Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2014 в 11:13, реферат
Профилактика – медицинаның негізгі салаларының бірі. Әлеуметтік профилактика халықтың денсаулығын қорғауда санитарлық – техникалық, гигиеналық және әлеуметтік – экономикалық шараларды өзіне қосып алады. Аурулардың алдын – алу жүйелерінің пайда болуы және факторлық рисктердің қалыптасуы мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық және медициналық нұсқауларында маңызды болып табылады. Индивидуальдық және қоғамдық профилактика деп екі топқа ажыратады. Денсаулық жағдайына және патологиялық жағдайына қарай отырып профилактиканың 3 түрін ажыратады.
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1) Тыныс алу жүйесінің физиологиялық маңызы.
2) Тынысалу жүйесінің құрылысы. Ауа жолдары. Тыныс алу жүйесінің
физиологиялық әрекеттері. Өкпе сыйымдылығы.
3) Тыныс алу мүшелерінде туындайтын аурулар және олардың алдын алу.
Гигиенасы мен жаттығулар.
ІІІ.Қорытынды
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1) Тыныс алу жүйесінің физиологиялық маңызы.
2) Тынысалу жүйесінің құрылысы. Ауа жолдары. Тыныс алу жүйесінің
физиологиялық әрекеттері. Өкпе сыйымдылығы.
3) Тыныс алу мүшелерінде туындайтын аурулар және олардың алдын алу.
Гигиенасы мен жаттығулар.
ІІІ.Қорытынды
Кіріспе
«Профилактика » терминін аурулардың
пайда болуы мен бұзылуларды тоқтату,
азайту, еңбекке қабілеттілікті жоғарылатуға
бағытталған деп түсінуге болады.
Профилактика
– медицинаның негізгі салаларының бірі.
Әлеуметтік профилактика халықтың денсаулығын
қорғауда санитарлық – техникалық, гигиеналық
және әлеуметтік – экономикалық шараларды
өзіне қосып алады. Аурулардың алдын –
алу жүйелерінің пайда болуы және факторлық
рисктердің қалыптасуы мемлекеттің әлеуметтік
– экономикалық және медициналық нұсқауларында
маңызды болып табылады. Индивидуальдық
және қоғамдық профилактика деп екі топқа
ажыратады. Денсаулық жағдайына және патологиялық
жағдайына қарай отырып профилактиканың
3 түрін ажыратады.
Біріншілік
профилактика – бұл аурудың пайда болуының
және де дамуының алдын – алу жөніндегі
факторлар жүйесі ( вакцинация, рациональдық
еңбек режимі және демалыс, рациональдық
сапалы тамақтану, физикалық белсенділік,
қоршаған ортаның жақсаруыжәне т.б. ) сонымен
қатар біріншілік профилактикаға мемлекеттің
салауатты өмір салтының әлеуметтік –
экономикалық шаралары, қоршаған орта,
тәлім – тәрбие және т.б. жатады. Профилактикалық
қабілеттілік барлық медицина қызметкерлерінеміндетті
түрде қажет. Ал арнайы емес поликлиникалар,
ауруханалар, диспансерлер, босану үйлері
емдеу – профилактикалық деп аталады.
Екіншілік
профилактика бұл – қауіп – қатер факторларды
шақыратын жағдайларға байланысты іс
- шаралар комплексін жүргізу болып табылады.
Қауіп - қатер факторлары белгілі бір жағдайларда
аурулардың пайда болуына, қабынуына немесе
қайталануына (рецидив) алып келуі мүмкін.
Екіншілік профилактиканың тиімді әдістері
- диспансерлеу, динамикалық бақылау, бағытталған
ем жүргізу болып табылады.
Мамандар қатары тағы да «үшіншілік профилактика»
терминін ұсынды, ол өмірге қабілеттілігінен
айырылған науқастарға арналған іс - шаралар
комплексі (кешені). Үшіншілік профилактика
әлеуметтік, еңбектік, психологиялық және
медициналық реобилитациялық мақсатқа
ие. Барлық профилактикалық шаралардың
ішіндегі маңыздысы тұрғылықты жерлерде
салауатты өмір салтын және медико – әлеуметтік
белсенділіктерді жүргізу.
