Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2015 в 13:55, реферат
Төсек орнын ауыстыру екі тәселмен жүргізілуі мүмкін:
бірінші әдіс төсекте айналуға мүмкіндігі бар төсек режимінде жатқан науқастарға орындалады.
Екінші әдіс активті қозғалыстар орындауға болмайтын қатаң төсектік режимде жатқан науқастарға қолданылады.
Науқастың жеке бас гигиенасы 2
Халі ауыр науқастардың төсек орны мен ішкі киімдерін ауыстыру 2
Теріге күтім 3
Тесілулер күтімі мен профилактикасы 3
Ауыз қуысының күтімі 4
Көз күтімі 4
Мұрын күтімі 4
Құлақ күтімі 4
Шаш күтімі 5
Әйел адамдарды жуу 5
Ер адамдарды жуу 6
Ауыр хальдегі науқастық аяғын төсекте жуу 6
Науқасқа психологиялық көмек көрсету 7
Дерек көздері 8
Жоспары
Төсек орнын ауыстыру екі тәселмен жүргізілуі мүмкін:
бірінші әдіс төсекте айналуға мүмкіндігі бар төсек режимінде жатқан науқастарға орындалады.
Екінші әдіс активті қозғалыстар орындауға болмайтын қатаң төсектік режимде жатқан науқастарға қолданылады.
Оң қолы жарақаттанған науқастардың ішкі киімін арқамен жатқызып төменде көрсетілгендей ауыстырылады.
Қатаң төсек тәртібінде жатқан науқастардың ішектері мен қуығын босату үшін дәрет ыдысы мен зәр қабылдағыштары қолданылады. Бұл ыдыстар эмальды беті бар металл, пластмасс немесе резинкеден жасалуы мүмкін.
Терінінің қалыпты жұмысы үшін оның тазалығы мен тұтастығы қажет. Жұмсақтығын, майысқақтығын, серпімділігін сақтау үшін май және тері бездерінің маңызы зор. Олардың функцияларының бұзылуы терінің май және тері бездерінің бөлінділерімен, шаңмен ластануына алып келеді. Терінің ластануы қышынуға, тырмалауға алып келеді, ал ол өз алдына тері бетінде орналасқан микроағзалардың тері астына кіруіне мүмкіндік береді. Тері күтімінің негізгі мақсаты терінің тазалы мен тұтастығын сақтау болып табылды. Сондықтан мейірбике науқастардың жеке бас гигиена ережелерін сақтауын қадағалау және тері күтімі үшін қажетті іс-шараларды өткізуіне көмектесуі керек. Бұл үшін мейірбикеде түсінушілік, аңғарғыштық, интуиция сияқты қасиеттер болуы керек.
Терінің дұрыс күтілмеуінен және ағзаның әлсіреуінен науқастың қысым мен үйкеліске ұшырайтын тері бөлімдерінде тесілулер пайда болады.
Тесілу – ұзақ уақыттық қысымның әсерінен жұмсақ тканьдер мен терінің ойылуы немесе тіпті тканьдердің өлімі. Тесілуге әкелетін факторларға сол аймақтағы қан айналымының, жүйкеленуінің немесе терінің тамақтануының бұзылуын жатқызады. Тесілулер сүйек шығып тұрған жердің кез келгенінен шығуы мүмкін. Пациент арқасымен жатқан кезде: өкше, жауырын, желке кейде және шынтақ, ішімен жатқан кезде: қабырға, тiзе, аяқ саусақтары.
Тесілулердің пайда болуына әкелетін үш фактор бөлініп көрсетіледі:
Қысым дененің өз салмағының әсерінен науқас жатқан беткейге қарағанда тканьдердің қысылуы байқалады. Тканьдердің қысылуы кезінде түтікшелердің диаметрі кішірейеді. Қанның бір жерде азаюының нәтижесінде (ишимия) тканьдердің ашығуы басталады. Екі сағат бойы толық қысымның әсерінен некроз пайда болады. Тканьдердің қысылуы төсек киім кешегі, байламдар әсерінен күшейеді.
Кесуші күш тікелей емес қысымның әсернен тканьдердің механикалық жаралануы немесе бұзылуы. Ол күш түсуші бетке қарағанда тканьдердің ығысуынан пайда болады. Төмен жатқа тканьдердегі микроциркуляция бұзылып, ткань ауа жетіспеулігінен өледі. Ығысулар науқас жоғары немесе төмен ығысқан кезде орын алады.
Үйкелу кесуші күштің компоненті, ол терінің жаралануына әкеледі. Үйкелу ылғалдың көбеюімен күшейе түседі. Үйкелу тері бөлінуі жоғары немесе ылғалды сіңірмейтін киім киген науқастарда жиі байқалады.
Тесілулердің белгілеріне анық шекарасы көрінбейтін көгерген қызарған тері бөліктерінің пайда болуы жатады.
