Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2015 в 20:49, реферат
Эпидемиологиялық зерттеуде қазіргі ғылыми- техникалық жетістіктерде пайдаланылатын көптеген әдістерді қолдану бүгінгі күннің талабы. Мысалы, компьютерлік технологияны пайдаланып, эпидемиялық процестің математикалық үлгілерін және оған болжау жасауды, оның көріністерін қадағалауды және әртүрлі компьютерлік бағдарламалар жасауды; нәзік және өте дәл биохимиялық ,иммуногенетикалық әдістерді пайдаланып, қоздырғыштың жан-жақты қасиеттерін, субмолекулярлық құрылымын зерттеуді , гендік инженерлік технологияны пайдаланып , жаңа иммундық егулер жасауды, т.б. жүзеге асыруға болады.
Эпидемиологиялық зерттеу әдістері.
Эпидемиялық процесс күрделі
құбылыс болғандықтан, оны зерттеу үшін
кешенді әдістер қолданылады. Эпидемиологиялық
зерттеу әдістері медицинаның басқа да
салаларында көп жағдайларда пайдаланылады. Мысалы:
бақылау, тексеру,тарихи-жағрияпиялық
сипаттау мен салыстыру,эксперимент,
Эпидемиологиялық зерттеуде қазіргі ғылыми- техникалық жетістіктерде пайдаланылатын көптеген әдістерді қолдану бүгінгі күннің талабы. Мысалы, компьютерлік технологияны пайдаланып, эпидемиялық процестің математикалық үлгілерін және оған болжау жасауды, оның көріністерін қадағалауды және әртүрлі компьютерлік бағдарламалар жасауды; нәзік және өте дәл биохимиялық ,иммуногенетикалық әдістерді пайдаланып, қоздырғыштың жан-жақты қасиеттерін, субмолекулярлық құрылымын зерттеуді , гендік инженерлік технологияны пайдаланып , жаңа иммундық егулер жасауды, т.б. жүзеге асыруға болады.
Эпидемиологияға шектес ғылымдардың әдістемелік құралдарын толық , уақытында , керек орнында пайдалану бұрыннан келе жатқан әдет , олар микробиологиялық , энтмологиялық , иммунологиялық , т.б. әдістер. Сонымен, эпидемиологиялық мақсатқа қолданылған әдістер осы пәнге тән бағытқа ие болады және осы пәнді зерттеуде ерекше орын алады.
Эпидемиялық процестің өзіне тән қасиеті болғандықтан , тек инфекциялық аурулар эпидемиологиясына тиісті әдіс: инфекциялық аурулар ошағын бақылау мен тексеру кезінде жиналған мәліметтерді эпидемиологиялық талдау мен құрастыру және мәліметтерді жан -жақты математикалық, статистикалық әдістермен тексеріп дәлелдеу.
Эпидемиологиялық әдіс - эпидемиялық процестің себеп - салдары байланысын анықтауда пайдаланылатын әдістемелік тәсілдер мен амалдар жиынтығы.
Эпидемиологиялық әдіс - инфекциялық аурулардың пайда болу себептерін , берілу механизмдерін анықтау және эпидемиологиялық жағдайды бақылауда қолданылатын әдістің жиынтығы.
1.Эпидемиологиялық тексеру мен бақылау. Инфекциялық аурулар ошағын эпидемиологиялық тексеру әдісі ең алғашқы және маңызды болып саналады. Бұл әдіс ошақтың пайда болу жағдайы мен себебін , инфекция қоздырғышының көзін , берілу факторлары мен жолдарын , сонымен қатар жұқтыру қауіп - қатеріне ұшыраған адамдарды анықтау үшін пайдаланылады.
Эпидемиологиялық тексеру эпидемиялық ошақты тежеу және біржола құрту мақсатында індетке қарсы керек шаралардың мөлшері мен бағытын анықтау үшін атқарылады. Ол эпидемиологиялық диагноз қоюмен тәмәмдалады.
Ошақты тексеру мен қадағалау эпидемиологиялық әдістің өзіндік бөлігі болып саналады. Бұл эпидемиолог маманның ең басты және маңызды жұмыстарының бірі. Ошақты эпидемиологиялық тексерудің нәтижесі осы ошақты құрту барысында атрқарылтын әрекеттер туралы шешім қабылдаудың негізі болып саналады.
Эпидемиологиялық әдістердің құрылымы
№ |
Әдістемелік әдістер |
Зерттеу мақсаты |
1.
2.
3.
4.
5. |
Эпидемиологиялық тексеру мен қадағалау. А) инфекция ошағын тексеру Б)аумақты (обьектіні) барлаумен сараптау В) микробиологиялық, серологиялық, иммунологиялық, паразитологиялық, энтомологиялық, санитарлық – химиялық әдістер.
