Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2013 в 17:26, реферат
Алғашқы Қан тамырлар эмбриогенездің 2 – 3 аптасында сары уыз қапшығының қабырғасындағы мезенхимадан пайда болады. Сонымен қатар хорионның құрамындағы қан аралшықтары деген бөлігінде дамиды. Аралшықтарында орналасқан мезенхима жасушаларының біразынан алғашқы қан эндотелиі түзіледі. Ал аралшықтары орта бөлігінде жасушалар дөңгелек пішінге айналып, алғашқы қан жасушалары түзіледі. Құрсақта дамудың үшінші аптасында құрсақ тамырлары құрсақтан тыс тамырлармен байланысады. Қан тамырларының одан әрі дамуы күрделеніп, денедегі гемодинамикалық жағдайлар қан қысымы, қан ағысының жылдамдығы тамырлар қабырғасының арнайы ерекшеліктерінің пайда болуына әсер етеді.
Кіріспе
1. Жүрек пен қан тамыр жүйесіне кіріспе
Негізгі бөлім
2. Қан тамырларының жіктелуі .
Жалпы сипаттамасы
3.Артерия және олардың түрлері
4.Эластин типті артериялар
5. Ет типті артериялар
6. Аралас типті артериялар
7. Артериолалар
8. Капиллярлар
9.Артериола – Венулярлық анастомоздар (АВА)
10. Веналар
11. Лимфа тамырлары
12. Тамырлардың васкуляризациясы
13. Жасқа байланысты ерекшеліктері
14. ЖҮРЕК (COR)
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Веналар
Веналар қан тамырлар жүйесінің ішінде, қанды мүшеден кері қайтарушы, (везды) тармағы болып табылады, бұлар посткапиллярлық венулалардан басталады. Қан қысымы төмен 15 – 20 мм сынап бағанасымен, жылдамдығы (мүшелерде) 10 м/с. Қабырғасындағы эластинді элементтері салыстырмалы түрде әлсіз дамыған. Құрылысына байланысты веналар екі топқа бөлінеді: талшықты (ет типті) және талшықсыз (етсіз вена). Талшықсыз (етсіз венаға) миды жұмсақ және қатты қабықтарындағы веналар жатады. Көздің торлы қабығында да етсіз вена болады. Бұл аталған қабықтардағы қан өзінің ауырлық күшіне қарай ірі венозды тармақтарға өте оңай жылжып өтеді. Бұлардың қабырғасы өте жұқа, ортаңғы қабығы тіпті болмайды.
Ет типті веналар қабырғасында етті элементтер жақсы дамыған, диаметрі әртүрлі. Ортаңғы қабығының құрамындағы ет жасушаларының дамуына байланысты бұл веналар үш топқа бөлінеді: нашар етті, орташа етті және етті элементтер күшті дамыған болып. Етті элементтер әлсіз нашар дамыған веналарға (ірі) жоғарғы қуысты вена, кеуде, қол веналары жатады. Адамның тік жүруіне байланысты бұл веналардағы қан өзінің салмағымен және кеуде (көкірек) жасушасының дем алу қимылдарының арқасында қанды жүрекке алып келеді.
Етті элементтері
орташа дамыған иық венасы. Етті
жасушалары күшті дамыған
Тамырлардың саңылауына қараған жақтауында эндотелий астында эластинді талшықтар басым, ал қарама – қарсы жағында коллаген талшықтары көп. Мұндай клапандар венозды қанды кері ағуына кедергі келтіріп, оны жүрекке бағыттайды. Сонымен бірге клапандар венада әртүрлі сыртқы әсерлердің арқасында болатын (атмосфера қысымының өзгеруі, бұлшық еттің қысылуы т.б.) өзгерістерден де сақтайды. Төменгі қуысты венада етті элементтері жақсы дамыған.
Лимфа тамырлары
Лимфа тамырларының құрамына лимфа түйіндері де кіреді. Қызметі жағынан алғанда лимфа қан тамырларымен тығыз байланыста болады, әсіресе микроциркуляторлық арнаның орналсақан аймақтарында тіндік сұйықтың қалыптасуы жүзеге асып, лифаға өтіп отырады. Ұсақ лимфа жолдары арқылы лимфациттердің қаннан үнемі шығып және олардың лимфа түйіндерінде жаңаланып отыруы жүзеге асады.
