Жарасыз диспепсия синдромының дифференциалды диагнозы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 14:55, реферат

Описание работы

Жедел аппендицит-балалар жасындағы жедел хирургиялық көмекті талап ететін көп таралған ауру. Ересектердегіден айырмашылығы балалардағы жедел аппендициттің клиникалық ағымы ауыр,ал диагностикасы күрделі.Бұл заңдылықтар баланың дамуындағы анатомо-физиологиялық ерекшеліктерге байланысты бір жастағы балаларда жиірек байқалады. Біріншіден осы жастағыларда жүйке жүйесінің функциялық жетілмеуінен барлық жедел қабыну ауруларының клиникалық көрінісі ұқсас.Екіншіден балардағы соқыр ішектің құрт тәріздес өсіндісіндегі қабыну үрдісі кенеттен қарқынды өтеді және шектелу механизмі әлсіз байқалады.

Содержание работы

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.Жалпы мағұлматтар
2. Классификациясы
3.Этиологиясы және патогенезі
4.Клиникалық көрінісі және диагностикасы
5.Жедел аппендициттің ересек балалардағы клиникалық көрінісі мен диагностикасы
6.Жедел аппендициттің жас балалардағы клиникалық көрінісі мен диагностикасы
7.Жедел аппендициттің жаңа туылған балалардағы ерекшеліктері
8.Жедел аппендициттің ажыратулық дигнозы
9.Жедел аппендициттің емі
10.Асқынулары

ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

хирургия.pptx

— 872.61 Кб (Скачать файл)

     Аппендикулярлық  инфилтраттың кері дамуы. Үрдістің  екінші кезеңге ауысуы кезінде  бала жағдайы жақсарады,  іштегі  ауырсыну азаяды,қызуы түседі, дизуриялық  көріністер жоғалады, уыттану белгілері  біртіндеп азаяды, жүрек айнуы  ,құсуы тоқтайды,тәбеті жақсарады.  Бала белсенділеніп, қоршаған  ортамен жақсы қатынасқа түседі. Іші жұмсақ, ауырсынусыз, дем алуға  қатысады. Оң жақ қабырға астында  аз ауырсынатын айқын шекаралары  бар, қозғалмалы тығыз түзіліс  анықталады. Көлемі баланың ауруханаға  түскен кездегі көлеміне қарағанда  азаяды. Қан талдамасында лейкоциттер  мен нейтрофильдер саны қалыпқа  түседі.Эритроцттердің тұну жылдамдығының  жоғарылауы ұзақ уақыт бойы  сақталады.

 Аппендикулярлы инфильтраттың балалардағы емі әдетте консервативті болады.

I кезеңде балаға қатаң төсектік режим, аяқ жағына жоғары қалып береді. Тамақ- жеткілікті қорытылатын,ішек перистальтикасына күш түсірмейтін және ашу үрдісін болдырмайтын болуы керек.Кең спекторлы антибиотиктерді тағайындайды. Инфильтраттың шектелуіне ұзақ уақытты эпидуральдық анестезия және физиопроцедуралар жүргізіледі. Инфильтрат аймағына мұзды басады. Сонымен қатар,жалпы организмді күшейтетін және стимуляциялайтын белсенді ем қабылданады.

I I кезеңде баланы төсектік режимде қалдырады. Диетада котлеттер,қатық, ірімшік береді. Антибиотиктерді қабылдау,эпидуральды анестезия, физио емді жалғастырады, жергілікті жылы комперсстер қолданылады.

     Науқас бала  барлық клиникалық көріністер  жоғалған соң және қан талдамасы  дұрысталғаннан кейін тұрады. Осы  кезде антибактериальды емді  алып тастайды және бір аптадан  соң науқасты стационардан шығарады. Аппендикулярлы инфильтрат болған  баланы екі айдан кейін ауруханаңаға  жатқызып аппендэктомия жасайды.

 

Перитонит

 

Аппендициттің  әсерінен  пайда  болған перитониттің  клиникасы  үш  сатылы  үрдіс.

Емдеу. Тек  хирургиялық  тәсілдер арқылы  іске асырылады.Перитонитті  емдеу  кезінде Краснобаев  ұсынған  үш  принципті  толық  сақтау  қажет.Операция жасалар алдында  хирургиялық  кезеңнің сәтті  өтілуі  үшін  операция  алдында  дайындық  жүргізуілуі  қажет.Операция  алдындағы   дайындық. Операция  алдында  жасалатын  арнайы  дайындық  ағзадағы  су мен электролиттердің  теңдігін  қалпына  келтіруге, жеткіліксіз  болған  ақуыздардың  консентрациясын  толықтыруға  , гемодинамиканы  тұрақтандыруға  және   инфекцияға  күрес  жүргізуге  арналады. Перитониттің негізгі  үш  сатысын ажыратады.

I сатысы аурудың  ұзақтығы  бір  күннен аспағанда, құсу  1-2 рет  байқалғанда, баланың   ақылы  өз  қалпында,  терісінің   түсі  өзгермей,  тілі  жұмсақ,аздаған   ғана ақсұр өңезбен  көмкерілген,  демалу  жиілігі  қалыптағыдан 20-80% ға , дене қызуы  38° С қа  дейін  көтерілген.

II сатысында аурудың ұзақтығы  үш күннен  асқанда баланың 3-5 рет құсуымен, зәрдің  азаюымен, іштің өтуімен , есінің  сақталуымен,  кейде эйфория немесе  есеңгірумен байқалады. Аурудың терісінің түсі  қатты бозарып,  мұрын- ерін  үшбұрышы  көгереді.

 

Перитониттің үшінші  сатысы.

Баланың  жағдайы  өте  ауыр, асқыну  науқастанғанына 4-5 күн  болған кезде  байқалады.  Ауру  құсады, зәрдің бөлінуі  азайады.Лейкоциттердің  улану  индексі  өте  жоғарылайды.Науқастың  тілі  щетка  тәрізді  құрғап, қара жабындымен  көмкеріледі.Іш  құрсағы  барынша  кеңіп,  қатайады, перитониттің  белгілері  айқын  білініп,  анықталады.

Емдеу: негізінен  Краснобаевтың  үш ұстамасын   сақтау  арқылы жүргізіледі.Бұл  ретте сепсиске қарсы емдеу  жолдары  кеңінен  іске асырылады.Ағзадағы  сұйықтықтардың  жеткіліксіздігі  қалпына  келтіріледі, гомеостаз түзетіледі. Белсенді  түрде  антибактериялдық және улануға  қарсы  емдеу  тәсілдері  қолданылады.

Қолданылған  әдебиеттер:

 

    • Балалар  хирургиясы А.А.Дүйсембаев,К.С.Ормантаев. Алматы,2008.
    • Ю.Ф.Исаков.Детская  хирургия,1983-2005.
    • Ю.Ф.Исаков. Хирургические болезни  у  детей.1998.
    • Баиров. Г.А. Неотложная хирургия  у детей.1983.
    • Ю.Ф.Исаков. Абдоминальная  хирургия  у детей.1988.

 

 

Назар аударғандарыңызға рахмет!!!


Информация о работе Жарасыз диспепсия синдромының дифференциалды диагнозы