Жаңа дәрілік заттар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2015 в 20:57, реферат

Описание работы

1.Фармацияда ботаника пәнінің маңызы.
2.Дәрілік өсімдіктер тарихы.
3.Жаңа дәрілік заттарды табу әдістері мен жолдары.
4.Шикізатты жинау және алғашқы өңдеу.

Файлы: 1 файл

фитофарм.docx

— 23.44 Кб (Скачать файл)

 

Жоспар

1.Фармацияда ботаника пәнінің маңызы.

2.Дәрілік өсімдіктер тарихы.

3.Жаңа дәрілік заттарды табу әдістері мен жолдары.

4.Шикізатты жинау және алғашқы өңдеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

  Ботаника өсімдіктер  туралы ғылым. Ботаникалық білім  адамның практикалық тіршілігіне  байланысты пайда болып, тез дамып  қалыптасқан. Өсімдіктер байлығын  пайдаланудың алғашқы кезеңінде  адамдар олардың жемістерін, тұқымдарын, түйнектерін, пиязшықтарын және  тамыр сабақтарын жинастырып  өз қажетіне жаратқан. Ол үшін  өсімдіктерді танып, олардың жеуге  келетіндерінен, жеуге келмейтіндерін, дәрілік өсімдіктерді улы өсімдіктерден  ажырата білген. Сонымен бірге  пайдалы өсімдіктердің өсетін  жерлерін анықтап, оларды жинаудың  мерзімін белгілеп және сақтау  тәсілдерін меңгеру қажет болған.

   Қазіргі  уақытта ботаника үлкен көп салалы ғылым болып отыр. Ботаниканың жалпы міндеттеріне жекелеген өсімдіктерді және олардың жиынтығын, басқаша айтқанда өсімдіктер қауымдастықтарын жан-жақты    зерттеу жатады. Осы өсімдіктер қауымдастықтары орманның, шалғынның, шөлейттің өсімдіктер жабынын түзеді. Өсімдіктердің структурасы мен өсу заңдылықтарын, олардың қоршаған ортамен байланысын, жер шарындағы   жекелеген түрлердің және тұтастай өсімдіктер қауымдастықтарының  таралуымен,  сол  жерлерде  қаншалықты  кездесетіндігін, өсімдіктер дүниесінің шығу тегі мен эволюциясын, оның алуан түрлілігінің себептерін    және классификациясын, шаруашылыққа қажеттілігі жағынан құнды өсімдіктердің табиғи қорын анықтау және оларды өндірісте тиімді пайдаланудың жүйесін, мәдени жағдайға ендірудің (интродукция) жолдарын қарастыру болып табылады. Осы жоғарыда келтіргендердің өзі ботаника ғылымы зерттейтін проблемадарды толық қамтиды деп айтуға болмайды.Ботаника ғылымының биология, ауыл шаруашылығы және фармация салаларымен де байланысы зор. Фармация – дәрі-дәрмек жасауға пайдаланылатын шикізаттар туралы ғылым. Қазіргі кездегі шығарылатын дәрі-дәрмектің 30%-ы арнайы дайындалған өсімдік шикізатынан жасалады. Ал, кейбір нақтылы ауруларды емдеуге арналған препараттарды алатын болсақ, мысалы: бүйрек, жүрек ауруларын, бауыр және ас қорыту жолдарының ауруларын, ішек құрттарына қарсы қолданатын, қақырық түсіретін т.б. өсімдіктерден жасалған дәрі- дәрмектің мөлшері 75-80%-ға дейін жетеді.

