұл процесс эволюциялық
дамуы кезінде қоздырғыштың жұққан организмнен
қабылдаушыға жылжу әдісі арқылы іске
асады (берілу механизмі).
Эпидемиялық процестің пйда болуы үшін
үшінші міндетті щарт осы аурудың қоздырғышын
қабылдаушы халықтың болуы қажеттілігі.
Осы көрсетілген үш алғы шарттың ( инфекция
қоздырғышының көзі, берілу механизмі,қабылдаушы
халық)қосылған жиынтық жағдайында ғана
жұқпалы аурудың,яғни эпидемиялық процестің
пайда болу мумкіндігі туады. Керісінше,
осы көрсетілген үш шарттың тек біреуі
ғана болмай қалса, онда жұқпалы ауру ,яғни
эпидемиялық процесс пайда болмайды. Л.в.громашевскийдің
осы теориялық тұжырымдамасы эпидемиологияда
толыққанды заңның негізін қалады. Эпидемияның қозғалушы күші,
және берілу мехаризмі, инфекция көзі
туралы түсінікті,жалпы эпидемиялогия
теориясын алғаш өңдеп жасған л.в. Громашевский
эпидемиялық процесс туралы ілімнің негізін
қалаушысы.
Л.В. Громашевский анықтамасы бойынша,
қоздырғыштың иесі организмінде болуы
және оның сыртқы ортаға шығуымен алмасып
отыруы эпидемиялық процестің үздіксіз
ұласып отыруына жағдай жасайды. Осы тұрғыдан,
эпидемиялық процесс үш элементтен тұрады:
● инфекция көзі болып табылатын
инфицирленген адам және жануар ағзасы;
● қоздырғыш тасмалдауын немесе жұққыштық
бастамасының берілу факторларын қамтамасыз
ететін сыртқы ортаның әртүрлі элементтері;
● өз кезегінде қоздырғыш айналымының
келесі циклінде инфекция көзі болып табылатын
қабылдағыш адам ағзасы;
бұл элементтер бір бірімен тығыз байланыста
болады және эпидемиялық процестің ағымының
үздіксіздігін қамтамсыз етеді осы факторлардың
біреуін жойған кезде инфекциялық процестің
таралуы тоқталады.
Эпидемия(грек. Epіdemіa), і н д е т – жұқпалы аурудың қалың көпшілік арасына (белгілі бір жерге, елге) жаппай таралуы.
Пандемия-(гр:pandemos-
мысалы:
Тұмау — бұл эпидемия және пандемия түрiнде кеңiнен таралатын жұқпалы ауру. Жылдағы эпидемия кезiнде халықтың 5 – 15 пайызы, ал, жабық ұжымдарда адамнан адамға ауа арқылы тұмау вирусының енуi себеп болатын жоғарғы тыныс жолдарының ауруы арқылы халықтың 60 пайызын қамтиды. Тұмау кiшкентай балалар, жүктi әйелдер, қартаң жастағы және бүйрек, өкпе, жүрек, диабет ауруларымен ауыратын адамдар үшiн пневмония, отит және т.б. Әртүрлi асқынуларға апарып, айтарлықтай қиындықтар тудырады. Тұмаудың алдын-алудың бiрнеше әдiстерi бар: тұмауға қарсы екпе жасау, дәрiлiк және халық емiн қолдану.екпе жасау — тұмау эпидемиясымен күресудiң анағұлым тиiмдi әдiсi.
Тұмауға қарсы егiлген адамдарда ауру деңгейi төмендейдi, ауырғандардың iшiнде аурудың ауырлығы мен ұзақтығы, сонымен қатар асқынулардың даму қаупi және өлiм жағдайларын болдырмау мүмкiндiгi туады.
екпе жасау әрбiр адам үшiн маңызды.
Қазақстанның бүкiл аумағында, соның iшiнде алматы қаласында 1-қазан мен 1-желтоқсан аралығында халықтың әлсiз тобына кiретiн созылмалы аурулармен ауыратын ересектер мен балалар, әлсiз және жиi ауыратын балалар, жүктi әйелдер, сонымен қатар, барлық деңгейдегi медициналық қызметкерлер тұмауға қарсы егiледi. Халықтың қалған бөлiгi медициналық қызметкерлердiң ұсынысымен ақылы түрде медициналық ұйымдарда егiлуiне болады. Қазақстанда «инфлювак», «ваксигрипп», «флюорикс» атты тұмауға қарсы вакциналары тiркелген.
Эндемиялық сырқаттанушылық- (гр: endemos-жергілікті). Эндемиялық инфекция-осы жерге тән адам ауруы. Табиғи және әлеуметтік жағдайлардың болуына байланысты осы жерге тән (қалыптасқан) жұқпалы аурулар.
