Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2013 в 11:43, реферат
Иммунология (иммунитет және грек. logos – ілім) – организмнің әр түрлі антигендерге (организмге түскен жат текті агенттер) молекулалық, клеткалық және басқа физиологиялық реакцияларын және осыған байланысты организмде пайда болатын өзіндік ерекше және өзіндік емес құбылыстарды зерттейтін медицина және биология ғылымдарының сабақтас саласы. Иммуналогия организмнің қорғаныш қабілетін және онда пайда болатын иммунитетті зерттейді. Иммуналогия медицина, ветеринария, биология, т. б. көптеген ғылым салаларымен тығыз байланысты. Иммуналогияның дамуына 18 ғасырдың аяғында медицина мен биологияда ашылған жаңалықтар үлкен ықпал етті.
Иммунология
Иммунологияның зерттеу әдістері
Медицинадағы рөлі
Таңдамалы иммунология
«Астана медицина университеті»АҚ
Микробиология және вирусология кафедрасы
Тақырыбы:Таңдамалы иммунология
Жоспар
Иммунология
Иммунология (иммунитет және грек. logos – ілім) – организмнің әр түрлі антигендерге (организмге түскен жат текті агенттер) молекулалық, клеткалық және басқа физиологиялық реакцияларын және осыған байланысты организмде пайда болатын өзіндік ерекше және өзіндік емес құбылыстарды зерттейтін медицина және биология ғылымдарының сабақтас саласы. Иммуналогия организмнің қорғаныш қабілетін және онда пайда болатын иммунитетті зерттейді. Иммуналогия медицина, ветеринария, биология, т. б. көптеген ғылым салаларымен тығыз байланысты. Иммуналогияның дамуына 18 ғасырдың аяғында медицина мен биологияда ашылған жаңалықтар үлкен ықпал етті.
Иммунологияның зерттеу әдістері
1880 жылы Л.Пастер күйдіргі мен құтыруға қарсы егілетін вакцинаны тапты. 1887 жылы И.И.Мечников ғылымдағы үлкен жаңалық – фагоцитоз процесін ашып, иммунитеттің клеткалық теориясын ұсынды. 1900 жылы австралиялық ғалым К.Ландштейнер адам қанының тобы мен резус-факторын ашып, соның нәтижесінде тіндік бірдей антигендер теориясының негізін салды. Иммуналогияның зерттейтін нысаны – организмнің иммундық жүйесіне өзіндік немесе өзіндік емес әсер етіп, оның қызметін күшейтетін немесе әлсірететін жат заттар – антигендер; иммунды компотентті органдар (сүйек кемігі, қалқанша без, көк бауыр, лимфа бездері, шырышты қабаттардың лимфоидты аппараты); клеткалар (лимфоциттер, макрофагтар, фибриобласттар, т. б.) мен олар бөліп шығаратын молекулалар (иммунды-глобулиндер, медиаторлар, комплементтер, цитокиндер, т. б.) сондай-ақ молекулалардың қатысуымен болатын құбылыстар мен патологиялық жағдайлар (жүре пайда болатын иммунитет, аутоиммунды аурулар, иммундық тапшылықтар, трансплантациялық иммунитет, иммунологиялық төзімділік) болып табылады.
Адам ағзасы
айналадағы ортаның табиғи
Биологиялық белсенді
макромолекулалар адам ағзасына
еңген кезде биологиялық
Ауырған адам
сауыққаннан кейін қайталап
ауырмайтындығы ерте заманнан
бері байқалынған еді. Әр
Иммунология ілімі даму желісіне сәйкес шартты түрде үш кезеңнен өткен: протоиммунология – антикалық уақыттан Х1Х- шы ғасырдың 80-ші жылдарына дейін; эксперименталдық және теоретикалық кезең – Х1Х - шы ғасырдың 80-ші жылдарынан ХХ-шы ғасырдың бас мезгіліне дейін; үшінші кезең ХХ -шы ғасырдың орта мезгілінен бастап соңына дейін
Иммуналогия медициналық, биология, ауылы шаруашылығы жоғары оқу орындарында негізгі пән ретінде оқытылады. 1963 жылдан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) қабылдаған арнайы Иммуналогия бағдарламасы орындалуда. Осы бағдарлама бойынша құрылған иммунология және иммунды глобулин анықтамалық орталықтарында иммундық патология, паразиттік аурулардың иммунологиясы, қатерлі ісік иммундық терапиясы және клеткалық иммунитеттің тіндік үйлеспейтін антигендерін реттеу мәселелері туралы симпозиумдар мен ғылыми конференциялар өткізілді. Қазақстанның Ұлттық иммунологтар қоғамы халықаралық иммунологиялық қоғамға мүше.
Қорытынды
Иммуналогияның тәжірибелік ғылыми-зертеулік жетістіктерін қазір медицинада, ветеринария мен жалпы биология саласында қолданып, жұқпалы ауруларды анықтау, емдеу, алдын алу шараларын жүргізуде зор табысқа жетіп отыр. Келешекте Иммуналогия ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып, ғасыр індеті – жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромы (СПИД) ауруына қарсы вакцина жасау; орган алмастырғанда жиі кездесетін басқа адамның органын қабылдамаушылықты болдырмау; эндокринді (қант диабеті) және әр түрлі аллергиялық ауруларды тиімді емдеу әдістерін табу; ауылы шаруашылығы малдарының жаңа тұқымдарын шығарып, өсімдіктердің жоғары сорттары мен түрлерін анықтау міндеттері қойылып отыр.
Қолданылған әдебиет