Сүт және сүт тағамдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2014 в 18:12, творческая работа

Описание работы

Ұлы орыс физиологы И.П. Павловтың айтуынша – сүт табиғаттың өзі дайындаған таңғажайып тағамы.
Сүт – сапалы, қоректік қасиеті жоғары, бірақ тез бұзылатын өнім екенін жоғарыда атап кеттік. Оның түсі – ақ немесе аздап сарғылт, дәмі – тәтті, құрамында су, май, белок, сүт қанты, минералдық заттар, дәрумендер, ферменттер, гормондар бар. Адам ағзасы оның құрамындағы қоректік заттарының 98%-ын пайдаланады.

Содержание работы

1. Сүт туралы мақал-мәтел
2. Сүттің қасиетті
3. Сүт тағамдары

Файлы: 1 файл

сүт.ppt

— 361.00 Кб (Скачать файл)

 

 

Қарағанды  мемлекеттік медициналық университетті 
 
 
 
“Сүт және сүт тағамдары” 
 
 
 
                          Дайындаған:Шнайдер А.А. 1-057 т.  ЖМ             
Қабылдаған: Муратова А.Н. 
 
 
Қарағанды,2014 ж.

 

 

Жоспар: 
 
1. Сүт туралы мақал-мәтел 
2. Сүттің қасиетті 
3. Сүт тағамдары

 

 

*Сиыр су  ішсе - бұзау мұз . 
 
*Құста сүт жоқ  
Жылқыда өт жоқ. 
 
 *Қойдың сүті — қорғасын. 
 
*Ананың сүті — бал, Баланың тілі — бал.

 

 

Ұлы орыс  физиологы И.П. Павловтың айтуынша  – сүт табиғаттың өзі дайындаған  таңғажайып тағамы. 
Сүт – сапалы, қоректік қасиеті жоғары, бірақ тез бұзылатын өнім екенін жоғарыда атап кеттік. Оның түсі – ақ немесе аздап сарғылт, дәмі – тәтті, құрамында су, май, белок, сүт қанты, минералдық заттар, дәрумендер, ферменттер, гормондар бар. Адам ағзасы оның құрамындағы қоректік заттарының 98%-ын пайдаланады.

 

 

Сүттің құрамында  бәрімізге пайдалы кальций бар  екендігін білеміз.  
Тағамның құрамында кальций мөлшерінің аз болуы түрлі зардаптарға әкеледі: тіс проблемасы (сүт тіс және түбір тістері), сүйектерінің тез сынуы, ағзаның тітіркенуі (аллергия), т.б. 
Сүйектер мен тістің қалыптасуына әсер ететін кальциймен қоса, сүттің құрамында фосфор да бар. Осы екеуі бірін-бірі толықтырып тұрады. Сонымен бірге, балаға қажетті пайдалы дәрумендерге де бай: А дәрумені (бойының өсуін реттейді, көзіне, терісіне пайдалы), В2 дәрумені (тері жасушаларының «тыныс алуына» әсер етеді), С, Е, Н дәрумендері, т.б. да бала ағзасына қажетті заттар. 100 грамм сүт ағзаға 60-қа жуық килокалория береді екен.

 

 

Сүт – төрт  түлік малдың аттарына қарай  бие сүті, түйе сүті, қой-ешкі сүті, сиыр сүті деп бөлінеді. Сиыр, қой-ешкі сүтін пісіріп ішуге, айран, қатық ұйытып ішуге де  болады. Ал, жылқы сүтінен қымыз  ашытса, түйе сүтінен шұбат жасайды. Сондықтан сүтті құрт, ірімшік, қатық, айран сияқты сан алуан тағам  түрлерін жасайды.

 

 

Құрт – сүттен  жасалатын сүт тағамдарының бірі. Қазақта өреде тұрған құртты  кеппей жатып алып жеуге болмайды  деген ырым бар. Егер де кептірілмей  жатып алып жесе, қатты жауын  болады деген түсінік қалыптасқан. Ал құрт өкпе ауруына, суық  тиіп ауырғанда көмектесетін  бірден-бір тағам. 

 

 

Айран гипертония, гастрит ауруларына ем. Сондай-ақ, жатар алдында ұйқыңыз қашса, 1 кесе айран ішіңіз, сіздің тыныш  әрі жақсы ұйықтауыңызға көмектеседі. Кезінде  қалмақтар (не арабтар-ау, ұмытып  қалдым) осы айраннан арақ та  дайындаған екен. Сүтті айтпаса  да белгілі, оның құрамында белоктың  ең көп мөлшері бар. Жас босанған  әйелге алғашқы күні сүтті  беретіні жайдан-жай емес. 

 

 

Шұбат  - түйе  сүтінен ашытылады. Бұл әрі сусын, әрі тағам. Өйткені, бие сүтіне  қарағанда түйе сүті өте майлы  келеді. Оның емдік қасиеті бар. Шұбатты ашыту технологиясы қымыз  ашытуға қарағанда оңай. Шұбат  құйылған ыдыстың тығынын алып  немесе местің пұшпағын шешіп, газын шығарып отыру керек. Әйтпесе  тығынды ұшырып, месті ісіндіріп  жібереді.

 

 

Қымыз - биенің  сүтінен дайындалатын денсаулыққа  шипалы әрі жұғымды сусын. Қымыз  қазақ халқының ұлттық тағамдарының  ішіндегі ең құрметті дастарқан  дәмінің бірі. Сары қымыз дертке  шипа, денеге күш. 

 

 

Қаймақ. Бұл  тағамның бірнеше түрлері бар: піскен  қаймақ, шикі қаймақ, кілегей  қаймақ, бал қаймақ, тағы басқалары. Олар май айыру, шайға қату, талқан былғау  және әр түрлі тамақтарға қосу  үшін, кейде қаймақ күйінде пайдалану  немесе басқа тамақтарға жағып  жеу үшін әзірленеді. 

 

 

Назар аударғаныңызға  рақмет !!!!!


Информация о работе Сүт және сүт тағамдары