Үймереттерді техникалық пайдалану
негіздері
Күрделі құрылыс нышандарын
пайдалануды жүзеге асыру кезіндегі қатынастарды
техникалық реттеу объектілері:
- Үймереттердің, құрылыстардың,
ғимараттардың және оған іргелес аумақтардың
жұмысқа қабілетті және қауіпсіз жай-күйін
қолдау жөніндегі эксплуатациялық реттеу;
- Үймереттердің, құрылыстардың,
ғимараттардың және оған іргелес аумақтардың
техникалық және технологиялық жабдықтардың
жұмысқа қабілетті және қауіпсіз жай-күйін
қолдау жөніндегі эксплуатациялық реттеу
болып табылады.
Техникалық реттеуді жүзеге
асыру кезінде сәйкестігін тексеру нысаны:
- Пайдалынатылатын күрделі құрылыс объектілері техникалық қауіпсіздік
заңнамасы талаптарына сәйкес жай-күйі;
- Үймереттердің, құрылыстардың,
ғимараттардың және оған іргелес аумақтардың
техникалық және технологиялық жабдықтардың
техникалық қауіпсіздік заңнамасы талаптарына
сәйкес жай-күйі болып есептеледі.
Күрделі құрылыс нысандарын
пайдалануды жүзеге асыру кезінде:
- Күрделі құрылыс нысандарын пайдалануды
жүзеге асыратын орындаушылар( жеке
немесе заңды тұлғалар);
- Пайдаланатын күрделі құрылыс
нысандарының жұмысқа қабілетті және
қауіпсіз жай-күйін қолдау жөніндегі, сондай-ақ
үймереттердің, құрылыстардың,
ғимараттардың және оған іргелес аумақтардың
техникалық және технологиялық жабдықтардың
жұмысқа қабілетті және қауіпсіз жай-күйін
қолдау жөніндегі, пайдалынатылатын күрделі
құрылыс объектілерінде және оған іргелес
аумақтарда төтенше жағдайлардың туындауы
қатеріне жол бермеу жөніндегі эксплуатациялық
қызметке тапсырыс берушілер(
жеке немесе заңды тұлғалар);
- Күрделі құрылыс нысандарын
пайдалануды жүзеге асыратын адамдардың
эксплуатациялық қызметін мемлекеттік бақылау
(қадағалау) органдары қатынастар субъектілері болып табылады.
Үймереттерді пайдалану кезінде
ескерілетін басты мәселелерге мыналар
жатады:
- Күрделі құрылыс нысандарын
қауіпсіз пайдалану процесіне қатысушы барлық субъектілердің
( меншік иелерінің, пайдаланушылардың,
тұрғын үй иелері серіктестіктерінің,
тұрғындардың, кәсіпорын персоналының, мердігер ұйымдардың, бақылау органдарының) мүдделері мен жауапкершілігін ескеру;
- Күрделі құрылыс нысандарын
қауіпсіз пайдаланудың ең төменгі және
жеткілікті деңгейі арасындағы, және адамдар мен мемлекеттің
осы нысандаын техникалық жағдайы үшін
жауапкершілігі деңгейінің арасындағы
ең оңтайлы теңгерім;
- Реттеу объектілерін орнату,
бұларға олардың тиісінше жүзеге асырылмауы
авариялар мен теріс салдарларды туындатуы
мүмкін объектілерді пайладалану жөніндегі
қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын
қатынастар жатады;
- Процесінде пайдаланылатын
күрделі құрылыс нысанына зиян шектіруі ықтимал эксплуатациялық
қызмет түрлерін белгілеу;
- Күрделі құрылыс нысандарын,
үймереттердің, құрылыстардың, ғимараттардың
және оған іргелес аумақтардың техникалық
және технологиялық жабдықтардың пайдалану
процесіне қатысушыларды: эксплуатациялық
қызметке тапсырыс берушіні, эксплуатациялық
қызмет түрлерін орындаушыны, бақылаушы(қадағалаушы) мемлекеттік органдарды,
