Төтенше жағдайлардың жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2013 в 15:13, курсовая работа

Описание работы

Талас пікірлер тудырмас үшін біз ресми деректерде қолданылып жүрген анықтамаға жүгінгенді жөн санадық.
Төтенше жағдай — белгілі бір аумақта адамдардың өліміне, олардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиянын тигізетін, шығындарға және адамдардың өмір сүру жағдайларының бұзылып-қирауына әкелетін апат, авария, табиғи немесе басқа да апат нәтижесінде қалыптасқан (пайда болған) белгілі бір аумақтағы ахуал.

Файлы: 1 файл

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.docx

— 13.05 Кб (Скачать файл)

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

 

Әдебиеттер мен ресми  деректерде терминологияның түрлі  тәсілдерін сипаттайтын «төтенше жағдай»  ұғымын анықтаудың көптеген нұсқалары  берілген.

 

Талас пікірлер тудырмас үшін біз ресми деректерде қолданылып жүрген анықтамаға жүгінгенді жөн санадық.

Төтенше жағдай — белгілі бір аумақта адамдардың өліміне, олардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиянын тигізетін, шығындарға және адамдардың өмір сүру жағдайларының бұзылып-қирауына әкелетін апат, авария, табиғи немесе басқа да апат нәтижесінде қалыптасқан (пайда болған) белгілі бір аумақтағы ахуал.

 

Төтенше жағдайлардың алдын алу — ТЖ пайда болу қаупін барынша азайтуға бағытталған алдын ала жүргізілетін шаралар кешені.

 

Төтенше жағдайларды  жою шаралары ТЖ пайда болған жағдайда апаттық-құтқару және аумақ пен сол аумақ тұрғындарының өмірін қорғау, денсаулығын сақтау және қоршаған табиғи орта мен экономикадағы материалды шығындардың көлемін азайту мақсатында жасалатын басқа да кезек күттірмейтін жұмыстардың толық кешенін қамтиды.

Төтенше жағдай осындай жағдайға тән қауіпті факторлардың әсері тоқтаған кезде, адамның өмірі мен оның денсаулығына төнген қауіптің беті қайтарылған, оларға медициналық көмек көрсетілген кезде және қалпына келтіру жұмыстары басталған кезде ғана аяқталды деп есептеледі.

Техногенді және табиғи сипаттағы  төтенше жағдайлардың ішінде апаттар  аса қауіпті болып есептеледі.

Апат – адамдардың құрбандығына әкелетін, денсаулығына зиян келтіретін, материалдық құндылықтарды қиратып немесе істен шығаратын, сонымен қатар қоршаған ортаға орасан зор зиян тигізетін кенеттен және тез арада болып өтетін оқиға.

Апаттар шығу көзінің сипатына, таралу аймағына және зардап шеккен адамдардың санына қарай жіктеледі.

 

Адамның өмірі мен оның қоршаған ортасына апаттармен қатар авариялар мен стихиялық апаттар да үлкен қауіп тудырады.

Авария – белгілі бір нысанда, аумақта адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін және ғимараттар мен құрылыстар, жабдықтар мен көліктердің қирап, өндірістік және көлік қызметтерінің бұзылуына, сонымен қатар адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянын тигізетін қауіпті техногенді оқиға.

Табиғат апаты (стихиялық  апат) — табиғаттың қауіпті құбылысы немесе геофизикалық, геологиялық, гидрологиялық, атмосфералық, биосфералық және шығу тегі басқа өзгерістер, олар тұрғындардың тіршілік әрекетін кенеттен бұзатын, материалды құндылықтарды қиратып, адамдардың өліміне әкелетін зілзала жағдайлары.


Информация о работе Төтенше жағдайлардың жалпы сипаттамасы