Экзотикалық сырқаттанушылық- (гр:exptikos-бөтен, басқа жерден) инфекция-эпидемиялық барысты қолдайтын табиғи және әлеуметтік жағдайлардың болмауына байланысты осы жерге тән емес (қалыптаспаған), сырттан әкелінген жұқпалы ауру.
Белгілі бір науқастың аумақта таралуын нозоареал деп атайды.
Эпидемиялық процестің аумақтық көрінуі:
А) әлемдік
Б) аймақтық
Әлемдік нозоареал- деп науқастың бүкіл дүниежүзінде таралуын айтады. Мысалы: туберкулез, бруцеллез, дизентерия, грипп т.б.
Аймақты нозоареал- деп-аурудың кейбір шектелген аумақтарда таралуы. Мұндай жағдай табиғи-ошақтық зоонозды инфекцияларға тән.мысалы: тырысқақ ошақтары оңтүстік шығыс азия аумақтарымен шектеледі, өйткені осы жерлерде тиісті әлеуметтік табиғи жағдай тырысқақ қоздырғышының өніп-өсіп таралуына ыңғайлы болып саналады.
Қауіп-қатерлі уақыт- эпидемиялық
түрге байланысты қоздырғыштың таралу
факторларымен анықталатын
Эпидемиялық процестің уақыттық көрінуі:
А) көп жылдық
Б) бір жылдық
Эпидемиялық процестің көп жылдық яғни сырқаттанушылықтың көп жылдық серпінісінде:
А) тенденция
Б) циклдық
В) тұрақты (эпизодиялық) көтерілуі немесе төмендеуі сияқты өзгерістер.
Эпидемиялық тенденция- эпидемиялық процестің көп жылдық дамуындағы қарқынды өзгерісінің негізгі бағытын көрсетеді. Ол сырқаттанушылықтың тұрақтағаның, жоғарлағаның немесе төмендегенің сипаттайды.
Циклдық көріністер- көп жылдық серпінісінде халықтың сырқаттанушылық денгейінің тұрақты түрде ауытқуын сипаттайды. Әртүрлі жағдайға байланысты кейбір нозологиялық түрлерде кіші, орташа, үлкен циклдер кездеседі. Олардың ұзақтығы 2-5,7-15,20 тіпті одан көбірек жылдар болуы мүмкін.
Эпидемиялық процестің көрінісінің
жылдық серпінісі аз циклділік ауытқуымен
анықталады. Ондай аз ырғақты
қайталану циклінің бір жылдың ішіндегі
көрінісін саусымдық деп
Эпидемиялық процестің көрінісін зерттеуде эпидемияның түрлерін ажыратудың манызы бар:
Эпидемияның пайда болуын
уақыттық белгімен талдаған кезде оны
қарқынды (бұрқ ететін) және созылмалы
(ұзақ жалғасушы) деп бөледі. Әдеттегі
күшті эпидемия бір мезгілде жұққанда
болады. Алғашқы ауру инкубациялық
мерзімнің барынша аз кезінде, соңғы
ауру ьарынша көп кезеніңде
Жергілікті (белгілі бір аумақтық және халық тобын қамтыған) және кеңейтілген (қосымша аумақтық және халық топтарын қамтыған) түр деп бөледі. Даму қарқыны бойынша эксклюзивті (тез) және жай өтетін түрлері болады.
Эпидемиялық процестің берілу механизмі мен табиғи –ошақтық теорияға сүйеніп талдағанда эпидемияның таралу механизмдері үш топқа бөлінеді:
Бірінші топқа жататын эпидемия қоздырғыштары бір инфекция көзінен немесе бір фактордан бірден көптеген адамдарға «желпуіш» тәрізді жолмен берілгенде. Мұндай эпидемия көпке созылмайды.
Екінші топқа жататын эпидемия тіркемеленіп (шынжыр тәрізді) таралу арқылы қоздырғыштың адамнан адамға жұғуы арқылы тарайды. Мұндай эпидемия қоздырғыштың вируленттілігі азайғаннан кейін, бірте-бірте, ауру жұққан адамдардың иммундық қасиеті жоғарылағанда барып тоқтайды.
Үшінші топқа жататын эпидемияда қоздырғыш тек берілу факторлары арқылы да (су, тағам, буынаяқтылар, тұрмыстық бұйымдар), аурумен тура қарым-қатынас болмағанда да тарайды.
Эпидемиялық ошақ – жұқпалық
бастама одан қоршаған тұлғаларға (адамдарға﴿
берілуге қабілетті, яғни эпидемиялық
процестің дамуы мүмкін, инфекция көзі
болған(табылған) орын, оны қоршаған аумақ.