Адам организмі өзін қоршаған сыртқы ортамен қатты, сұйық және газ түріндегі заттармен алмаспай өмір сүре алмайды. Адам үнемі сыртқы ортадан қоректік заттарды, суды және оттегін алады. Оттегі адам өмірі үшін аса маңызды. Оттегі ұлпалардағы тотығуға қатысады. Тотығу кезінде заттардың ыдырауынан көмір қышқыл газы пайда болып, денеден сыртқа шығарылады. Дем алғанда организм мен сыртқы орта өздерінің құрамындағы газдарымен алмасады. Бұл оттегінің үнемі денеге кіріп және көмір қышқыл газының денеден сыртқа айдалып тұруын қамтамасыз етеді. Бұл қызметті кеуде қуысында орналасқан өкпе орындайды. Оттегінің қысымының ең көбі біз дем алғанда жұтатын сыртқы ауада, өкпе альвеолаларында төмендейді, қан тамырларында мүлде азаяды. Сондықтан ауадағы оттегі организмге қарай диффузды түрде қозғалады, бірақ Бұл өте әлсіз қозғалыс. Бұл қозғалысты тыныс мүшелері күшейтеді. Дем алу мен дем шығарудың ырғақты түрде ауысуы біздің денеміздегі барлық ішкі мүшелерге әсер етеді. Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысының жас ерекшелігі. Тыныс мүшелері мұрын нан басталады . Тыныс жолдары екіге бөлінеді: а) дем алғанда және дем шығарғанда ауаның жылжитын қуыстары; ә) ауа мен қанның арасында газдардың алмасатын орыны – өкпе альвеолалары (лат.альвеолус — ойма қуыс, науа).
Тыныс алуға қатысатын мүшелер тыныс алу жүйесін құрады. Бұл жүйенің мүшелерін екіге бөледі: тыныс жолдары және басты тыныс алу мүшесі – өкпе. Ауа сырттан өкпеге және өкпеден сыртқа қозғалатын қуыстар – тыныс жолдарына мұрын қуысы, көмей, кеңірдек, жөне бронхылар жатады. Дегенмен, тыныс жолдарының қызметі ауаны өткізу ғана емес. Мұрын қуысында, көмейде, кеңірдекте және бронхыларда дем алғанда ішке кіретін ауа шаңнан, микробтардан тазартылып, тыныс жолдары мен өкпе қуысының шырышты қабаты кеуіп қалмау үшін ылғалдандырылып, өкпені суық ауаның әсерінен сақтау үшін жылытылады. Ауа танау арқылы мұрын қуысына кіреді. Мұрын қуысы кеңсірік шеміршегі арқылы оң және сол жақ бөліктерге бөлініп, жұп танау тесіктері арқылы сыртқа ашылады да ішкі жағы жұтқыншақпен қосылады. Мұрын қуысы шырышты қабатпен қапталған. Мұнда ауаның құрамындағы шаң-тозаңдарды, микроорганизмдерді ұстап, өлтіріп, сыртқа шығарылуын қамтамасыз ететін эпителий клеткаларының түктері бар және ол өкпеге баратын ауаны жылытып, ылғалдайтын қан тамырларына бай. Тыныс жолдарының дұрыс қызмет етуі организмге қажетті қорғаныш қасиеттерін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, мұрын қуысында иіс рецепторлары орналасқан, жұтқыншақ – ас қорыту жүйесінің мүшесі, ал көмей — сөйлеу мүшесі.
Тыныс алу жүйесінің маңызды бөлігі – ө к п е.