 

Дәрілік өсімдіктер тарихы

    Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Осынауәрқилы географиялық аймақта қоныс тепкен емдік, шипалық қасиеттері алуан түрліөсімдіктердіадам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келеді. Тіпті осыдан үш мың жыл бұрын-ақ кейбір шығыс елдерінде қазіргі қолданылып жүрген дәрілік өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған.Дәрілік өсімдіктер жайында тұңғыш рет біздің дәуірімізге дейінгі ертедегі грек дәрігері Гиппократ (460-377) белгілі еңбек жазды. Ол өсімдіктің қайбөлігі болса да пайдалы, оларды ауруды емдеу мақсатына кеңінен қолдануға болады деп есептеді. Сондай-ақ ол өз дәуірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама жасады. Бірақ ғалым сол сипатталынып отырған өсімдіктерде неліктен шипалық қасиет болатынын айтып бере алған жоқ. Бұл мәселеге арада алты ғасыр өткен соң барып, біздің дәуіріміздің екінші ғасырында ғана Рим дәрігері Гален алғаш рет жауап берді. Ол өсімдіктерде шипалық қасиеттердің болуы олардың құрамындағы белгілі бір заттардың қасиетіне байланысты екенін анықтады. Ол сонымен бірге бұл заттарды қалай бөліп алуға болатынын көрсете отырып, тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеді.

 

Жаңа дәрілік заттарды табу әдістері мен жолдары

 

    Дәрілік өсімдіктер дамуының қазіргі кездегі сатысында зерттеудің бағытын жаңа әсерлі де маңызды дәрілік түрлерді зерттеу мен табуға бағыттау керек.

Ғалымдардың зерттеулерінде бірнеше әдістер қолданылады.

  Халық медицинасының тәжірибесін кеңінен зерттеу.Қазіргі ғылыми медицинада қолданылып жүрген барлық өсімдіктер дерлік халық медицинасынан алынғандар. Халық медицинасында қолданылып жүрген өсімдіктерге ерекше мән берудің жаңа болашағы бар өсімдіктерді іздеуде әсері зор. Халық медицинасының өсімдіктерін зерттеудің алғашқы сатыларына жататындар: а) арнайы немесе жолай экспедицияларды пайдаланып (этнографиялық) халықтан сұрастыру, өсімдіктер жайында білетіндермен танысу, үлгілерін алу арқылы мәліметтер жинау; б) әдеби мәліметтер жинау үшін корреспонденттік жүйе ұйымдастыру. Алдымен зерттелінетін өсімдіктің емдік көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеріп білу керек. Егер алғашқы фармакологиялық (немесе биологиялық) зерттеу мәліметтердің дұрыстығын растайтын болса, онда ары қарай өсімдікке фармакогностикалық (ең алдымен фитохимиялық), технологиялық (жеке қосылыстарды бөліп қарау немесе препарат қосылыстарын табу), фармакологиялық (табылған препараттардың негізінде терең зерттеу) ең соңынан клиникалық зерттеулер жүргізіледі.Ғылыми медицинада қолданылатын өсімдіктерді терең зерттеу. Осындай қазіргі ғылыми деңгейдежүргізілген жәнеөсімдіктің химиялық құрамы туралы түсінікті тереңірек дамытатын зерттеулер кеңінен қолданылып жүрген өсімдіктердің қолдану аймақтарын өзгертіп отырады. Бұл қадамға ғалымдарды халық медицинасының мәліметтері итермелейді, бұл өсімдіктер өз кезінде ғылыми медицинада қолданылған бертін келе ұмыт бола бастаған болуы мүмкін. Мысалы, МФ II (1871) сүйелшөп шөбі, авран шөбі, мелиса жапырақтары мен қара қарақат жапырақтары және сабыншөптің тамырлары ресми түрде қолданылған. Қазіргі кезде олардың көбісі Мемлекеттік реестрге қайта енгізілді.Филогенетикалық әдіс.Бұрыннан белгілі болғандайботаникалық жағынан туыстас өсімдіктер химиялық құрамы жөнінен ұқсас болады да ұқсас фармакологиялық әсер көрсетеді. Бұндай биологиялық заңдылықтар жаңа дәрілік өсімдікті іздеудегі жұмыстарды мақсатты әрекеттерге бағыттап, еңбекті нәтижелі етуге көмектеседі. Отандық ғалымдар өсімдіктерді зерттеу барысында өсімдіктердің систематикалық жағдайы мен олардың химиялық құрамы арасындағы байланыстар мәселесіне көп көңіл бөледі. Дегенмен бұл мәселелерді зерттеу барысында кейбір қиыншылықтар туындайды. Мұнда хемотоксономиялық заңдылықтардан басқа өсімдіктердің биохимиялық белгілері мен филогенетикалық қатынастары арасындағы толық параллелизмнің болмауы көрініс табады. Бұдан басқа химиялық конвергенция құбылысы, яғни филогенетикалық байланысы жоқ әртүрлі топ өсімдіктерінде ұқсас заттардың болуы да байқалады. Көптеген шикізат көздерінде күннен күнге өсіп отырған қажеттіліктердің артуы ресми түрге енгізілген кейбір өсімдіктерді ғана дайындаумен шектелуге байланысты болып отыр. Мұндай амалдар дәрілік өсімдіктер туралы ғылымның дамуына кедергі жасайды. Филогенетикалық әдісті пайдаланып жақын туыстарды зерттей отыра өсімдік шикізаттарының  түр құрамын кеңейте түсу керек. Қазіргі кезде дәрілік өсімдіктерінің түр құрамын кеңейтуге мүмкіндік беретін экспериментальдық мәліметтер бар, мысалыға жалынгүл түрлерін, сасықшөп, шәйқурай, термопсис, жөке және басқа да түрлерді. Әсіресе, Орта Азиядағы мемлекеттер мен Қазақстанда, Қиыр Шығыс флорасында қабылданған дәрілік өсімдіктер өспейтін, ал оған жақын түрлер өсетін елдерде бұл мәселелер маңызды орын алады.

