Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 19:56, реферат
Мамандық бойынша кандидаттық минимум көлемінде емтихан – ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды мемлекеттік аттестацияның негізгі бөлігі ретінде қарастырамыз. Жоғары квалификациялы мамандарға «микробиология» мамандығы бойынша емтиханның осы бағдарламасы қазіргі микробиологияның жағдайын, негізгі бөлімдерін игеруіне ықпал етеді.
Емтихан тапсырушы өзінің теориялық және тәжірибелік дайындығын жеткілікті түрде микробиялогия әдістерін және негізгі концепцияларын, микробиологияның ғылым ретінде қалыптасуы тарихын, микробиологияның негізгі мәселелерін терең түсіну, сонымен қатар тәжірибелік зерттеу тапсырмаларда шешуде өзінің біліктілігін дұрыс қолдана білу керек.
1.Кіріспе
Микробиология – микроорганизмдердің өмір сүруі
2.Негізгі бөлім
Микроорганизмдердің генетикасы
Микроорганизмдердің морфологиясы
Медициналық микробиология
3.Қорытынды
Жоспары:
1.Кіріспе
Микробиология – микроорганизмдердің өмір сүруі
2.Негізгі бөлім
Микроорганизмдердің генетикасы
Микроорганизмдердің морфологиясы
Медициналық микробиология
3.Қорытынды
КІРІСПЕ
Мамандық бойынша кандидаттық
минимум көлемінде емтихан –
ғылыми және ғылыми-педагогикалық
Емтихан тапсырушы өзінің теориялық және тәжірибелік дайындығын жеткілікті түрде микробиялогия әдістерін және негізгі концепцияларын, микробиологияның ғылым ретінде қалыптасуы тарихын, микробиологияның негізгі мәселелерін терең түсіну, сонымен қатар тәжірибелік зерттеу тапсырмаларда шешуде өзінің біліктілігін дұрыс қолдана білу керек.
Кандидаттық емтиханның бірінші бөлімі
болып табылатын минимум
Ғылыми-зерттеу орталықтары
Микробиология – микроорганизмдердің өмір сүруінің теоретикалық негіздерін зерттеумен айналысатын ғылымның бір бөлімі; тұқым қуалаушылығы, өзгершеңдігі, метоболизмі, тірі организмдер және сыртқы орта факторларымен қарым-қатынасы, зат алмасуындағы қызметі. Сонымен қатар микробиология бактерияларды, мецелиалды және ашытқы тектес саңырауқұлақтар топтарын анықтауды, микроскопиялық балдырлар мен қарапайымдарды зерттейді. Микроорганиздердің халық шаруашылығындағы маңызы: зиянкестермен күресуге, адам ауруларында, жануарлар мен өсімдіктер ауруларында, топырақ құнарлылығын жоғарылату үшін, азықтық силос жасауда, гормондар, дәрумендер, полисахаридтер, антибиотиктер, ақуыздар, ақуызды-дәруменді қоспаларды, аминқышқылдарды, ферменттер, вакцинаны, моноклоналды антиденелерді және т.б. қолданылады.
Микробиологияның дамуының негізгі кезеңдері. Микроб әлемін танудың физиологиялық және морфологиялық кезеңдері, микроорганизмдердің ашылуы. Биология және медицина ғылымының бөлігі ретінде микробиологияның қазіргі заманғы даму кезеңдері; жетістіктері және оның әрі қарай дамуының негізгі бағыттары.
Микроорганизмдердің классификациясы
және жүйелілігі туралы түсінік. Прокариоттар
әлемі, номенклатуралық сипаттамасы.
Түр-микроорганизмдердің
Штамдар, таза өсінді, клондар туралы түсінік. Микроорганизмдердің негізгі морфологиялық формалары: кокктар, таяқшалар, қисық варианттар; олардың сипаттамалары.
Бактериалдық жасуша құрылысы, оның негізгі құрылымдық элементтері. Жасуша ішілік пайда болулардың, цитоплазмалық мембраналардың және жасуша қабырғасының химиялық құрамы мен құрылысы. Бактериалдық жасушаның тұрақты және тұрақты емес құрылымдық компоненттері (капсула, споралар, жіпшелер, қосындылар). Сферопластар, протопластар. Цитоплазманың ұйымдасуы.
Капсула, оның химиялық құрамы, бояу әдістері, атқаратын қызметі.
Споралар, олардың физиологиялық
рөлі, химиялық құрамы, бояу әдістері,
роль в жизнедеятельности
Бактериалдық қосындылар сипаттамасы, волютиндік дәндер, олардың физиологиялық рөлі, бояу әдістері.
Спирохеталар, актиномицеттер, микоплазмалар, риккетсиялар және хламидиялар. Жасуша ішілік құрылымның морфологиялық ерекшеліктері, оларды бояу әдістері. Олардың негізгі биологиялық қасиеттері. Адам патологиясындағы маңызы. Антибиотик өндірісінде актиномицеттер және саңырауқұлақтардың атқаратын рөлі.
Микроорганизмдердің экологиясы. Экожүйелер, экологиялық қуыстар. Популяция, биотоп, микробиоценоз.