Бұл бронхылардың ұсақ тармақтарының қуыстарынан жасалған альвеолалар мен серпімді дәнекер ұлпалардан тұратын жұп мүше. Альвеолалар немесе өкпе қуыстары өте ұсақ , шар тәрізді домалақ, оларды микроскоп арқылы ғана көруге болады. Олардың қабырғалары жұқа, көптеген қан тамырларының капиллярларымен қоршалған. Өкпе альвеолаларының жалпы ауданы 200 м2. Мұндай құрылыс альвеолалардағы ауаның және қанның құрамындағы газдардың тез алмасуын қамтамасыз етеді. Өкпенің дәнекер ұлпасы өте серпімді және өкпенің жиырылу күшін қамтамасыз етеді. Ішкі күш деп аталатын өкпенің жиырылу күші дем алу мен дем шығаруда аса маңызды. Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі адамның жасына, жынысына және жеке басының ерекшелігіне байланысты. Жаңа туған сәбидің өкпесінің ұлпасы нашар дамыған, бірақ қан тамырларына өте бай болады. Алғашқы 3 айлық өмірінде және жыныстық жетілу шағында өкпе қарқынды өседі. Өмірінің алғашқы кезінде барлық нәрестелер ішпен дем алады (еркекке тән дем алу), бірақ жүре бастағанда баланың кеудесі төмен түседі де, диафрагмалық-кеуделік дем алу пайда болады. 3-7 жаста ғана кеудемен дем алу басым болады. Дем алудың минөттік мөлшері дене салмағымен салыстырғанда бала өсе келе азаяды: жаңа туған сәбиде — 220 см3, 6 жаста 168 см3, 14 жасқа таман 128 см3, ал ересек адамда 96 см3, Дем алу көлемі жаңа туған сәбиде – 25 см3, 1 жаста – 80 см3-ге дейін артады, 2 жаста – 140 см3, ересек адамда – 400 см3. Өкпесінің мөлшері жаңа туған сәбиде – 53 см3, 1 жаста – 210 см3, 13 жаста – 707 см3, 20-25 жаста – 1680 см3, ал 30-40 жаста орта шамамен 1788 см3. Өкпе альвеолаларының диаметрі ересек адамда 0,2 мм, ал жаңа туған сәбиде – 0,07 мм. Олай болса өкпенің жалпы көлемі жаңа туған балада – 1,617 см3, ал ересек адамда -67,7 см3. Осы көрсеткіштерді пайдаланып ғалымдар өкпенің шар тәрізді альвеолаларының әрқайсының көлемі жаңа туған нәрестеде 4,108 тең болатынын есептеп шығарған. Олай болса, өкпе қуыстарының жалпы ауданы жаңа туған сәбиде – 6 м2, ересек адамда – 50 м2, яғни 8 есе артық. Көмейдің жалғасы кеңірдектің ұзын дығы балаларда – 4 см, 10 жаста — 7 см, ересек адамда – 10-12 см.
Кеуде қуысының пішіні адамның жасына және жынысына байланысты өзгереді. Туған кезде баланың кеуде қуысы конус тәрізді болады, себебі ұрық кезінде өкпе нашар дамыған, ал бауыры қарқынды өсіп, дамиды. Баланың кеуде қуысы көтеріңкі болып, қабырға сүйектері ересек адамдардағыдай төмен түспейді. Сондықтан бала терең дем алып, дем шығара алмайды да, қажетті мөлшердегі ауа мен оттегін тынысының жиілігі арқылы қамтамасыз етеді. Қабырға сүйектерінің қиғашталуы күшейе бастағаннан кейін терең дем алатын мүмкіндік туғаннан соң дем алу жиілігі азаяды. Қартайғанда қабырға аралық еттердің әлсіздігіне байланысты қабырғалардың қиғашталуы артады. Әйел адамның кеуде қуысы ерлермен салыстырғанда қысқарақ келеді.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС). Өкпенің тіршілік сыйымдылығы, яғни өкпеге кіретін және шығатын ауаның мөлшері адамның жасына сай өзгереді. Адам қалыпты жай дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді. Мүны дем алу ауасы деп атайды. Қалыпты жағдайда жай ғана дем алғаннан соң, демін шығармай тұрып, тағы да 1,5-2 литрдей ауаны сіңіруге болады. Мұны қосымша ауа деп атайды. Қалыпты дем шығарудан кейін дем алмай тұрып, тағы да күшпен дем шығарып 1-1,5 литрдей ауаны сыртқа айдауға болады. Бұл - қордағы ауа . Егер дем алу, қосымша және қордағы ауаны қосса, өкпенің тіршілік сыйымдылығы шығады. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы 6-7 және 15-16 жастарда дереу және айтарлықтай көбейеді. 16-17 жаста өкпенің тіршілік сыйымдылығы ересек адамдармен бірдей болады. Балалардың өкпе алвеоласындағы газбен дем шығарғандағы газдың құрамында айырмашылық бар. Балалардың альвеолалық газының құрамында оттегі көбірек болып, көмірқышқыл газы азырақ болады. Бала неғұрлым жас болса, соғұрлым Бұл айырмашылық көп болады.
1-ші кесте. Балалар мен жас өспірімдердің өкпесінің тіршілік сыйымдылыгы
Б а л а
Жасы 6 7 10 12 15 17
Ер бала 1200 1400 1630 1975 26 00 3520
Қыз бала 1100 1200 1460 1905 2530 2760
Баланың дем алуды реттеу қабілеті де нашар, Бұл баланың сөйлеу қабілетімен бірге жетіледі де, 11-12 жаста ересек адамдармен бірдей болады. Өкпенің тіршіліксыйымдылығын спирометр деген арнайы аспаппен өлшейді. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы мен қалдық мөлшері өкпенің жалпы сыйым дылығын құрады. Тыныс алу жиілігі де баланың жасына лайық өзгереді.