«Елеу» әдісі.Бұл әдіс белгілі бір ауданда немесе жергілікті жерде өсетін өсімдіктерді жаппай дала жағдайындағы фитохимиялық талдау арқылы негізгі биологиялық белсенді заттарды анықтауда қолданылады. Болжам бойынша мұндай зерттеу барысында яғни, «аналитикалық елеуден өткізілген» өсімдіктерден болашағы зор алкалоидты, жүрек гликозидті, сапонинді, эфир майлы және басқа да белсенді заттар табылады.«Елеу» әдісі бір кездері өте танымал әдіс деп табылып, көптеген экспедициялар зерттеуге шығып отырған. Бұл әдіс болашақта өсімдіктерді іздеуде белгілі бір кезеңде маңызды орын алған. Дегенмен бұл әдіс көп еңбекті қажет ететін, қымбат әрі эмпирикалық ретінде күрделі. Қазіргі кезде экспедициялар халық медицинасында кең қолданылатын белгілі бір түрге жататын және де өзінен көп үміт күттіретін түрлерді ғана жинайды. ТМД елдерінің медицина тәжірибесіндегі өсімдіктерден басқа фармакогностар шығыс медицинасына да көптеген қызығушылықтар танытады. Тарихи кейбір жағдайларға байланысты бұрынғы атақты шығыс медициналық жүйесінің ерекше іздері қалды: Орта Азия мен Кавказда – ежелгі араб медицинасының, Бурятияда – тибеттік, Қиыр шығыста – қытайлық және т.б.

Шикізатты жинау және алғашқы өңдеу

    Дәрілік өсімдік шикізаттарын ондағы фармакологиялық белсенді заттардың көп мөлшері жиналған вегетация кезінде жинайды. Өсімдіктерді онтогенезде зерттеу негізінде олардың жинауға қолайлы кезеңдеріанықталады. Өсімдіктерді жинау кезеңі елдің географиялық зоналарына және ауа райына байланысты. Жиі жағдайда шикізатты жинаудыкүннің белгілі бір мезгіліне белгілейді. Өсімдіктің әр түріне шикізат жинау ережелері бекітілген.