Симбиотикалық бірігулер ретіндегі микроорганизмдер: мутуализм, комменсализм, паразитизм, антагонизм.
Топырақ, ауа, су микрофлорасы. Адам организмінің қалыпты микрофлорасының негізгі бөлімі ретінде - тұрақты (тәуліктік) және кездейсоқ (транзиторлық) микрофлора болып табылады. Топырақ, су, ауаға микроорганизмдердің санитарлық көрсеткіштері; биологиялық қасиеттері, анықтау әдістері.
Сүт және сүт өнімдерінің микрофлорасы; ет және шұжық өнімдерінің микрофлорасы; сусындар мен шырынның микрофлорасы.
Микробтық жасуша – тұқым қуалаушылық және жаңа өңделулердің негізі ретінде. Тіршілік иесінің жасушалық және жасушалық емес формасының ұйымдасуы. Ядро құрылысы, оның тұқым қуалаушылықта атқаратын қызметі. Плазмидтер мен бактериалды хромасомалардың ұйымдасуының молекулярлық негіздері. Хромасомдардан тыс генетикалық детерминантаның сипаттамасы, олардың түрлері және қасиеттері.
Тұқым қуалаушылық және өзгергіштік туралы түсінік.
Генотип және фенотип, геном туралы тусінік.
Жасушалық метоболизмде гистондар және ДНҚ, РНҚ атқаратын қызметі. Мутация және рекомбинация (коньюгации, трансдукция и трансформация). Гендік ауытқушылықтың молекулярлық механизмі, генетикалық қадағалау. Мутагендер, олардың әсер ету механизмдерінің ерекшеліктерінің пайда болу классификациясы.
Гендік инженерия. Селекция, генитикалық негіздері.
Селекция. Эволюцияның генетикалық негіздері және популяция генетикасы, сұрыптау, өзгергіштік, реттілік.
Микроорганизмдердің қоректенуі.
Қоректену механизмі мен
Қоректік орталар: қарапайым және күрделі, қоректік орта құрамы, оларды қолдану. Құрамы, белгіленуі, консистенциясы бойынша қоректік орта классификациясы. Ажыратып-балау орталары, негізгі және элективтік. Қоректік ортаға қойылатын талаптар. Стерильдеу әдістері: физикалық факторлардың әсер етуі, ультра күлгін сәулелері, радиациялық сәуле шығару, автоклавтау.
Микроорганизмдердің тыныс
алуы, тыныс алу түрлері. Аэробты
және анаэробты тыныс алу жолдары.
Энергетикалық алмасудың
Ферменттер, олардың микроорганизмдер тіршілігінде атқаратын рөлі. Ферменттердің химиялық құрамы, әсер ету механизмі бойынша классификациясы. Конституитивті және индуциябелді ферменттер, эндогендік және экзогендік ферменттер, олардың сипаттамасы. Биокатализ механизмінде белсенді ортаның химиялық табиғаты. Коферменттер және дәрумендер, ферменттердің қалыптасуында кофактор және металдардың рөлі. Жасушада ферменттердің жиналуы. Орта компоненттерінің микроб жасушасына тасымалдануы: белсенді тасымалдау, диффузия.
Мембраналық потенциал.
Биологиялық жүйелердегі
Өсінді ортасы мен микроб жасушасының қарым – қатынасы, микроорганизмдердің өсуі мен биосинтезіне физико – химиялық және сыртқы физикалық факторлардың әсер етуі.
Жойылу физиологиясы.
Құрылым мен қызмет байланысы. Функционалды цитология, дифференциация сұрақтары және оны тудыратын шарттар.
Табиғаттағы элементтердің циклы
және зат айналу туралы түсінік. Биосфера
туралы ұғым. Микроорганизмдер топырақ
өзгеруінің биохимиялық агенті. Микроорганизмдердің
мұнай, торф, көмірге әсер ету шарттары.
Медициналық микробиологияның пәні, мақсаттары. Зерттеу нысандары мен әдістері. Дәрігердің тәжірибелік қызметіндегі маңыздылығы. Микробиологияның тарихи даму сатылары. Л.Пастер және оның мектебінің жұмыстары. Р. Кох және оның мектебінің жұмыстары. Олардың медициналық микробиологияда маңыздылығы. Фагоцитозды И.И. Мечников-тың ашуы. Иммунитететің гуморалдық факторларының ашылуы (П. Эрлих, Беринг Э.Р және т.б.).
Адам организмінің микрофлорасы
және патология мен қалыпты
Бактериялар метаболизмі. Ферменттер. Микроорганизмдердің биохимиялық белсендігін тәжірибеде қолдану, бактериялардың қоректенуі. Бактериалдық жасушаға қоректік заттардың тасымалдану механизмі. Қоректену түрлері. Бактериялар арқылы субстраттың биологиялық қышқылдануының негізгі түрлері. Облигатты аэробтар және анаэробтар, факультативті анаэробтар, микроаэрофилдер.