Газдың алмасуы. Адам мен жануарлардың өмірі үшін ауадағы газдардың ішіндегі оттегінің маңызы зор. Адам дем алғанда ішке кіретін ауаның құрамы, дем шығарғандағы сыртқа айдалатын ауадан өзгеше. Ересек адам 1 минөтте өкпесінен 6-7 л ауаны өткізеді. Алмасатын ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына байланысты. Адамның бойы неғұрлым биік және салмақты болса, соғұрлым оның өкпесі арқылы ауа көп өтеді. Бірақ бұл заңдылықты балаға аударуға болмайды, ауа балаға ересек адамнан көбірек қажет. Тіпті 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л, кейде 7 л ауа өтеді. Мұндай ұзақ мерзімді гипервентиляция баланың дем алуының ерекшелігіне жатады. Осыған байланысты балалардың организмінен бу ретінде судың көптеп шығуы, бүйрек, тері арқылы көмір қышқылының сыртқа айдалуы байқалады.
Тыныс алудың нервтік және гуморальдық
реттелуі. Тыныс алу мүшелерінің қызметінің
реттелуі әр дәрежедегі реттеу жолдарымен
іске асады. Төменгі дәрежелі тыныс орталығы
сопақша мида орналасқан. Ол бір-бірімен
тығыз байланыстағы дем алу мен дем шығаруға
жауапты екі бөлімнен тұрады. Тыныс орталығының
нейрондарының қозғыштығы көмір қышқыл
газының концентрациясына байланысты,
яғни гуморальдық реттеу жолы. Оның қандағы
концентрациясы артқанда тыныс орталығының
нейрондарының қозғыштығы күшейеді де,
тыныс мүшелерінің қызметіне қозғау салады.
Көмір қышқыл газының тыныс орталығына
әсері екі түрлі жолмен іске асады: а) нейрондарды
қоректендіретін қанның құрамының тікелей
әсері; б) рефлекторлы жолмен көмірқышқыл
газының арнайы хеморецепторларға әсері.
Тыныс алудың дамуына дене еңбегінің әсері және гигиеналық талаптар. Тыныс алу мүшелерінің бәрінің физиологиялық көрсеткіштеріне дене еңбегі мен спорт әсер етеді. Мысалы: Өкпенің тіршілік сыйымдылығы: штангистерде – 4 л, футболистерде – 4,2 л, боксерлерде -4,8л, қайықшыларда – 5,5 л. Тыныс алу жиілігі: спортсмендерде минөтіне – 6-8 рет, ал жаттықпаган адамдарда -14-20 рет. Спортпен шұғылданатын адамдардың тынысы терең болады, Бұл организмнің үнемді қызмет етуінің белгісі. Мысалы, терең дем шығарғанда олардың сыртқа айдалған ауасының құрамындағы көмір қышқыл газы 2 есе көп болады. Мұндай терең дем алу жүрекке «массаж» жасайды да, оның қоректенуін және физиологиялық қалпын жақсартады. Тыныс алу мүшелерін жаттықтыру, шынықтыру балалар мен жастардың тыныс мүшелері арқылы пайда болатын ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Олай болса, дене шынықтыру мен спорт денсаулықты сақтауға қажетті жағдайлардың бірі.
Баланың дұрыс отыра білуі де маңызды. Бүкірейіп, кеудесін үстелдің немесе партаның шетіне тақап отырғанда кеудеге қысым жасалып, тыныс алу мүшелерінің қызметін төмендетеді, жүрек қан-тамырлардың өсуіне кедергі болу арқылы баланың бойының өсуіне бөгет жасайды. Салқын тию, тыныс мүшелерінің аурулары бала организмінің барлық мүшелерінің өсіп дамуына, қызмет етуіне жағымсыз әсер ететінін естен шығармаған жөн. Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырғанда есте сақтайтын тағы да бір жағдай — дене еңбегі мен дене шынықтыру және ой еңбегі кезінде балалар тынысын тарылтады, сондықтан оның дұрыс болуын қадағалау қажет. Балаларға дұрыс демалуды жастайынан үйрету керек. Сонымен қатар, ой еңбегі мен дене еңбегін кезектестіру аса маңызды. Сондықтан мектеп жұмысын да сабақ кестесін жасағанда Бұл ерекшеліктерді есте сақтау керек. Сынып бөлмелерін, еңбек сабағының бөлмелерін жиі желдетіп отыру керек. Жоғарғы сынып оқушылары далада таза ауада тәулігіне 3 сағаттан, ал бастауыш сынып оқушылары 4 сағаттан кем болмауы тиіс. Әсіресе ауасы таза бөлмеде ұйықтау аса маңызды, сондықтан балаларды форточкалары ашық бөлмеде ұйықтауға әдеттендіру керек. Баланың киімі де дұрыс дем алу мен дем шығаруға әсер етеді. Сондыбқан олардың киімі жеңіл, денесін қыспайтын, қимыл-қозғалысына бөгет етпейтін болғаны жөн.