Аналитикалық әдістер. А) оқиға – бақылау түрінде зерттеу; Б) когортты зерттеу ( біркелкі топты зерттеу) Статистикалық әлістер
Эксперименталдық болжау
Математикалық үлгілеу |
Инфекциялық аурулардың пайда болу жағдайы мен себебін анықтау; қауіп – қатердің себебін анықтау ( қатерлі аумақ, обьект);эпидемиологиялық диагноз қою; аурудың этиологиясын дәлелдеу; эпидемиялық процеске қатысатын буынаяқтылар түрі,кеміргіштер; аумақта инфекциялық аурулардың пайда болу мүмкіндігі,эпидемиялық жағдайды асқындырмау шарларын анықтау. Қауіп-қатер факторларын болжап бағалау, қорытынды жасау, эпидемиологиялық диагноз қою; қауіп-қатерге факторға байланысты індетке қарсы шаралардың бағытын анықтау. Сырқаттанушылық деңгейінің дұрыс дәрежесін сандық бағалау; індетке қарсы және алдын алу шараларының тиімділігін анықтау; эпидемиялық процестің уақыт, кеңістік бойынша дамуын бағалау, құбылыстық себептік – салдар байланысының өзара қатыстылығын бағалау. Болжауды дәлелдеу;індетке қарсы жұмысқа және алдын алу шараларына қолданылатын жабдықтар мен сандық тиімділігін бағалау. Эпидемиялық процестің көрінісін болжау. |
Ошақты эпидемиологиялық тексеру барлық инфекциялық ауруларға бірдей әдістемелікті қолдану арқылы атқарылады. Оған кіретіндер: аурудан және оны білетін адамдардан сұрау ( эпидемиологиялық анамнез жинау ), ошақты қарап тексеру ,диагноз қоюға және санитарлық гигиеналық зерттеуге керек материалдарды жинап , арнайы зертханаларға жеткізу, диагноз қоюға көмектесетін құжаттарды зерттеу. Ошақты эпидемиологиялық тексеру мен қадағалаудың мақсаты ошақтың шекарасын анықтау, яғни инфекцияның таралу шеңберін белгілеу, індетке қарсы шараларды ұйымдастыру.
Эпидемиологиялық тексеру барысында жиналған мағлұматтар ошақтың пайда болу жағдайы мен себебін анықтауға және оны құрту әрекеттері туралы қорытынды жасауға негіз болады. Инфекциялық аурулардың әрбір топтарының өзіне тән ерекшеліктері болады , сондықтан эпидемиологиялық тексеру жұмысы осы ерекшеліктерді ескере отырып атқарылады.
Ошақты эпидемиологиялық тексеру жұмысының кұрал ретінде антропонозды инфекцияларда: №328/у есеп үлгісі - " Инфекциялық аурулар ошағын эпидемиологиялық тексеру картасы ", №329/у есеп үлгісі- " Зоонозды аурулар ошағын эпидемиологиялық, эпизоотологиялық тексеру картасы " пайдаланылады.
Аумақты санитарлы - эпидемиологиялық барлау мен сараптау эпидемиологиялық тексерудің бір бөлігі және ерекше әдісі болып саналады. Эпидемиологиялық барлау мен сараптау әдісінің мақсаты- аумақта аурудың пайда болу мүмкіндігін дәлелдейтін мағлұматтарды жинау және эпидемиологиялық жағдайды асқындырмау шараларына байланысты арнайы әрекеттермен ұйымдастыру жұмыстарын атқару.
Зертханалық , энтомологиялық , паразитологиялық және басқа жұмыстарды атқарудың басты мақсаты - аурудың этиологиясын , эпидемиялық процестің жағдайы мен пайда болу себептерін анықтау.
2. Аналитикалық эпидемиологиялық әдістер. Аналитикалық эпидемиологиялық зерттеудің мақсаты- эпидемиологиялық тексеру мен қадағалау барысында инфекциялық аурулардың пайда болуы мен таралу туралы диагностикалық болжауды бағалау үшін тексеру жүргізу.
Болжауды тұжырымдау және тексеру эпидемологтың қызметіндегі ең жауапты кезең. Бастапқы болжауды тексеру барысында жаңа болжау пайда болу мүмкін, оны тағы да тексеру қажет. Эпидемиологиялық болжау әр уақытта эпидемиялық процестің белгілі бір заңдылықтарына негізделеді. Оның көріністерін тексеру барысында эпидемологтың болжауының дұрыс болып шығуы мүмкін.
3. Эксперменталдық эпидемиологиялық әдістер. Инфекциялық аурулар эпидемиологиясында эксперимент эпидемиялық процестің тек кейбір жақтарын зерттеуге қолданылады, өйткені оны толық түрде жасауға болмайды. Мысалы, оның індетке қарсы және алдын алу шараларына қатысты жақтарын зерттеуге болады. Сондықтан эпидемиологиядағы эксперимент дегеніміз инфекциялық ауруларды тудыруға қатысы бар деп күдіктенген фактордан құтылу арқылы эпидемиялық процеске жасанды түрде араласу , яғни зерттеушінің қауіп- қатер факторының жағымсыз әсерін дәлелдеуі. Егер эпидемиологиялық тексеру мен қадағалау эпидемиялық процестегі құбылыстардың өзара байланысын көрсетсе , эксперимент оның себептік - салдарлы байланысын айқындайды.