Бактериологиялық зерттеу
Бактериялардың патогендік факторлары. Бактериялардың токсиндері, табиғаты және қасиеттері. Риккетсиялар мен хламидия, вирустардың токсиндік заттары.
Сыртқы физикалық факторлардың микроорганизмдерге әсер етуі. Стерилдеу. Стерилдеу әдістері және бағалау. Микробтардың организмге ену жолдары. Қоздырғыш тропизмі туралы түсінік. Ауру адам организміндегі вирустар мен токсиндер, бактериялардың таралуы. Септицемия, бактериемия, вирусемия.
«Инфекция», «инфекциялық процесс», «инфекциялық ауру». Инфекциялық аурулардың пайда болу шарттары. Макро және микроорганизмдердің қарым-қатынас формалары. Жасуша ішілік паразитизм. Инфекция қоздырғышы ретінде микробтың алатын рөлі. Патогендік және вируленттік. Вируленттікті өлшеу бірліктері.
Инфекциялық аурулардың даму динамикасы. Периодтар. Аурудың тоқтауы.. Микробты алып жүру. Рецидив. Инфекция формалары: экзогендік және эндогендік, ошақтық және генералданған моно- және аралас, екіншілік инфекция, суперинфекция.
Спецификалық терапия және инфекциялық ауруларды алдын алу туралы түсінік. Вакцина түрлері. Вакциндік терапия и вакциндік профилактика. Серотерапия және серопрофилактика. Антитоксиндік, антимикробтық және антивирустық сарысулар және иммундыглобулиндер сипаттамасы. Оларды дайындау және титрлеу. Ана сүтіндегі иммунды глобулдер. Агглютинация реакциясы. Диагностикалық маңыздылығы және механизмі. Агглютининдеуші сарысулар, диагностикумдар. Пассивті гемаглютиация реакциясы (РПГА). Қолданылуы. Қою әдістері. Инградиентері. Преципитация реакциясы. Қою әдістері, тәжірибеде қолдануы.
Антиденелер. Иммуноглобулиндер кластары. Оларға сипаттама. Антидене құрылымы. Толық емес антиденелер. Антидене түзілу механизмі. Межклеточная кооперация. Антидене өндіруші – жасушалар. Антидене түзілу динамикасы.Біріншілік және екіншілік иммундық жауап. Иммундық есте сақтау.
Токсинді антитоксинмен бейтараптау реакциясы. Тәжірибеде қолданы-луы. Вирустарды бейтараптау реакциясы. Тәжірибеде қолданылуы. Реакцияны қою ерекшеліктері. Гемагглютинацияны тоқтату реакциясы. Қолданылуы. Қою әдістері. Реакция задержки гемадсорбцияны уақытша тоқтату реакциясы. Қолданылуы. Қою әдістері.
Антигендердің негізгі белгілері. Экзогендік және эндогендік антигендер. Толық және толық емес антигендер. Антигендік сезімталдық. Детерминанттық топтың химиялық табиғаты. Бактериалдық жасушалардың антигендік құрылымы. Бактериалдық антигендердің сезімталдығы. Сероварлар және серотоптар туралы түсінік. Вирустардың антигендері. Вирусқа қарсы иммунитеттің факторлары.
Антибиотиктер. Анықтамалар. Ашылу тарихы. Антибиотикті өндірушілер. Антибиотиктің негізгі топтары. Әсер ету спектрі. Антибиотиктердің микробқа қарсы механизмінің әсері. Вирусқа қарсы препараттар. Вирусқа қарсы әсер ету механизмі.
Антибиотиктерге бактериялардың
сезімталдығын анықтау
Стафилококтар. Стафилококтар түрлері, дифференцирлеуші белгілері. Патогендік факторлар және токсиндер. Стафилококтар тудыратын аурулар. Лабораторлық диагностика, спецификалық профилактика және терапия.
Шигелдар. Қасиеттері. Патогендік факторлары. Классификациясы. Дизентерияның лабораторлық диагностикасы.
Құтыру вирусы. Классификациясы. Қасиеттері. Жасуша ішіне енуі. Лабораторлық диагностика. Специфическалық профилактика.
Жіті ішек инфекцияларының қоздырғыштары. Ішек дисбактериозы және оны коррекциялау. Эубиотиктер. Эшерихий сероварлары. Балалар мен үлкен адамдардағы эшерихиоз категориялары. Патогендік факторлары. Лабораторлық диагностикасы. Газды анаэробды инфекция қоздырғыштары. Клостридия түрлері. Микробтардың түрлері, токсиндердің сипаттамасы. Клостридиялар экологиясы. Лабораторлық диагностика, спецификалық профилактика, терапия.
Сальмонелдер. Жалпы сипаттамасы. Адам патологиясындағы рөлі. Сальмонеллдердің серологиялық классификациясы. Сальмонеллездің лабораторлық диагностика. Аденовирустар. Антигендер. Серегиндер. Лабораторлық диагностика. Арбовирустар. Сипаттамасы. Энцефалит кенесінің вирусы. Экологиясы. Лабораторлық диагностикасы. Специфическалық профилактикасы.
Информация о работе Микробиология – микроорганизмдердің өмір сүруі