Жарасыз диспепсия синдромының дифференциалды диагнозы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 21:54, реферат

Описание работы

азақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі бағдарламасында елді азық түлікпен және шикізат өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында ауылшаруашылығын дамытудың кешенді шаралары қарастырылған. Бағдарламада арнайы кешендерді, фермерлік қосалқы шаруашылықтарды дамыта отырып, алдағы уақытта малшаруашылығы өнімдерін көбейту қарастырылған. Сонымен қатар мал және шикізат өнімдерін өңдеуге үлкен мән берілген.

Содержание работы

I КІРІСПЕ
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы заңы»
2.2 Қазақстандағы ветеринариялық қызметтің құрлымы
2.3 Ветеринариялық қызметті халықаралық талаптармен үйлестіру
2.4 Жануарлар денсаулығын халықаралық қорғау ұйымының (OIE) аурулар тізімі және оның принципімен кіретін аурулар
III ҚОРЫТЫНДЫ
IV ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 56.00 Кб (Скачать файл)

2.2 Қазақстандағы ветеринариялық қызметтің құрлымы

Республикамыздағы ветеринария қызметі бірегей мақсатпен арнайы қызмет атқарушы органдар, мекемелер, ұйымдар және қызметтер жүйесінен тұрады. Олар ветеринариялық қызметті тікелей атқарушы және оған тиісті жағдай туғызып, қамтамасыз етуші болып екі топқа бөлінеді

       
 

Ветеринариялық қызметті атқарушы ұйымдар, мекемелер және мамандар


 

Ветеринариялық қызметті қамтамасыз етуші ұйымдар және мекемелер





 

Статистикалық деректер бойынша ветеринария мамандарының 80% астамы бірінші топтағы ұйымдармен мекемелерде істейді. Бұл мамандар тікелей мал шаруашылығында және сонымен өндірістік байланысы бар кәсіпорындарда, көлікте, сауда саттық жүйесінде ветеринариялық қызмет атқарады. Бұл топқа мемлекеттік және жеке меншік ветеринариялық қызметтер кіреді.

Екінші топтағы ұйымдар мен мекемелерге жататындар:

- ветеринариялық ғылыми зерттеу институттары, станциялары, лабораториялары;

- биопрепараттар өндіруші кәсіпорындары, лабораториялары, дәрі дәрмек, құрал жабдық шығаратын кәсіпорындар және олардың өнімдерін тұтынушыға жеткізуші зооветжабдықтау жүйесі;

- жоғары және арнаулы орта білім беруші ветеринариялық медицина оқу орындары.

Осы топтағы мекемелер мен кәсіпорындар ветеринарияның дамуына, талапқа сай жұмысын атқаруға зор ықпалын тигізеді. Шынында да ғылыми зерттеу ветеринариялық шараларды табуға, жетілдіруге мүмкіндік береді; оқу орындары мамандар даярлайды; кәсіпорындар препараттар мен құрал жабдықтарды өндіреді. Олардың жұмысы ветеринарияны ғылыми және материалдық техникалық жағынан қамтамасыз етуге бағытталған.

Еліміздің ветеринариялық жүйесі мемлекет тарапынан құрылады. Сондықтан барлық ветеринариялық органдар, мекемелер мемлекеттік ветеринарияға жатады. Олардың барлығы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүйесіне кіреді.

Мемлекеттік ветеринарияға ерекше міндеттер жүктелген, арнайы құқықтар берілген. Сондықтан ол ветеринариялық шараларды жоспарлауда, ұйымдастыруда жетекші роль атқарады. Ветеринария саласында мемлекеттік саясат жүргізіп, оның мүддесін қорғайды. Мемлекеттік ветеринарияның мамандарды сұрыптап, тиісті орындарға тағайындауға, қаражат қорларын шоғырландырып, эпизоотиямен күрестің шешуші бағыттарына жұмсауға құқы бар. Сауықтыру шараларын нәтижелі жүргізу үшін және ветеринариялық препараттарды өндіру, жарамдылығы мен сапасын анықтауға ғылыми мүмкіншілікті пайдаланып, білікті ғылым қызметкерлерін тартуға құқықты.

