Жергілікті иммунитет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 22:21, реферат

Описание работы

Жергілікті иммунитет – организм тұрақтылығын сақтап тұратын,əсіресе ішкі ортаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді,бөтен биологиялық антигендердің енуінен сақтайды.
Осыдан бірнеше жыл бұрын жергілікті иммунитеттің факторы болып антидене деп саналды. Антидене барлық сыртқы секреция бездерінде: жас,сілекей,орталық құлақтың сұйықтығы мен сүтте кездеседі. Жергілікті иммунитет организдмді ауру тудыратын микробтардың енуінен сақтайды жəне залалсыздандырады. Адам мен жануарларда автономды қызмет атқарады.

Содержание работы

Кіріспе
Негізгі бөлім
Жергілікті иммунитет – организм тұрақтылығын сақтап тұратын күрделі көмплекс
Лимфоидты тіндер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет

Файлы: 1 файл

иммун7.ppt

— 1.21 Мб (Скачать файл)

Орындаған: Кумарова А.Ж.

Тобы: 320 А

Тексерген: Урекешов Б.С.

Ақтөбе, 2013

Жоспар

 

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім
  • Жергілікті иммунитет – организм  тұрақтылығын сақтап тұратын күрделі көмплекс
  • Лимфоидты тіндер
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиет

Кіріспе

 

    Адам организмі дүниеге келмей тұрған кезден бастап, өмірінің соңына дейін сыртқы орта әсерлерінен, микроорганизмдардан, жарақаттардың асқынуларынан, бөгде клеткалардан қорғаныста болуы керек. Бұл қорғанысты ұйымдастыратын – адамның иммунды жүйесі.

    Əйгілі иммунолог А.М.Безредка ғылымға «жергілікті иммунитет» туралы түсінікті енгізді.Оның айтуы бойынша иммунитеттің өзінінің қорғаныш факторы болмай ол организмге бөгде заттарды қабылдамайды. А.М.Безредка жергілікті иммунитеттің тұрақтылығын организмнің сезімтал клеткалары қамтамасыз етеді деп ойлады. Бұл клеткалар əлсіздікке немесе өлген микроорганиздерге үйренген деп санады. А.М.Безредканың теориялық тұжырымдасы кеңге жайылды, бірақ уақыттың сынағына шыдамай, тек теория жүзінде қалды.

    Сонымен, жергілікті иммунитет дегеніміз – патогенді әсерлерге кілегейлі қабат пен терінің жауап беруі. Жергілікті иммунитеттің негізгі механизмі – секреторлы антидене (Ig A) және фагоциттер атқарады.

 

Жергілікті иммунитет

 

    Жергілікті иммунитет – организм  тұрақтылығын сақтап тұратын,əсіресе ішкі ортаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді,бөтен биологиялық антигендердің енуінен сақтайды.

    Осыдан бірнеше жыл бұрын жергілікті иммунитеттің факторы болып антидене деп саналды. Антидене барлық сыртқы секреция бездерінде: жас,сілекей,орталық құлақтың сұйықтығы мен сүтте кездеседі. Жергілікті иммунитет организдмді ауру тудыратын микробтардың енуінен сақтайды жəне залалсыздандырады. Адам мен жануарларда автономды қызмет атқарады.

Секреторлық IgA

 

    Секреторлық IgA шырышты қабықтың эпителиалды торшаларының синтезінен шығады, оның қосымша (S) компоненті бар. Осы компонент IgA эпителий торшаларынан өткенде қосылады да IgA-ның протеолитикалық ферменттерге тұрақтылығын береді. Секреторлық IgA шырышты қабықта сақталып бактериалдық токсиндерді бейтараптайды, вирустарды шектейді, фагоцитозды белсендіреді. Сөйтіп, инфекцияға жергілікті қорғанысты қамтамасыз етеді.