Шөбі. Шөпті жинап немесе орып болған соң оны қоспалардан тазартады. Қажет болғанда өсімдіктің төменгі ағаштанып кеткен бөліктерін шауып бөліп тастайды. Біржылдық өсімдіктердің тамырларытопырақ бетіне жақын орналасады, оларды тамырымен жұлып алады. Жапырақтарын шіріген бөліктерінен тазалап отырады.

Жапырақтары. Шикізаттың түріне байланысты жапырақтарын қолмен, сағақты және сағақсыз немесе оның бөліктерін теріп жинайды. Кейбір ұсақ жапырақтарды бұташығымен немесе бүтін шөбімен бірге жинайды да, кептіріп болғаннан кейін жапырақтарын жұлып тереді (аюқұлақ). Егер шикізатты тамыр жапырақтары болатын болса (мысалы, итжидекте) қос жапырағының ірі жақсы дамығандарын жинайды. Бұл кезде өсімдіктің жоғары ұшын кесіп, шөбі ретінде пайдаланады (галенді препараттар өндірісі үшін).

Гүлдері.Гүлді шикізаттарды жинау техникасы гүлдердің өлшеміне, орналасуына (жеке гүлдер немесе гүл шоғыры), гүл шоғырының типіне және т.б. байланысты. Сиыр құйрықтың гүл тәжін оларды гүлінен қолмен жұлып алады, ырғайдың гүлдерін – қалқанша гүл шоғырын кесіп жинаған дұрыс. Дәрілік түймедақтың гүл себеттерін арнайы тарақпен теріп жинайды. Ағаш өсімдіктердің гүлдерін (жөке ағашы) сатыны пайдаланып, гүлдеп тұрған жоғары ұшын қайшымен кесіп жинайды. Дермене жусанның гүл қауыздарын машинамен орып алып, кейіннен оларды бастырып жинайды.

Жемістері мен тұқымдары. Шөптесін өсімдіктердің құрғақ жемістері мен тұқымдарын шөбінің жер үсті бөліктерін орақпен орып жинайды. Жиделерін жеміс аяқтарымен немесе оларсыз теріп жинайды. Шырғанақ жемістері мен аршаның жемістерін күзде алғашқы суықтан кейін бұталарды сілкіп жинайды.  Ағаш өсімдіктердің сөлді жемістерінің (шетен, мойыл) жеміс серігін сатыны пайдаланып жинайды.

Шатыршагүлділердің жемістерін (феникулум, анис, зере, кориандр) арнайы комбайндарды пайдаланып жинайды.

Тамырлары, тамырсабақтары, тамыр түйнектері. Жер асты бөліктерін күрекпен, кетпен-шоттармен және айырмен қазып жинайды. Топырақ ерекшелігіне, жиналатын өсімдіктің өсу жағдайына байланысты құралды таңдап отырады. Мысалы, иірдің тамырсабақтарын топырақтан тек айырдың көмегімен, ал зиягүлдің тамырсабақтарын таудың тасты топырағынан тек сүйменмен және мықты шоттың күшімен ғана босатып жинай алады. Кейбір тамырларды жинау үшін жинаушылар тек қатты құрыштан жасалынған күректерді пайдаланады. Өзеннің жағасындағы жайылмалардағымия тамырларын тракторлардың терең қазатын соқаларын пайдаланып жинайды. Ол үшін алдымен жер үсті бөліктерін орып алады.

Қабығы. Ағаштарда сөл жүру кезеңінде қабығы өзектен оңай ажыратылатын кезде жинайды. Бақша пышағымен діңгек пен бұталардың қабығына 20-25см арақашықтқта сақина тәрізді көлденең кесінділер жүргізеді және үстіңгі кесіндіден төмен қарай 2-3 тік кесінділер жасайды. Осылай біраз уақытқа солдыру үшін қалдырады да, содан кейін қабығын сыдырады.

