Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2013 в 23:07, реферат
Ғылыми зетттеулерде және медииналық практикада антидене қолдану аймағы үнемі кеңеюде. Мұнда белгілі бір антигенмен айланысатыняғни тар арнайы антиденелер бағаланады.Антиденені қарапайым әдіспен жануарларды егу арқылы алу жолында біртекті антидене препараттары алынбайды, өйткені иммунизацияланған жануарлар қанында әртүрлі арнайылы кең спектрлі антиденелер болады, ал қосымша еккенде иммуноглобулиндердің әртүрлі класына жататын антиденелер синтезделеді.
I .Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. Гибридомды технологиямен танысу. әдістің ұстанымы
2. Моноклондарды алу. Тышқандардан жасанды ісік – гибридомалар – алу.
3. Гибридомалардан және иммундық жасушалардан гибридтық жасушаларды алу.
4. Моноклоналды антиденелерді алу биотехнологиясымен танысу.
III.Қорытынды
Жоспар:
I .Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. Гибридомды технологиямен танысу. әдістің ұстанымы
2. Моноклондарды алу. Тышқандардан жасанды ісік – гибридомалар – алу.
3. Гибридомалардан және иммундық жасушалардан гибридтық жасушаларды алу.
4. Моноклоналды антиденелерді алу биотехнологиясымен танысу.
III.Қорытынды
Ғылыми зетттеулерде және медииналық практикада антидене қолдану аймағы үнемі кеңеюде. Мұнда белгілі бір антигенмен айланысатыняғни тар арнайы антиденелер бағаланады.Антиденені қарапайым әдіспен жануарларды егу арқылы алу жолында біртекті антидене препараттары алынбайды, өйткені иммунизацияланған жануарлар қанында әртүрлі арнайылы кең спектрлі антиденелер болады, ал қосымша еккенде иммуноглобулиндердің әртүрлі класына жататын антиденелер синтезделеді.
Бұл жағдайдың шешілуі – қажетті арнайы антидене түзетін жасуша клондарын бөлуі мен дақылдандыруы болып көрінді.Бірақ антидене түзуші жасушаның өмір сүру уақыты шектеулі, яғни 10 күнге дейін ғана.Өткен ғасырдың 50-ші жылдарындағы иммунохимиктер иммуноглобулин құрылысын зерттегенде моноклонды антидене қолдана бастаған, яғни олар лимфоидты ісік жасушаларының – миеломаның өнімдері.Миелома – ол сүйек кемігі жасушасынан дамитын ісік.Ол антидене түзетін шектеусіз көбейетін лимфоидты жасушалар клондары болып табылады.Бұл антиденелердің арнайлығын әркез табуы және негізі, құрастыруы қиын болып келеді.
Сонымен,біртекті,
яғни моноклонды антиденелер алудың
мақсаты – берілген арнайы антиденелерді
түзетін шектеусіз көбеюші
Селекция арқылы Г.Келлер және Ц.Мильштейн , керекті арнайылығы бар антиденелер синтездеуге және жасанды ортада шексіз өсуге қабілетті гибрид жасушаларын бөліп алған.осылай гибридтік жасушаларға өзгеше мәңгілік қасиеті пайда болған.Дәл осы жасушалық гибридтер түрін гибридома деп атаған.Индивидуалды гибридтік жасушаны бөліп алып, дақылдандырып, клон алуына болады.Бұндай клон in vitro бір антигендік детерминантасына арнайы антиденелерді көп мөлшерде өндіреді.
Егер
гибридома антиденелер
1984 жылы
ақпан айында Г.Келлер мен Ц.
Қазіргі
кезде моноклонды антиденелерді
дүние жүзіндегі
Кейбір жағдайда моноклонды антиденелер қолданылуы – бірқатар ғылыми проблемаларды шешудің бір ғана тәсілі болып келеді.мысалы , осы техниканы пайдаланып, идиотиптер және иммундық жауаптың идиотиптік реттелуі туралы ілім дамыған.
Клиникада моноклонды антиденелер адамның иммундық статусын бағалауында, лимфоциттердің субпопуляцияларын іріктеуінде кең қолданылады.Белгілі бір антигендерге моноклонды антиденелер адамдағы жедел лейкоздың түрін дифференциялауында қолданылады.Ісік метастаздарын анықтауда ,жасушалық улармен конъюгацияланған иммунотоксин ретінде қатерлі ісіктердің бірнеше түрінде арнайы емдеуде қолданылады.Бұл көптеген қатерлі ісікті емдеуге арналған емде қолднылады.FC – үзіндісі жоқ мутантты МКА in vitro жағдайында дәрілік заттардың зарарсыздандыруында қолданады.Мысалы, дитоксин немесе басқада дәрілік препараттармен уланғанда.
Иммуноглобулиндер антидене болып тек қана антигендермен қарым-қатынасқа кіреді. Бірақ көп құрылымдарға жағдай тудырса, олар антигенге айналып комплементарлы антиденелер жаратылуға жағдай тудырады Сондықтан биологияның және медицинаның әр түрлі бөлімдерінде негізінде антиденелермен қолдану жатқан иммунологиялық әдістер кең таралған.
Вирустерге қарсы тұратын иммуноглобулиндер поликлоналды гетерогенді антиденелер болады. Неге десек – олар әр түрлі клондардың В-лимфоциттерінің қоспасы.
Антигеннің молекуласының белсенді топтарының (бір неше аминқышқылдар) кешеніне қарсы иммунды жасушаларда (гибридомаларда) бір белгілі иммуноглобулин (моноспецификалы антидене) синтезделеді. Иммундық жасушалардың ісік жасушалармен гибридизациясы жасанды ісік – гибридома жаратады. Оны алу техникасы гибридомды технологияға жатады. Гибридомаларды жасушалардың бір клонымен (моноклоналды антиденелер (МКА)) секреттелетін гомогенді антиденелер шығарады.
Гибридомаларды алу әдістің негізінде көкбауырдың сенсибилизденген лимфоциттердің және миеломды жасушалардың қосылуынан кейін гибридтік жасушалардың сериялық өсіруі жатыр. Кейіннен керекті ерекшелігі бар антиденелерді секреттейтін клондарды іріктейді. Іріктелген клонды жасушалардың дақылдары ретінде сақтайды немесе тышқандардың ағзасында асцидтік ісік ретінде сақтайды. Гибридомды технология бір неше кезеңдерден тұрады: дайындық жұмыстар, моноклондарды алу, клондарды сақтау, реклондау, асцидтік ісік алу, антиденелерді тесттілеу, антиденелерді тазалау.
Иммунизацияға алдын ала тазаланған антигенмен қолданады.
Гибридомаларды алу және моноклоналды антиденелерді бөліп алу кестесі:
1. Антиген енгізу.
2. Көк бауырдың жасушаларын алу
3. Миеломды жасушаларды алу
4. ПЭГ 4000 ортасында жасушаларды қосу.
5. ГАТ ортасында гибридомаларды іріктеу.
6. Клондарды бөліп алу.
7. Дақылды суйықтықты антиденелер болуына тексеру.
8. Пассаждарда реклондау.
9. Дақылды сұйықтықтан моноклоналды антиденелерді бөліп алу.
10. Клонды -70 градуста сақтау.
11. Асциттік ісік алу.
Иммунизацияға тышкандармен
Антиденлерді тазалау. Алынған дақылдың және асцидтік сұйықтықтың құрамында моноклоналды антиденелерден басқа компоненттер болады. Оларды жою керек.
Моноклоналды антиденелермен таза түрінде қолданбайды. Оларды ферменттермен және радиоизотоптармен таңбалап ИФА және РИА сараптауда қолданады.
Қазіргі кезде гендік инженерия жетіскері жаңа гуманизацияланған моноклонды антиденелр дайындауға мүмкіндік береді. Олар адамның әр түрлі патологиялық жағдайларында иммунды емде қолданылатын жаңа арнайы дәрілік препараттарды дайындауында өте перспективті.оларды тышқандардың моноклонды антиденелерінің V-гендері мен адамдардың иммуноглобулиндерінің керекті изотиптік С- гендерімен қосып,дайындайды; ол гибридтік антиденелердің арнайылығымен тышқаннын ал антигендік қасиеті – негізі адамның гендерімен анықталады.
Моноклонды антиденелер қазіргі кезде зерттеу , диагностикалау және емдеу мақсаттарымен кең пайдалануда және оларды эксперименталды және клиникалық медицинада қолдану аймақтары үнемі әлде де кеңейеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Шортанбаев Ә.Ә. Кожанова С.В.
Жалпы иммунология
2.Б.А.Рамазанова, Қ.Құдайбергенұлы
«Медициналық микробиология»
Алматы 2010
3. www.enu.kz/nauka/publication/