Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2015 в 08:56, статья
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, қатерлі індетті жұқтарғандардың саны 40 миллионнан асып, 25 миллионнан астамы осы дерттен көз жұмған. Аталмыш індетті әлем бойынша күніне 24 мың адам жұқтырса, оның 7 мыңы осы аурудан қайтыс болады екен.
Қазіргі таңда індеттік ахуал күрделеніп келеді, сондықтан бұл жағдай аурудың қауіптілігін сезінетін қоғамдық ұйымдардың да алаңдатушылығын тудырып отыр.
Инфекцияның зардаптары бүгінде дамудың барлық аспектілеріне, яғни кедейлік деңгейін төмендетуге, білім саласына, инновациялық технологияларды жетілдіруде, адам құқықтарына өз зардабын тигізуде.
Әлемде әр 10 секунд сайын бір адам АИТВ инфекциясын жұқтырады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, қатерлі індетті жұқтарғандардың саны 40 миллионнан асып, 25 миллионнан астамы осы дерттен көз жұмған. Аталмыш індетті әлем бойынша күніне 24 мың адам жұқтырса, оның 7 мыңы осы аурудан қайтыс болады екен.
Қазіргі таңда індеттік ахуал күрделеніп келеді, сондықтан бұл жағдай аурудың қауіптілігін сезінетін қоғамдық ұйымдардың да алаңдатушылығын тудырып отыр.
Инфекцияның зардаптары бүгінде дамудың барлық аспектілеріне, яғни кедейлік деңгейін төмендетуге, білім саласына, инновациялық технологияларды жетілдіруде, адам құқықтарына өз зардабын тигізуде. Медициналық шеңберден шығып, әлеуметтік-экономикалық мәселеге айналған АИТВ/ЖИТС індетінің ахуалы жылдан-жылға күрделене түсуде. Қазақстан Республикасы бойынша ең көп шоғырлаған жер Алматы қаласы, Қарағанды, оның ішінде Теміртау қаласы, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары. Үстіміздегі жылы республикамызда 22109 адамға ВИЧ жұқтырған деген диагноз қойылса, оның 14683-ін ер адамдар, 7426-ін әйелдер құрап отыр. Олардың 58,3 пайызы инъекциялық есірткі тұтынушылар, 36,3 пайызы жыныстық қатынас арқылы жұқтырғандар.
Өсу үрдісімен алғанда облыста анықталған АИТВ жұқтырғандардың саны 100-ге жетсе, олардың 75-і ҚР азаматтары болды. Облыста тіркелген АИТВ жұқтырғандар саны былтырғы жылмен салыстырғанда 5 адамға өсті. Соңғы жылдары АИТВ инфекциясы әйелдер арасында көбейіп келеді. Оған мысал 2014 жылы облысты 14 адамнан АИТВ инфекциясы анықталған.
Инфекцияның алдын ала егетін вакцина болмағандықтан тұрғындар, жастар мен жасөспірімдер арасында әртүрлі формада алдын алу шараларын насихаттау бағытындағы іс-шаралар өткізудеміз. Жылына жалпы 1000-нан астам іс-шаралар өткізіледі. АИТВ инфекциясының алдын алу шараларын ауылдық елді мекендерде пәрменді жүргізу мақсатында Қазалы, Шиелі аудандарында СПИД орталығының филиалдары, Арал, Қармақшы, Жаңақорған, Жалағаш, Сырдария аудандарында психологиялық-әлеуметтік кабинеттер ашылып жұмыс жасауда. Мінез-құлқы қатерлі топ өкілдерінің профилактикалық бағдарламамен қамтылу деңгейін арттыру мақсатында 1 жылжымалы және 2 стационарлық сенім пункттері ашылды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты мінез құлқы қатерлі топ өкілдеріне шприцтар, мүшеқаптар тарата отырып олардың арасында АИТВ инфекциясын енгізбеу, енген күнде де оны одан әрі таратпау болып есептеледі.
ВИЧ инфекциясының алдын алу шараларын насихаттауда облыстық білім басқармасы, Қалалық білім бөлімі, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, ішкі істер және қылмыстық атқару жүйесі департаменттерімен бірге жұмыс атқарылуда. Қазақстан Республикасы денсаулық саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім саласы қызметкерлері арасында 631 семинар-тренингтер, жастар мен жасөспірімдердің арасында АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу шараларын насихаттау мақсатында барлығы 70 акция, әр түрлі формадағы (семинар-тренинг, КВН, дөңгелек стол, кездесу кеші, сұрақ жауап т.б) 1370 іс-шара өткізілді.
Атам қазақ жаман аурудың аттарын көп айта бермесе керек. Індеттің ушығып, ел арасын жайлап кетуінен қорыққан көрінеді. Дегенмен айтпасқа амал жоқ әлемде әр 10 секунд сайын 1 адам АИТВ инфекциясын жұқтырады екен. Ертеңгі күні ол ортаға сенің досың, бауырың, сүйікті адамың да түсуі мүмкін ғой. Сондықтан әркім өзін және өзгелерді АИТВ инфекциясынан сақтандыра білуі керек. Әйтпесе ұлт пен ұлысты, жас пен кәріні, жынысты таңдамайтын аурудың күн сайын өсіп, асқынып келе жатырғандығы тағы бар. Сондықтан жеке бас профилактикасына мән беру қарапайым әрі денсаулық үшін ұтымды. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деген халық даналығы өскелең ұрпаққа үлгі болса игі.
Ә.Оразалиева,
ЖИТС-тің алдын алу
және оған қарсы күрес
жөніндегі орталықтың
баспасөз хатшысы
180
Информация о работе Әлемде әр 10 секунд сайын бір адам АИТВ инфекциясын жұқтырады