Ветеринариялық қызмет еліміздегі әкімшілік аумақтық бөліну принципіне сәйкес ұйымдастырылған. Сондықтан, оның әр сатысы өз құзыры жүретін аймақтағы барлық ветеринариялық нысандарда, ведмостволық бағыныштылығына қарамастан, тиісті міндеттерін атқарады. Бірақ, тасымалдау жүйесіндегі және шекарадағы ветеринариялық бақылау қызметтері тікелей Республикалық Ветеринариялық бақылау Комитетіне бағынады.

Мемлекеттік ветеринариялық қызметтің ұйымдастырылу құрлымының схемасы (2-сурет) төменде көрсетілген. Оның басты органы – Ауыл шаруашылығы министрлігінің малшаруашылығын өркендету және ветеринариялық қауіпсіздік департементі. Осы департаментке барлық республикалық, облыстық, қалалық, аудандық мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар бағынышты болады.

Елімізде жекеменшік кәсіпкерлік ветеринария нарыққа өтпелі кезеңде заман талабы бойынша туындады. Ветеринариялық қызметтің бұл түріне жекеменшік әдісімен қызмет етуші дәрігерлер, ветфельдшерлер, препараттар мен мүліктер өндіруші шағын кәсіпорындар, кооперативтер, серіктестіктер, бірлестіктер, сондай ақ лабораториялар және т.б. жатады.

Жекеменшік кәсіпкерлік қызметветеринарияны басқарушы мемлекеттік органдардың рұқсатымен (лицензиясымен) тиісті әкімшілік аумақта жұмыс істейді. Оларға ҚР «Ветеринария туралы заңы» бойынша ауырған малдарды емдеуге, аурулардың алдын алу шараларын жүргізіп, малдың денсаулығы туралы құжаттар беруге рұқсат берілген. Егер жұқпалы аурулардың белгілерін байқаса, мемлекеттік ветеринарияға тез хабар беріп, ауру ошағын жоюға шаралар қолданады, қарантиндік шаралар жүргізуге қатысады.Жекеменшік қызметтің жұмысына мемлекеттік ветеринариялық органдар басшылық етіп, үстінен бақылау жасайды.

Ветеринариялық қызмет өз міндетін атқару үшін қажетті керек жарақпен қамтамасыз етуді, яғни жабдықтауды талап етеді. Бұл ауыл шаруашылығы Министрлігінің негізгі қызметтерінің бірі болып саналады. Ветеринарияны жабдықтауды ұйымдастыру, басқару және бақылау үшін арнайы орган және мекемелер жүйесі құрылған, оны «қаззооветжабдықтау» деп атайды. Жабдықтау көлемі аудандарда, облыстарда және бүкіл республика бойынша жоспарланған ветеринариялық шаралар көлеміне байланысты болады. Негізгі жабдықтау бұйымдарына: биологиялық препараттар, дәрі дәрмектер, залалсыздандырғыш заттар, лабораториялық жабдықтар мен реактивтер, түрлі аспаптар, таңғыш заттар, арнайы киімдер және т.б. жатады.

Қазақстан бойынша ветеринарияда қолданылатын тауарлар өндіруші кәсіпорындар бұрыннан салынбаған. Қазір шприцтер, дәрі дәрмек өндіруші және т.б. ветеринариялық, медициналық өнімдер шығаратын кәсіпорындар ашылуда. Бірақ, негізгі мұқтаждықты өтеу үшін осы кәсіпорындардың өнімдері жеткіліксіз болғандықтан, көпшілік тауарлар алыс жақын шетелдерден сатып алынады.

