Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2013 в 18:45, реферат
Біздің өмірге маңызды ағзаларымыздың істен шығуы өлімге алып келеді, егер оған алмастырушы табылмаса алмастырушы ретінде басқа адамның алынған трансплантат немесе адамның өзі жасаған жасанды ағзаларды қолданады. Трансплантатты қолдануда мынандай жетіспеушілікпен байланыстырамыз, трансплантаттың шектеуші қоры және иммунды тебілу проблемасы. Осыларға қарсы әсер ету үшін ағзаға иммунитетті бәсеңдететін препараттарды егеміз, бірақ олардың өмір бойы қолдану керек, олар қымбат және кері әсері болып келеді. Қолдануға дайын , алмастырылатын ағзалардың оң жағы көп, мысалы хирургиялық әдісте аз уақыт алады, операцияға кезекшілік қысқарады, ал денсаулық сақтау мекемелері қаражатын үнемдейді. Алайда біздің өмірге маңызды ағзаларымыздың қызметі күрделі, сондықтан оларды жасанды материялдардан жасау қиын. Барлық жасанды ағзалар тек органикалық қызметті ғана қамтамасыз етеді.
Басқа маңыздырақ ағзалар, соның ішінде сезім мүшелері жиі қалпына келтіруді қажет етеді. Соңғы 30 жыл ішінде биоинертті материалдар қарапайым тәжірибеде 40-тан аса адам ағзасының бөліктерін алмастыруда қолдана бастады.