Медициналық қызмет этикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 17:53, реферат

Описание работы

Бүгінгі күні біздің денсаулық сақтау жүйеміз осы заманғы Қазақстан азаматтарының талаптарына қазірше сай емес. Бұл — денсаулық сақтау саласының басты мәселесі. Қазіргі кезде қолымыздағы инфрақұрылым да, медициналық қызметтің сапасы да әрі қызмет көрсетуді ұйымдастыру деңгейі де көңілден шықпайды. Бірінші. Үкімет денсаулық сақтау нысандарын қалпына келтіру мен дамыту жөніндегі жұмысты жандандыруы қажет. Биыл біз республикалық маңызы бар 9 денсаулық сақтау нысанының, жергілікті маңызы бар 112 нысанның құрылысын қолға алдық.

Файлы: 1 файл

Бүгінгі күні біздің денсаулық сақтау жүйеміз осы заманғы Қазақстан азаматтарының талаптарына қазірше сай емес.docx

— 17.93 Кб (Скачать файл)

Бүгінгі күні біздің денсаулық сақтау жүйеміз осы заманғы Қазақстан азаматтарының талаптарына қазірше сай емес. Бұл — денсаулық сақтау саласының басты мәселесі. Қазіргі кезде қолымыздағы инфрақұрылым да, медициналық қызметтің сапасы да әрі қызмет көрсетуді ұйымдастыру деңгейі де көңілден шықпайды.                                                                     Бірінші. Үкімет денсаулық сақтау нысандарын қалпына келтіру мен дамыту жөніндегі жұмысты жандандыруы қажет.                                                                                                        Биыл біз республикалық маңызы бар 9 денсаулық сақтау нысанының, жергілікті маңызы бар 112 нысанның құрылысын қолға алдық.                                                                      Екінші. Ауруды емдеуден гөрі оның алдын алудың арзанға түсетінін есепке ала отырып, басымдықты аурудың алдын алуға, яғни ең озық әдістерді енгізу арқылы алдын ала диагностика жүргізу, ауруды анықтау мен емдеу сияқты қолданыстағы бағдарламаларды қайта саралауға бағыттаған жөн.Денсаулық сақтау саласындағы қаржы ресурстарын тиімді пайдалану үшін тиісті талдау жүргізіп, медициналық қызметтің нақты құнын бағалау керек.                                                                                                                          Үшінші. Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктеріне бірлесе отырып ауруханалардың медициналық қызметкерлерінің, соның ішінде медицина қызметкерлерін қосымша даярлау мен қайта даярлау, оларды сертификаттау мен лицензиялау жолымен біліктілігін арттыру бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын.                                                   Сондай-ақ медициналық жоғары оқу орындарында гранттар мен “Болашақ” бағдарламасы бойынша медициналық мамандықтарға квота санын көбейту қажет.                                                                                                                 Төртінші. Ерекше назар халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге аударылуы тиіс. Елге әкелінетін медициналық препараттардың сапасына қатаң бақылау орнатып, белсенді түрде отандық фармацевтикалық фабрикаларды құруға қажетті инвестиция тарту қажет.                             Бесінші. “Дені сау ұлт” үшін инфрақұрылымын дамытудың маңызы жоғары. Балалық шақтан бастап дене шынықтыру мен спорттық даярлыққа және оған ең қолайлы мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қойылуы керек.                                                           Әкімдер жаңа стадиондар мен спорт кешендерін, балаларға арналған және басқа спорт алаңдарын салу мен ескілерін жаңарту арқылы барлық жастағы адамдардың спортпен шұғылдануына, өздерінің бойларын сергек ұстауына, сөйтіп, өмір жастарын ұзартуына жағдай жасауы қажет.Министрліктер мен әкімдіктер саламатты өмір салтын кеңінен насихаттау жұмысын жандандыруы қажет. Бұл мемлекеттік маңызды мәселе, сондықтан Үкімет оған барынша ауқымды дәрежеде көңіл бөлуге тиіс.Демографиялық ахуалды түбегейлі жақсарту жөніндегі кешенді шараларды белгілеу қажет. Бұл мәселеге таяу уақыттағы Ұлттық кеңестің мәжілісін арнау керек.Дені сау ұлт – жалпыұлттық міндет. Оны жүзеге асыру мәселесіне отандық бизнес-қауымдастық белсенді қатысуға тиіс.Осы ретте бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру жөніндегі менің үндеуіме барлық бизнес қауымдастығының қызу үн қосқанын қанағаттанғандық сезіммен атап өткім келеді.“Қазақмыс” корпорациясы, Еуразиялық өнеркәсіптік ассоциациясы, Қазмырыш, Теңізшевройл, Аджип, “ҚазМұнайГаз”, “Қазатомөнеркәсіп”, “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниялары сияқты құрылымдар тек өткен жылы ғана әлеуметтік салаға арналған нысандарды: мектептер, медициналық және мектеп жасына дейінгі мекемелерді, сауықтыру кешендерін, мүгедектерге арналған оңалту орталықтарын, мәдениет және спорт мекемелерін дамытуға 30 млрд. теңгеден астам қаржы бағыттады.Бұл — корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің жарқын үлгісі. Мұндай тәжірибе барынша кең таратылуға тиіс. Ал бұқаралық ақпарат құралдары оған барынша қолдау көрсетуі керек.           

