Гломерулонефрит. жедел және созылмалы гломерулонефритер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 13:40, реферат

Описание работы

Емдеу жолдары
Гломерулонефриттер
Нефротикалық синдром-құрамына көп протеинурия, гипоальбунемия, гиперлипидемия, липидурия және жалпы ісіну кіретін бүйрек ауруларың кейбір түрлерінде пайда болатын клиникалық-лабораториялық симптомдар комплексі.

Файлы: 1 файл

онгласинова жадыра.pptx

— 53.36 Кб (Скачать файл)

Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің дипломнан кейінгі клиникалық оқыту орталығы 
Дипломға дейінгі білім беру бөлімі  
Кафедра: Ішкі аурулар  
 
Нефротикалық стндром. Гламерулонефриттер. Жедел және созылмалы гломерулонефриттер. 

 

 

 

Қабылдаған: Баймуханбетовва Э.З

Орындаған: Онгласинова Ж.Х

Тобы: ЖМК-404

 

Шымкент 2013

 

          

 

Жоспар

 

    • Нефротикалық синдром

    Этиологиясы

    Патогенезі

    Клиникалық синдром

    Емдеу жолдары

    • Гломерулонефриттер
    • Нефротикалық синдром-құрамына көп протеинурия, гипоальбунемия, гиперлипидемия, липидурия және жалпы ісіну кіретін бүйрек ауруларың кейбір түрлерінде  пайда болатын клиникалық-лабораториялық симптомдар комплексі.
    • Этиологиясы:
    • Нефротикалық синдромға бүйректің шумақтық фильтрінің бұзылысымен  жүретін барлық аурулары әкелуі мүмкін.
    • Біріншілік нефротикалық синдромның себептері:

   - липоидтық нефрит

   - мембранозды гломерулонефрит және біріншілік нефриттің өзге түрлері- мезангиопролиферативті, мембраноздыпрлиферативті, ошақты гломерулосклероз.

    • Екіншілік нефротикалық синдромның себептері:

    - инфекциялық аурулардан дамыған гломерулонефриттер: стрептококтық инфекцияда, инфекциялық эндокордитте, екіншілік мерезде, алапесте.

    - дәнекер тінінің жүйелі ауруларында және жүйелі васкулиттерде дамыған гломерулонефриттер.

    - бүйректің зат алмасу бұзылысынан зақымдануынан

   -  дәрмектік нефротикалық синдром –келесі дәрмектерді ұзақ қолданғанда, кейде бір рет қолданың өзінде байқалған: алтын, висмут дәрмектекер т.б.

    • Патогенезі: Нефротикалық синдром зақымданған шумақ фильтрнен  белоктың аса  көп мөлшерде жоғалтылуынан  дамиды. Жоғалтылатын белоктың мөлшері тәулігіне  3,5 –тен  асқанда  жойылған  белоктың орнын бауыр толықтырып үлгермейді,  сондықтан қандағы  белоктың мөлшері азаяды. Нефротикалық синдромға  тән ісіну гипопротеимияның салдарынан болады.
    • Клиникалық көрінісі. Клиникалық  көріністе нефротикалық синдромға  әкелген аурудың  белгілері  анықталады. Нефротикалық синдромға келесі белгілер тән:

- Әлсіздік , тәбеттің нашарлауы,  жүрек айнуы,  ентікпе,  бел  тұсының ауырсынуы.

    • Ісіну. Алдымен бет, табандар  мен балтырлар ісінеді, содан кейін ісіну бүкіл денеге таралады. Кейде ісіну анасарка дейгейінде болады.

     Ісінудің басты  себебі- гипоальбуминемия. Гипоальбунемияға  байланысты  қанның коллоидтық-осмостық  қысымы төмендейді, қанның құрамындағы   су тамыр сыртына  шығып  гиповолемияға әкеледі.

    • - Дистрофиялық құбылыстар : терінің құрғақтығы , тырнақтардың сынғыштығы, шаш талшықтарының үзілгіштігі, миокардтың, өзге ағзалардың дистрофиясы.