Ветеринариялық қызметті ғылым тарапынан қамтамасыз ету үшін жалпы бағытта білімі және мамандығы бар ветеринариялық медицина дәрігерлерін ҚазҰАУ, Астана аграрлық университеті, Семей университеті, Батыс Қазақстан агроуниверситеті және Қостанай ауылшаруашылық университеті дайындайды. Ветеринариялық фельдшерлерді даярлайтын арнаулы орта оқу орындарына; Тараз, Талдықорған, Қапланбек, Қарқаралы зооветеринариялық колледждері, Орал, Новопокров, Қызылорда, Қостанай аграрлық колледждері және т.б. заман талабына сай қайта жабдықталуда.

Республикамыздағы ветеринария саласының жетекші ғылыми мекемелеріне ҚР Ұлттық аграрлық ғылыми зерттеу орталығы, ҚР Ұлттық биотехнология орталығы, ҚР Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми зерттеу институты (бұрынғы НИСХИ), Қазақ ветеринариялық ғылыми зерттеу институты және т.б. жатады. Осы аталған ғылыми зерттеу орталықтары мен институттары еліміздің биологиялық және ветеринариялық қауіпсіздігін, ветеринария саласының дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Қазақстандағы ветеринария ғылымы бойынша бекітілген мамандықтарына жататындар:

16.00.01 – фармакология, токсикология, малдың ішкі жұқпайтын аурулары және диагнозын қою;

16.00.02 – морфология, физиология және патология;

16.00.03 – ветеринариялық микробиология, иммунология, эпизоотология және малдың инфекциялық аурулары;

16.00.05 – ветеринариялық хирургия, акушерлік гинекология және малды қолдан ұрықтандыру;

16.00.06 – ветеринариялық санитария, зоогигиена, ветеринариялық санитариялық сараптау және мал өнімдерін өңдеу гигиенасы;

16.00.09 – ветеринариялық паразитология және малдың инвазиялық аурулары.

Осындай салалар  бойынша ветеринариялық ғылым кадрлары аспирантура және докторантура немес өз бетімен ізденіс жүргізу арқылы дайындалатын. Бірақ, бұл жүйе 2010 жылдан бастап күшін жойып, елімізде соңғы жылдары ветеринариялық ғалымдарды даярлаудың жаңа моделі еңгізіліп, сол бойынша магистратура және РҺD-докторларын даярлау жолға қойылды. 

2.3 Ветеринариялық қызметті халықаралық талаптармен үйлестіру

Қазіргі кезде жер жүзіндегі мемлекеттер арасында саяси экономикалық байланыстар жете дамыған. Соған байланысты ветеринария қызметі көлемінде де жан жақты қарым қатынастар жасалады. Бұл байланыстардың негізгі мақсаты – ветеринариялық қызметтің ойдағыдай болуы, адамдардың денсаулығын сақтау, мемлекетаралық шекаралар арқылы қауіпті аурулардың таралуына жол бермеу болып табылады. Осындай мақсаттарға жету үшін және де мемлекеттер арасында жұқпалы аурулармен күресудің үздік тәжірибесімен алмасу, ветеринариялық қызметті ұйымдастырудың кемелді үлгілерін насихаттау да жатады.

Сондықтан, біздің еліміздің де дүниежүзілік немесе халықаралық ветеринариялық бірлестіктер мен ұйымдарға енуінің зор маңызы бар. Оларға жататындар: Дүниежүзілік ветеринариялық бірлестік, Жануарлар денсаулығын сақтаудың халықаралық бюросы (OIE), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, БҰҰ-ның азық түлік және ауылшаруашылығы ұйымы және т.б. халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер.

Дүниежүзілік ветеринариялық бірлестік (ДВБ) – үкімет билігінен тәуелсіз, ветеринария мамандарының халықаралық кәсіби ұйымы. Оның негізгі мекен жайы Швейцарияның Женева қаласында орналасқан. Қазіргі кезде бұл ұйымға көптеген елдер мүше. Бұл ұйымның негізгі атқаратын міндеті:

- ұлттық ветеринариялық бірлестіктер арасындағы қатынастарды кеңейту;

- дүниежүзілік ветеринариялық конгресті ұйымдастыру және өткізу;

- ветеринариялық ғылым мен тәжірибе жөнінде ақпарат алмасу;

- ветеринариялық білімді жетілдіру;

- ветеринариялық мамандардың әлеуметтік жағдайларын нығайту;

- ветеринариялық бірлестіктің мақсатымен ұласатын ұйымдармен байланыс орнату.