4. Математикалық үлгілеу. Эпидемиологиялық әдістің барлық түрлерін қолданғанда эпидемиялық процестің көрінісін байқауды математикалық үлгілеу әдісімен бірге атқаруға болады. Аналитикалық эпидемиологиялық әдістерді пайдалану барысында эпидемиялық процестің даму механизмі ойша елестету арқылы жүзеге асады.
5. Статистикалық зерттеу әдістері. Сырқаттанушылықтың негізгі көрсеткіштері мен оны есептеу әдістері. Статистикалық зерттеу әдісінің мақсаты – эпидемиологиялық жағдайды, атқарылатын індетке қарсы және алдын алу шараларының тиімділігін сан арқылы бағалау.
Эпидемиологиялық тексеру мен қадағалау барысында әртүрлі мағлұматтар жиналады, олардың маңызы дұрыс баға беру қажет болады. Математикалық статистикалық әдістерді қолдану арқылы көптеген материалдардан толық мәлімет алып, олардың дұрыстығын бағалау қажет болады. Жиналған материалдарды статистикалық тексеруден өткізу әртүрлі құбылыстарға дұрыс баға беру үшін қажет, оның эпидемиялық процестің уақыт, кеңістік бойынша әртүрлі топтарда ( жасы, еңбек өтілімі, кәсібі, т.б.) көрінісін, даму барысын бағалауда маңызы зор.
Эпидемиологиядағы эксперименталды зерттеудің түрлері
№ |
Түрі |
Негізгі мазмұны |
Мақсаты |
1.
2.
3.
4.
5. |
Бақылаудағы эпидемиологиялық эксперимент
Бақылаусыз эпидемиологиялық эксперимент
«Табиғи» эксперимент
Эпидемиялық процесті« физикалық үлгілеу»
Эксперменталдық эпизоотология |
Когортты эпидемиологиялық зерттеуде зерттелетін фактор тобының әрекеті барлық қасиеттері бойынша жинақталады. Эпидемиялық процестің табиғи даму барысында өткізілген шараларға жасанды араласу және когорттық зерттеу– бақылау нәтижесін бағалау.
Біршама бөлектенген топтағы адамдарға араласуынсыз әсер етудің арқасында болған ерекше жоғары сырқаттанушылық немесе сырқаттанушылықты жою. Табиғи жағдайларда эпидемиялық процестің дамуын қоздырғышпен ( сирек жағдайда адаммен) ауыстыру.
Зертханалық жағдайда зерттеушінің еркімен эпизоотияны жасанды түрде көрсету. |
Себептік-салдар байланысын дәлелдеу. Атқарылған шаралардың тиімділігін сандық жағынан дәлелдеу.
Індетке қарсы шаралардың тиімділігін бағалау және себептік – салдар байланысының дұрыстығын көрсету.
Сырқаттанушылықтың себебі мен жағдайды тұжырымдау және болжау ( қауіп – қатер факторларын).
Эпидемиялық процестің даму механизмі туралы тұжырымдау және болжауды тексеру.
Эксперменттің нәтижесін эпидемиялық процеске эктрополяция және болжауды тексеру |
Статистикалық толық қорытынды абсолюттік және салыстырмалы сандармен сипатталады, сандар кесте, графикалық бейне, диагррама, катограмма түрінде көрсетіледі.
Эпидемиялық прпоцестің белгілері «симптомдары» интенсивті және экстенсивті көрсеткіштер болып саналады, яғни уақыт бойынша, аумақтағы таралу бойынша және әрбір халық топтары арасында көріністері бойынша сипатталады. Статистикалық көрсеткіштер эпидемиялық процестің сандық және сапалық белгілері арқылы сипатталады.
Эпидемиялық процестің сандық белгілері;
Эпидемиялық процестің сапалық белгілері:
Сандық өзгерістер сапаға жеткізеді және керісінше сапалық өзгерістер сандық өзгеріске жеткізеді. Статистикалық мәліметтер ( сырқаттанушылық көрсеткіші, өлім-жітім) эпидемиологиялық талдаудың табиғи элементтері болып саналады. Эпидемиологиялық талдауды жасағанда статистика әдістерін кеңінен қолданылады, яғни экстенсивті және интенсивті көрсеткіштерді.
Эпидемиологиялық талдаудың мақсаты эпидемиялық процеске әсер ететін факторларды, оның таралу заңдылықтарын және індетке қарсы шаралардың тиімділігін анықтау. Эпидемиологиялық талдаудың қорытындысына қарай инфекциялық ауруларға қарсы шаралардың жоспары жасалады.
Эпидемиологиялық жағдайды талдауда эпидемиологтың жинаған әр түрлі материалдармен қатар санитарлық – эпидемиологиялық және басқа да мекемелердің мағлұматтары, ақпараттық негіз болады: