С.Ж Асфендияров атындағы Қазақ
Ұлттық Медицина университеті.
Кафедра _______________________
Тақырыбы: Гипертониялық
криз
Орындаған: Тұрлыбаев
Т
Курс: V
Топ:
Тексерген:
Алматы 2015ж.
- Гипертониялық криз — бұл вегетативті бұзылыстардың нәтижесінде ми мен жүрек-қан тамырында патологиялық өзгерістер болатын артериялық қысымның кенеттен көтерілуі.
- Гипертониялық кризде көптеген жүйелер мен ағзалар тарапынан асқынулар, орталық нерв жүйесінің бұзылыстары, жүректік тапшылық, стенокардия, миокард инфаркті, өкпе ісінуі, аневризм және басқалардың қауіпі артады.
- Қан қысымының (ҚҚ) көтерілуі екі механизмге байланысты:
- - қан тамырлық
- кардиалды
- Ағымының 4 нұсқасын ажыратады:
- 1 - қатерлі (тез өршитін);
- 2 – баяу өршитін;
- 3 - өршімейтін;
- 4 – қайтымды дамуымен;
Криздік жағдайды
әдетте мыналар туындатады:
- психоэмоционалдық артық жүктеме;
- ауа райының өзгеруі;
- кофені, алкогольдік ішімдіктерді көп ішу;
- гормондық бұзылыстар;
- гипотензивті препараттарды ішуді өз еркімен тоқтату;
- мидың (инсульт), жүректің (инфаркт немесе стенокардия ұстамасы), бүйректің ауыруы.
Гипертониялық
криздің белгілері:
- - диастоликалық артериалды қысымның 110-120 ммсынбағ-нан жоғары көтерілуі;
- қатты бас ауыру, әдетте желке тұсында;
- самайдағы тамыр бүлкілдеуі;
- ентігу (жүректің сол қарыншасына түсер жүк күшейгендіктен);
- жүрек айнуы немесе құсу;
- көру бұзылыстары (көз алдындағы “кіреукелену”, көру өрісінің ішінара жоғалуы мүмкін);
- тері жамылғыларының қызаруы;
- төс астында қыспалы аурудың пайда болуы ықтимал;
- қозу, ызалану.
Криздің екі
түрі ажыратылады.
- Бірінші типтегі криз (гиперкинтетикалық) көбіне артериалды гипертензияның ерте сатыларында байқалады. Бұған жедел басталу, көбіне систоликалық АҚ-ның артуы, тамыр соғысының жиілеуі, “вегетативтік белгілердің” молдығы тән.
Екінші типтегі криз (гипокинетикалық) әдетте АҚ-ның жоғары деңгейі фонында кеселдің соңғы сатыларында дамиды, милық және жүректік симптомдармен бірге біртіндеп даму (бірнеше сағаттан 4-5 күнге дейін) және ауыр ағым тән.
Гипертониялық
криздің диагностикасы келесі
негізгі критерилерге негізделеді:
- 1. Салыстырмалы кенет басталу.
- 2. АҚ жеке жоғары көтерілуі (> 180/120 с.б.).
- 3. Церебральді, кардиальді жəне вегетативті мінездегі субъективтік жəне объективтік симптомдардың болуы.
СД
ДД
Қысым деңгейін
бағалау
110
70
Оңтайлы
120
80
Қалыпты
121-139
81-89
Гипертензия
қаупі
140-159
90-99
Бірінші деңгейлі
гипертензия
160
100
Екінші деңгейлі
гипертензия
>180
>110
Үшінші деңгейлі
гипертензия
- Гипертониялық криздегі алғашқы көмек
- науқасты төсекке жатқызу (бас жағын жоғары етіп);
- толық физикалық және психикалық тыныштық жасау;
- дәрігер келгенше әрбір 15 минут сайын артериалды қысымды және жүректің жиырылу жиілігін (ЖЖЖ) бақылау;
- АҚ-ды төмендететін емді шұғыл бастау (үйде, жедел жәрдем көлігінде, аурухананың қабылдау бөлімінде);
- жоғары АҚ фонында тахикардия байқалса селективті емес бета-адреноблокаторлар тобының препараттары (пропранолол) ұсынылады;
- криздің бетін ықпалды қайтару үшін каптоприл қолданылады, әсіресе анамнезінде кардиосклероз, жүректік тапшылық, қант диабеті болса;
- нифедипинді жүктілік фонында, қосымша бүйрек және бронх-өкпе жүйесінің кеселдері болғанда қолданады;
- алаңдатушы процедуралар:
- желкеге, белге және аяққа қыша;
- қатты бас ауруында басқа салқын қою;
- ыстық аяқ ванналары.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
- 1.Айтбембет Б.Н. Ішкі аурулар пропедевтикасы.- Алматы 2005ж.
2.Жаманкулов К.А. Ішкі аурулар пропедевтикасы , б. I-II.- Актөбе, 1992ж.
3.Муратбекова С.К. Терапиядағы мейірбике ісі.- Астана «Фолиант», 2007ж.- 600 б.
Қосымша әдебиеттер :
1.АхметовК. Ішкі аурулар пропедевтикасы.-Актөбе, 2007