тіркелген сәйкестікті бағалау сарапыларын
(Сертификаттау органдары мен Сынақ зертханалары)
айқындау;
- Мемлекеттік билік органдарының,
шаруашылық жүргізуші субъектілердің
(нысанның меншік иелерінің)
және пайдалану қызметі субъектілерінің
(пайланушылардың), тіркелген сәйкестікті
бағалау сарапшыларының (Сертификаттау
органдары мен Сынақ зертханаларын) күрделі құрылыс нысандарын қауіпсіз пайдалану қауіпсіздігін қамтамасық ету жөніндегі міндеттері мен жауапкершіліктерін белгілеу;
- Жол берілетін қатердің рұқсат
етілген деңгейлерін сақтаудың, техникалық
бақылау құралдарымен жабдықтаудың нысандары
мен әдістерін, қызметкерлердің қажетті
біліктілігін, сондай-ақ олардың әрекеті
(әрекетсіздігі) үшін жауапкершілігін
айқындау;
- Пайдаланылатын объектіге кешенді
әсер ету жүйелі бақылау нысандары мен
әдстерін белгілеу, сәулелендіру, биологиялық;
жарылу қауіпсіздігі, механикалық, өрт,
өнеркәсіптік, химиялық, электр, ядролық
және радиациялық, жабдықтар мен құралдар
жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
бөлігіндегі электромагнитті үйлесімділік
сияқты және қауіпсіздік көрсеткіштері
тексеріледі;
- Күрделі құрылыс нысандары мен оған іргелес аумақтардың техникалық және технологиялық жабдықтарын қауіпсіз пайдалану талаптарын айқындау;
- үймереттердің, ғимараттардың
және құрылыстардың инженерлік жүйелерінің
қауіпсіз пайдалану талаптарын айқындау;
- Адамдар үшін қауіпсіз өмір
сүру, тұрмыстық және демалыс жағдайларын
қамтамасыз ету;
- Адамдардың қауіпсіз жүріп
тұруы, халықтың жекелеген топтары үшін
ортаның қолжетімділігін сақтау және
орынжайлар мен үймереттердің рұқсат
етілмеген басып кіруден қорғауды қамтамасыз
ету талаптарын белгілеу;
- Пайдалануға қатысушыларды
адастыруға әкеп соғатын іс-әрекеттердің
алдын алу мақсатында күрделі құрылыс
нысандары мен оған іргелес аумақтарды
қауіпсіз пайдалану мәселелері жөніндегі
қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;
- Үймереттерді, үйлер мен ғимараттарды
қайта жабдықтау, техникалық жарақтандыру,
жаңғырту, қалпына келтіру және ағымдық
жөндеу кезіндегі қауіпсіздік талаптарын
сақтау;
- Пайдаланылатын күрделі құрылыс
нысандарының, сондай-ақ оған іргелес
аумақтардың техникалық және технологиялық
жабдықтардың жай-күйін мемлекеттік қадағалаудың
нысандары мен әдістерін айқындау;
- Пайдаланылатын күрделі құрылыс
нысандарының жай-күйі туралы және күрделі құрылыс нысанын ақпараттандырумен ( техникалық түгендеме, қала құрылысы кадастры, нысандарды төлқұжаттау, ілеспе құжаттамалар) ақпаратқа байланыстықұжаттандыру ережесі мен тәртібін, өлшем бірліктерін, төтенше оқиғалар талаптарын белгілейтін салалық заң актілері талаптарын сақтау.
Ерекше қауіпті, техникалық
жағынан күрделі және айрықша сипаттағы
нысандар мен көлік инфрақұрылымы нысандарын
– теміржолды, автокөлік жолдарын, магистральді
құбырларды, энергия өткізу желілерін,
байланыс желілерін, теміржолдарының,
басқа да көлік жолдарындағы шеттету жолақтарын
қауіпсіз пайдалану талаптарын жекелеген
арнаулы техникалық регламенттермен белгілеу
тиімді деп есептейміз.
