Қарағанды мемлекеттік
медицина университеті
№2 хирургиялық аурулар
кафедрасы
Тақырыбы: Хирургиялық бөлімінің, хирургиялық
кабинетінің (таңу) жұмысына қатысуы
Орындаған: Дабылбек А.Е.
4-007 топ ЖМФ
Тексерген: Калиева Д.К.
Қарағанды 2013 жыл
Хирургиялық бөлімдегі
таңу кабинеті жұмысының ұйымдастырылуы
Бөлімдегі таңуды
жүргізу кезінде қойылатын негізгі талаптар:
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- Ауруханаішілік инфекциялардың профилактикасы эпидемиялық процестің пайда болуын тоқтатуына бағытталған шаралардың кешенінен тұрады. Осы шаралардың ішіндегі маңызды бөлімнің бірі хирургиялық манипуляцияларды жүргізу кезіндегі санитарлық гигиеналық ережелер мен нормалардың және эпидемияға қарсы шаралардың сақталуы болып табылады.
Қазіргі кездегі нормативті құжаттарға
байланысты (СНиП 2.08.02-89) хирургиялық бөлімде 2
таңу бөлмесі болуы керек:
- Таза таңу бөлмесі
- Іріңді таңу бөлмесі
Бірақ көптеген медициналық мекемелерде
1 ғана таңу бөлмесі анықталған. Сол себепті
іріңді септикалық аурулардың асқынуларының
алдын алу мақсатында санитарлық гигиеналық
және эпидемияға қарсы шараларды қатаң
сақтау өте маңызды.
- барлық таңу материалдары мен құралдар биксаларда 3 тәуліктен көп емес сақталуы керек немесе орама қағаздарда(крафт қағаздарда) 7 тәуліктен көп емес уақытта сақталуы керек;
- биксаны ашқаннан кейінгі таңу материалдарының сақтау мерзімі – 6 сағаттан аспауы керек;
- биксада ашылған уақыты көрсетіліп тұруы керек;
- таңуды жүргізетін стерильді үстелдің бетіндегі стерильді мата еденнен 15-20 см биіктікте болуы керек;
- таңуды стерильді маскалар мен перчаткаларда жүргізу керек;
- стерильді үстелдің үстіндегі барлық құралдар корнцангаммен немесе ұзын пинцетпен алу керек және олар стеарилизациядан өтуі керек;
- қолданылмаған стерильді материал міндетті түрде қайтадан стеарилизациядан өтуі керек;
- әрбір таңудан кейін кушетканы (таңу жүргізілетін үстел) қолдануға рұқсат етілген дезинфектанттар қосылған ерітіндімен сүртіп отыру керек;
- әрбір таңудан кейін медбике қолғапты 2 рет сабынмен сабындап жуып, шайып және өзінің жеке сүлгісіне сүртуі керек. Осы процедуралардан кейін ғана қолғапты шешіп, дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа салады;
- қолданылған таңу материалдарының барлығы полиэтиленді пакеттерге немесе арнайы маркирленген шелектерге жиналып, қоқысқа тастамай тұрып, 2 сағат ішінде дезинфекциялық ерітіндіде алдын ала залалсыздандырылуы керек.
Таңу бөлмесінің
температурасы 18°С тан төмен болмау керек.
Таңу
бөлмесіндегі жабдықтар: науқастарға таңу жүргізілетін
үстел, құралдар мен таңу материалдарына
арналған үстел, отыратын науқастар үшін
орындықтар, алынған байламдар үшін контейнер,
құралдар мен дәрілік заттарға арналған
шкаф.
Таңу
бөлмесінде орталықтанған суық және ыстық
сумен қамтамасыз етілуі керек.
- Таңу бөлмесінде аурулардың асқынуы болмас үшін әрқашанда таза және санитарлық гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар сақталуы керек. Таңуды жүргізгенде міндетті түрде құралдарды қолданып, жұмыстың басында іріңді емес ауруларды таңып, содан кейін іріңді ауруларды таңуды жұргізу керек. Жұмыстың соңында ылғалды уборка және ауаны ультракүлгін сәулемен өңдеу жүргізілуі керек.
- www.google.com сайты
- www.yandex.ru сайты