Лимфа капиллярлары интра, экстра – мүшелік (немесе лимфаны мүшелерге таратушы) және мойынның ірі венасына жалғасатын денедегі ең басты лимфа – көкіректің және оң жақтағы лимфа тамыры. Құрылысына байланысты лимфа тамырлары: талшықты, талшықсыз болып бөлінеді. Лимфа капиллярлары тіндерден зат алмасу өнімдерімен бірге тіндік сұйықты әкелетін, ал потологиялық жағдайларда бөтен заттар мен микроорганизмдер келетін лимфа жүйесінің бастапқы бөлігі. Лимфа сұйығымен қатерлі ісік жасушалары да таралады. Лимфа капиллярлары бір жағы бітеу, эндотелиальді түтікшелер жүйесі, кейде бір – бірімен байланысып, анастомоздар түзіп мүшелерге өтеді. Диаметрлері қан тамырларына қарағанда үлкен, қабырғасында базальді мембрана мен перициттер болмайды. Лимфа капиллярларының эндотелиі өзін қоршаған дәнекер тінімен стропты немесе бекітуші деп аталатын филаменттермен, коллаген талшықтарымен тығыз байланысады. Лимфа капиллярлары сау ағзада микроциркуляцияның қасиетті шарты ретінде гемоталогиялық тепе – теңдікті қамтамасыз етеді. Лимфа тамырларының құрылыс ерекшелігі – оларда клапандары мен сыртқы қабығы жақсы дамыған. Клапандары орналасқан жерінде лимфа тамырлары қолба тәрізді кеңейеді. Лимфа төменгі қысыммен жүрекке бағытталады. Диаметрлеріне қарай лимфа тамырлары майда, орташа және ірі болып бөлінеді. Орташа мен ірі тамырлардың қабырғасында үш қабығы болады: ішкі, ортаңғы және сыртқы. Ішкі және ортаңғы қабықтарының арасында анық көріне бермейтін эластинді мембрана орналасады.
Тамырлардың васкуляризациясы. Ірі және орташа қан тамырларында өзін қоректендіретін «тамырдың тамырлары» (Vasa - vasorum) деп аталатын жүйесі болады. Олар тамырды қоршаған дәнекер тіндерімен артериялар, бұлар тамырлардың ортаңғы қабығына дейін өтеді. Ал, ішкі қабығы өзінің ішінен өтетін қанмен тікелей қоректенеді. Тамырлардың қабырғасында эфферентті нерв талшықтары болады.
Жасқа байланысты ерекшеліктері – адам өмірінің өн бойында тамырлардың құрылысы үздіксіз өзгеріп отырады. Қан тамырларының негізгі функциональды қалыпты қызметі даму мөлшерімен (адамның) отыз жаста тоқтайды. Одан әрі қарай артериялардың қабырғасында қабықтарының қалыңдауына әкеліп соғатын дәнекер тінінің өсуі байқалады. Эластин типті артерияларда бұл процесс күштірек көрінеді. Ішкі және ортаңғы қабықтардың құрамында сульфатталған глюкозамин – гликандар жиналады. 60 – 70 жастан кейін барлық артерилардың ішкі қабықтарында коллаген талшықтарының өсіп, қалыңдауы байқалады. Эластинді мембраналар жас ұлғайған сайын біртіндеп жіңішкереді де ыдырайды. Қарт адамдарда ішкі және ортаңғы қабықтары өсіп, онда инвестік қорлар мен липидтердің пайда болуы да байқалады. Сыртқы қабықтың құрамындағы ет жасушаларының шоғырлары пайда болады. Веналардағы өзгерістер артерияларымен ұқсас. Қарт адамдардың мүшелерінің лимфа тамырларында көптеген ұсақ жуандаған варикозды бөліктер пайда болады. Олардың құрамындағы коллаген талшықтары өсіп, саны көбейеді.
Қан тамырлары, әсіресе лимфа тамырлары тек қана жасқа байланысты емес, сонымен бірге мүшелердің қызметіне байланысты өзгеріп отырады. Мысалға, жатыр мен аналық безде овариальды – менустриальды циклге байланысты өзгереді.
Регенерация процесі қан мен лимфа тамырларында өте жоғары. Тамырлы қабықтың ақауы зақымданғаннан соң қалпына келуі немесе регенерациясы эндотелийдің өсуімен басталады. Авторадиография әдістері арқылы тамырлардың жарақаттануларынан кейінгі қайта қалпына келуіне эндотелиоциттер, адвентициальді жасушалардың, ал майда тамырларда перицидтердің маңызы өте зор екені анықталған. Зақымданған тамырлардың ет жасушалары әдетте өте баяу, ақырын қалпына келеді, элатинді элементтері әлсіз дамиды. Орташа және ірі тамырлар үзілсе, оларды орташа және ірі тамырлар үзілсе, олардың қалпына келуі операциясыз болмайды, бірақ сол аймақтағы қан айналымының қалпына келуі өте тез байқалады. Бұл бір жағынан коллатеральдық тамырлардың пайда болуының, екінші жағынан ұзақ капиллярдың дамуының нәтижесі болып табылады. Лимфа тамырларының дамуы (регенерация) өте баяу жүреді.