Дүниежүзілік ветеринариялық конгресті ДВБ тұрақты комитеті 4 жылда бір рет өткізіп тұрады. Конгресте қаралған негізгі мәселелерге адамзатты азық түлікпен қамтамасыз етуде ветеринарияның атқаратын қызметі; мал мен адамға ортақ аурулармен күресу мәселелері; тропикалық аймақтағы ветеринарияның міндеті; экология және жануарларды қорғау және т.б. жатады.

Конгресс жұмысына Қазақстаннан келген үлкен делегация қатынасты, олардың ішінде белгілі ғалымдар және мемлекеттік ветеринария өкілдері болды.

Қазақстан халықаралық тасымал кезіндегі жануарларды қорғау туралы Еуропа конвенциясына мүше болып табылады. Конвенция 1968 жылы 13 желтоқсанда Еуропа кеңесіне мүше мемлекеттердің қатысуымен жануарларды тасымалдау кезінде азап шегуден қорғау жөніндегі жалпы ережелер жиынтығы ретінде қабылданып қол қойған.

Париж қаласында 1921 жылы 42 елдің өкілдері қатынасқан халықаралық конференция өткізілді. Ол эпизоотиялық жағдайды қарады, әсіресе сиыр обасы, аусыл, киеңкі сияқты ауруларға байланысты қалыптасқан жағдайға көп көңіл бөлді. Конференция жұқпалы аурулармен күресу үшін келісімді түрде тәжірибе мен ақпарат алмасу қажет деп тауып, халықаралық эпизоотиялық қызмет (OIE) құруға шешім қабылдады. Оның тұрақты кеңсесі Париж қаласы белгіленді. Халықаралық эпизоотиялық қызметті қаржыландыру мәселесін келісімге қол қойған мемлекеттер төлейтін мүшелік жарналар есебінен шешеді. OIE жер жүзіндегі барлық елдердің ветеринариялық қызметті ұйымдастыруға және басқаруға жауапты мекемелермен ғылыми техникалық байланыста болады. Бюро мемлекеттердің әкімшілік әрекетіне араласпайды және ешбір елдің өкімет органына тәуелді емес.

Қазіргі кезде OIE әлемдегі ветеринариялық ұйымдардың ішіндегі ең беделдісі, сонымен қатар басқа да халықаралық ұйымдармен тұрақты байланыс жасайды. Бұл ұйымның негізгі мақсаты:

- малдардың жұқпалы ауруларын зерттеулерді бағыттау, үйлестіру, сол туралы ақпарат алмасу;

- эпизоотиялар жайында  және олармен күрес шаралары туралы әр елдің ветеринария органдары мен өкімет орындарына ақпарат беріп отыру;

- ветеринариялық санитариялық бақылауға байланысты халықаралық келісімдер мен шарттарды талқылау, сараптау.

OIE материалдары  барлық елдердің дүниежүзіндегі эпизоотиялық жағдайларымен хабардар болуы үшін бірден бір ақпарат көзі болып табылады. Бұл деректерді пайдаланып, әрбір ел, өз жерін жұқпалы аурулардан қорғау, экспорттық импорттық алмасу операцияларын реттеу шараларын ұйымдастыруға, шет елдермен конвенциялық келісімдер жасауға, ғалымдар арасында байланыс жасауға мүмкіндік алады.

Қазақстан осы аталған халықаралық ұйымдармен тікелей байланыста, әрі бірден бір мүшесі болғандықтан еліміздегі ветеринариялық қызметтердің талаптарын осы ұйымдардың талаптарымен үйлестіруге тырысады.