Нысандарды қауіпсіз пайдаланудың
қағидаттары:
- Нысанның жай-күйін, оны пайдаланған
және пайдалану қызметін жүзеге асыра бастаған кезде нысанды, оны
пайдаланудан немесе пайдалану қызметінен
бас тартқанда да қауіпсіз жағдайда ұстау
бойынша апат қатерін бағалау міндетті;
- Техникалық регламенттермен
белгіленген қауіпсіздіктің ең төмен
талаптарына негізделгенде апат қаупінің
болуы;
- Оларды енгізудің экономикалық
тиімділігін ескере отырып, ең жақсы қолжетімді технологияларды,
ресурстарды ұтымды пайдаланудың негізінде
сондай-ақ әлемдік стандарттар мен нормаларды
ескере отырып қол жеткізуге болатын апат
қатерлерінің азаюын қамтамасыз ету;
- Адамның өмірі мен денсаулығын,
жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтау
басымдықтары болып табылады.
Қауіпсіз жағдайлардың (апаттардың)
алдын алуға нысандарды қауіпсіз пайдалануды
қамтамасыз ету құралдары мен әдістерін
пайдалана отырып, нысандарды қауіпсіз
пайдаланудың арнайы ұйымдастырылған
жүйесі есебінен қол жеткізуге болады.
Мысалы:
- Қауіпсіз технологияларды,
құрал-жабдықтарды, құрылыс матералдарын,
бұйымдар мен конструкцияларды пайдалану;
- Тиісті қорғау құралдарының
көмегімен қажет болған жағдайда адамдарды,
қызмет көрсететін қызметкерлер мен қоршаған
ортаны қорғау;
- Нысандарды апатқа қарсы қорғаудың
берік метрологиялық құралдары мен әдістерін
пайдалану (қажет болған жағдайда), тиісті
өлшем құралдары, зертханалық және сынақ
жабдықтарының көмегімен өлшеуді жүзеге
асыру;
- Ғимараттың пайдалануына жауапты
адамдарға біліктілік талаптарын қою;
- Қатердің мүмкін деңгейін ескере
отырып, пайдаланылатын нысандар мен оларды
құрайтын бөлшектердің қауіпсіз сипаттарының
шекті мәнін белгілеу;
- Жөндеу жұмыстарын жүргізген
кезде жұмыс орындарында кәсіби қауіпсіздікті
қамтамасыз ету;
- Пайдаланылатын нысандарды
кері әсерден сақтау үшін қажетті жиынтық қорғау (сақтау) әдістерін қолдану;
- Технологиялық және инженерлік
құрал-жабдықтардың пайдалану құжаттамасында
белгіленген жұмыс тәртібін қолдану;
- Пайдаланылатын нысанға кері
әсерін тигізбейтін бастапқы шикізат
пен материалдарды қолдану;
- Пайдаланылатын нысанда қауіпті
шиізаттар мен материалдарды, өндіріс
пен тұтыну қалдықтарын сақтауға және
тасымалдауға жағдай жасау;
- Пайдаланылатын нысанға кері
әсерін тигізетін технологиялық процестер
мен операцияларды кері әсер ету мүмкіндігі
минималды процестермен және операциялармен
ауыстыру;
- Ең жақсы қол жетімді технологияларды
ескере отырып қауіпсіздікті қамтамасыз
ету әдістерін қолдану;
- Үнемі тексеріліп отыратын
бақылау-өлшеу құралдарын, апатқа қарсы
қорғау жабдықтарын, ақпаратты қабылдау,
өңдеу және шығару құралдарын қолдану;
- Пайдаланылатын нысанға теріс әсерінің өлшемді параметрлерін бақылаудың белгіленген әдістері мен құралдарын пайдалану;
- Қауіпсіз пайдалану жүйесін
қолдану;
- Озық техника мен технологияларды
енгізу негізінде пайдаланудың техникалық-экономикалық
және ұйымдық деңгейін арттыру жөніндегі
кешенді іс-шараларды пайдалану;
- Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің
басқа да құралдары мен әдістерін қамтамасыз
ету.
Қазіргідей, күрделі құрылыс
саласы қарқын алып отырған уақытта, үймереттерді,
ғимараттар мен басқа да құрылыс нысандарын
тиімді де қауіпсіз пайдалану жоғарыда
айтылған техникалық және технологиялық
талаптар мен әдістердің мүлтіксіз сақталуына
және орындалуына тікелей байланысты.