Признаками пролежней является появление участкакожи синюшно-красного цвета без четких границ. Бұдан кейін эпидермисте көршіктер пайда болады, ол жан жағына және ішке қарай таралатын тканьдердің некрозына алып келеді. Емделуі, оның таралу деңгейіне байланысты жүреді.
Бірінші, екінші дейгейдегі тесілулерді консервативті әдіс арқылы (кері тартпа) емдейді, ал үшінші және төртінші деңгейді хиругиялық операция арқылы өлі тканьдерді алып тасталады.
Ауыз қуысында ағзаның әлсіреуі кезінде ауыз қуысының ауруларна соқтырып, адамның жалпы жағдайын нашарлататын микробтар көптеп кездеседі.
Жалпы режімдегі науқастар ауыз қуысының тазалығын өздері қарайды, ал ауыр халдегі науқастардың ауыз қуысының тазалығын әр тамақтанғаннан соң мейірбике немесе туыстары қадағалуы тиіс.
Ауыз қуысын дұрыс күтпеу салдарынан стоматит ауыруы қалыптасуы мүмкін.
Тіс протездері бар науқастар, оны ұйқы алдында шешіп, сабынмен жуып, таңертенге дейін арнайы таза стақанда сақтауы тиіс.
Стерильді пинцет, көзді жуу үшін арнайы формадағы банкілер, фурацилин ерітіндісі 1:2000 , вазелин майы, физраствор, қолғаптар, дезинфекциялаушы ерітінділер арқылы күту
Ауыр хальдегі науқастарда мұрынның шырышты қабығында көп мөлшерде тыныс алуыды қиындатын және науқастың жалпы жағдайын нашарлататын шырыш пен шаң жиналады. Әлсіреген науқастар мұрын жолдарың өздері босата алмайды. Сондықтан науқастың мұрын қуысын әр күн сайын тазлауға мейірбике көмектесуі тиіс.
Сыртқы есту жолдарында сарылау – қоңыр масса құлық бөлінеді. Құлықтың жиналуы есту қабілетінің төмендеуіне алып келетін құлық тығындарын пайда болуына әкеліп соғады. Дені сау құлақ күтіміне оның жылы су мен сабынмен жуу болып табылады. Сыртқы есту жолдарын үшкір заттармен тазалауға ТИЫМ САЛЫНАДЫ. Бұлай дабыл жарғағын немесе есту жолдарының қабырғасын зақымып алуыңыз мүмкін. Құлық тығыны пайда болған кезде, дәрігер қаралуымен мейірбике тазалауы тиіс.
Ұзақ уақыт төсекте жататын науқастар тұрақты түрде шаш күтімін қажет етеді. Науқастың шашында қайызғақ немесе биттердің пайда болмауын қадағалау керек. Ер адамдардың шашын түсу кезінде қысқалып алып, аптасына бір рет гигиеналық ванна кезінде басын жуады. Ванныға түсуге тиым салынған науқастарды науқастың жағдайы мүмкіншілік берсе төсекте жууға болады. Әйел адамдардың ұзын шашының күтімі қиын болып келеді.
Шашты шаң мен қайызғақтан тазалау үшін әр күн сайын тарау керек. Ол үшін таза тарақ алады. Қысқа шашты негізінен ұшына қарай, ал ұзын шаштарды бөліп, ұштарынан негізіне қарай тарайды. Сірке қышқылына малынған тарақ шаң мен қайызғақты жақсы кетіреді.
Құрал жабдықтар: лоток, корнцанг, салфетки, перчатки; клеенка, пеленка, сабын, ыдыс, су құйылған кувшин (температурасы 37-38'С) немесе Эсмарха кружкасы.
Орындалуы:
Құрал жабдықтар: клеенка, жылы су құйылған ыдыс, сабын, губка, қайшы, перчатка.
Процедураның орындалуы:
Әр науқас ауруға және оның бөлек сипмтомдарына әр түрлі қарайды. Аурумен күреседі, одан жоғары тұрады, мән бермейді, мақтанады, ұялады, толығымен беріледі, оның құлы болады, қорқады, сүйеді, үйреніседі, жақсы жақтарын іздейді, қиналады. Қалай болса да ауру науқасты өзгертеді. Ауырталықтар, өзін өзі жаман сезінуі, бүкіл организмді басқаша сезіну науқастың бар зейінін өздерінің сезімдеріне бағыттай отыра, оны еселей түсіреді.
Адамның психологиялық жағдайы оның ауыруымен тікелей байланысты және бұл тығырықтан өту үшін тек дәрігердің ғана емес, психологтың да көмегі қажет болады, себебі көптеген адамдар мұндай қиындықтарға шыдай алмайды, ал ол өз алдына тұлғаның патологиялық өзгеруіне алып кетеліп қатты депрессияға әкелуі мүмкін.
Сондықтан науқаста психологиялық көмек өте маңызды бөлып келеді.