Генетика және селекция негіздері туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2015 в 15:00, реферат

Описание работы

Генетика – ағзалардың тұқым қуалаушылық және өзгергіштікті зеріттейтін ғылым. Тұқым қуалаушылық – ағзалардың ұрпақтан ұрпаққа өздерінің белгілерін (құрылысы, даму, қызметінің ерекшеліктерін) беру қабілеті. Өзгергіштік деп ағзалардың жаңа белгілерді иемдену қабілетін айтамыз.

Файлы: 1 файл

Генетика және селекция негіздері.docx

— 16.98 Кб (Скачать файл)

Генетика және селекция негіздері туралы

Жоспар:  
1.Тұқымқуалаушылы 
2.Өзгргіштік. 
3. Сұрыптау.

Генетика – ағзалардың тұқым қуалаушылық және өзгергіштікті зеріттейтін ғылым. Тұқым қуалаушылық – ағзалардың ұрпақтан ұрпаққа өздерінің белгілерін (құрылысы, даму, қызметінің ерекшеліктерін) беру қабілеті. Өзгергіштік деп ағзалардың жаңа белгілерді иемдену қабілетін айтамыз. Тұқым қуалаушылықпен өзгергіштік тірі ағзалардың бір-біріне қарама-қарсы, сонымен қатар бір-бірімен тығыз байланысты қасиеттері.

1. Тұқым  қуалаушылық

Негізгі ұғымдар

Ген- тұқым қуалаушылықтың материалдық және функционалдық бірлігі. Ген (генетикалық тұрғыдан) –ағзаның бір немесе бірнеше белгісін анықтайтын хромосома бөлігі.Гомологиялық хромосомалардың белгілі бөлігінде орналасып, бір белгінің қалыптасуына әсер ететін жұп гендерді аллельді деп атайды. Ағзалар гомозиготты және гейтерозиготты болып келеді. Гомозигота деп аллельді гендердің екеуі де доминантты (АА) не екеуі де рецессивті (аа) болатын организмді айтады. Гетерозиготалы организмнің аллельді гендері екі түрлі (Аа).

Фенотип деп ағзаның ішкі және сыртқы белгілерінің жиынтығын айтады, яғни тұқымның түсі мен пішіні, гүлінің реңі, сабағының ұзындығы т.б. Фенотип генотиптен және сыртқы ортаның жағдайына байланысты қалыптасады. Генотип- ағзаның гендерінің толық жиынтығы. Генотип фентипті анықтайды.

Буындастыру (гибридизация). 

Генетикадағы қолданылатын ең негізгі әдіс будандастыру. Гибритизация әдісінде бір немесе бірнеше белгі бойынша ажратылатын екі ағзаны будандастырады. Ата-ананың бір-бірінен ажратылатын белгілерінің санына қарай будандастырудың түрлері:

Монигибридті будандастыруда шағылыстырылған ата-ана бір-бірінен бір белгі бойынша ажратылады.

Ажырау дегеніміз гетеризиготалы дараларды будандастырғанда пайда болған ұрпақтың бір бөлігінің доминантты, ал бір бөлігінің рецессивті белгіні көрсетуі.

Доминантты ген рецессивті генге қарсы басымдылығын әрқашан көрсете алмайды. Мұндай жағдай толымсыз доминанттылық деп аталады. Толымсыз доминанттылық кезінде гетерозиготалар ата-енесінің аралық белгісін көрсетеді. Мысалы, намазшамгүлдің реңінің тұқым қуалауы толымсыз доминанттылыққа жатады.

2. Өзгергіштік

Өзгергіштік деп ағзаларда жаңа белгілердің пайда болуы үрдісін айтамыз. Фенотиптің өзгеруінің себебі сыртқы ортаның геннің экспрессиясына әсері немесе генетикалық затта болған өзгерітер болуы мүмкін. Осыған байланысты тұқым қуаламайтын (модификациялық) өзгергіштік және тұқым қуалайтын (генетикалық) өзгергіштікті ажратады.

3. Сұрыптау

Сұрыптау (селекция) дегеніміз өсімдіктердің жаңа іріктемелері мен жануарлардың тұқымдарын және микроағзалардың халықшаруашылығына қажетті штаммдарын алу. Селекцияның теориялық негізі болып генетика табылады.

Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер селекциясы

Өсімдіктерді сұрыптау.

Сұрыптаушы үшін сұрыптауға қолданылатын бастапқы материялдың қасиеттерін бөлу өте маңызды. Осы алаңда орыс генетигі Н.И.Вавиловтың (1887-1943) ашқан екі жаңалығы өте маңызды болды.

1) Тұқым қуалайтын  өзгергіштегі гомологиялық қатарлар  заңы.: бір- біріне генетикалық тұрғыдан жақын (шығу тегі бір) түрлер және туыстардың тұқым қуалайтын өзгергіштігі ұқсас болады. Түрлермен туыстар бір-біріне неғұр-лым жақын болса белшілерінің өзгергіштігід есоғұрлым жақын болады. Бұл заңды Н.И.Вавилов өсімдіктерге байланысты тұжырымдады, кейін жануарлар мен микроағзалар үшін де дәлелденді.

2) Мәдени өсімдіктердің  шығу орталықтарын анықтауға  Н.И.Вавилов зор еңбек сіңірді. Ол дүние жүзі бойынша экспедициялар ұйымдастырып, мәдени өсімдіктердің алуан түрлері мен олардың географиялық таралу аймақтарын зеріт-теді. Н.И.Вавилов мәдени өсімдіктердің барлық географиялық аймақтарға бірдей тарамайтынын және әр дақылдың өзінің шығу орталығы болатынын анықтады.

Жануарларды сұрыптау

Жануарларды сұрыптауда жеке сұрыптау, түріші будандастыру (инбридинг, аутбридинг), әріден (түрарасы) будандастыру кеңінен пайдаланылады.

Жеке будандастыру жануарлардың жынысты көбеюімен байланысты қолданады, өйткені жануарлардан бірден бірнеше ұрпақ алу қиын.

Инбридингті сүрыптауда тұқым гендерінің көбін гомозиготалы күйге көшіру үшін қолданылады, сөйтіп құнды белгілерді генотипте бекініп, сақталады. Сонымен қатар инбридинг гомозиготалыққа тиімсіз белгілерді де әкеліп, жануар-лардың сыртқы ортаның жағымсыз жағдайларына төзімділігін төмендетеді, ауруға шалдыққыштыққа әкеледі. Осындай тиімсіз фенотиптерді депрессия деп атайды.

Жануарларды әріден будандастырудың нәтижесінде ұрпақ бермейтін жануарлар пайда болады. Мұндай будандар тұқым бермегенімен шаруашылыққа маңызы зор. Мысалы, қашыр –бие мен есектің буданы, ана енесінен де күшті, қолайсыз жағдайларға төзімді, ұзақ өмір сүреді, біпақ ұрпақ бермейді


Информация о работе Генетика және селекция негіздері туралы