Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 19:11, реферат
Әйел жыныс мүшелерінің қатерсіз және қатерлі ісіктерінің ішінді ең жиі кездесетіні жатыр ісігі (80 % дейін). Сирегірек аналық без (15-16 %) сыртқы жыныс мүшелерінің және қынап (2-4 %) ісігі кездеседі. Әйел жыныс мүшелерінің қатерсіз ісіктері ішінен ең жиі кездесетіні жатыр миомасы – бұл бірыңғай салалы бұлшықеттен дамитын ісік. 30 – 50 жас аралығындағы гинекологиялық науқас әйелдердің ішінен миома 8 – 14% жиілікте кездеседі. Ісіктің гармонға тәуелді екені анықталды. Жатыр миомасы бар науқас әйелдерде фолликулостилеулдеушігормон секрециясы жоғарылаған, лютеинизирлеуші гормон синтезі төмендеген, менструальды циклдың сары дене фазасы қысқарған және гиперэстрогенемия байқалады.