     Секреторлық IgA түкірікте, көз жасында, азқазан-ішек секретінде, өтте, қынап секретінде, аминотоксикалық сұйықта, өкпе, бронх, зәр шығару және жыныс жолдарында бар. Нәресте IgA-ны ана сүтінен, уыз сүтінен алады. Ана сүтімен түскен IgA ішекке грам теріс микробтардың (ішек таяқшаларының) орналасуынан қорғайды. Ішекке грам оң микробтар орналасып ішек инфекцияларына антагонистік рөл атқарады. IgA микроорганизмдермен байланысып, оларды шырышты қабыққа тұрақтатып орналастырмайды.

 

Лимфоидты тін

Лимфоидтық жүйе

 

    Лимфоидтық жүйенің функциональдық клеткаларын лимфоцит, макрофаг, антигенге қарсы клеткалар мен кейбір жағдайда эпителий клеткасы құрайды. Бұл клеткалар диффуздық түзілісте немесе ерекше мүшелерде кездеседі. Лимфоиды мүше біріншілікті (орталық) немесе екіншілікті мүшеге жатады. Біріншілікті лимфоиды тін – бұл  қызыл сүйек кемігі жəне тимус. Комлекстің функциональдық қызметі – қанайналым (миелопоэз) жəне иммундық жүйенің арнайы клеткасын түзейді (лимфопоэз). Мүшелер мен тіндерде лимфоидтық түзілу байқалады, бұл лимфопоэзда жүзеге асады (тимус, лимфатикалық сақина, ішектің лимфоидық тіні) жəне «аралас» түзілу, бұл жерде лимфа мен бірге миелопоэз көрсетіледі (cүйек кемігі, көкбауыр). Біріншілікті лимфоидты мүше лимфоциттердің даму орны болып табылады. Бұл жерде лимфоциттер бағаналы клеткалардан дифференцияланады, көбейеді жəне функционалдық клеткалар пісіп жетіледі. Құстарда В-клетканың түзілуі фибрициттік қалташада жүреді (сумка), содан кейін барып лимфоциттер лимфоидтық тінді орнатады, яғни бұл жерде иммундық жауап жүзеге асады. Сүйек кемігінің бағаналы жасушалары біріншілікті лимфоидтық мүшеде дифференцияланады, иммунокомпонентті Т- жəне В-лимфоцит, содан кейін барып екіншілікті лимфоидты мүшені орналастырады.

Лимфоидты тіндер

 

     Лимфоидты тіндер сонымен қоса кілегейлі қабықпен,өкпемен,терімен тығыз байланысты.

     Лимфоидты тін-кілегейлі қабақтың астында орналасқан.Бұған аппендикс,лимфоидты сақина,ішектін лимфоидты фолликулалары,аденоидтар сүйек кемігі ,тимус,көкбауыр жəне т.б.жатады.Ішекте лимфоидты тінінің жиналуы – пейер табақшасы.

     Лимфоидты тін(анат.lymha лат. – таза су,ылғал+грек.-eides ұқсас) — лимфоциттер мен макрофагтардың комплексы,клеткалық ретикулярлық стромада орналасқан, функциялық паренхималық лимфоидты ағзаны құрайды..

      Бұл лимфоидты тін кілегейлі қабаққа микроорганизмдердің енуіне кедергі(барьерлік) жасайды.Ішекте жиналатын лимфоидтың жəне миндалдың кызметі:

  • Тану қызметі-миндалиннің балалардағы жалпы көлемі өте үлкен(200см2).Бұл көлемде əрқашан антигендер мен иммундық жүйе қарым-қатынас жасайды.Дəл осы жерден бөгде агенттер туралы мағлұматтар орталық иммундық жүйеге жеткізіледі:тимус пен сүйек кемігі.
  • Қорғау қызметі-кілегейлі қабақта миндалин,ішекті пейер табақшасы,аппендикста орналасқан.Т-лимфоциттер мен В-лимфоциттер,лизоцим жəне т.б. заттар қорғаныш қызметімен қамтамасыз етеді.