Эпидемиялық процесс үш айнымас элементтердің
тек өзара әсерлесуі нәтижесінде пайда
болады және бір деңгейде тұрақтанады
– инфекция көзі → қоздырғыштың берілу
механизмі→ осы қоздырғышқа тұрғындардың
қабылдағыштығы.
Инфекция көзі – бұл, осыдан адамдардың,
жануарлардың немесе өсімдіктердің жұқтырылуы
жүретін, қоздырғыштың өмір сүруіне шынайы
орта ретінде қызмет ететін объект- жұқтырылған
адамның (антропоноздарда) немесе жануарлардың(зооноздарда)
ағзасы (организмі).
Антропоноздарда инфекция көзінің эпидемиялық
қауіптілігі , ағзадан бөлінетін қоздырғыштың
мөлшеріне, оның вируленттілігіне, адам
ағзасының туа пайда болған және жүре
пайда болған төзімділігіне, ал жұқпаның
сипаты мен мерзімі- әр бір назологиялық
түрдің патогенезінің ерекшелігіне тәуелді.инфекциялық
процесс ағымының кез-келген формасында(түрінде)
инфекция көзінен патогенді микроорганизмдердің
бөлінуі жүріп отырады: айқын көріністегі
ауруда, оның көрнексіз(стертый) және созылмалы
ағымында, сонымен қатар тасымалдаушылықтың
әртүрлі формаларында (симптомсыз инфекциялар).
Симптомсыз инфекция немесе көрнексіз
(стертый) түріне қарағанда, кейде барынша
ұзаққа созылған кезең уақыты ағымында,
әсіресе, инфекциялық процестің типтік
ағымында инфекция көзі микроорганизмдердің
едәуір мөлшерін бөліп отырады. Инфекциялық
процестің атиптік көрнексіз түрінде(формасында)
инфекция көзі үлкен эпидемиялық қауіптілікке
көрсеткіш болуы мүмкін. Ұзаққа созылған
уақыт ағымында олар анықталмай қалып
отыруы және маңындағыларды еш ккедергісіз
жұқтыруы мүмкін. Эпидемиологиялық көз-қарас
тұрғысында аурудың созылмалы формасын
ұзақ уақыт болатын инфекция көзі ретінде
сипаттауға болады. Инфекцияның ерекше варианты
- патогенді микроорганизмдерді тасмалдаушылық.
Тасмалдаушылық дегенде , аурудың қандай
да бір клиникалық көріністерімен жүрмейтін,
бірақ, сыртқы ортаға инфекциялық ауру
қоздырғыштарын бөліп отыратын ағзаның(организмнің)
жағдайы жөнінде(ретінде) қарауға болады.
Тасмалдаушыларды басым
көпшілік екі негізгі топқа бөледі:
● ағзаның қоздырғыштан толық босауынан
бұрын оның клиникалық сауығуы жүретін,
қандай да бір аурумен ауырған адамдар.
Мысалы : тырысқақта, іш сүзегі және паратифте,
бактериальді дизентерияда, күл, менингококкты
инфекция, полиомиелит және т.б. Инфекциядан
кейінгі тасмалдаушылық 2-3 айға ұласса
жедел деп, ал 3-айдан ұзақ болса созылмалы
деп атаймыз.
● «қабылдамайтын организмнің денісау
тасмалдаушылығы». Менингококкты және
стрептококкты инфекцияларда денсаулық
жағдайының бұзылысы байқалмайды, бірақ
мұрынжұтқыншақ шырышты қабатында қоздырғыш
анықталады. Осыдан бөлек ,ертеректе басынан
өткізген ауру нәтижесінде иммундалған,
қысқа уақытты(өтпелі) тасмалдаушылықты
бөліп қараймыз( немесе эффективті иммунизация
нәтижесінде).
Берілу механизмі
– эпидемиялық процестің пайда
болуы және оның ұсталып тұруы
үшін екінші қажетті құрылым.
Берілу механизмі- оның биологиялық түрінің сақталуын
қамтамасыз ететін, бір иесінен екінші
иесіне қоздырғыштың ауысып отыратын
эволюциялық шыңдалаған (жүзеге асырылған)
әдіс.
Қоздырғыштың берілу
механизмі үш саты арқылы жүзеге асады:
● жұқтырылған организмнен бөліну сатысы;
● қоршаған ортада айналымы(циркуляции)
сатысы;
● келесі организмге ену сатысы;
Берілу факторлары- қоздырғыштардың бір организмнен
басқа организмге өтуін қамтамасыз ететін,
сыртқы орта элементтері. Сыртқы ортаның
алты біріктірілген элементін бөледі:
● ауа;
● су;
● тағам;
● топырақ;
● тұрмыстық және өндірістік
жағдайдағы заттар;
● тірі тасмалдағыштар;
Берілу жолдары- қоздырғыштардың бір организмнен
басқасына өтуін қамтамасыз ететін, сыртқы
орта элементтерінің жиынтығы.