ЖҮРЕК (COR)
Жүрек — қанды қозғалысқа келтіріп, қан тамырына айдайтын негізгі мүше. Қабырғасы үш қабықтардан тұрады: ішкі – эндокард, ортаңғы- миокард, сыртқы - эпикард.
Жүректің қызметі - қанды айдайтын насос. Артериялық қан қысымын сақтайды (АҚҚ).
Эндокринді қызметі НУФ гормонды синтездейді натрийуретикалық факторды бөледі.
- Информациялық қызмет атқарады. Зат алмасу процессінің өзгеруімен – АҚҚ - параметрінің өзгеріп отыруынан информация (хабар) береді.
Дамуы. Жүректің алғашкы бастамасы 1,5мм эмбрионда үшінші аптаның басында ұрықтың бас бөлігінің астындағы мезенхима жасушаларынан дамиды. Бұл жасушалар висцеральді жапырақшаның астында орналасады. Кейінірек бұл жасушалар висцеральді жапырақшамен бірге қосылып екі ұзынша түтікшеге айналады, ол ұрық денесінің целомдық қуысына кіріп тұрады. Одан әрі пайда болған түтікшелер қосылып кетеді де, олардың қабырғасынан эндокард пайда болады.
Осы түтікшелерге жақын жатқан мезодерманың висцеральді жапырақшаларынын аймағы миоэпикардиальді пластинкалар деп аталады. Пластинка екіге болінеді: ішкісі – миокардтың бастамасын, ал сыртқысы
- эпикардтың бастамасын береді. Миокард бастамасының жасушалары кардиомиобласттар бөлінеді де, Т – жүйелері пайда болады. Кардиомиобласттардың байланысқан жерінде қыстырма дискілер п.б. Ұрықтың екінші айының соңына қарай жүректің өткізгіш жүйесі қалыптаса бастайды да, бесінші айға қарай толық жетіледі. Жүрек клапандары эпдокардтың дупликатурасы ретінде дамиды.
Құрылысы. Эндокард – жүректің ішкі қабығы. Қалыңдығы әр түрлі, жүректің сол жақ камераларында, әсіресе қарынша аралық бөліктерінде аорта мен өкпе артериясының байланысатын жерлерінде қалың, ал сіңірлік жіпшелерінде жұқа. Жүректің эндокарды кұрамында полиганальді жасушалары бар, эндотелиймен тысталған. Бұл жасушалар базальді мембранаға бекінген. Мұның астында дәнекер тінді эндотелий асты және эластинді-етті қабаты болады. Ет жасушалары эндокардпен аортаның байланысқан жерінде жақсы дамыған. Эндокардтың коректенуі диффузды түрде ішіндегі қаннан коректік заттарды алу арқылы.
Клапандар. Жүректің клапандары жүрекше мен қарынша арасында, сонымен бірге ірі тамырларда болады. Жүрекше мен қарынша (атриовентрикулярлы) арасындағы клапаны жүректің сол жағындағы - екі қакпақты, ал оң жағыида үш қаклакты болып келген. Клапандар эндотелиймен тысл-алған, қүрамында тиғыз іалпыкты, дәнекер тінді күрылымы бар. Қақпақшалардың негізгі затында гликозаминогликандар баршылық. (49-сурет).
Миокард – жүректің ет кабығы, тығыз орналасып, бір – бірімен байланысқан көлденең жолақтың ет жасушалары кардиомиоциттерден тұрады. Мұндай кардиомиоциттердің арасында борпылдақ дәнекер тіні, қан тамырлары, нервтер орналасады. Кардиомиоцитердің үш түрі бар, олар: жиырылғыш (жұмысшы) ет жасушалары, ал екіншісі жүректің өткізгіш жүйесіне жататын - өткізгіш жасушалар. Ал үшіншісі – секроторлы немесе эндокринді кардиомициттер.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер:
Аяапова.А «Гистология»
Ю.И.Афанасьева.
«Гистология,цитология и
Интернет www.googl.ru
www.yandex.ru
Жоспар
Кіріспе
1. Жүрек пен қан тамыр жүйесіне кіріспе
Негізгі бөлім
2. Қан тамырларының жіктелуі .
Жалпы сипаттамасы
3.Артерия және олардың түрлері
4.Эластин типті артериялар
5. Ет типті артериялар
6. Аралас типті артериялар
7. Артериолалар
8. Капиллярлар
9.Артериола – Венулярлық анастомоздар (АВА)
10. Веналар
11. Лимфа тамырлары
12. Тамырлардың васкуляризациясы
13. Жасқа байланысты ерекшеліктері
14. ЖҮРЕК (COR)
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер