Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2013 в 14:27, реферат
Әлеуметтік психология, жалпы психологиядағы «жеке тұлға» анықтамасына сүйене отырып, жеке тұлға бір жағынан, қандай нақты топтарда әлеуметтік әсерлерді қалай игеретіні, екінші жағынан нақты топтарда өзінің әлеуметтік мәнін қалай іске асыратынын анықтайды. Жеке тұлғаны зерттеуде әлеуметтік психологияның негізгі бағдары: жеке тұлғаның топпен қарым-қатынасында, немесе жеке адамды топ мүшесі ретінде қарастыру. Әлеуметтік психологтар адамдардың кәсібі бір-бірін қалай бағалайды, бір-біріне қалай әсер етеді, әлеуметтік жағдайлардың ықпалы көптеген адамдарды адамгершіліктік немесе қатыгездік көрсетуге қалай итермелейді, қалайша адамдар келісімпаз немесе тәуелсіз болады деген сұрақтарға жауаптар іздестіреді.
1. Кіріспе
2. Жеке тұлға анықтамасы, жеке тұлғаны ғылыми тұрғыдан қарастырылуы.
3. Жеке адам және топ.
4. Жеке адамның қарым-қатынас стильдері.
5. Жеке адамның коммуникативті қасиеттері.
6. Топтағы қарым-қатынас ерекшеліктерімен таныстыру.
7. Қорытынды
Жоспар:
3. Жеке адам және топ.
4. Жеке адамның қарым-қатынас стильдері.
5. Жеке адамның коммуникативті қасиеттері.
6. Топтағы қарым-қатынас ерекшеліктерімен таныстыру.
7. Қорытынды
Әлеуметтік психология, жалпы психологиядағы «жеке тұлға» анықтамасына сүйене отырып, жеке тұлға бір жағынан, қандай нақты топтарда әлеуметтік әсерлерді қалай игеретіні, екінші жағынан нақты топтарда өзінің әлеуметтік мәнін қалай іске асыратынын анықтайды. Жеке тұлғаны зерттеуде әлеуметтік психологияның негізгі бағдары: жеке тұлғаның топпен қарым-қатынасында, немесе жеке адамды топ мүшесі ретінде қарастыру. Әлеуметтік психологтар адамдардың кәсібі бір-бірін қалай бағалайды, бір-біріне қалай әсер етеді, әлеуметтік жағдайлардың ықпалы көптеген адамдарды адамгершіліктік немесе қатыгездік көрсетуге қалай итермелейді, қалайша адамдар келісімпаз немесе тәуелсіз болады деген сұрақтарға жауаптар іздестіреді.
Егер де әлеуметтік психологияда жеке тұлғаны талдаудың түйіні- оның топпен әсерлесуі болса, онда ең алдымен қоғамның жеке тұлғаға әсері қандай топтар арқылы іске асырылатынын анықтау қажет.Ол үшін жеке адам даму барысында қандай микро, макроортада болғанын қарастыру керек. Яғни, әлеуметтік психологияның дәстүрлі тіліне жүгінсек, бұл — әлеуметтену проблемасы.
Екінші жағынан, егер де жеке тұлғаны қалыптастырудағы әсер етуші жүйелерқарастырылса, онда нәтиже қандай болады, жеке тұлға басқалармен белсенді қарым-қатынасқа түскенде өзін қалай ұстайды, немесе оның әлеуметтік бағдары қандай екенін қарастыру қажет.
Осы екі бағыт та әлеуметтік психология ғылымының жалпы қисынынан туындайды және де осы бағытта әлеуметтік психологтар тарапынан көптеген эксперименттік зерттеулер жүргізілген (әсіресе, шет елдік ғалымдардың жетістіктеріқомақты). Қазіргі кезде үшінші бағыт-жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық сапаларын талдау проблемасы да туындап отыр.
Әлеуметтік қатынастар субъекті әрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің иегері ретінде әрбір адам - жеке адам болып сипатталады. «Жеке адам» түсінігімен қатар біздің қолдануымызда «адам», «дара адам», «даралық» терминдері бірге жүр. Бұл түсініктердің әрқайсысы өз ерекшеліктерімен ажыратылады, бірақ бір – бірімен тығыз байланысты. Осылардың ішінде ең жалпыланған, көп қасиеттердің бірігуін – «адам» түсінігі қамтиды. Адам - өмір дамуының ең жоғарғы деңгейінің көрінісі, қоғамдық еңбек барысының жемісі әрі табиғатпен әлеуметтік болмыс тұтастығын аңдататын тіршілік иесі. Алайда, адам әлеуметтік – тектік мәнге ие болғанымен, ол жалпы табиғат туындысы ретінде – дара адамдық сипаты жағынан жанды мақұлық дүниесінен бөлектенбейді. Дара адам – «homo sapiens» тектілерінің өкілі, адамдық даму нышандарының иесі – нақты адам. Даралық - нақты адамның табиғи және әлеуметтік қабылдаған қайталанбас ерекшеліктері мен қасиеттері «жеке адам» түсінігіне байланысты ең алдымен адамның қоғамдық мәнді сапалары еленеді. Адамның әлеуметтік мәні оның қоғаммен байланысында қалыптасады да көрініс береді [179 бет, ]. Әрқандай қоғамға орай адамның қасиет, сапа өлшемдері әрқилы келеді. Қоғам социологиясы нақты қоғамның психологиялық типін анықтап отырады. Жеке адам көп сатылы құрылымға ие. Осындай жеке адам психологиялық құрылымының ең жоғарғы да жетекші деңгейі қажетттік - себеп аймағы – жеке адамның бағыт - бағдарынан, оның қоғамға, басқа тұлғаларға, өзіне қатынасынан және қоғамдық әрі еңбектік міндеттерінен туындайды. Сонымен бірге, жеке адам үшін мәнді құбылыс тек оның ұстанған бағыттары ғана емес, оның өз қатынас мүмкіндіктерін іске асыру қабілеті де үлкен маңызға ие. Ал, бұл өз кезегінде адамның іс - әрекетік икемділігіне, оның қабілеті, білімі мен ептілігіне, көңіл – күй, еріктік және ақыл – ой сапаларымен байланысып жатады. Адам өмірге дайын қабілет, мінез және қызығуларымен келмейді, бұлардың бәрі белгілі табиғи негізде адамның өмір барысында қалыптасады. Адам тәнінің негізгі, яғни генотипті оның анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктерін, жүйке жүйесінің қозғалысын белгілейді. Биологиялық құрылым иесі – адам өткен әулеттердің білім, салт, заттай және рухани мәдениеті күйінде топталған өмір тәжірибесін игерумен ғана жеке адам дәрежесіне көтеріледі. Жеке адам дамуы - өз мүмкіндіктерін үздіксіз кеңітіп, қажеттіліктерін арттырып – барумен байланысты. Осы даму деңгейі нақты адамға тән болған қарым- қатынастар аймағымен өлшенеді. Даму дәрежесі мардымсыз тұлғаның адам аралық қатынастары да өте жай, күнделікті тіршілік күйбеңінен аспайды. Ал даму деңгейі жоғары болған адам өзінің рухани мәртебелілігімен, қоғамдық мәнді құндылықтарымен ерекшеленеді. Әрбір дара адам өзінің қлғамдағы өмірлік әдептерін ретттеумен күнделікті тіршілік проблемаларын шешіп береді. Бірдей қиыншылық, кедергілердің шешімін әр адам өз әдіс, тәсілдерімен табуы мүмкін. Осыдан, жеке адамды танып, білу үшін сол адамның алдында тұрған өмірлік міндеттерін, оларды іске асыру жолдары мен өмір барысында ұстанған принциптерін жете білу қажет. Қоғамдық қатынастарға араласып және оларды басшылыққа ала отырып, адам сол қатынастардың ықпалында қалып қоймайды. Әрқандай дара тұлға өз дербестігімен ерекшелігіне ие. Жеке адамның дербестігі оның ең жоғарға психикалық сапасы – рухани дүниесімен ұштасады. Рухани дүние дегеніміз инабат парызды түсіне білуі, болмыстағы өз орнына сай қызмет ете алуы. Жеке адамның рухани жетілгендігі – бұл жоғары дәрежедегі саналық жетілу, ізгі мұраттарды басшылыққа алу, сонымен бірге, жаман ниеттер мен мезеттік шен – шекпеннен, жалған белсенділік пен өтірік - өсектен өзін аулақ ұстай алуы. Ал адамның мұндай қасиет, сапаларды бойына дарытуы көбіне қоғамдық салтқа тәуелді. Қоғамның даму дәрежесі неғұрлым төмен болса, ел ішінде баршаны бірдей теңестіру принципі өріс алады да ондай қоғам мүшелерінің көбі құлдық бағыну күйінен арыла алмайды. Дербестігінен айырылып, өз бетінше ой жүгіртпеген адам, өзін тұлғалық дамыту ниетінен ажырап қалады. Жеке адам сапалары сол адамның араласқан қатынастар өрісіне, әртүрлі әлеуметтік өмір аймағында қызмет ете алу қабілетіне байланысты келеді. Шығармашыл тұлға тікелей қоршаған әлеуметтік шеңберінде қалып қоймай өзін ауқымды қоғам аймағы негізінде қалыптастыруға ұмтылыс жасайды. Мұндай адам бойында өзі жасаған қауымның, тіпті бүкіл қоғамның болашақ өркениеті көрініп, ол өз дәуірінің сапалық деңгейінен көш ілгері жүреді. Жеке адамның өз дербестігіне ие болуы оның тұйық әлеуметтіктопқа бағынышты еместігін көрсетумен бірге сол адмның жоғарға деңгейде кемелденгенінің дәлелі. Дара адамның жеке адам санатына көтерілуі үшін маңызды факторлар: идентификация, яғни дара адамның өзін басқа адамдармен теңестіре, қоғам талабына сай болу ниетімен қалыптасып бару % - ы; персонализация – қадірі барын түсіне білу; сонымен бірге, нақты әлеуметтік топта өзінің кісілік мүмкіндіктерін іске асыра алуы. Басқа әлеумет мүшелерімен жеке адам өз «мені» негізінде қатынас түзеді. Ғылымда «жеке адамдық рефлекция» деп аталған бұл «мен» ұғымы өз ішінде әр адамның өз жөніндегі танымын сезе білу сияқты сапаларын қамтиды. Жеке адамның өзіне өзі берген бағасының астам не төмен болуынан сол адамның ішкі жан арпалыстары келіп шығады. Қалай десек те тұлға туралы әркім ә түрлі түсінік берген. Қ. Жарықбаевтың айтуынша, жаңа туған нәресте «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген атқа көпке дейін иебола алмайды. Өйткені, кісі болып, ер жету үшін бала оңы мен солын, өзінің «менін» басқа «мендерден», яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс [53 бет, ]. Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын. Есейіп, ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі не тұлға дейміз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды – көпті өмір тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, дүниетанымы, сенімі мен талғам – мұраты, бағыт – бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Мінез, қабілеті бірсыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс – йрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы жаман – жақсы қылықтары үшін жауап бере алатын жақсы, озық, ерен, топжарған түрлерімен қатар, жауыз, керітартпа, бұзық, қасқай т.б. толып жатқан өкілдері бар болады. Мәселен, бүкіл әлемді қан қақсатқан Гитлер адамзтқа жаны қас жауыз тұлға. Имандылықтың ерекше бір көрінісі халқымыз ерекше қастерлейтін кісілік ұғымы, тұлғаның аса өнегелік түріне жатады. Бай тілімізде «Он үште оттау иесі» (қыз бала үшін), «Он бесте оттау иесі» (ұл бала үшін) дейтін аатлы сөз бар екені де хақ. Осы жасқа келгенде бал дәурен балалық шақ аяқталады. Бұл - өмір талабынан, ауқымы кең тыныс – тіршіліктен туындайтын құбылыс. Халқымыз кез – келгенді кісі деп атай бермей, оның имандылық пен адамгершіліктің басты белгісі, ес жиып, етек жабу нәтижесінде біртіндеп қалыптасатын адамның азаматтық ар – ожданы, кісілік, кескін – келбеті, адамшылықтың өлшемі деп түсінген. Кісіліктің түрліше деңгейі болады. Оның жаман, жақсысы, көргенді, көргенсізі, өнегелі, өнегесізі, т.б. түрлері болады. Жұрт имандылықты бойына дарыта білген пенделерді ғана пір тұтқан. Адамгершілігі төмен, не одан жұрдайларды «имнасыз», «көргенсіз» деп иттің етінен жек көрген. Ондайлар кінәлі әрі күнәлі деп саналып, ерте ме, кеш пе жазасын тартатын болған. Кісіліктің басты белгілерінің бірі – ол ұятқа кір келтірмеу, намысты аяққа баспау. Қазақта «жарлы болсаң да, арлы бол» деген сөз осыған орай айтылған. Ар – ұяты бар кісі ғана биязы, ақжарқын, иманжүзді, ақыл – парасатты келеді. Халық түсінігінде мінез – құлықтың әр түрлі жағымды жақтары «кісілік» ұғымының төңірегене топтасады. Кісліктің басты белгілері: ар – ұятты қастерлеп сақтау, намстылық, мейірімділік пен қайырымдылық, ізеттілік, адамдақ пен шыншылдық, ілтипаттылық пен кішіпейілділік. Қазақ дәстүріндегі үлкенді сыйлау, оның алдынан кесе өтпеу, оған міндетті түрде сәлем беру, үйге келгенде төрден орын беріп, кісінің көңіл күйіне қарап орынсыз сөзге араласпау кісілікке жарасымды қасиеттер. Сондықтан адамның жеке басының психологиясын ұғыну үшін ең алдымен оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай қоғам мүшесі, қандай топтың өкілі екендігін, нақтылы кәсібін, білімін, іс – тәжірибесін білуіміз қажет. «Әлеуметсіздік, - дейді Х. Досмұхамедов (1883-1939), - қазақта ұлт тіршілігі, ұлт мемлекеті болуға мүмкін емес. Оңдыәлеуметтілік құру үшін елдің өткен – кеткен тұрмысын, бұрынға болған әлеумет қимылдарын тану керек» [53 бет, ]. Адам өмірі нақты тарихи - әлеуметтік аймақта жүріп жатады. Дүниелік жағдаяттар өндіру ерекшелігі, тұтыну аймағы, әлеуметтік қатынастар адамның тұрмыс салтын анықтап, оның тұрақты қылық әрекеттерін белгілейді [103 бет, ]. Әрқандай жеке адам өзінің өмірлік салтын жеке құндылық бағыттарына орай тіршілік жағдайларын өзгертудің, қайта құрудың жалпыланған, тұрақты тәсілдер жүйесін түзіп барады. Осыдан адамның тұрмыс, тіршілік салты оның жалпы өмір сүру, қоғамдағы өз орнын иелеудің бағдарына айналады. Әлеуметтік құнды салт – бағыттан адамның жоғары инабатты, жасампаздық өмірі, рухани – этикалық, рухани – эстетикалық дүниетанымытуындайды. Адам өмірі, осыдан, бір мезеттік ықпалдар билігінде қалып қоймай, ішкі заңдылықты ниет – себептер жүйесін арқау етеді, өзінің әлеуметтік мәнді, мағыналы мұраттарын барластыра, саналы бағытта жасау мүмкіндігін алады
Әлеуметтік ортада өмір сүруінің екі жағы бар, ол - әлеуметтік тәжірибені меңгеру мен оны іске асыру проблемасы.
Енді бүгін біз осы айтылған екі жақты біріктіріп тұлғаның басқа адамдармен байланыс жүйесін, яғни топ ішіндегі дамуын қарастырамыз, себебі: тұлға тек бірлескен іс-әрекет пен қарым-қатынастарда ғана дамиды. (Петровский бойынша).
Әлеуметтік және топ психологиясында тұлғаны өзара әсерлесетін және қарым-қатынаста болатын субъект деп түсіну маңызды.
Әлеуметтену процесінде қалыптасқан әлеуметтік ұстанымдар ол - тұлғаның әртүрлі топтарда, әлеуметтік ортада әрекет жасау салдарынан үнемі бір орнында тұрмай өзгерістерге ұшырап отырады. Тұлғаның дамуына нақты топтың, әлеуметтік ортаның алатын маңызы өте зор.
Ломовтың тезисі бойынша: «қоғамдық қатынастар жүйесі - тұлғаның жалпы объективті негізін құрайды» деген.
Сондықтан, мәселені «тұлға мен топ» емес « топтағы тұлға» деп қарастырған жөн. Сонда ғана тұлғаның әлеуметтік бірдеңгейлі проблемасын жан-жақты талдауын қамтамасыз ететін қасиеттері қалыптасатын болғандықтан ол қандай топтарда, қандай адамдармен қарым-қатынаста болатындығы маңызды.
Барлығымызға белгілі принцип: «тұлға болып тумайды, тұлға қалыптасады», сондықтан тұлғаның қандай топта, қандай ортада қалыптасатыны өте маңызды.
Тұлғалық қасиеттердің қалыптасуы топтың қандай қасиеттеріне тәуелді, екіншіден, топтың психологиялық сипаты оны құрайтын адамдардың жеке қасиеттеріне қалай тәуелді екенін анықтау мәселесі туындайды.
Тұлғалық қасиеттерді
Петровский тұлғаның топқа қабылдану проблемасы қарастырыған.
Коломинский бойынша, әр топтың өзіндік ерекшелігі бейнесі (лицосы) бар деген ұйғарымда болған.
В.С. Мерлин бойынша, ұжымдағы өзара қарым-қатынас сипаты, тұлғаның осы ұжымға тән қасиеттерінің қалыптасуына себеп болады, деген.
Бірлескен іс-әрекет пен қарым-қатынаста болатын тұлғалар үшін оның әлеуметтік-психологиялық қасиеттерін бірлескен іс-әрекетте және қарым-қатынаста көрініс береді деп қарастырамыз.
В.С. Мерлиннің тұлғалық тұжырымдамасын қарастыратын болсақ, тұлғаның психикалық қасиеттерін адамның қоғамдық еңбектегі қызметімен байланысты – деп түсіндіреді яғни адамның мінезін сипаттау үшін оның қызметтегі объектіге деген көзқарасын сипаттау жеткілікті.
Сонымен В.С. Мерлин бойынша тұлғаның қасиеттерін келесідей сипаттайды:
- Тұлғаның қасиетін айқындайтын қатынас – олардың жеке жақтары емес – сезімнің бүтіндей қатынасы, мысалы, байқампаздық, сезімталдық, зейін – сананың жеке жақтарының қасиеттері.
- Тұлғаның қасиетін сипаттайтын қатынас. Тұлғаның санадан тыс жалпы объективті бір нәрсеге – еңбекке, адамдарға, ұжымға, затқа т.с.с. қатынас қасиеттері. Мысалы, бақылампаздық пен ойлану қатынасы адамның өзінің психологиялық әрекетіне жатады, яғни ойлану мен бақылау қажеттілігіне.
- Жоғарғы дәрежедегі қатынас - тұлғаның нақтылық жағдайдағы қоғамдық еңбек әрекетіне қатынасы деп атап өткен.
Тұлғаның қасиетіндегі ерекшелік — ол тұрақтылық пен беріктілік болады. Соның нәтижесінде тұлға қоршаған ортаға және оның әсеріне қарсы тұра алады да өзінің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыра алады, деген.
Сонымен тұлғаның іс-әрекет жасайтын ортасы ол – топ. Онда тұлғаның жеке қасиеттерінің қалыптасуына жағдай жасалынады.
Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың бірі – қарым-қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну оның дамып жетілуін талдау мүмкін емес.
М.И.Лисина «Қарым-қатынас – ортақ нәтижеге жету мақсатында келісілген және бірлескен бағыттағы екі немесе одан да көп адамдардың бірлескен өзара іс-әрекеті» — деп көрсетеді.
«Қарым-қатынас жоғары дәрежедегі динамикалық әлеуметтік – психологялық құбылыс» — дейді өз еңбегінде Б.Д.Парыгин.
Е.В.Руденский бойынша, қарым-қатынас жеке адам қызметінің түрі; — адамның басқа қызмет түрлерінің атрибуты; — қарым-қатынас субъектілердің өзара іс-әрекеті.
Л.К.Аварченко: «Қарым-қатынас іс-әрекетпен біріккен өмір сүру формаларына негізделген адамдардың іс-әрекеті» — деп көрсетеді.
Сонымен қарым-қатынас адамдардың іс-әрекеті арқасында, ақпарат алмасу, өзара әрекеттің бірлік стратегиясын, басқа адамды қабылдау және түсіну барысында адамдар арасында дамитын күрделі көп салалы үрдіс.
Қарым-қатынас түрлері мен формалары бойынша әр алуан. Тура, жанама, тікелей, біреу арқылы (тікелей емес). Алғашқысы тікелей қарым-қатынас, соның негізінде тікелей емес қарым-қатынас пайда болады.
Тікелей емес қарым-қатынас – жазбаша түрдегі немесе техникалық құралды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық контакт.
Қарым-қатынас ары қарай жеке тұлғааралық және көпшіліктік қарым-қатынс болып бөлінеді. Жеке тұлғаралық қарым-қатынас – топтарда, жұптарда жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы қуаныштарына ортақтасу, түсіну, бірігіп іс-әрекет ету негіздерінде қалыптасатын түрі.
Көпшіліктік қарым-қатынас — көпше түрдегі таныс емес адамдардың және көпшіліктік мәлімет құралдары арқылы қарым-қатынас жасау, осындай қатынастың түріне өнер, эстетикалық – қарым-қатынастарды да жатқызады.
Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша біледі. Сонымен бірге ол қасиеттері қарым-қатынаста іске асады да. Адамдармен қарым-қатынаста адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, іс-әрекет түрлерін игеруі, жеке адам және дара адам түрінің қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы. Жалпы алғанда қарым-қатынасты былай анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-құлқы қалыптасатын жан-жақты шындық.
Қорытынды:
«Жеке адам» түсінігімен қатар біздің қолдануымызда «адам», «дара адам», «даралық» терминдері бірге жүр. Бұл түсініктердің әрқайсысы өз ерекшеліктерімен ажыратылады, бірақ бір – бірімен тығыз байланысты. Осылардың ішінде ең жалпыланған, көп қасиеттердің бірігуін – «адам» түсінігі қамтиды. Адам - өмір дамуының ең жоғарғы деңгейінің көрінісі, қоғамдық еңбек барысының жемісі әрі табиғатпен әлеуметтік болмыс тұтастығын аңдататын тіршілік иесі. Алайда, адам әлеуметтік – тектік мәнге ие болғанымен, ол жалпы табиғат туындысы ретінде – дара адамдық сипаты жағынан жанды мақұлық дүниесінен бөлектенбейді.
Адам өмірге дайын қабілет, мінез және қызығуларымен келмейді, бұлардың бәрі белгілі табиғи негізде адамның өмір барысында қалыптасады. Адам тәнінің негізгі, яғни генотипті оның анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктерін, жүйке жүйесінің қозғалысын белгілейді. Биологиялық құрылым иесі – адам өткен әулеттердің білім, салт, заттай және рухани мәдениеті күйінде топталған өмір тәжірибесін игерумен ғана жеке адам дәрежесіне көтеріледі.
Барлығымызға белгілі принцип: «тұлға болып тумайды, тұлға қалыптасады», сондықтан тұлғаның қандай топта, қандай ортада қалыптасатыны өте маңызды.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
Информация о работе Жеке тұлға анықтамасы, жеке тұлғаны ғылыми тұрғыдан қарастырылуы