Л.в. Громашевский иесі организмінде қоздырғыштардың
орналасуы және берілу механизміне байланысты
инфекциялық ауруларды 4 топқа бөлді.
Аэрозольді (ауа-тамшылы) берілу механизмі. Қоздырғырғыштардың аэрозоль
құрамында болып табылатын, тыныс алу
жолдарының шырышты қабатында орналасуында
шығарылған ауамен ( сонымен қатар- жөтел
және түшкіргенде) қоса бөлінеді. Науқас
адам маңындағы, шамамен 2.5м –ге дейінгі
арақашықтық аумағы барынша жұқпалы болып
табылады. Тамшының әрі қарай тағдыры
оның көлеміне тәуелді: барынша ірілері
шөгеді, ал ұсақтары ұзақ ілінген(взвешенном)
болуы мүмкін, олар бөлме ішінде конвекционды
толқынмен ауысады және одан сыртқы коридор
және вентиляцилық жолдар арқылы сыртқа
өтеді. Қабылдағыш организмнің жұқтырылуы
қоздырғыштардың тыныс алу жолдарына
орналасуына әкелетін, инфицирленген
ауамен дем алғанда жүзеге асады. Сондықтан
да, осындай тыныс алу жолдары инфекциялары
қоздырғыштарының берілу механизмі аэрозольді(ауа-тамшылы)
деп аталады. Ауа-тамшылы жолмен тұмау,
қызылша, желшешек вирустары, стрептококктар,
көкжөтел таяқшасы т.б. Таралады.
Фекальді-оральді
берілу механизмі. Қоздырғыштардың
арнайы орналасуы ішекте болғандықтан,
жұқтырылған ағзадан нәжіс арқылы шығарылады.
Келесі уақытта қоздырғыш қабылдағыш
организмге залалданған су немесе тағам
арқылы еніп, содан кейін микроорганизм
асқазан-ішек жолында жиналады. Осындай
қоздырғыштардың ену қақпасы ауыз болғандықтан,
осындай қодырғыштың берілу механизмі
фекальді – оральді деп аталады. Фекальді
– оральді берілу механизмі жүзеге асырылуы
нақты берілу жолдары (су, тағамдық, тұрмыстық-қатнас)
арқылы жүреді.
Трансмиссивті берілу
механизмі. Организмде көбеюі немесе белгілі
бір даму циклінен өтуші, науқас қанайналымында
жүрген қоздырғыштардың берілуі буынаяқты
қансорғыштардың көмегімен жүзеге асады.
Трансмиссивті инфекцияға антропоноздар
ретінде рикетциялармен ( бөртпе сүзегі),
спирохеталармен (қайталамалы сүзек),
және қарапайымдармен шақырылатын және
сол сияқты зооноздар (кенелік энцефалит,денге
қызбасы,қырымдық геморрагиялық қызба)
жатады.
Трансмиссивті
инфекция қоздырғыштарының берілуі үш
фазаны құрайды:
● қоздырғыштың
тасмалдаушымен алынуы;
● қоздырғыштың тасмалдаушымен тасмалы;
● қоздырғыштың реципиентке тасмалдаушы
арқылы ендірілуі;
жанаспалы (контактілі)
берілу механизмі. Қоздырғыштары тері жамылғыларында
және шырышты қабаттарда паразиттеуші(өмір
сүруші) инфекциялық аурулар тікелей немесе
тікелей емес жанасу(контакт) арқылы беріледі.
Вертикальді берілу
жолы - бүкіл пренатальді ( антенатальді,
шарана ішілік) кезең, даму кезеңімен қоса,
ұрықтанудан дүниеге келуге дейінгі уақытта
қоздырғыштың берілуі.
Артифициальді берілу
жолы- медициналық ,инвазивті, емдік
және диагностикалық шаралармен байланысты
(парентеральді, трансфузионды).
Қабылдағыш тұрғындар
– эпидемиялық процестің пайда болуы
мен ұсталып тұруының (тұрақтануының)
үшінші аралығы.
Қабылдағыштық- организмнің енген қоздырғышқа арнайы патологиялық реакциямен
жауап беру қабілеті. Инфекциялық ауруларға
қабылдағыштық ең алдымен, әртүрлі инфекциялық
агенттердің енуіне әр адам организмінің
біркелкі емес сезімталдығы болуын анықтайды.
Ол адам организмінің жағдайына, жасына,қоздырғыштың
сапалық сипатына, оның мөлшері және эпидемиялық
процестің даму уақыты мен нақты қолайлы
орнына тәуелді.