2.4 Жануарлар  денсаулығын қорғаудың халықаралық ұйымының (OIE) аурулар тізімі және оның принципімен кіретін аурулар

OIE малдың жұқпалы ауруларын үш топқа жіктеген; «А» тізімінде 15 ауру, «В» тізімінде 40 ауру, «С» тізімінде 68 ауру топтастырылған. Бірақ OIE 2005 жылы ауруларды жаңа категорияларға жіктеді:

- Бірнеше түлікке ортақ аурулар: топалаң, Ауески, эхиноккоз, лептоспироз, құтырық, паратуберкулез, гдроперикардит, трихинеллез, аусыл, везикулалық стоматит, оба, қойдың катарлы қызбасы, Рифт даласының қызбасы, жапон энцефалиті, туляремия.

- Сиырдың аурулары: бруцеллез, кампилобактериоз, туберкулез, лейкоз, жұқпалы ринотрахеит, трихомоноз, анаплазмоз, бабезиоз, цестицеркоз, дерматофилез, тейлериоз, геморрагиялық септицемия, кеуекті энцефалопатия, түйінді дерматит, жұғымтал плевропневмониясы және т.б.

- қой мен ешкі аурулары: эпидедимет, бруцеллез, жұқпалы агалактия, кебенек, меди весна, жұқпалы плеврипневмония, хламидиоз, скрепи, ұсақ күйістілер обасы, қой мен ешкі шешегі т.б.

- жылқы аурулары: инфекциялық метрит, киеңкі, делбе, жұқпалы анемия, тұмау, пироплазмоз, ринопневмония, маңқа, жылқы шешегі, вирустық диария, қотыр, венэсуела энцефалиті, індетті лимфангит, африкалық обасы және т.б.

- шошқа аурулары: атропиялық ринит, бруцеллез, энцефаломиелит, трансмиссиялық гастроэнтерит, кәдімгі обасы, африкалық обасы және т.б.

- құстар аурулары: жұқпалы бурсит, Марек ауруы, микоплазмоз, хламидиоз, пуллороз, инфекциялық бронхит, инфекциялық ларинготрахеит, туберкулез, вирустық гепатит, үйректің вирустық энтериті, пастереллез, аса зардапты тұмауы, Ньюкасл ауруы және т.б.

- қоян аурулары: миксоматоз, қоянның вирустық геморрагиялық ауруы және т.б.

- ара аурулары: америкалық шіріме, еуропалық шіріме, варроатоз және т.б.

- приматтар аурулары: гепатит В, туберкулез және т.б.

1-кесте OIE-нің жұқпалы ауруларды жаңадан тізімдеу кезіндегі ұстанған негізгі критерийлері

Негізгі критерийлер (өлшемдер)

Параметрлері

(тек бір ғана жауап критерийлердің орындалуын көрсетеді)

Мемлекет арасында таралуы

Мемлекет осы  аурудан сау деп саналған ба?

НЕМЕСЕ

Ауруға бейім жануарлар популяциясы бар мемлекеттер бар ма (жер кодексіне сәйкес)?

НЕМЕСЕ

OIE-нің жылдық есебі бойынша осы аурулардан соңғы жылдары сау мемлекеттер саны басым ба?

Популяциялар арасында кең таралуы

Мемлекет немесе аймақ шеңберінде өлім деңгейі осы ауруға байланысты ма?

НЕМЕСЕ

Мемлекет немесе аймақ шеңберінде ауруға шалдығу деңгейі осы ауруға байланысты ма?

Зоонотикалық потенциялы

Адамға берілуі дәлелденген бе (ғылыми эксперименттен басқа)?

ЖӘНЕ

Жұққанда адамдарды ауыр жағдайға (өлім, созылмалы түрде ауыру) душар ете ме?

Эмергентті аурулар

Аурудың жылдам таралуы (зоонотикалық потенциалдарымен) байқала ма?

Информация о работе Жарасыз диспепсия синдромының дифференциалды диагнозы