Мукозды-ассоцацияланған лимфоидты тін

 

     Мукозды-ассоциацияланған лимфоидты тіннің қорғаныштық қызметі IgA негізделген немесе қысқаша түрде немесе басқашаMALT ( mucosal-associated lymphoid tissue ). Лимфатиалық сақинаорганизге т үскен бөтен заттарды фильтрлеп,керек жағдайларда оларға жауап та қайтарады. Көкбауыр қаннаң цитологиялық құрамын бақылайды,ал лимфоидтық тін кілегейлі қабықта мүшеде диффузды жайылған,өзімен инфекцияға қарсы барьерлік қызмет көрсетеді,қорғананыштық қызметі IgA секрециясына байланысты.Біріншілікті жəне екіншілікті лимфоидты мүшелердің жəне басқа тіндердіңм бірігіп жұмыс жасауы рецикулацияланған лимфоциттердің көмегімен жүзеге асады.

     Антигенге қарсы иммундық жауап ,ағзаға кілегейлі қабақ арқылы түскен,яғни басталады лецкоциттерді қайта өндеу арқылы,ең бастысы пейер табақшасында жүзеге асады. Əртүрлі лимфоидтық ағза əртүрлі организмдік жүйелерді қорғайды:көкбауыр антигенге жауап береді, циркулациялық қанда,лимфотикалық сақина антигенге жауап береді,лимфатикалық қантамыр арқылы келіп түскен;лимфоидты тіннің кілегейлі қабаты кілегейлі қабатты сақтайды.

      Кілегейлі қабақтың мукозды эпителии қабаты эпителилі клеткамен тығыз байланыста,ол ішектің пейер табақшасында орналасқан,аппендикстің лимфоиды фолликулалары,жоғарғы тыныс жолдарының жəне брохтың лимфоиды фолликулалары,зəр шығару мүшесі,яғни бұл лимфоидты жиналу мукозды ассоцияланған тін атауын алды.Лимфоиды тіндерде, ассоцияланған кілегейлі қабықпен ,антиген ағзаға кілегейлі қабақ арқылы кіргенде организмдегі арнайы иммунитет жауап береді. Мукозды ассоцияланған лимфоиды тінде активтелген В- лимфоциттердің дифференцировкасы клетканың плазмасында жүзеге асады.

 

Мукозды-ассоцацияланған лимфоидты тіннің қызметі

 

   Иммундық жүйенің перифериялық ағзасы мукозды ассоцацияланған лимфоиды тінде келесілер жүзеге асады:

  • Антигенді тану;
  • Т жəне В лимфоциттердің антигенге тіуелді пролиферациясы мен дифференцировкасы;
  • Т жəне В лимфоциттердің активтелуі;
  • Цитокиндердің өндірілуі;
  • Арнайы антиденелердің өндірілуі-иммуноглобулиндер.

Қорытынды

 

    Сонымен, жергілікті иммунитет – сыртқы ортамен тығыз қарым-қатынаста болатын жабындылардыларды бөгде биологиялық агенттерден қорғайтын комплекс. Осылайша жергілікті иммунитет ішкі орта тұрақтылығын, оның бүтіндігін сақтап отырып, жалпы иммунитеттің ажырамас бөлігі болып келеді. Бірақ, жергілікті иммунитет механизмдері өзіндік айырмашылықтарымен ерекшеленеді. Сондықтан ол организмнің жеткілікті дәрежеде дамыған және автономды көрінісі. Ауруға алып келетін микробтар мен вирустарды жойып жіберу ижергілікті иммунитеттің жалғыз да басты функциясы емес. Бұл жүйе ауру қоздырғыштарының ауру адамнан сау адамға өтуін шектейді. Сондықтан да, жергілікті иммунитет популяциялық тұрақтылықта маңызды орын алады.

Пайдаланылған әдебиет

 

  • Ярилин А. А. Основы иммунологии. — М., 1999.
  • Плейфер Д. Наглядная иммунология //  М: ГЭТАР Медицина, 1999. – 95с.
  • Клиническая иммунология / Под ред.Е.И.Соколова.- М., 1998.
  • Галактионов В.Г. Иммунология .- М.: Изд-во МГУ. 1998.
  • Клиническая иммунология и аллергология / Под ред. Л. Иегера: Пер. с нем. - М., 1990. - Т. 1.

 

 

 


Информация о работе Жергілікті иммунитет