Осы жазылғандарды қорыта келе, балалардың сабақ оқитын, еңбек ететін үйдегі бөлмелері мен мектептегі сынып бөлмелерінің, балалар бақшасындағы топтардың бөлмелерінің ауасын жиі-жиі желпіндіріп, тазартып отыру аса маңызды екенін айта кеткіміз келеді. Сонымен қатар, баланың далада, таза ауада көбірек ойнауы маңызды. Ырғақты тыныс гимнастикасы баланың ақылының артуына жағымды әсер етеді. Бастауыш сынып оқушыларына сабақ кезінде 1-2 минөттік демалыс беріп, тыныс гимнастикасын ұйымдастыру қажет: оқушы партада отырып, екі қолын бүйіріне таянып терең дем алып және дем шығарады. Мұндай гимнастика баланың сабаққа ынтасын арттырады.
Тыныс алу мүшелерінде туындайтын аурулар және олардың алдын алу.
Ата - аналарға арналған кеңестер.
Нүктелі уқалау және тыныс алу жаттығулары адамның денсаулығы, денесінің дамуы мен ойлау қызметі оның дұрыс демалуына тікелей байланысты. Мысалы, сол және оң мұрын қуыстарымен арнайы тыныс алу жаттығулары мидың жұмыс істеуін жақсартады. Шыныққан тыныс алу бұлшық еттері адамның қаншылықты жұмысқа шыдамдылығын анықтайды, ағзаның суық тию аурулары және басқа ауруларға қарсы тұру қабілетін жақсартады. Дұрыс тыныс алу үшін тыныс алу бұлшық еттерін басқара білу қажет және әрдайым оны дамытып отыру керек.
Бірақ, мектеп жасына дейінгі балалардың тыныс алу бұлшық еттері әлсіз, сондықтан оларға арнайы тыныс алу жаттығулары жасалған. Нүктелі уқалау - өз ағзаңа көмектесудің ең қарапайым түрі. Нүктелі уқалау жаттығулары балаларды өз денсаулығына қамқор болуға үйретеді және суық тиіп аурудың алдын алады.
1.Екі алақанды қосып, оларды қызғанша ысу.
2.Сілтеуіш саусақтармен
мұрын қуысы жанындағы
3.Сілтеуіш саусақтармен еріндердің қосылған жеріндегі нүктелерді басу.
4.Сілтеуіш саусақтармен, баса отырып қабақтардың «суретін салу».
5.Сілтеуіш және бас саусақпен, астынан жоғарыға қарай құлақтарымызды
«жабыстырып жасаймыз».
6.Сол жақ мұрын қуысымен ішке дем аламыз (оң жақ мұрын қуысын сілтеуіш
саусақпен жауып тұрамыз) , оң жақ мұрын қуысымен демді сыртқа шығарамыз (сол
жақ мұрын қуысын жауып тұрамыз).
7.Мұрын қуыстарымен ішке дем аламыз, ақырын ауыз арқылы сыртқа дем
шығарамыз.
Гигиенасы мен жаттығулар.
Өкпені жарақаттайтын ауру - туберкулез. Туберкулез (лат. «tuberculum» - төмпешік) - микроскоппен ғана көрінетін туберкулез таякшасы микробы қоздыратын жұкпалы ауру. Туберкулез таякшасы адам ағзасында өте тез көбейеді. Ағзадан тыс жерде көбеймейді, бірақ караңғы, ылғалды, жылы жерде ұзак сакталады. Даладағы шаңның ішінде 3-14 күнге дейін тіршілік етеді. Туберкулез ауруы ұлпаларды жансыздандырады. Өкпе катайып, беріштенеді. Ауырған адам терлегіш, әлсіз, дене қызуы көтеріңкі болады. Тамакка төбеті тартпайды, жөтеледі, қан түкіреді.