Бүрлері.Түрлі әдістермен жинайды: қарағай бүрлерін түбімен кесіп алып жинайды; қайың бүрлерін алдымен бұташықтарымен кесіп алып, кейіннен бүрлерін теріп алады; терек бүрлерін бүршіктерін жоғарыдан төмен қарай басып, бұталарынан жәймен жұлып жинайды.

Сонымен қатар, дәрілік өсімдіктерден дайын препарат алу үшін: шикізітты кептіру, шикізатты стандартқа сәйкестендіру, шикізатты орау және таңбалау, шикізатты сақтауды қажет етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Дәрілік өсімдіктермен емдеу бұрыннан келе жатса да, өзіндік маңызын алі күнге дейін жойған жоқ, қайта жыл өткен сайын оның құндылығы артып келеді. Сондықтан, соңғы кезде қолданылатын химиялық препараттарға қарағанда «дәрілік өсімдіктерден» дайындалған дәрілерге сұраныс басым. Дәрілік өсімдіктерден жасалған препараттардың адам денсаулығы үшін өте жоғары бағаланатыны белгілі, соның нәтижесінде бұл күнде «фитотерапия»айтарлықтай дамып отыр. Дәрілік қасиеттері бар өсімдіктерді зерттеу барысында биологиялық белсенді заттарын анықтауда тек бұрыннан белгілі түрлердің ғана емес басқа да перспективті дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеттерін ескеріп анықтау маңызды болып табылады. Адам баласы өсімдіктерді сонау көне дәуірден бастап күні бүгінге дейін өз қажетіне жаратып, пайдасына асырып келеді. Қалай атаған күнде де адамзат баласы үшін дәрілік өсімдіктердің пайдасы өте зор.  Дәрілік өсімдіктер адам ағзасын нығайтады, бауыр, бүйрек, жүрек, өкпе, асқазан және ішек жолдары мен әр түрлі бездердің (мәселен, ас қорыту бездерінің т.б.) қызметтерін жақсартады, қан қысымы мен зат алмасуды ретке келтіреді, ағзаға жиналған улы заттарды несеп, нәжіс, қақырық, тер арқылы сыртқа шығарады, микробтар мен бактерияларды, вирустарды жояды, ауырған жерді, дене қызуын басады, қан тоқтатады орталық жүйке жүйесін тыныштандырады және т.б. Сондықтан халықтың өсімдіктер туралы: «өсімдік – жанға шипа, дертке дауа; өсімдік – денсаулық кепілі; өсімдік – дәрі-дәрмек қоймасы; өсімдік -  ауруға ем, сауға қуат»деген қағидалардың шынайылығына көз жеткізу қиын емес. Қазіргі кездің өзінде отандық ғылыми медицинада 216-дан астам дәрілік өсімдік түрлері қолданылады. Оларды қалай болса солай ысырапсыз жинап, тұқымын құртып алудан әрқашанда сақ болғанымыз абзал. Табиғат «тегін» сыйға тартқан қымбат қазынаны қорғауды, сақтауды, келешек ұрпаққа аман-есен жеткізуді ешқандайда естен шығармауымыз жөн деп қарауымыз қажет.

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

М.Қожабеков, Г.Қожабекова «Дәрілік өсімдіктер» Алматы. Қазақстан. 1982 ж.

Б.Қ.Махатов, Ә.Қ.Патсаев, К.К.Орынбасарова, Ж.А.Қадишаева «Фармакогнозия» Оқулық. Шымкент. 2011 ж.

С.Х.Субханбердин«Дертке дауа, жанға шипа» Алматы 2004ж.

Ә.Іскендіров «Қазақстанның дәрілік өсімдіктері» Алматы. Қазақстан, 1982 ж.

Б.Қ.Махатов, Ә.Қ.Патсаев, К.К.Орынбасарова, «Өсімдіктер анатомиясы және морфологиясы» Шымкент 2011 ж.

www.myblo.ucoz.ru


Информация о работе Жаңа дәрілік заттар