   -  Бауырдың ұлғаюы.

   - Лабораториялық өзгерістер.  Нефротикалық синдромның басты емі- протеинурия. Кейде несеппен тәулігіне 20-50 г белок жойылады. Несептегі белоктың негізгі компаненті – альбумин. Нефротикалық синдромда белоктармен бірге түрлі ферменттерде бөлінеді: трансаминаза, лейцинаминопептидаза, қышқыл пептидаза,  N- ацетилглюкозааминидаза.

    - Зәрдің шөгіндісінің өзгерістері:  Протеинурияға байланысты несептің шөгіндісінде цилиндрлер көп болады.

     Кейде зәр ананлизінде липидурия байқалады. Липидурия- зәр құрамында май тамшыларының, майдан тұратын цилиндрлердің болуы.

     - Гипоальбуминемия және гипопротеинемия- нефротикалық синдромның өзекті белгісі, Гипоальбунемия кейде 10-20 г/л, тіпті 6 г/л дейін төмендейді.

     - Анемия дамуы анемияға алып келетін себептер: трансфериннің зәрмен жойылуы, темір сіңірілуінің бұзілісі, эриттропоэтиннің синтезінің азаюы және  оның зәрмен жойылуы. 

    • Емі:
    • Диетотерапия және оған қойылатын талаптар:

 -Ас тұзын тәулігіне 2-3 г, ал ісінудің ауыр түрінде 0,5 г дейін шектеу, анансарка болғанда сусынның орнына дистиляцияланған суды ішкізеді.

  - Сұйықтықты шектеу. Сұйықтықтың мөлшері алдыңғы тәуліктегі диурездің мөлшері +200 мл  көлемінде болуы тиіс.

  - Нефротикалық сидромда атерогендік гиперлипидемияның дамуынан  холестиринге бай майларды және тағамдарды шектеу.

    • Дәрмектік ем: Нефробиопсия арқылы нефротикалық синдромның   этиологиясын анықтағаннан кейін  негізгі аурудың потогенездік емін жасайды. Гламеруло нефрит болғанда глюкокартикоийдтарды цитостатиктерді қолданады, егер бүурек амилойдозы анықталса амилойдозды емднйді.
    • -Антикоагулянттық антиагреганттық ем:

    - Гепарин және  курантил (дозалары және қолдану жобасы гламерулонефриттің еміндегідей)

    - Белок синтезін аррттыру мақсатымен стероидтық анабоиктерді қолдану.(ретоболил 1 мл аптасына 1 рет бұлшықетке, барлығы 4-5 инекция)

   Диуретиктік ем:

      - Фурасимид дозасын 40-80 мг бастап тәулігіне 400  мг дейін көбейтеді. Гипокалимея болса  емге биорошпирон  калий хлориді, калий орататы қосылады.

    • Гломерулонефрит- көбіне  жасырын дамып, үнсіз меңдейтін аурулардың бірі.  Шумақтардың  басым зақымдануымен жүретін  бүйректің  диффузды  қос  жаұты иммундыұ  қабыну ауруы.
    • Этиологиясы:

 1. инфекциялық аурулардың

    • Стрептококтық инфекцияның (тонзиллит, отит, пиодермия)
    • Өзге бактериялық  аурулардың (инфекциялық эндокардит, сепсис, пневмония, іш сүзегі,)
    • Вирустық инфекцияның (HBV,  инфекциялық мононуклеоз, эпидемиялық паротит, Коксаки)
    • Паразиттік аурулардың (безгек, токсоплазмоз)

2. Иммунокомплекстік   жүйелі аурулардың (жүйелі қызыл жегі, түйінді периартерит)

3. Туа біткен синдромдар: (Альпорт, Фабри синдромы)

4. Бүйректің веналық жүйесінің  гипертониясынан (Бүйрек веналарының тромбозы, төменнгі қуыс венаның торромбозы, констрикциялық перикардит)

 

 


Информация о работе Гломерулонефрит. жедел және созылмалы гломерулонефритер