Патологиялық анатомия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2015 в 17:14, творческая работа

Описание работы

Патологиялық анатомия– адамдар мен жануарлар организмінде ауруға байланысты дамитын патологиялық процестердің морфологиялық негіздерін зерттейтін ғылым; патология саласында Қазақстанда Патологиялық анатомия саласындағы жүйелі зерттеулер қазіргі ҚазҰМУ-да Патологиялық анатомия кафедрасы ашылғаннан кейін (1933) басталды. Қазіргі кезде Патологиялық анатомия ауру морфологиясын организмдік, органдық (ағзалық), клеткалық және клетка ішілік деңгейлерде зерттей алады.

Файлы: 1 файл

патология.ppt

— 865.81 Кб (Скачать файл)

  Патологиялық анатомия

 

    • Патологиялық анатомия– адамдар мен жануарлар организмінде ауруға байланысты дамитын патологиялық процестердің морфологиялық негіздерін зерттейтін ғылым; патология саласында Қазақстанда Патологиялық анатомия саласындағы жүйелі зерттеулер қазіргі ҚазҰМУ-да Патологиялық анатомия кафедрасы ашылғаннан кейін (1933) басталды. Қазіргі кезде Патологиялық анатомия ауру морфологиясын организмдік, органдық (ағзалық), клеткалық және клетка ішілік деңгейлерде зерттей алады. 
      Патологиялық анатомияның зерттеу әдісіне: аутопсия (мәйіт), биопсия және тәжірибелік әдіс жатады. Соңғы әдіс Патологиялық анатомияда жиі қолданылады.Мысалы, қатерлі ісік тудырушы (канцерогендік) заттардың, аса улы химикалық қоспалардың, қоршаған ортаның зиянды әсерлерін осы әдіспен анықтайды. 

 

 Патологиялық процестер мен жеке ауруларды зерттейтін ғылым; қалыптан тыс ауытқу әдетте ''патология'' деп аталады. Медицинаның адам мен жануарлар организміндегі әр түрлі ауытқуларды зерттейтін клиника саласы. 
Патологияның негізгі екі саласы бар: 
'''Патологиялық анатомия'''  
'''Патологиялықфизиологиясы'''  
Бұдан басқа, өлкелік Патология, әскери Патология, кәсіптік Патология деген салалары бар..

 

    • Анатомия тірі организмдердің үлкейткіш аспаптардың көмегінсіз көзге көрінетін қүрылысын зерттейтін іргелі (фундаментальды) биологиялық морфологиялық ғылым. Анатомия—зерттеу нысандарына байланысты жануарлар және өсімдіктер анатомиясы болып екіге бөлінеді. Жануарлар анатомиясынан адам анатомиясы жеке ғылым саласы ретінде бөлінді.

                      Биопсия

 

    • Биопсия - аурудың сипатын анықтау үшін науқас адамның зақымданған тінін кесіп алып, морфологиялық әдіспен тексеру. Биопсия әдісі 19 ғасырдың ортасынан медицинаға ене бастады. Биопсия арқылы алынған затты биоптат деп атайды. Оны әр түрлі жолдармен кез-келген органнан алуға болады. Биопсия, негізінен, хирургияда,урологияда, онкологияда, гастроэнтерологияда және пульманологияда кеңінен қолданылады. Ішек-қарын және тыныс алу жолдарынан биоптат аспирация жолымен алынады, яғни зақымданған органдарға жарық беретін, ұшында арнайы пышақшалары бар жіңішке түтікше аспаптар (гастрофиброскоп, бронхоскоп) енгізіледі, сол жерден кішігірім тін кесіп алынады.Бауыр, бүйрек, талақтан пункция әдісімен сұйық зат сорылып алынады.

 

    • Мидан, жілік майынан биоптат алу үшін трепанация әдісі арқылы алдымен сүйекті тесіп, жуан инемен ауырған жерден сұйық алынады. Биопсияның, әсіресе, қатерлі ісіктерді анықтаудағы маңызы зор, сондай-ақ, қатерсіз ісіктердің немесе созылмалы сырқаттардың қатерлі ісікке айналуының алғашқы белгілерін тек биопсия әдісі арқылы ғана анықтауға болады.

   Өлікті жару немесе аутопсия 

 

    • Өлікті жару немесе аутопсия – өлімнің себептері мен жүзеге асқан уақытын дәл анықтау үшін өлікті (аутопсия) соттық-медициналық жару; бұл шара өлім қылмыстық салдардан пайда болды деген күдік туғанда немесе өлімнің себептері түсініксіз болған кезде жасалады және ол бас сүйек куысы мен кеуде және ішек-қарын қуыстарын ашу шаралары арқылы жасалады; судьяның немесе прокурордың қаулысы бойынша жүргізіледі.
    •                            Аутопсия жасау

 

    • Аутопсия - жарыпкөру, аутопсия - секция. Клиника-анатомиялық диагноздарды салыстыру мақсатында мүрдені жару, ашып көру-морфологиялық әдіс. Осы арқылы мүшелердегі өзгерістерді анықтау, емнің дұрыстығына көз жеткізу, өлім себебін анықтау, диагнозды салыстыру аркылы, алға қойған мақсаттарға жету.
    •  

 

                   Дистрофия

 

 

 Заталмасуының бұзылуына байланысты туындайтын жасушалар мен тіндердегі сапасы мен саны жағынан өзгерген заталмасу өнімдері пайда болуы және жинақталуы мен сипатталатын дертті күрдіс.

Балалардың тамақтануының ұзақ уақыт бұзылуынан туындайтын, бойының өсуі мен дене дамуының кешеуілдеуімен, ағза қарсыласуының төмендеуімен сипатталатын дерттік жағдай.

 

 


Информация о работе Патологиялық анатомия