Осы жылдар бойы біз Қазақстандықтардың денсаулығын нығайту үшін барлық қажетті жағдайды жасадық.Денсаулық сақтау қаржыландыруы 2002 жылғы 1,9   пайыздан 2010 жылы 3,2  пайызға  өсті.  Қазіргі кезде елімізде ең қиын медициналық операциялар жасалынады.    150 телемедицина орталығы бар жаңа клиникалар ашылды.Жиырма жыл бұрын бұл туралы тек армандайтынбыз.     Жасалған жұмыстың нәтижесі ретінде,туу көрсеткішінің 25пайызға өскенін,өлімнің 11пайызға төмендегенін,аймақтың табиғи көбеюі 1,7  есе өскенін атап өтуге болады. 2013жылы  Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесіне енгізілу аяқталады. Біз аурудың алдын алуды мықты қадағалауымыз керек және алғашқы медициналық көмектің сапасын арттыруымыз керек.  Халықаралық баға бойынша,негізгі ауру түрі бар аймақтың 5 пайызы барлық денсаулық сақтау қызметінің 70  пайызын қолданады.   Сондықтан Қазақстанда міндетті түрде бүкіл аймақтың денсаулығын тексеретін ұлттық бағдарламаны енгізуіміз керек.      Ең бірінші орында балалар,жасөспірімдер,әйелдер болуы тиіс.   Ауылдағы тұрғындарға медициналық көмекті жетілдіруді кеңейту керек.    Өткен жылы жаңа қоғамдық проект-2 арнайы емдеу-диагностикалық   Денсаулық поезды  қызмет көрсетті.  Олар біздің елімізде алшақ орналасқан өлкелердегі оншақты мың адамға тексеру және емдеу жүргізді.  Транспорттық медицина Қазақстанда өте тиімді және біз оны жетілдіреміз.   Осы жылы тағыда бір поезд жіберіледі.  Міндетті түрде мобильді медициналық комплекстің санын-автоклиниканы 50 бірлікке дейін жеткізуіміз керек. Олар Қазақстанда шығарылуы тиіс. Басқармаға 2015 жылға дейін санитарлық авиацияға 16дан кем емес вертолетпен қамтамасыз етуін тапсырамын. Сонымен қатар   жолдың медициналық құтқару пункттерін ұйымдастыруды тапсырамын. Оларды аварияға қауіпті жолдардың маңында орналастыру керек. Осы әдістер біздің мыңдаған азаматтарымызды құтқаруына сенімдімін. Міндетті түрде туберкулузбен және ВИЧ инфекциясымен ауыратындардың және өлім көрсеткішін төмендету керек. Осы айтылған мәселелер шешілсе 2015жылы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа деін,ал 2020 жылы 72жасқа немесе одан да көп жылғаұзарады. Міндетті түрде салауатты өмір салтын ұстану керек. 2015жылы 350 дәрігерлік амбулотория,фельдшерлік-акушерлік пункт және поликлирикалар салынады.


Информация о работе Медициналық қызмет этикасы